3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1. Өткен шақ дегеніміз ?
2. Өткен шақтың түрлері?
3. Етістіктің неше шағы бар?
ООӨЖ: жедел өткен шақтың жіктелуі[3] 100бет, сөйлесу құрастыру
ОӨЖ: [5] 31 бет, сөйлесу құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 100 бет , [5] 31 бет
Тақырыбы: Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ. Дәріханада
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Шақ категорияларымен жұмыс жасау
Көпшілік орындағы қатысым тақырыбында сұхбаттаса алу
Әдеп ережелерін сақтау
Емделу.
Мен қатты ауырып қалдым. Дәрігер келіп, ыстығымды өлшеді, ыстығыңыз жоғары
екен, сізе суық тиген деп, маған ыстықты басатын дәрі берді.
«Келесі күні емханаға келіңіз»,- деді. Дәріні ішкен соң , менің ыстығым басылды. Бірақ
басым , тамағым ауырғаны тоқтамады. Ертеңіне мен емханаға бардым. Дәрігер мен жан-
жақты қарап түрлі анализ жасауды тапсырды.
Барлық анализді жасатып нәтижесі белгілі болған күні дәрігерге бардым. Дәрігер
анализдерді қарап: «Маған өкпеңізге, тамағыңызға суық тиген, бауырыңыз да ауырады
екен, көзіңізде де зақым бар»,- деді. Ауруханада жатып емделу керек деп,
ауруханаға
жолдама берді.
Ауруханада он бес күндей жатып, емделдім. Аурухана дәрігері де қосымша анализдер
жасатып менен тағы бірнеше ауру тапты. Бүйректе де, асқазанда да, тамағымда да әртүрлі
аурулар бар екен. Әрқайсысына әр түрлі дәрілер беріп емдеді.
Он бес күннен кейін дәрігер үйге барған соң да, ішетін дәрілерді айтып, дәріханаға
рецепт жазып берді.
Тапсырмалар
-Дәріханада сөйлесімді жалғастыр
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2.
Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Бақылау сұрақтары:
1. Бұрынғы өткен шақ дегеніміз ?
2 Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары?
3 Мысал келтіріңдер.
ООӨЖ: Өткен шақтың болымды және болымсыз түрі. [3] 100бет, сөйлесу құрастыру
ОӨЖ: [5] 31 бет, сөйлесу құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 100 бет
[5] 27 бет
Тақырыбы: Осы шақ. Нақ осы шақ. Уақыт өлшемдері
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Осы шақтың түрлерінен толық мағлұмат беру
Уақыт өлшемі жөнінде түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік
материалдарды меңгерулері
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай
нақ осы шақ ауыспалы осы шақ болып екі
түрге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын
білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай
жалаң және
күрделі болып екіге
бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың түрі
отыр, тұр, жатыр,
жүр деген етістіктердің жіктелуі
арқылы. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады.
Қалып етістіктің жіктеу үлгісі
жақ
отыр
тұрмын
жүр
жатыр
І
отырмын
тұрмын
жүрмін
жатырмын
ІІ
отырсың
тұрсың
жүрсің
жатырсың
отырсыз
тұрсыз
жүрсіз
жатырсыз
ІІІ
отыр-
тұр--
жүр-
жатыр
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің –ып,-іп,-п және –а,-е,-й тұлғалы көсемше түрі
мен отыр, тұр, жүр,жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен
жа салады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр)
жіктелуі арқылы шақтық мағына береді. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің.
Оқушы кітап оқып тұр.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше
Көпше
І
оқып отырмын
оқып отырмыз
ІІ
оқып отырсың
оқып отырсыңдар
оқып отырсыз
оқып отырсыздар
ІІІ
оқып отыр
оқып отыр
Сағат
Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн
шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастаған да, сағаттың
қажеттілігі туып, рөлі артты.
Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500
жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан
адамдар су сағатын ойлап тапты.
Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп
азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.
Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол
туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі
болған.
Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.
Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар
киімнің қалтасына
салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші басында
сағатты бұрап отыратын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады.
Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс
компаниясы жасап шығарды.
Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен
қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы - бәрі белгілі бір уақытпен
өлшеніп, анықталып отырады.
Сөздік
Біртіндеп - постепенно
дәл - точный
күрделене бастау - начать усложняться құм - песок
рөлі артты - возросла роль дерек - факт
қажеттілігі туды - возникла необходимость қалта – карман
кілт - ключик
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар [1] 339-341 бет
21-жаттығу. Ауызша орындау.
24-жаттығу. Үлгі бойынша сөзбен берілген уақытты цифрмен жазыңыз.
27- жаттығу. Мәтінді тыңдап, оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
32- жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз.
ООӨЖ:Нақ осы шақтың жай түрі. [3] 96бет, сөйлесу құрастыру
ОӨЖ: [3] 96бет, ережені жаттау
Әдебиеттер: [3] 96бет, сөйлесу
құрастыру, [3] 96бет ережені жаттау
Тақырыбы: Нақ осы шақтың жіктелуі. Мерекелер
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Нақ осы шақтың жіктелу үлгілерін игерту
Еліміздегі мереке түрлерінің ресми және ресми емес
Ұлттық мерекелермен танысып, сөйлесулер арқылы сөздік қорды байыту.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
Мерекенің екі түрі бар: бірі - үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі- ресми
емес, ұлттық мерейтойлар.
Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел - бақытты ел. Бақытты
елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіз күні желтоқсанның он алтысында. Бұл
мереке
және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма
бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір- екісінде тойланатын Жаңа жыл
мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде
тойланатын Жеңіс күні- бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар.