Музыка және театр өнері
Қазақтардың музыкалық және ән өнері – халықтың әйгілі және ең кең тараған өнері ретінде кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ большевиктер партиясы назарына ілікті. 1919 жылы-ақ Верный қаласында Жетісу облысы ақындарының слеты өткізілді. Азамат соғысы бітісімен халық мұраларын жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілді 1921 жылы негізгі саяси-ағарту комитеті құрылды, оның музыка бөлімі халық музыкаларын жазумен, музыкалық коллективтерді ұйымдастырумен және т.б. жұмыстармен айналысты.
1925 жылы атақты ғалым-этнограф және музыкант А.Затаевич “Қазақ халқының 1000 әні” атты қазақтың музыкалық шығармаларын жинау және жүйелеу жұмысының көпжылдық жемісі басылып шықты. 1931 жылы ол “Қазақтың 500 әні мен күйі” еңбегін шығарды. Халық музыкасы мен ән өнерін әйгілеу мақсатында ірі қалаларда қазақ орындаушыларының концерті ұйымдастырылып отырылды. 1925 жылы Парижде кеңес әртістерінің делегациясының құрамында француз прессасының жылы ықалысына бөленген Ә.Қашаубаев өнер көрсетті Ж.Жабаев, К.Әзербаев, И.Байзақов, Т.Әмренов, Н.Байганин, О.Шипин сынды ақын және музыканттар үлкен атаққа ие болды.
30-шы жылдың басынан Қазақстанда музыкалық драма өнері қарқынды дами бастайды. 1933 жылы Казрайкомның шешімі негізінде қазақ театр және музыкалық студияларын Москвада, Ленинградта және Алматыда ұйымдастыру басталды. 1934ж. 13 қаңтарда қазақ драма театрындағы музыка студиясы базасында қазақ мемлекеттік музыкалық театры ашылды, алғаш рет М.Әуэзовтың “Айман-Шолпан” және Б.Майлиннің “Шұғасы” қойылды. Е.Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын” және “Жалбыр” операларының қойылуы дүбірлі оқиғаларға айналды. Музыкалық театрдың әртістері К.Байсеитова, К.Жандарбеков атақты әншілерге айналды, биші Ш.Жиенқұлованың аты шықты. Дәстүрлі драма жанры да дами бастайды. 20-шы жылдардың ортасына дейін Қазақстанда тек өзіндік театр топтары ғана болды, олардың ішінде Семей және Орынбор халыққа білім беру институтының театрлары аса белгілі еді. Орынбор қазақ халыққа білім беру институты театры базасында 1926 жылы қаңтарда Қызылордада алғашқы Кәсіпқой қазақ театры ашылып, М.Әуэзов, Ж.Шанин, С.Қожамқұлов, К.Қуанышбаев, К.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да талантты драматургтер, режиссерлер және әртістер жұмыс істеді.
50-80ж.ж. Қазақстанның мәдениеті
Достарыңызбен бөлісу: |