Конкурс екі турда өткізіледі: тур 2017 ж. 20 қарашаға дейін (қашықтықтан/сырттай), тур 2017 ж. 28 қарашаға дейін, сағат 09. 30-дан 12. 00-ге дейін. Өткізілетін орны: Сәтпаев көшесі 16-18, 18а,



жүктеу 131,25 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі131,25 Kb.
#15333






Бекітемін

«Тұран» Университеті мекемесі

ректоры

___________ Р.А. Алшанов

«___»___________2017 ж.




ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ,

ТУРИСТІК ҰЖЫМДАР ҮШІН

«ШЕКСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Осы ереже жоо мен колледж студенттері, туристік ұжымдар арасында «Шексіз Қазақстан» туристік жобаларды (бұдан әрі – Конкурс) конкурсты өткізудің тәртібін және қатысу шарттарын анықтайды.

    2. Ереже барлық мүдделі Конкурсқа туристік ұжымдарына танысу үшін ұсынылады.

2. КОНКУРСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ

2.1Конкурсты даярлау «Тұран» университетінің ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырады.

2.2 Конкурстық бағдарламаны тікелей өткізу «Тұран» университетімен және қазылар алқасымен жүзеге асырылады.


3.МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

туристік біліктілігін арттыру;

– кәсіби туристік дағдыларды көтеру;

– елдің ішкі туристік нарығына назарын аудару;

– туристік ресурстарды білу;

– жұмыс тәжірибесімен алмасу.


4. УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ

4.1 Қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 20 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

4.2 Конкурс екі турда өткізіледі: 1 тур – 2017 ж. 20 қарашаға дейін (қашықтықтан/сырттай), 2 тур – 2017 ж. 28 қарашаға дейін, сағат 09.30-дан 12.00-ге дейін.

4.3 Өткізілетін орны: Сәтпаев көшесі 16-18, 18а, «Тұран» университеті, 3-қабат, мәжіліс залы.


5.КОНКУРС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

5.1 Байқауға жоғары, орта арнаулы оқу орындарының, мектептердің туристік ұжымы, сондай-ақ Алматы қаласының өндірістік, қоғамдық және әуесқой бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен делегациялар қатысады.

5.2 Делегацияның құрамы: жеке-дара немесе авторлар ұжымы (2-4 адам), делегация өкілі (1 адам) және қолдау тобы (20 адамға дейін).

5.3 Конкурстық бағдарламаға тікелей қатысуға автор немесе авторлар ұжымын қабылдайды



    1. Бір мекеменің (ұйымның) командалар саны шектелмеген.

6. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

6.1 Қазылар алқасы туристік қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың беделді өкілдерінен құралады және ұйымдастыру комитетімен бекітеді.

6.2 Конкурстың қазылар алқасы өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.

6.3 Қазылар алқасы ұйымдастыру комитетімен келісе отырып конкурс түрлері бойынша бағалау критерийлерін өзгертуге немесе толықтыруға құқығы бар.
7. БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

Конкурс бағдарламасына кіреді:

1-ші тур:


  1. Визитка: автордың немесе авторлар ұжымының (лақап атауы), эмблемасы, ұраны болуы тиіс, әр команданың таныстыру (құрамы – 4 адам) бейнеролик түрінде, презентация (қатысушылардың команда тарихын, қызметін таныстыруы,) (уақыт тәртібін сақтау – 3-5 минут).

  2. Фотокөрме: әрбір делегация «Туған өлкемнің туристері» тақырыбында (саны – 10 слайдтан көп емес) оның туристік қызметін ашып беретін фотоальбомды (слайд-шоу) ұсынады. Техникалық шеберлігі, шығармашылық көзқарасы, фотоальбомды ресімдеу жасампаздығы, фотосуреттер ақпараттылығы, фотоальбом атауы бағаланады.

2-ші тур:

1. Берілген «Шексіз Қазақстан» тақырыбына презентация (уақыт тәртібін сақтау – 5-7 минут). Өз сөзінде мүмкіндігінше аудио - және бейнематериалдарды пайдалану.

2. Таңдалған маршрут учаскесі бойынша сырттай (виртуалды) экскурсия (уақыт тәртібін сақтау 5-7 минут) өткізу.
8. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ


    1. Онлайн-өтінімдерді тіркеу (№1 қосымша) G.Yerubayeva@turan-edu.kz электрондық мекен-жай бойынша 2011 ж. 20 қарашасына дейін жүргізіледі

    2. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

• Демалысқа арналған ең үздік идея.

• Үздік сититур.

• Үздік экологиялық туристік маршрут.

• Ең үздік тарихи туристік маршрут.

• Үздік экстремалдық туристік маршрут.

• Үздік этнографиялық туристік маршрут.

• Ұлы жібек жолы бойынша ең үздік туристік маршрут.

• Үздік отбасылық тур.

• Үздік VIP туристік маршрут.

• Демалыс күннің үздік маршруты.

• Үздік инновациялық туристік маршрут.


  1. НӘТИЖЕЛЕРІН АНЫҚТАУ

    1. Нәтижелері осы Ережеге сәйкес және әр конкурстық бағдарлама шарттары түрінде анықталады. Жалпы нәтиже конкурс түрлерінің орындарының сомасы бойынша анықталады.

    2. Конкурстың әрбір түрі белгілі бір критерийлерге бойынша қазылар алқасының мүшелерінің сараптамалық бағалау негізінде айқын баллмен бағаланады.

    3. Бағалау критерийлері және олардың әрқайсысы бойынша ең жоғары балл саны:

9.3.1. Фотокөрме (фотоальбом):

– фотосурет сапасы – 1-ден 5 баллға дейін;

– фотосуреттердің конкурс тақырыбына сәйкестігі – 1-ден 5 баллға дейін;

– суреттер сюжеті – 1-ден 5 баллға дейін;

– ерекшелігі – 1-ден 5 баллға дейін;

– фотосуреттердің ақпараттық мазмұндылығы – 1-ден 5 баллға дейін;

– туристік ұжым делегациясына авторлық қатыстылығы – 1-ден 5 баллға дейін;

– техникалық шеберлігі – 1-ден 5 баллға дейін;

– шығармашылық көзқарасы – 1-ден 5 баллға дейін;

– фотоальбомды ресімдеу жасампаздығы – 1-ден 5 баллға дейін;

– фотоальбом атауы – 1-ден 5 баллға дейін.


      1. Жоба (барлығы 100 балл):

  • жасампаздығы – 10-нан 20 баллға дейін;

  • таңдалған тақырыптың жоба мазмұнына сәйкестігі – 10-нан 20 баллға дейін;

  • экономикалық құрамдас бөлігі (жобаны жүзеге асыру шығындары, өзін-өзі ақтауы және т.б.) – 10-нан 20 баллға дейін;

  • әзірленген маршруты (халықтың қандай категориясына арналғаны – жасы, мәртебесі, мүдделері және т.б.) – 10-нан 20 баллға дейін;

  • шығармашылық көзқарас – 10-нан 20 баллға дейін.

9.3.3 Жоба мазмұнына қойылатын талаптар:



  • Жобаның атауы және оның мазмұны.

  • Құны.

  • ЭКСПО-2017-ге қатысу мүмкіндігі болу

  • Авиа, т/ж және автоқатынастар, жаяу жүргіншілер соқпақтары бойынша қол жетімділігі

  • Тамақтандыру қызметі.

  • Орналастыру бойынша қызметтері.

  • Қауіпсіздік маршруты.

  • Жарнамалық сүйемелдеу.

9.3.4 «Таңдалған маршрут учаскесі бойынша Сырттай саяхат» келесідей өлшемдер бойынша бағаланады:

– біржақтылық (көз жетушілік);

– көрсету және баяндау тәсілдерін пайдалану;

– аудитория назарын иелену.
10. МАРАПАТТАУ

10.1 Конкурстың түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған авторлар немесе авторлар ұжымы грамоталармен марапатталады.

10.2 Жалпы жүлделі орын алған жүлдегерлер, авторлар немесе авторлар ұжымы конкурс түрлерінің орындар жиынтығы бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

10.3 Жекелеген авторлар немесе авторлар ұжымы конкурстың қазылар алқасының қарауымен арнайы номинациялар бойынша мадақталуы мүмкін.



    1. Жүлде қоры:

1 орын – «Тау-Туран» кешеніне жолдама;

2 орын – Алматы қаласы бойынша экскурсия мен шебер-сабақтары;

3 орын – «Туран» университетінің брендтік өнімдері.
11. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

11.1 Конкурсқа дайындық жүргізу мен өткізуге байланысты шығыстарға іс-шараны ұйымдастырушылар мен демеушілер жауапты болады.

11.2 Конкурсқа қатысуға байланысты авторлар және авторлар ұжымының шығыстарын бағыттаушы мекемелер көтереді.
12. ЖАУАПКЕРШІЛІК

12.1 Конкурсты өткізу кезінде іс-шаралар үшін жауапкершілік тәртібін ұстау мен регламентін сақтау «Тұран» университетіне жүктеледі.

12.2 Ұжым ішіндегі делегацияның орынды мінез-құлықтары мен тәртіпті ұстану жауапкершіліктеріне туристік ұжым делегация басшылары жауапты болады.
13. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

13.1 Ұйымдастыру комитеті бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.

13.2 Аталған Ереже Конкурсқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

13.1 Конкурстың дайындығы мен ұйымдастыруына байланысты барлық мәселелерге мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:


«Тұран» университеті, «Туризм и сервис» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. Ерубаева Гульжан Кикбаевна:

G.Yerubayeva@turan-edu.kz, erubaeva.turan@mail.ru; +77773536230

Аталған Ереже Конкурсқа қатысуға шақыру болып табылады

№1 ҚОСЫМША

Конкурс қазылары алқасы

«Шексіз Қазақстан»

ЖОО және колледж студенттері, туристік ұжымдар арасында

«Шексіз Қазақстан» жобалар конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ

Ұйымның толық атауы: _________________________________________


Команда атауы: ____________________________________________________

Команда құрамы:




№/р.н

Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Оқу, жұмыс орны

ЖСН

Қолы

1
















2
















3
















4
















5
















6















Команда капитаны: ______________________________


Делегация өкілі: ________________________________________________
Өкілдің байланыс деректері:
Мекенжай: ___________________________

Тел.: __________________________________

E-mail: _______________________________________



«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныспын» ____________________________

өкілдің қолы
Іссапарға жіберуші ұйымдар

жетекшісі: _________ __________________________



МО қолы Аты-жөні
жүктеу 131,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау