Сабақтың тақырыбы: №55 сабақ. Сөз және оның мағынасы. Әр сөзде дыбыс орны бар



жүктеу 1,55 Mb.
бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі1,55 Mb.
#43773
түріСабақ
  1   2
1сынып Ана ілі 55-57сабақтар Ләззат



Білім беру ұйымының атауы







Пәні:

Ана тілі




Бөлім:

Сөз және оның мағынасы




Педагогтің аты-жөні:







Күні:







Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

№55 сабақ. Сөз және оның мағынасы. Әр сөзде дыбыс орны бар




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.5.1.мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру.
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу




Сабақтың мақсаты

Сөздердегі дыбыстарға талдау жасайды
Өлеңді мәнерлеп оқиды




Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы

10 мин


Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату



Өткенді пысықтау
«Ұяшық» әдісі

  1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын не арқылы табамыз?

  2. Сөзді жазғанда бірінші әріп қалай жазылады?

  3. Сөйлем біткен сң қандай тыныс белгісі қойылады?

Оқушылар
дың назарын сабаққа аудару
Өткен бөлімді қайталайды

Тамаша!

«Әуе шарлары» әдісі арқылы мадақтау



Дескриптор:
Өткен бөлімді меңгерген
Сұрақтарға жауап береді



Суреттер
Ұяшықтар


Оқулық





Сабақтың ортасы
25мин

Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме
– Сонымен, балалар, бүгін біз «Сөз және оның мағынасы»деп аталатын жаңа бөлімді бастаймыз. Өзінің атауы айтып тұрғандай, бұл бөлімде сендер сөздің не екенін, сөз мағынасының түрлерін, сөз мағыналарын ажыратуды, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, оларды дұрыс қолдануды үйренесіңдер.
Сөз – заттың, құбылыстың атауы. Тілімізде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы, мағынасы бір-біріне жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер бар. Оларды алдағы сабақтар барысында оқып, түсініп, үйренетін боласыңдар.


Оқулықпен жұмыс
Автор жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. Мұзaфaр Әлімбай – қазaқтың көрнекті ақыны, балaлaрдың сүйікті жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген. Балаларға арналған өлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаштары бар.


1-жаттығу
Мұғалім кітапта берілген өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

  • Балалар, бұл өлеңнен не түсіндіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, яғни сөздегі әріптердің орындары ауысып кетсе, сөздің мағынасы болмайды екен.
Дәптермен жұмыс
Сөздер дыбыстан құралады. Белгілі бір мағынаны білдіреді.


2-жаттығу.
Сөздерді бір бөлек, сөйлемдерді бір бөлек топтастырып жазғызады.
Сөйлемдер:
Ерлан мен Айдос – достар. Олар өте тату. Бір-біріне көмектесіп жүреді.

Сөздер
Ерлан, Айдос, мен, достар, олар, тату, өте,бір-біріне, көмек



Жаңа бөліммен танысады

Ереже жаттайды


Автормен танысады


Өлеңді мәнерлеп оқиды

Ережені дәптерге жазады


Дәптермен жұмыс жасайды

Жарайсыңдар!





Тамаша!

Дескриптор:


Автор туралы мәліметтер айтады
Оның шығармаларымен танысады

Дескриптор:


Өлеңді мәнерлеп оқиды
Дескриптор:
Ережені жаттап. дәптерге жазады
Сөздерді бір бөлек, сөйлемдерді бір бөлек топтастырып жазады




Оқулық

Ереже жазылған плакат


https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1169



Оқулық
Жұмыс дәптері


Оқулық






Сабақтың соңы
10 мин

Бекіту.
3-жаттығу
Берілген буындардан сөз құрап оқы.
Бі, дос, лім, тық, тап, кі.
Кітап, білім, достық.

ҚЖ:



«Жәшіктегі сөздер» ойыны Топтық жұмыс

  1. топ: Сөздердіойлаңдар,айтыңдар

  2. топ: Сол сөздерден сөйлем құраңдар.

  3. топ: Сол сөйлемнің мағынасын ажыратуға тырысыңдар

Сөздер дыбыстан құралады. Белгілі бір мағынаны білдіреді.
Ережені бірнеше рет қайталап айтқызу
Кері байланыс




Тапсырманы орындайды


Қосымша жұмыс орындайды

Кері байланыс жасайды



Құраған сөздерін қатесіз оқыпшығады;


Сұрақтарға жауапбереді;

Дескриптор:



  1. топ: Сөздердіайтады

  2. топ:

Сол сөздерден сөйлем құрайды.
3-топ:Сол сөйлемнің мағынасын ажыратуға тырысады

«Сезімдер аралы» әдісі



Оқулық

Суреттер

Кері байланыс тақтасы







https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1169





Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Ана тілі

Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

1 сынып




Сабақтың тақырыбы:

56 сабақ. Сөз және оның мағынасы. Жаман жолдас

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.2.5.1.мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру.
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді,мағынасы қарама-қарсы сөздерді біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут


Сабақ
тың ортасы
20 минут

Сергіту сәті


2 минут


Сабақты қорыту
6минут

Қосымша тапсырма


2минут

Кері байланыс


5 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру





Өткенді пысықтау
« Сөз құраймыз» ойыны
Мұғалім әріптерді атайды, сол әріпті ұстап тұрған оқушы қатарға келіп тұрады. Соңында мағыналы сөз шығады.
Жаңа тақырып
« Ыстық орындық» әдісі
1-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы және мазмұнын айт
Топтық жұмыс
1-топ: « Жақсылық» тобы
Мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындап, көрші топқа қойыңдар
2-топ: « Адамгершілік» тобы
Көрші топтың сұрақтарына жауап беріңдер
3-топ: « Адалдық» тобы
Жаман сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді табыңдар және ол қандай адамға айтылатынын түсіндіріңдер
ЕБҚ
Жақсы адам қандай болады?
өз ойыңды айт

ЕҚБ
Жаман сөзіне қарама-қарсы мағынада айтылатын сөздерді топтастыр.





Дәптермен жұмыс


2- жаттығу
Берілгенін оқып, сол бойынша орындауға нұсқау беріледі.
Қант тәтті, ал бұрыш ащы.
Қар ақ, ал көмір қара.
Арша аласа, ал шырша биік.
Сергіту сәті
«Нейрожаттығулар» әдісі
Саусақ жаттығуларын жасайды
3-жаттығу
Суреттегі заттардың ішінен жемістер мен көгөністерді тауып, себеттерге салады.
Суреттерде жасырынған жемістер мен көгөністер: өрік, алма, шие, сәбіз, қияр, қызанақ, қарбыз. Оларды түрі мен түсі жағынан салыстырып айтады.
Жұптық жұмыс
4-жаттығу
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап айтады
Ащы-тәтті
Қатты-жұмсақ
Оңай-қиын

ҚЖ:
«Доп лақтыру» әдісі


Сұрақтар:
1-топ

  1. Досыңды қиындықта тастап кетуге бола ма?

  2. Жаман сөзінің қарама-қарсы мағынасын айт

2-топ

  1. Аю шынымен баланың құлағына сыбырлады ма?

  2. Сөз неден құралады?

3-топ

  1. Мағынасы болмаса сөз бола ма?

  2. Жақсы дос қандай болады?

Кері байланыс
«Кинолента» әдісі




Өлеңді мәнерлеп оқиды


Құрастырған сөзді хормен оқиды
Топтық жұмыс жасайды

Жеке жұмыс жүргізіледі


Дәптермен жұмыс жасайды


Жаттығу жасайды


Себетке жемістер мен көгөністерді бөліп салады


Оқулықтағы сөздерді жазып шығады
Допты қағып алып, сұрақтарға жауап береді
Кері байланыс жасайды



Көңіл күйлерін көтеріп отыру





Тамаша !
Дескриптор:
Тапсырманы дұрыс орындайды
Сөздерді оқи алады

« Баскетбол» әдісі арқылы мадақтап отыру





Дескриптор:


Мәтінді оқып, мазмұнын айтады
1-топ:
Мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындап, көрші топқа қояды
2-топ:
Көрші топтың сұрақтарына жауап береді
3-топ:
Жаман сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді табады және ол қандай адамға айтылатынын түсіндіреді

« Баскетбол» әдісі арқылы мадақтап отыру



Дескриптор:
Тиісті сөзді анықтайды
Қатесіз жазады

Тамаша!

Дескриптор:
Суреттегі заттардың ішінен жемістер мен көгөністерді тауып, себеттерге салады.
Ойын ойнай отырып, сөздердің мағынасын ажыратады
Дескриптор:
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап айтады

Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді
Өтілген тақырыпты қорытындылайды
«Кинолента» әдісімен сабақ барысында жасалған жұмыстарды бейнелейді

Суретте
Кеспе әріптер
Әріптер

Оқулық
Суреттер


Оқушы жұмысы


Жұмыс дәптері

Музыка




Себеттер

Жемістер суреттері


Доп

Кері байланыс тақтасы












жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау