Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет25/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

Өнер төрінен орын алған өнерпаздар
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Үстеудің мағыналық түрлерімен танысу, түрлерін ажырату

Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу
Өнер төрінен орын алған өнерпаздар
     Қазақ халқы қашаннан да  өнерпаздарға өте бай және өнерпаздар  өнер салаларының 
бәрінде де көп. Кеңес дәуірінен бергі замандағы әншілеріміздің өзін түгел атап шығу 
мүмкін емес. Ерте заманда Ақан Сері, Біржан сал, Сара, Майра сияқты әншілерімізді қазақ
халқы өте құрметтеп, олар туралы талай аңыз, әңгімелер, поэмалар шығарып, пьесалар 
жазып, опералар қойып жүргені белгілі.
    Құрманғазы, Тәттімбет, Дина сияқты күйшілерімізді білмейтін қазақ жоқ, олар қазақ 
халқының сый- құрметіне бөленген, күй тәңірі саналған.
     Бертін келе қазақ халқының театрлары ашылып, онда Күләш Бәйсейітова, Қанабек 
Бәйсейітов, Құрманбек Жандарбеков, ағайынды Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Әлібек 
Дінішев, Үмбетбаев, Бибігүл Төлегенова сияқты әншілеріміз  әлемді тандандырғаны 
белгілі және олар қазақ опера театрының негізін қалады.
       Қазақ биінің негізін қалаған Шара Жандарбекова бидің тәңірі десе де тұрарлық.
       Театр әртістері Серке Қоржамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Хадиша 
Бөкеева, Қапан Бадыров, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Зәмзәгүл
Шәріпова, драматург Шаяхмет Хұсайынов сияқты атақты таланттар қазақ драма 
театрының іргетасын қалаған.
Ал өлмес, өшпес өнер қалдырған композиторларымыз қаншама: Ахмет Жұбанов, 
Нұрғиса Тілендиев, Мұқан Төлебаев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, 
Илья Жақанов, Ескендір Хасанғалиев, тағы басқалардың шығармалары, әндері халық 
есінде әлі сақталған, сахна төрінде орындалуда.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді:
1. мезгіл үстеу
2. мекен үстеу
3. сын-қимыл (бейне) үстеу
4. мөлшер үстеу
5. күшейту (күшейткіш) үстеу
6. мақсат үстеу
7. себеп-салдар үстеу
Тапсырмалар [1] 321-324бет
1. Сөйлесім құру.
2. Топтастыру құру.
3. 5-8 жаттығу
Бақылау сұрақтары
1. Үстеудің мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
2. Оларды атаңыз?
3. Мекен үстеулерге мысал келтіріңіз?
4. Мезгіл үстеулерге мысал айтыңыз?
5. Мөлшер үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
ООӨЖ: Үстеудің мағыналық түрлері,конспект жазу. [3] 114бет


ОӨЖ:Жоспар бойынша мазмұндау.
Әдебиеттер
 [3] 114бет
[5] 345бет
Тақырыбы: Одағай. Әл-Фараби
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Одағай туралы мағлұмат беру

Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу

Екінші ұстаз атанған Фарабидің шығармашылық жолымен таныстыру
Әл-Фараби
(870 – 950)
        Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние 
жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келді. Оның 
балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы 
аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр білімін жетілдіру, 
ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келеді. 
Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
       Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым  білімді терең де жан-
жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол ғылым мен өнердің барлық 
саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы», 
«Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т. б. еңбектері болашақ  
ғылымға  жол ашты. Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші 
ұстаз» деп атаған.
     Әл – Фараби  математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы 
архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін 
көрсеткен.
       Әл – Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра, 
қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған. Ұлы ғұлама 
көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір сәт те ұмытпаған. Оған оның 
мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:
Қашықтасаң туған жер – қалың елім,
Қамығамын сағынып алау денем.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.
(«Ол кім, бұл не?» кітабынан қысқартып алынды)
Сөздік.
дүниеге келу – появиться на свет 
меңгеру – освоить
дәріс алу – учиться 
қолжазба – рукопись
жетілдіру – совершенствовать 
              тереңдету – углублять
жан-жақты –всесторонне 
құнды – ценный
сала – область, сфера
              замандас – современник
шәкірт – ученик 
ұстаз – учитель
мәселе – проблема, вопрос
              айналысу – заниматься
Одағай
Сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл - күйін, ішкі сезімін 
қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің, түрін одағай сөз деп атайды.
Мысалы: Әй, Оспан, кеше еліңді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүр едің?
Бұл не, әй! Беу шіркін, таудың күнін, тастың күйі, Құмартқан бір нәрсеге мастың күйі.
Одағай сөздерге байланысты қойылған тыныс белгілері – леп белгісі мен үтір. 


Дауыстың көтеріңкі (екінші мысал) немесе бәсең (бірінші мысал) айтылуына байланысты 
бірде леп белгісі, бірде үтір қойылады, Логикалық көтеріңкі екпін сөйлемнің бүкіл 
мазмұнына байланысты болса, одағай сөз үтірмен ажыратылып, леп белгісі сөйлемнің 
соңында қойылады. (үшінші мысалды қараңыз)
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Оқулықпен жұмыс[1] 420бет
15-18 жаттығу
Тапсырма 
Топтастыру құрастырыңыз
Семантикалық карта құрастыру
Глоссарий
Одағай - сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл - күйін, ішкі 
сезімін қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің түрі. 
ООӨЖ: [3] 130бет, конспект, [5] 206бет жаттау
ОӨЖ: [5] 206бет
Әдебиеттер
[3] 130бет
[5] 206бет
Тақырыбы: Еліктеу сөздер. Махмұд Қашқари
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Еліктеу сөздер туралы мағлұмат беру. Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік
материалдарды меңгерулері

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Махмұд  Қашқари  өмірімен және еңбектерімен танысу
Махмұд Қашқари
        Махмұд Қашқари- ХІ ғасырдағы түркі ғалымы. Ол «Диуани луғат ит-түрк» («Түркі
сөздерінің   жинағы»)   атты   еңбегімен   әйгілі.   Махмұд   Қашқаридің   туған,   өлген   жылы
белгісіз. Махмұд Қашқари Ыстықкөл жағасындағы  Барсхан қаласының тұрғыны. Кейін
Қашқариге   ауысқан.   Ол   алғаш   Қашқарида   білім   алады,   кейін   білімін   толықтыру
мақсатымен Бұқарада, Бағдатта болады.
             Махмұд Қашқари өз заманының аса білімдар филологі, тарихшысы, этнографы,
географы   ретінде   танылған.   Түркология   тарихында   ол   тұңғыш   тарихи-   салыстырмалы
әдісті қолданып, түркі тілдері  тарихи диалектологиясының негізін салды.
             Махмұд Қашқари сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен
батыстан   (Румнан)   шығысқа   (Чина)   қарай   санап   көрсетеді   және   олардың   орналасу
картасын   береді.   Жеке   тайпа   тіліне   тән   сөздерді   түсіндіруде   этнографиялық,   тарихи,
географиялық   мәліметтерді   де   келтіріп   отырған.   Ол   мәліметтерге   сүйеніп,   ХІ   ғасырда
түркі   тайпаларының   мекен   еткен   жерін,   кімдермен   көрші   болып   араласқанын   білуге
болады. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Еліктеу сөздер.


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау