5
˗
спортпен шұғылдануға студенттердің тұрақты қызығуын және қабілетін
дамыту.
˗
негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір жоғарғы
оқу орындарының жағдайларына байланысты дене шынықтыру және
сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Сабақ өткізудің педагогикалық талаптары
Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық талаптары әрбір сабақты дұрыс
құра білудің негізі болып табылады. Оқу жұмысы ретінде өткізілетін жоғарғы
оқу орындарындағы дене тәрбиесінің міндеттері төмендегідей болады: жаңа
жаттығуларды үйретуде белгілі бір қимыл дағдыларын қайталау және оны берік
етіп қалыптастыру, студенттердің меңгергендерін тексеру және оны бағалау т.б.
Бұл міндеттер сабақтың құрылымына, мазмұнына және оны өткізудің әдісіне
әсер етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесі жалпы тәрбиенің
ажырамас бөлігін құрайды. Ол өнегелі, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиемен
бірлікте жүзеге асады.
Сонымен қатар үйрену барысында шешілуге тиісті тазалық міндеттері де
қойылады, мысалы: студенттердің бұлшық еттерін нығайту, мүсінді дұрыс
ұстай білу дағдысын қалыптастырады, терең, дұрыс тыныс алуға үйретеді және
тағы басқалар. Жоғарыда аталған міндеттер оқу барысында енгізілетін
болғандықтан педагогикалық міндет болып табылады.
Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез келген тобын
үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1.Студенттердің белсенді қызметі оқу бағдарламасын меңгерудің қажетті
шарты. Студенттердің дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және
дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі.
2.Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі сту-
денттердің дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ, жүйелер түрлерінің
көп болуы нәтижесінде олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты мін-
деттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.
Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не өзге қимылдарды пайдаланудың
көп жылдық тәжірибесімен, олардың ауызша және тәжірибелік негізіне сүйене-
ді.
Дене мәдениеті педагогика тұрғысынан алып қарағанда дене тәрбиесі дене
мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны жоғарыда айтылады. Педагоги-
ка адамның саяси-әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты
болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие
деп атайды.
Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол
оқытушылар мен студенттерге өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс
жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану
6
студенттердің зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның
интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын,
оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағы
ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін
ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі
жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-
психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды
әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші роль атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мамандарды дайындауды жүзеге
асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті
болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен
теңесу – еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің
қатарына енудің алғы шарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті
білім.
7
2. СПОРТ АЛАҢДАРЫНА, АЯҚ КИІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Спорт алаңының айналасы тегіс көгалдандырылуы қажет. Көгал шаңның
болмауына, сонымен қатар ауаның таза болуына көмектеседі.
Спорт алаңында: ұзындығы 60 м, көлемі 5 м жүгіру жолы, ұзындыққа,
биіктікке, секіретін орын, ойын, жаттығулар өткізілетін орынмен жабдықталу
қажет.
Жүгіру жолы тегіс болуы қажет. Жүгіру жолы стандарттық талапқа сай
жасалуы қажет. Жүгіру жолында отыз, алпыс, жүз метрлерге бөлу, сөре.мәре
аймақтары нақты белгіленеді.
Аяқ киім - ол ағзаны салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды
механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына
табан құрамын дұрыс ұстау үшін жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің
дұрыстығына, жастардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның
көптеген ауруларының және дұрыс қалыптасуының себебі болып табылады.
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - адам ағзасын қолайсыз әсерлерден және
жарақаттанудан сақтауы керекадам ағзасының анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті
қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық
жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін
сақтауға жағдай жасауы керек. Дене шынықтыру сабағына киетін аяқ киім
(красовка) аяққа ыңғайлы болуы керек. Аяқ киім табанды қысып, қан және
лимфо айналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі тиіс.