Тұйық етістік
Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс -әрекеттің
атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік
қимылдың, іс- әрекетінің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық
мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік
тұлғаларына –у жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: сұра- у, жүр-у, шегеле-у
т.б.
Тұйық етістіктің септелу үлгісі
А. Бару, сөйлесу, айтуы, көрулері
І. Барудың, сөйлесудің, айтуының, көрулерінің
Б. баруға, сөйлеуге, айтуға, көрулеріне
Т. Баруды, сөйлеуді, айтуды, көрулерін
Ж. баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде
Ш. Барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен
К. Барумен, сөйлеумен, айтуынан, көрулерінен
К. Барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен.
Тұйық етістіктің жіктелуі
Жақ
І. Келуім, келуіміз, келулеріміз
ІІ. Келуің, келулерің, келуіңіз
ІІІ. Келуі, келулері.
Тапсырмалар [1] 351 бет
14-жаттығу
16-жаттығу
[1] 364 бет
9-жаттығу
10-жаттығу
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Бақылау сұрақтары:
1. Тұйық етістітің ерекшелігі неде?
2. Тұйық етістіктің мағынасы жағынан етістіктің басқа түрінен айырмашылығы неде?
3. Тұйық етістік қалай септеледі?
4. Тұйықы етістіктің көптелу, тәуелдену ерекшелігі қандай?
5. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар?
ООӨЖ: Етістіктердің жасалуы.Ұшақпен саяхат жасау [3] 77 бет
ОӨЖ: Тұйық етістіктердің емлесін білу [5] 12 бет
Әдебиеттер:
[3] 77 бет
[5] 12бет
Тақырыбы: Есімше. Көсемше. Пойызбен саяхат жасау
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Есімше. Көсемше туралы жалпы түсінік беру.
Етістік категорияларымен жұмыс жасау.
Пойызбен саяхат жасау. Көпшілік орындағы қатысым тақырыбында сұхбаттаса алу.
Пойызбен саяхат жасау
Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина акдемиясының екінші
курсында оқып жүрмін. Қызмет бабымен ел ішінде немесе шетелге сапар шекпеймін,
өйткені студентпін. Жазғы демалыста ата- анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады.
Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң, ұшаққа
отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан, пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға
отырдым. Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.
- Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға
болады? Қай платформаға шығуым керек? Пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан
жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?
- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз.
Пойыздың келуі де, кетуі анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі
вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды.
Бірінші жолдан жүреді.
Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға теміржол
бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр емес. Перрон басы ығы- жығы халық: жүк
көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы
вагонды іздеп келе жатырмыз.
-Мынау алтыншы вагон ба?
-Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?
-Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде
ме?
Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек- орын алып, төменгі орынға орналастым.
Жолсеріктен газет, жорнал алып, оларды оқуға кірістім. Пойыз дәл белгіленген уақытында
жүріп кетті. Жолаушылар бір- біріне сәт- сапар тіледі.
Тапсырмалар_Есімше'>Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі
қызметте қолданылады. БІРДЕ ЖІКТЕЛІП КЕЛІП, ҚИМЫЛДЫ, ІС-ӘРЕКЕТТІ БЕЛГІЛІ
БІР ШАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ БІЛДІРЕДІ ДЕ, СӨЙЛЕМНІҢ БАЯНДАУЫШЫ ҚЫЗМЕТІН
АТҚАРАДЫ.
Мысалы: Ардақ кетіп қалған.
Есімшенің жасалуы мен түрлері
1.-қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады.
Ал-ған,көр-ген, берме-ген
2.–ар,-ер,-р және болымсыз етістіктен кейін –с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ
есімше жасалады.
Бар-ар, сөйле-р,берме-с
3.-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше
жасалады.
Бар-мақ, кел-мек, жарат-пақ
4.–атын,-етін, -йтын,-йтын жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады.
Бар-атын, кел-етін
Көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.
1. –а,-е,-й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ жасалады.
2. –ып,-іп,-п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады.
3. –ғалы,-гелі,-қалы,-келі жұрнақтары арқылы көсемшенің үшінші түрі жалғанады.
Тапсырмалар
[1] 384 бет
27 жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
28-жаттығу. Сөйлемдерді толықтыру
391 бет. 6, 9, 11-жаттығу
405 бет. 6-8 –жаттығу
Бақылау сұрақтары:
1. Есімше не себепті етістіктің ерекше түрі?
2. Есімшенің жасалуын атаңыз?
3. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
4. Тұйық етістік қалай жасалады?
5. Көсемшенің түрлерін айтыңдар?
Глоссарий
Есімше – етістіктің ерекше түрі, бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс- әрекетті белгілі бір
шаққа байланысты білдіреді, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
ООӨЖ: Есімше мен көсемшенің жіктелуі. Кестемен жұмыс[3] 84-90 бет
ОӨЖ: Жаттығу орындау[1] 338бет
Әдебиеттер:
[3] 84-90 бет
[1] 338 бет, 36 жаттығу
Тақырыбы: Рай категориясы. Сауда орталығы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Етістік категорияларымен жұмыс жасау
Көпшілік орындағы қатысым тақырыбында сұхбаттаса алу
Әдеп ережелерін сақтау
Киім дүкені
Маған әжеме сыйлық алу керек болды. Сыйлыққа бір жақсы киім алғым келді. Киім
таңдауға киім дүкеніне бардым.
Сатушы мені жақсы қарсы алды, қандай киім керегін сұрады. Мен не алғым
келетінімді шешпегенімді, дүкендегі киімдерді көріп шығып, ұнағанымды алатынымды
айттым. Сатушы ол ойыммен келісіп, дүкенді аралатты.
Дүкен өте үлкен, бөлімдері де көп үлкен. Мен әйелдерге арналған бөлімді
көрсетуді өтіндім. Сатушы мені әйелдерге арналған киімдер бөліміне апарды. Бұл бөлім
дүкеннің жартысын алып жатыр екен. Онда қысқы киім, жазғы киім, аяқ киімдер, алтын,
күміс заттар сияқты бөлімдері бар екен. Мен бәрін аралап шықтым. Дүкенде киімнің
барлық түрі бар екен, көйлек, қамзол, шапан, тон, пальто, бас киімдер, аяқ киімдер, шәлі,
орамалдар т.б. Олардың барлығын көрдім.
Сатушыға маған бұл киімдерден бір әдемі қымбат тонның және өте әдемі жүзіктің
ұнағанын айттым. Сатушы оларды дайындады, мен ақшасын төледім. Заттарды алып,
сатушыға рақмет айттым. Мен сыйлығымның әжеме ұнауын тіледім.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Етістіктің райлары туралы түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |