Тақырыбы: Жалғаулардың орын тәртібі.
Қазақстан - біздің Отанымыз
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Жалғаулардың орын тәртібі туралы жалпы мағлұмат беру
Еліміздің тарихы туралы баяндай алуы, сөйлеу үлгілерін игерту
Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Қазақстан.
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады.
Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың
жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш
мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь – Шань шыңдарына
дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің
үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы
табиғаты бір – біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық
жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім,
алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі.
Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады.Оның үстіне
бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы
– бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде астық пен көкіністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге
су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен
байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс,
қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер.
Осылдарды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш,
Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т. б.
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі
Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де,
білімді елге айналды.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н. Ә.
Назарбаев Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті болып сайланды.
егеменді – суверенный
созылып жатыр – простирается
асу – превышать
алғашқы – первый
мекендеу – населять
өкіл – представитель
ойпат – низменность
жер көлемі – площадь
шың – пик
шаршы шақырым – кв. метр
табиғат – природа
астық – зерно
мақта – хлопок өсімдік – растение
өсірілу – выращиваться
аймақ – регион
оның үстіне – кроме того, более того қажет ету – нуждаться
байлық – богатство
пайдалы кен – полезные ископаемые
жер шары – земной шар
түсті – цветной
асыл – драгоценный
мыс – медь
қорғасын – свинец
қалайы – олово
көмір – уголь
мұнай – нефть
игеру барысында – во время освоения мал шаруашылығы – скотоводство
пайда болу – появляться
көшпенді – кочевой
айналысу – заниматься
дамыған – развитой
жоғары мәдениетті – высококультурный айналу – превращаться
тәуелсіз – независимый
тұңғыш – первый
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар [1] 432-433 бет
14-жаттығу. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. (ауызша)
18- жаттығу. Сөйлем құраңыз.
Топтастыру құрастыру
Бес жол өлең жазу.
Бақылау сұрақтары.
1. Мемлекетіңіз көп ұлтты мемлекет пе?
2. Қандай ұлттар тұрады?
3. ҚР-ның ел басы кім?
4. ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы президент болып сайланды.
5. Қазақстанның кен байлықтарын атаңыз?.
6. Қазақстанның табиғаты қандай?
7. Қазақстан қандай Республика?
8. Қазақстанның басқару жүйесі қандай
ООӨЖ:Жұрнақ пен жалғау [5] 157б. аударма жасау [3] 36б. конспект
ОӨЖ: Менің Отаным –Қазақстан. Мәтін құрастыру. [1] 432б.
Әдебиеттер:[5] 157 бет ;[3] 36 бет
Тақырыбы: Тәуелдік жалғау.
Қазақ тілі - қазақ халқының рухани байлығы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Иелік, меншік ұғымдарымен танысу, сөйлеу үлгілерінде дұрыс пайдалана білу
Қазақ халқының рухани байлығы болып табылатын тілді меңгеру барысында
жұмыстар жасау
Тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Қазақ тілі - қазақ халқының рухани байлығы
Қазақ тілі –қазақ халқының рухани өсу-өркендеу жолындағы жеткен жетістіктерін
мәңгілік етіп сақтап отырған. Халықтың басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері,
табыстары мен жетістіктері ана тілінде өз іздерін қалдырып отырған. «Тіл – қадірлеп
ұстайтын байлығымыз» деп, Л.Н.Толстой тілді жоғары бағалағаны да осыған байланысты.
Ал К.Д.Ушинский «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын,
оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек
атып тұратын тамаша гүлі» деп санаған.
Ал ұлы Абай «Өнер алды- қызыл тіл» деп тілді өнердің үлкені деп бағалауынан
халықтың тілге деген шынайы көзқарасын көруге болады.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін
білдіреді.Тәуелденетін сөз үш жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады.
Тәуелденудің түрі
Жақ
Жалғау
Оңаша тәуелдеу
Менің
Сенің
Сіздің
Оның
-м,-ым, -ім
-ң, -ың, -ің
-ңыз, -ңіз, -ыңыз,-іңіз
-сы, -сі, -ы,-і.
Ортақ тәуелдеу
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Олардың
-мыз,-міз.
-ың,-ің,-ң,
-ыңыз,-іңіз,-ңіз,-ңыз
-сы,-сі,-ы,-і
Тапсырмалар [1] 62-65 беттер
19- жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.
21- жаттығу. Жалғауларды жалғаңыз.
22- жаттығу. Тиісті есімдіктерді қойыңыз.
23- жаттығу. Жолдасыңыздың сұрағына жауап қайтарыңыз.
27- жаттығу. Жалғауларды жалғаңыз.
28-жаттығу. Тиісті есімдіктерді қойыңыз.
30- жаттығу. Сөз құрамына талдаңыз.
33-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Сенің ана тілің қандай тіл?
2. Қазақ халқының ұлттық тілі қандай тіл?
3. Мемлекеттік тіл дегеніміз не?
4. Қазақ тілінің тарихы туралы не айтасыз?
5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебеге қашан ие болды?
ООӨЖ:Оңаша және ортақ тәуелдеу.Туған жер, тіл туралы мақал- мәтелдерді жаттау
[3]47 б.
ОӨЖ:Төрт ана өлеңін жаттау [5] 150-151 б. Сөздерді тәуелдеу.
Әдебиеттер:
[4] 47 бет
[5] 150-151 бет
Тақырыбы: Септік жалғау. ҚР-ның рәміздері.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Отанымыздың рәміздерін мазмұндау білулері
Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру
Ол туралы сөйлеу үлгілерін игеруі
Қазақстан Республикасының рәміздері.
Әр халықтың тарихына, салт – дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері
болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан
Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |