24
2.
Кезектен жалаушаларды айналып өту, Барьер арқылы өту.
3.
Жатып, қолменен 2,3м өту (аяқ жермен жанасады). Қарқынмен бөренеге
(орындыққа) секіріс жасау, d=60см болатын құрсау немесе жіпті сақинаны
жерден көтеріп, содан өтіп кету және т.с.с.
Ағаш аяқпен қарсы жүру эстафетасы
Алаңға бір-бірінен 50 қадам қашықтықта екі жолақ жүргізіледі.
Жарысатын команда ойыншылары реттік нөмірмен белгіленеді. Тақ және жұп
нөмірлі ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы сызылған екі жолақтың бойына
тұрады. Командадағы бірінші нөмерлі ойыншыларға ағаш аяқ беріледі.
Төрешінің белгісі бойынша, бірінші ойыншылар ағаш аяқтарға мініп қарсы
жолаққа дейін жүреді. Сосын олар ағаш аяқтарды келесі нөмірлі ойыншыға
береді, ол сол қашықтықта кері жүріп, үшінші ойыншыға береді. Эстафетаны
ерте аяқтап, ағаш аяқтарды төрешіге тапсырған команда жеңеді.
Соқыр теке
1. Алдымен көз байлайтын бірнеше таза орамал немесе бетті түгел жауып
тұратын қағаз қалпақ дайындаймыз. Ойын жетекшісі «соқыр текені» таңдап,
оның көзін байлайды. Қалғандары соның төңірегінде жүгіріп жүреді, арасында
қол соғып қояды. Соқыр теке олардың біреуін ұстап алса, оның кім екенін көзін
шешпей тұрып табуы тиіс. Егер ол дұрыс тапса онда ұсталған ойыншы «соқыр
теке» атанады. Таба алмаса өзі іздей береді.
2. Нұсқасы. Екі қабатталатын орамал мен ысқырауық дайындаймыз. Екі
баланы дайындап, екеунің де көздерін байлаймыз да, бірінің қолына
ысқырауық, екінші ойыншының қолына орамал береміз. Ол әр 10-15 секунд
сайын ысқырады да, қашып жүреді. Ал, соқыр теке ысқырықтың қайдан
шыққаның анықтап, ойыншыны орамалмен ұруы шарт. Бірақ, оның көбіне
орамалды құр сермегенін көрген басқа балалар күлкіге қарық болады. Соқыр
теке қашқынды тауып, орамалмен ұрған кезде ойын бітеді.
Иығынды тигіз
Ойыншы саны 20-30 адам. Жүргізушіні таңдап алады. Ол қолдарын
арқасына қояды. Ал, ойыншылар алаңға шашырап кетеді.
Белгі бойынша жүргізуші жүгіріп, кез- келген ойыншыға иығын тигізуге
тырысады. Егер ол иығын тигізе алса, сол адам ойынды еді. жүргізеді.
Ойын жүгіру әрекет ету және бағдарлау қырларын жетілдіреді.
25
Нысанаға доп тигіземіз
Бұл ойын дәлдікті дамытады. Бірнеше теннис добы мен үлкен нысана –
қалқандар қажет. Фанер қалқандарға ертегілердегі түрлі жағымсыз
кейіпкерлердің: Жалмауыз кемпір, Өлмес Кащей және т.б. суреттерін салуға
болады. Нысанаға доп тигізетін тесік жасалады. Команданың әр ойыншысына
үш рет лақтыру құқы беріледі. Допты нысанаға көп тигізген команда жеңіске
жетеді.
Жебемен жекпе-жек
Жарыстың екі қатысушысына метрлік екі ағаш «жебе» және кесілген ағаш
береді. Алаңға бір-бірінен 40 см қашықтықта, әр қайсысының диаметрі жарты
метр болатын екі шеңбер сызамыз. «Жебемен» қаруланған «Қарсыластар» әр
шеңбердің ортасына кесілген ағаш – чурканы қояды да, әркім өз шеңберінің
қасында тұрады. Жетекшінің белгісі бойынша жекпе-жекті бастайды. Олардың
назары шеңберлердегі ағаштарда болады. Ойыншы «қарсыласының»
шеңберінде жатқан ағашты жебенің ұшымен түртіп шығару қажет те, ал өз
щеңберіндегі ағашын қорғауы шарт. Бұны орындау оңай емес. өзгенің ағашын
аңдып тұрғанда өзіңдікінен айырылып қалуын мүмкін. Жарыс ойыншылардың
біреуінің жеңісіне дейін, яғни, қарсыласының ағашын шеңберден шығарып
тастағанға дейін жалғаса береді.
Шымшық
Тегіс жерге диаметрі 70 см болатын шеңбер сызылады. Шеңбердің
ортасына шымшық (чиж ұзындығы 15 см болатын ұшты таяқша) салынады.
Балалар шымшықтың айналысына 4 м қашықтыққа, тұрған жерін дөңгелете
қоршап тұрады. Жүргізуші шымшықтың қасына тұрады. Ойыншылардың әр
қайсысы кезекпен шымшыққа жақындап қолындағы таяғымен шетінен ұрады.
Соққыдан соң таяқ аспанға ұшады, ал ұрған адам орнына барып тұру үшін
жүгіреді. Егер жүргізуші шымшықты ауада ұстап алса, немесе оны жерден ала
салып, ұрған ойыншының орнына тұрып үлгерсе, ол ойынға қосылады. Ал,
орнынан айырылған ойыншы ойынды жүргізеді. Егер ұрған кезде шымшық
аспанға ұшпай қалса ұрған адам жүргізуші болады.
Құмдағы ойындар теңіз жұлдызы
Екі команда: А және Б немесе екі ойыншы ойнайды. А командасының
жүргізушісі теңіз жұлдыз сияқты аяғы мен қолын созып, шалқасынан жатады. Б
командасының ойыншылары «жұлдыздың сәулелерінің» арасына бес тас қояды,
яғни, басы мен оң қолының, оң қолы мен оң аяғының арасына және т.б. Тастар
26
жүргізушінің денесіне тимейді және барлық жағы бірдей бес бұрыш құрайды.
Жүргізушінің міндеті – арқасын құмнан алмай және тастарға денесін тигізбей,
басы аяғының орнында болатындай етіп аударылуы керек. Сосын тағы да бес
сәулесінің арасына тас қойылған теңіз жұлдызын бейнелуі қажет. А
командасының басқа ойыншылары оған кеңес беріп, тасқа тиіп кетуден
сақтайды. Б командасының ойыншылары қабырлаған қозғалысқа қарап күлкіге
қарық болады. Тастарды жүргізушіге жақындату немесе алыстау арқылы
ойынның күрделілігін реттеуге болады. Ойынның ерекшелігі мынада: оны
жалғыз өзің де ойнап, айналу шеберлігін шыңдауыңа болады.
Таяқ тартыс
Екі ойыншы бір-біріне қарап жерге отырады. Олардың созылған аяқтары
табандарымен тіресіп тұруы шарт. Ойыншылар қолдарын алға қарай созып,
саусақтарының ұшымен 80 см таяқшаны ұстап, тұлғасымен төмен иіледі. Белгі
берілген кезде қарсыласын өз жағына қарай тартып алуға тырысады. Кім тар-
тып ала алса сол жеңген болады.
Тәртібі:
1)
Ойыншылардың аяқтары алға созылып, бір-біріне тіреліп тұруы шарт.
2)
Аяқтардың арасын ашуға болмайдыц.
3)
Белгі берілген кезде бір уақыттатарту қажет.
4)
Тек қолдың күшімен және кеудені еңкейтіп қана тартуға болады.
5)
Тартыс кезінде қапталдап жатуға, қолымен немесе тұлғасымен жерге
жатуға тыйым салынады.
6.2. Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетиканың ішінде жаттығулардың бес түрі бар спорттық жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру және көп сатылы жарыс. Олардың әрқайсысының
ерекшеліктері, түрлері бар. Жеңіл атлетиканың жарыс ережесіне сәйкес
ерлерге, әйелдерге және жас спортшыларға арналған арақашықтары және
жарыс өткізетін шарттары бар.
Негізгі жеңіл атлетиканың жаттығулары Олимпиада бағдарламасына,
Әлем,
Еуропа
және
Азия
біршіліктріне,
Ұлттық
жарыстардың
бағдарламаларына енеді.
Жүру - адамнын, кәдімгі қозғалу әдісі. Спорттық жүрудің кәдімгі жүруден
айырмашылықтары өте жылдам жүруде, өзгеше техника мен үнемділік
қимылда. Спорттық жүрумен жүйелі түрде айналысатын спортшыда жүрек
тамырлары, демалу және организмнің басқа жүйелерін белсендіреді,
шыдамдылықты шынықтырады, қайсарлықты, қайраттылықты, табандылықты,
қиындықты бастан кешіруді, кажығандық пен күресуге үйретіп тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |