21
“Жүргізушіге доп берме”
Ойыншының біреуі – жүргізуші. Ойын басында ол алаң ортасында болады.
Басқа ойыншылар алаңда орналасады да, жүгіріп, бір-біріне волейбол добын
лақтырады. Жүргізуші допшы иеленіп алуға тырысады. Тиген жағдайда
ойыншы жүргізуші болады, ал бұрынғы жүргізуші ойынға басқаларымен бірдей
қатысады. Жүргізуші ретінде аз болған ойыншы жеңімпаз болады.
“Допқа тигіз”
Ойыншылар бір-бірімен 30см қашықтықта 2 қарама- қарсы сапқа тұрады.
Ойынға қатысушылар алдынан сызық жүргізіледі. Алаң ортасында волейбол
добы жатыр. Бір сап қатысушыларына кішкентай допты лақтырады. Кішкентай
доп тиген кезде, волейбол добы қарсылас топтың жағына қарай жылжиды.
Басқа топ ойыншылары допты жинап алып, өз күшінде волейбол добына қарай,
оны артқа жылжыту мақсатында, лақтырады. Осылай топтар кезекпен
доптарды лақтырады. Допты өзге топ сызығына кіргізе алған топ жеңіске
жетеді.
Ереже:
1.Допты белгі бойынша бір сәтте лақтыру.
2. Лақтыру кезінде сызықты баспау.
“Бағанадағы доптар жарысы”
Ойыншылар 2-4 топқа бөлініп, біреуден бағанаға тұрады, аяқтары
ашылып, қолдары созылған арақашықтықта. Бірінші ойыншыларда волейболды
доптан. Белгі бойынша олар допты басының үстімен бере бастайды. Доп соңғы
ойыншыға жеткенде, бәрі айналып секіріп (аяқтарын қоспай) бұрылады да,
допты баяғыдай бере бастайды.Бірінші ойыншы допты алған соң, бәрі тағы
бұзылады. Содан доп аяқ ортасынан, содан жанымен, оң жағымен, сол жағымен
беріледі. Допты берудің 4 түрінде тең бітірген топ жеңіске жетеді.
Ереже:
1. Допты тек көршісінен беру, ойыншы үстімен лақтыруға болмайды.
2. Допты түсіріп алған ойыншы өзі көтеріп көршісіне береді
3. Соңғы қатысушы бірінші орынға жүгіріп келгенде, бүкіл бағана жарты
қадам артқа жүреді.
Эстафеталар.
“Жүгіріс эстафетасы”
Ойыншылар 2-3 топқа бөлініп, бастау сызығында бағанаға тұрады. Әрбір
топқа қарсы, бастау сызығынан 15-20 қадам алда таяқша қойылатын шеңбер
сызылады.
22
Бұйрық бойынша бірінші ойыншылар шеңберге жүгіріп, таяқты алып,
жерге 3 мәрте ұрып, шеңберге қойып, қайтадан кері жүгіреді.
Бірінші болып келген ойыншы өз тобына бір ұпай әкеледі, екіншілері- екі
үпай және т. с. с. Ең аз ұпай жинаған топ жеңеді.
“Пойыз - эстафеталар”
Бағанада тұрған (8-12 адамнан) топтар алдында сызық жүргізіледі, ал
әрқайсысынан 10-12м қашықтықта тұрақтар (зат толтырылған доптар) тұр.
Белгі бойынша топтың бірінші номерлері тұрақты айналып өтеді (сағат тіліне
қарсы), бастау сызығына бағытталады. Олар өз бағанасының жанынан өтіп,
оны артынан майыстырып, тұраққа жүгіреді. Олар бастау сызығына келгенде,
олардың белдерінен ұстап екінші номерлер қосылады да, кедергіні ойыншылар
бірге өтеді. Топты айналған соң оларға екіншісі қосылады және т.с.с.
Барлық топ, пойыз вагоны секілді, өткенде ойын бітеді, яғни соңғы
ойыншы бастау сызығына өтеді. Ойында көп ауыртпалық бірінші ойыншыға
түседі, сондықтан қайталау кезінде қатысушылар керісінше ретпен орналасады.
“Қарама – қарсы эстафета”
Оыншылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы өз ішінде теңдей бөлінеді.
Ойынға қатысушылар сызық артында бір – біріне қарсы тұрады. Топты
басқаратын ойыншыларға – алаңның бір жағындағы, эстафета таяқшасы
беріледі (теннис добы, кегле). Бұйрық бойынша жүгіруді бастайды.
Жүгіргіштер қарсы топтың бас ойыншысына келіп, эстафетаны береді де,
артына тұрады. Топтар орнымен ауысып біткенде ойын бітеді. Кім жүгіруді тез
бітірсе, сол жеңеді.
“Шеңбер бойымен эстафета”
Барлық ойыншылар 3-5 топқа бөлініп, дөңгелек табағы сияқты зал
ортасына тұрады. Шеңбер ортасына оң немесе сол жағымен бұрылып тұрады.
Әрбір дөңгелек табағы – бір топ. Шеңбер центрінен алыс тұрған ойыншы
эстафета таяқшасын ұстап тұрады. Белгі бойынша таяғы бар ойыншы басқа
табақтарды айналып өзінікіне келіп эстафетаны келесісіне береді.
Сөйтіп өзі сабының екінші жағына барып тұрады. Барлық ойыншылар
центрде жарты қадам жылжиды. Эстафетаны алған адам шеңберді айналып
үшіншісіне береді, және т.с.с. Бастаған ойыншы шетіне келгенде, оған
эстафетаны бергенде, ол қолын көтеріп, тобы ойынды бітіргенін көрсетеді.
Ереже бойынша тұрған ойыншыға жанасуға, ойыншыларға кедергі жасауға
тыйым салынады.
23
“Секіргішпен эстафета”
Топ бағана болып тұр, бағыттаушы қолында секіргіш. Белгі бойынша
бірінші нөмірдегілер алдын – ала белгіленген әдіс арқылы секіріп, 8-10м
қашықтықта орналасқан тіректі айналып келеді де, қайтып келіп, секіргішті 2-
номерге береді, және т.с.с. Қозғалу кезінде кем дегенде 8-10-12 секіріс жасау
керек. Ойында секірістің бірнеше түрін қолдануға болады.
Варианттар:
1.
Секіргіштен секірудің жартысы соңғы белгіге (тірекке) дейін орындалады,
жартысы қайтар жолда.
2.
Барлық секірістер соңғы белгіге дейін орындалып, қайтарда жүгіріп келеді.
3.
Қатысушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, шеңберде
секірістерін жасап, қайтарда жүгіріп келеді.
“Құрсаумен эстафета”
Топ құрамы 4-6 адам. Топ біреуден бағана құрған, бағыттаушының
қолында өзіне киілген құрсау. Белгі бойынша ол алаңның қарама – қарсы
жағына жүгіреді(6-8м), соңғы белгіні айналады да, артқа қайтады. Құрсауға
екіншісі кіріп, бірге тапсырманы қайталайды. Содан соң үшеуімен
қатысушылар толық бітіргенде ойын аяқталады.
Варианттар:
1.
Тапсырманы кезекпен 1-2-3-4 адамнан орындауға болады (яғни алғашқы
нөмірге қайта жүгірмейді, тапсырмасын орында бағана артына барып
тұрады), бұл жағдайда 4 рет жүгіргенде ойыншылар саны -10 адам, 5 ретте
– 15.
2.
Қатысушылар тапсырманы бірдей, алдын- ала анықталған, 2,3 және 4
адамнан, топпен орындайды. Топта ойыншылар саны қысқа 2-3-4 болу
керек.
“Құрамдастырылған эстафета”
Топ біреуден бастау сызығының алдына бағанамен тұрғызылған.
Алаңның қарама – қарсы жағында 5-8м қашықтықта лақтыру сызығы сызылған
нысана тұр, оған жақын жерде теннис добы бар қорапша тұр. Белгі бойынша,
бірінші
ойыншы
кедергілерден өтіп, немесе бірнеше
қозғалмалы
тапсырмаларды орындап, содан қорапшадан арнайы доп санын (1-3) алып,
нысанаға лақтырады, жүгіріп артқа қайтып, эстафетаны келесіге беріп, өзі
бағана соңына тұрады. Көп рет дәл тигізіп, бірінші біткен топ жеңеді.
1.
Бетімен гимнастикалық орындыққа жату, екі қолын созып, орындық
соңына дейін сырғанау. Қарқынмен гимнастикалық бөренеден қырыңмен
секіру.
Достарыңызбен бөлісу: |