45
Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан
ұмтылғандай ыңғайда болады.
Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан
тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары
көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде
шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір
мезгілде ілгері қарай ұмсынады.
Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл
болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта
болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап
машықтанған жөн:
˗
Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының
үйлесімділігін орындап көру;
˗
Шабуыл соққысын жасау;
˗
Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды
орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын
сақтай білу);
˗
Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
˗
Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
˗
Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау
(әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
˗
Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;
Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.
Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында
орындалатын
Арнайы жаттығулар
1.Алаңда орын ауыстыра білу
Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Оқытушының
ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл
бөлу.
2.Волейболшының тұрысын қайталау.
Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға
жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың
және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға,
артқа, оңға, солға жүру.
3. Допты астынан беру.
Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа,
оңға, солға жүру.
1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған
жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.
46
2.Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.
3.Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.
4.Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.
5.Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.
4. Доппен жүру жаттығулары:
1. Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.
2.Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.
3.Оңға – солға секіру.
4.Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.
5.Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып,
биікке беру.
6.Допты беруде оңға-солға секіру.
Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1. Студенттер бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты
жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
2. Бір студент допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді.
Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.
Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
3. Студент допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан
қабылдап, ұстап қайта береді. Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу
тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
5. Бір ойыншы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен
қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі
студенттер допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі студенттер допты
төменнен қабылдау.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.
Бір студент құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен
қабылдап, қайта береді.
Арақашықтық 8-10 м. студенттер қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі
оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі студенттер допты
төменнен қабылдау.
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
Әр студентке доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату
Әр екі студентке бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету
Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету
Допты жанынан беру тәсілін үйрету
47
Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету
Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
Мынадай жағдайларда ұшып келе жатқан допты қабылдайтын команда
қате жіберген болып табылады:
1.
Доп жерге түссе;
2.
Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;
3.
Доп лақтырылса, қолда кідіріп қалса;
4.
Доп дененің кез-келген белден төмен жеріне тисе;
5.
Ойыншы торға тиіп кетсе;
6.
Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тисе; оп ойынға қосып тұрған
команда мына жағдайларды қате жіберген болып, доптан айырылады:
1.
Доп кезексіз (төрешінің рұхсатынсыз) ойынға қосса;
2.
Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;
3.
Допты ойынға қосқан кезде сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса
немесе ішке еніп кетсе;
4.
Ойынға қосылған доп бағанаға, торға тиіп немесе алаңнан шығып кетсе;
6.6. ФУТБОЛ
Футбол (ағылшынша табан, доп) –командалық спорттық доп ойыны. Ойын
ұзындығы 100-110 метр, ені 64-75 метрлік алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 метр 44
см., аралығы 7 метр 32 см. Қақпа жасалады. Қақпаның сыртына тор керіледі.
Футбол добының салмағы 396 – 454 грамм, шеңбері 68-71 см.
Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан 2 команда қатысады. Олар қақпашы,
қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойынға
10 минуттік үзілісі бар, 45 минуттан екі кезеңде өтеді. Өз алаңында
қақпашыдан басқа ойыншыларға допты қолмен ұстауға болмайды. Әр
команданың қолданылатын айла-тәсілдері әр түрлі. Футбол командасы
жаттығуы кезінде әр түрлі әдістерге машықтанады.
Футболдың қауіпсіздік ережелері:
1.
Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне
белгі беруге болады.
2.
Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын
емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
3.
Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан итеріп жіберуге болмайды.
4.
Қандай жағдай болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласты бетпе-бет
келгенде, тек допты ғана тебу керек.
5.
Қақпашыға тиісуге болмайды.
6.
Төрешінің белгісін берген кезде ойынды тоқтату керек.
7.
Төрешінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауы тиісті.
8.
Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екеніне
байланысты.
9.
Ойынға киетін спорт киімдер ауа райына қарай өзгереді.
48
Ойынның жалпы мазмұны – допты аяқпен теуіп алып жүру. Допты аяқпен
теуіп алып жүру аяқтың үстімен және ұшымен тебу арқылы орындалады.
Допты аяқтың ұшымен теуіп алып жүруге әдістенген ойыншы қарсыласын
оңай-ақ алдап кете алады.
Допты аяқтың ішкі жағымен алып жүру мүмкін емес. Аяқтың ішкі
жағымен допты тоқтатады немесе әріптесіне теуіп береді.Футбол ойын
әдістерін жақсы меңгерген ойыншы ғана аяқтың сыртқы жағымен допты тура
алып жүре алады және әріптесіне де бере алады. Ойын кезінде ретіне қарай
әріптесіне допты өкшемен теуіп беруге де болады.
ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДАҒЫ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ.
Футбол ойынында негізінен 4 төреші, ойында қызмет көрсететін 3 төреші
болады, бір төреші қосалқы шебінде отырады. Төрешілер алқасы дәрежелері
бойынша бірнеше топтардан тұрады. Мысалы: 1-2-3 дәрежелі, ұлттық дәрежелі
төрешілер және халықаралық дәрежедегі төрешілер. Алаңдағы төрешілер
қызметі бас төреші, қалған екі төрешілер көмекшілер. Міндеттері ойында әділ
төреші болу, дер кезінде ысқыру, дөрекілік жасаған ойыншыларды қатаң
жазалау.
Ойын такткасын топтастыру үйрену дегеніміз – тактика түрлері мен
топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның маңызына байланысты, тәсілдер екі үлкен бөлімнен тұрады:
алаңдағы ойыншының және қақпашының ойын тактикасы. Әр бөлім екі
бөлімшеден тұрады, олар: жылжу, (алаңда жүгіру, жүгіру және секіру, тоқтау,
бұрылу) доппен ойнау тактикасы. Бөлмшелер нақты ойын тактикасының
түрлерінен және әдістерінен тұрады.
ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ.
Футбол жарысы оқыту жаттығу процесінің негізгі бір бөлімі. Жарыс
түрлері қойылған алдағы мақсатқа байланысты негізгі немесе қосалқы болуы
мүмкін.
Негізгі жарыстарға – жоспарланған жарыстар жатады, оған: чемпионаттар
мен біріншіліктер, кубок жарысы, іріктеу жарысы жатады. Қосалқы жарыстарға
– тексеру жарысы, жолдастық кездесу жарысы, қысқа мерзімде өтетін
жарыстар. Жарысты жоспарлау негізінен спорт және дене тәрбиелеу жүйесінің
мақсатына сәйкес болу керек. Олар: Республикалық, облыстық, қалалық немесе
дене шынықтыру коллективтерінің арасында болуы керек.
Ойын ережелерін бұзған ойыншыны жазалау жолдары.
Футбол ойынында тартысты күрес талас болғандықтан, ойында тәртіп
бұзу түрлері жиі болып тұрады. Ойын ережелерін бұзған ойыншыны жазалау
жолдары бірнешеге бөлінеді. Негізінен ойын ережесін бұзғаны үшін бірнеше
сары түсті карточкасын төреші көрсетеді, ол ескертпе, ал екінші рет ойын
ережесін бұзса, онда ол ойыншыны алаңнан қуылады.Жазалау түрлеріне 2-3
немесе бірнеше ойындарға жіберілмейді.
49
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН
ҰЙЫМДАСТЫРА ОТЫРЫП БЕЛСЕНДІЛІККЕ БАУЛУ
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-
экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны
өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту
үдерісіне
жаңашылдық
сипатта
қайта
қарап,
оқытудың
жаңа
технологияларының табиғатын түсіне отырып, студенттердің оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді.
Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы студенттердің оқу-
танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз.
Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, студенттердің оқу-
танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім
кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін
жетілдіру міндетіміз.
Оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған
дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған – білімді іздеу, оны ұғыну,
бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және
талдап қорытуды айтамыз. Оқыту әдістері-бұл баланың өзбеттілігі мен өзіндік
әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі-өз бетінше әрекет етуге және өзін дамытуға
ұмтылдыру. «Өз бетінше әрекет ету- бұл «оқытушының көмегінсіз» жаңаны
табу, білуге ұмтылу»,- деді К.Д.Ушинский. Өзіндік жұмыстар білім алушының
ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен
дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге
көмектеседі.
Студенттердің өз бетінше жұмысының атқаратын негізгі функциясы
мен міндеттері:
1. Білім алушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.
2. Білім алушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту, алған білімін
жүйелеу, сабаққа дайындау.
3. Білім алушылардың алған білімдерінің бірізділігін сақтау мен
белсенділігін, саналылығы қамтамасыз ету.
4. Білім алушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
5. Білім алушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға
әзірлеу.
6. Білім алушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілігі
болдырмауға әсер етеді.
7. Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.
Кез-келген өзіндік жұмысты қарастыратын болсақ, оның өткізу
жоспары болады:
1) оқу тапсырмасының өзіндік жұмыс арқылы орындалатынын түсіну;
2) білім алушыларға орындалу жолын айтып, нұсқау беру;
50
3) нұсқау арқылы орындау кезеңдеріне басшылық жасау;
4) өзін-өзі бағалау мен өзіндік бақылау;
5) оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін талдау.
Өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру үшін біліктіліктің түрлері
қажет:
1. Белсенділік біліктілігі (білімге деген белсенділік, сұрақ қоя білу,
белгісізден белгіліні табу, бақа адамның көменгінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі
қадағалау.)
2. Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйыдастыра
білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды
қамтамасыз ету.
3. Саналы түрде әрекет ету белсенділігі. Жұмысты дұрыс
жоспарлау, оқу мәселелерін шешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа
арнада қолдана білу.
4. Ерлік біліктілігі – оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды
жеңе білу, жұмысқа тез кірісе білу және өзін ұзақ уақыт бойына белседілік
көрсетуге дағдыландыру.Өзіндік жұмыс-бұл оқу үрдісінің демеуші күші,
оқытудың тиімді әдісі, белсенділіктің маңызды көрсеткіші. Өз бетінше
жұмысты дидактикалық мақсатына қарай сабақтың әр түрлі кезеңінде
қолдануға болады:
Бұдан шығатын қорытынды өзіндік жұмыстарды оқытушы өз шеберлігіне,
сабақтың мақсатына сай сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, орынды, тиімді
пайдалануына болады. Осылайша өзіндік жұмыстар негізінде тұлғаның
белсенділігін арттыруға, білімін жоғарылатуға болады.
Сонымен қорыта айтқанда дене шынықтырудың атқаратын рөлі ерекше.
Студенттер үнемі спорпен шұғылданып, жетілу үстінде болулары керек. Осы
кезде біз олардың дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал ете білуіміз қажет деп
ойлаймын. Жастар – біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тұғырын ұстап
тұратын келешегіміз.
Дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз десек ең алдымен ұлт
саулығына , бала денсаулығына баса назар аударуымыз керек.
Елбасы Н.Ә: Назарбаев та жыл сайынғы халыққа жолдауында денсаулық
мәселелерін басты назарда ұстап отырады. «Қоғамымызды құруымызға қарай
азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған
табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек.
51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Рачек Ю.М., Минарбеков И.К., Сиротина Н.М.
Применение казахских игр в учебных занятиях по легкой атлетике. Жам-
был, 1995 ж
2.
Карпова Н.В., Абустина Л.С., Крутликова М.В. Подвижные игры и физ-
культурные минуты для шестилеток. Усть-Каменогорск. 1990 ж.
3.
Карпова Н.В., Абустина Л.С., Крутликова М.В. Игры, игровые упражне-
ния и эстафеты для легкой атлетики. Усть-Каменогорск. 1985 ж.
4.
Портных Ю.И. Спортивные и подвижные игры. М.: физкультура и спорт.
1984
5.
Яковлев В.Г., Ратников В:П: Подвижные игры. М.: Просвещение. 1977 ж
6.
Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. А.: 1991.
7.
Садықов С.С. Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми-педагогикалық
негіздері.Тараз, 2004.
8.
Куанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры
средствами национальных игр. А. :1992.
9.
Уазбаев Е. Дене тәрбиесiнiң негiздерi. Алматы:Санат, 2000.
10. Мұқанов С. Халық мұрасы. А.: 1974.
11. Тітенаев Б. Диваев халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында.
«Қазақстан мектебі». А.: 1974.
12. Бекбатчаев О.Е. Применение традиционных казахских народных игр и
упражнений в системе физического воспитания в школе. А.: 1981.
13. Сағындыков Е. Использование народных игр в учебно-воспитательной
работе в I-IV классах казахской школы. А.: 1986.
14. Велитченко В.К. Физкультура без травм. - М.: «Просвещение», 1993. - 128 с.
15. Теория и методика физического воспитания: учебник для студентов фа-
культета физической культуры педагогических институтов/. Под ред. Б.А.
Ашмарина. М.: «Просвещение», 1990. - 287 с.
16. Теория и методика физического воспитания: Учебное пособие для студен-
тов факультета физического воспитания педагогических институтов/ Под
ред. Б.А. Ашмарина. - М.: «Просвещение», 1979. - 360 с.
17. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания
и спорта: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, 2-е
издание. М.: Издательский центр «Академия», 2002. - 480 с.
18. Эхо Ю. Практическое руководство для тех, кто пишет дипломные, курсо-
вые, контрольные работы, доклады, рефераты, диссертации: Успех без ми-
нимальных проблем. - М.: Издательство «Металур». 1996. - 112 с.
52
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................................
3
1.Дене шынықтыру сабақтарын құрудың негізгі қойылатын талаптары.
4
2. Спорт алаңдарына, аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.........
7
3. сабаққа қойылатын қазіргі талаптар .......................................................
8
4. Жалпы және арнайы физикалық дайындық ...........................................
10
4.1 Жылдамдық .............................................................................................
10
4.2. Күш ..........................................................................................................
11
4.3.Шыдамдылық ..........................................................................................
11
4.4. Ептілік .....................................................................................................
12
4.5. Икемділік ................................................................................................
12
5. Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны...................
13
6. Спорт түрлері ............................................................................................
14
6.1. Қимыл-қозғалыс ойындары ..................................................................
14
6.2 Жеңіл атлетика ........................................................................................
26
6.3 Президенттік көпсайыс ..........................................................................
35
4.4. Баскетбол ................................................................................................
37
6.5 .Волейбол .................................................................................................
41
6.6. Футбол .....................................................................................................
47
7. Студенттердің өзбетінше жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып
белсенділікке баулу ....................................................................................
49
Әдебиеттер тізімі ..........................................................................................
51
53
Қамысбаева Д. Қ.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ПӘНІНЕН
ІС-ЖҮЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Техникалық редактор
Б.Ә. Әлімбаев
Редактор
Г.М. Алдыкеева
Компьютерлік беттеу
Г.Н. Дәуірбекова
Баспаға 18.0
5.2017ж. қол қойылды.
Пішімі 60Х80 1/16. Есепті б.т.1,5 Шартты б.т. 2,3
Таралымы 500. Тапсырыс 561.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ
«Тараз университеті» баспасы
080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60
Достарыңызбен бөлісу: |