Қазақстан республикасының МӘдениет және спорт министрлігі т. ЖҮргенов атындағЫ Қазақ Ұлттық Өнер академиясы



жүктеу 51,42 Kb.
Дата11.02.2022
өлшемі51,42 Kb.
#37446
түріРеферат
(Саясаттану) Әуелхан Зейін


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 



 

 



«Қазақтан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

«Саясаттану» пәні

 

РЕФЕРАТ

 

 

 



 

Орындаған:2 курс «Драма театр және кино артисі » студенті



 Әуелхан Зейін

 

 



 

 

АЛМАТЫ 2022


1 БАОӨЖ  ТАПСЫРМАСЫ.

Жоспар

  1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

  2. Саясат функциялары мен оның жіктелуі.

  3. Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.

  4. Қорытынды



Қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдыққұрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда болған жоқ. Саясаттың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жайт- қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған не деген сұрақ туады.Сол мәселелерді қарастыратын болсақ. 1.Құлдық дәуірдегі саяси ойлардың дамуы мен пайда болуы адамзат қоғамы сияқты ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймады. Олардың дамуы әр кезеңде әр қилы болды. Соның ішінде Батыс мәдениетінің шоқтығы биік.Себебі ол жоғар өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Шығыс елдеріндегі жоғарғы билік шектелместен монархтың, халиф, хан, патша, сұлтан, король, император т.с.с. қолында болды. Яғни билеуші халық алдында емес құдай алдында ғана есеп берді. Билік орнатылған тәртіптің, шындықтың, әділеттіктің, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Соның бірі Аристотель және Платон. Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж) Платонның ізін жалғастырушы болды. Бала оқытып, көп ізденген ғалым. Өз зерттеулерінде Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын жақтады. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдарда саясат мәселелері былайша әңгімеленеді. Ол кез феодалдық кезең. У-ХУІғғ. Созылған уақыт. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі болған кез. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектердің қоғамдағы басқарушы рөлі басым айтылады. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді құдай берді. Христиан дініне көп еңбек сіңірген саяси ойшылдің бірі- А.Августин (354-430жж) Христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ізін жалғастырушы Ф.Аквинский (1225-1274жж) ол өзін Аристотельдің көзқарастарына бағыттады. Адам жалғыз өзі саяси тірі жәндік. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндіреді. Сондықтан патшалық билікке бағыну керек. Яғни аспанда құдай, жерде Рим папасы. ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда болды Жас буржуазияны жақтаушылар католик шірекуінің озбырлығын әшкерелеп, адам құқығы мен ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасын саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл «гуманизм» деп аталды. Ал тарихи кезеңнің саяси өмірінде «қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс –реформацияның тұрғысынан сынға алды. Қайта өрлеу дәуіінің өкілі Н.Макиавелли (1469-1527 жж) Өз шығармаларында діни көзқарасқа қарсы бола отырып, шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет ерікті болғанда ғана қуатты, абыройлы бола алады. Елдің бірлігі мен мемлекеттің қол астындағы адамдардың бірілігі де соған (мемлекетке) байланысты Мәселені саяси мақсат тұрғысынан қарастырады. Жаңа замандағы саяси ойларда «саясат» мәселесі былайша тұжырымдалады. ХУ ғ. Буржуазиялық революция Англияда болды. Ол капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Сол заманның саяси ойшылы Томас Гоббс (1588-1679 жж). Оның ойынша мемлекет қоғамдық келісімнің негінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды Ол монархиялық мемлекеті ұнатты. Ал Франция ғалымы Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады. Саяси бостандық кез-келген жағдайға әсер етеді. Ал мемлекет азаматтарды өміоге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Келесі саясатты өзінше тұжырымдаған ғалым Жан Жак Руссо (1712-1778 жж) Еркіндік пен теңдіктің туын көтерген ғалым болды. Тікелей халық билігін көтерді. Депутат халық қызметшісі болуы керек. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған неміс классигі, философы Иммануил Кант (1724-1804 жж). Оның әлеуметтік-саяси көзқарастары әрбір адам арнамысының, шексіз құндылықтың иесі, қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асырады. Сондықтан қоғамдық өмірде тонау, қорлық, зорлық пен зомбылық, күштеу болмауы керек дегенді айтты. ХУІІІ ғ.аяғы-ХІХғ. Бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы, екнішісі-Анлгия мен Францияда және Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері. Марксистік саяси идеялар былайша баяндалады. ХІХғ. 1-ші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Ондай пікіріді айтқан Карл Маркс (1818-1883 жж). Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді.Олар социалистік революция теориясын дамытты. Қазақ даласындағы саяси ойшылдар : «қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ойпікірлерге бай» дей келе,мемлекетті адамдар өз қажетіне жақсы жолмен құруы керектігін, бірлесу арқылы қоғамдық жолмен жақсылап өмірді қанағаттандыруы адамзаттың өзінде. Мұндай айтылғандарды Батыстың кейінгі саясат зерттеушілері орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Кез-келген қазақ даласының ғұламасын алмайық олардың саясат және халықтың саяси өмірі мен саяси билік туралы айтпағы қазақ халқының рухани мұрасында. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» , - деп ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды Өз халқының мүддесі үшін күресте достық, татуластық бірлік керектігіне назар аударды. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғ.аяғы-ХХғ. Басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. ХХ ғасырдағы саяси ілімде – ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде «солидаризм» ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым «элитаризм». Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска (1856-1941 жж), В.Парето (1848-1923 жж). Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер (1864-1920 жж). Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып-білу-қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз.

Саясаттану саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа әлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт және билiк технологиясы. Саясаттану саяси әрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пәнге бөлiнедi: - Саяси философия – ол саясат аспектiнiң дүниежүзiлiк құндылықтарын,саяси идеяларды, нормаларды зерттейдi. - Саяси тарих – ол әлеуметтiк емес, саяси институттар мен ұжымдардың даму тарихын, әр кезеңдегi революциялық өзгерiстерi мен себептерiн зерттейдi. - Саяси теория – ол билiк ұжымындағы анализ түрлерi мен формаларын, саяси субъектiлердi, мемлекет және құқық теориясын, т.б зерттейдi. - Саяси зерттеу теориясы – ол саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын зерттейдi. - Саяси психология – ол саяси тәртіптiң субъективтi тетігін зерттейдi және өзара қатынасын ашады. - Қолданбалы саясаттану – ол өткен ғасырдағы 60-жылдары саяси ғылым iшiнде негiзделдi. Ол психология, әлеуметтану, кибернетика нәтижелерi барысында нақты саяси мәселелерді шешедi. - Саяси әлеуметтану – ол әлеуметтану мен саясаттанудың аралық өнiмi болады. Ол саясатқа қатысушылардың қызығушылығы мен олардың пiкiрлерiнiң мазмұнын зерттейдi. Саясаттану мен саяси әлеуметтану арасындағы айырмашылықты американдық социологтар С. Липсет және Р. Бендикс айтулары бойынша «саяси ғылым мемлекет бастап оның қоғамға деген әрекетiн зерттейдi, ал саяси әлеуметтану қоғамнан бастап, оның мемлекетке тигiзетiн әсерiн зерттейдi». Саясаттану саясатты зерттей отырып үш деңгейдегi бiлiммен шектеледi. - Философиялық, мұнда билiк пен мемлекеттiң мәнiсiн, табиғатын жәнемiндеттерiн анықтайды. - Теориялық, мұнда әр саяси институт пен субъектiнiң орнымен, оның рөлi және де билiк қатынастағы функциялары анықталады. - Социал, яғни әлеуметтiк, мұнда саяси әсерлердiң себебi мен салдарынжәне тұлға мен топтың тәртiбiн анықтайды. Саясаттанудың негізгі қызметтері Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрттанып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде карайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық катынастарды да зерттейді, ел аралық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүниежүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институтгарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық кұқық). Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялык қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндетгері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсатмүддесіндегі және мінез-кұлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің калыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініпбілу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер кабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресеқазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси кұбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны кұрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. 
жүктеу 51,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау