40
салмағы екі аяққа бірдей түседі. Екі қолы шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында
ұсталады. Осындай қалыпта болу ойыншының алаңды, өзге ойыншыларды
жақсы көруіне, қажетті бағытқа жылдам орын ауыстыруына, кез-келген тәсілді
оңай орындауына мүмкіндік береді.
Секірудің екі тәсілі бар:1- екі аяқпен бірдей серпіле секіру. 2-бір аяқпен
серпіле секіру. Екі аяқпен серпіле секіру бір орнында тұрып орындалады: тізені
бүгіп, екі қолды сәл артқа жіберген қалыптан жоғары қарай екі аяқпен бірдей
жерден серпіле секіру. Бұл кезде кеудесін тез жазып, екі қолын жоғары әрі алға
қарай сілтей көтереді. Бір аяқпен серпіле секіру- жүгіріп келе жатқан бетте
орындалады. Секірудің алдындағы соңғы адым алдыңғыға қарағанда біршама
кеңірек болады.
Секірудің екі тәсілі де жерге екі аяқтың арасы алшақ, тізе бүгілген қалыпта
түсу керек.
Тоқтау –белгілі бір бағыттағы қозғалысты кенет тоқтатуға мүмкіндік бе-
ретін тәсіл. Тоқтаудың 2 түрі бар.1-2 аяқпен, 2-1аяқпен тоқтау.
Бұрылу допты алу үшін ойыншылар бір жерге топтаса қалғанда, допты
алып келе жатқан немесе допқа ең жақын тұрған ойыншы оны өзгелерден
қалқалау үшін қолданылады. Бұрылудың алға бұрылу және артқа бұрылу дей-
тін 2 тәсілі бар.
Допты беру-серіктес ойыншылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін
негізгі тәсіл. Сенімді түрде және дәл беру-өзара жақсы іс-қимылдық нәтижесін-
де іске асады.
Допты 2 қолмен ұстау. Ұшып келе жатқан допты мүмкіндігінше қарсыла-
сыңнан бұрын ұстау керек. Бұл үшін баскетболшы бойын тіктеп, доптың үшып
келе жатқан бағытына қол созады. Допты шынтақты бүге беріп саусақтың
ұшымен ұстайды да,оны жеңіл қимылмен денеге қарай жақындатады. Осымен
бір мезетте 2- тізе бүгіліп, баскетболшы бастапқы қалыпқа келеді.
Допты 1 қолмен ұстау кезінде ұшып келе жатқан допқа бір қолды ғана со-
зады. Қолдың жазылған саусақтары алға және сәл ішке бағытталады. Доп
саусақтардың ұшына тиген бойда оның екпінін бәсеңдету үшін қолды бүге қою
керек. Ал допты түсірмей ұстап қалу үшін алақанды жеңіл ғана жоғары бұру
қажет.
Допты бір қолмен жоғарыдан беру кезенде доп бастың деңгейінен жоғары
көтерілге қолда болады. Доп қолдың шынтақ буынын жазумен және саусақтар-
мен қосымша серпу арқылы беріледі.
Допты алып жүру-алаңда ойыншының орын ауыстыруына мүмкіндік бе-
ретін тәсіл. Ол қалқандағы торға доп жеткізу,допты қауіпті аймақтан алып
шығу кездерінде қолданылады.
Допты алып жүру кезінде ойыншы оны саусақтарымен жерге ұра
ыршытып алға ұмтылады. Допты алып жүрудің екі тәсілі бар.Жай ыршытып
алып жүру және мықын денгейіне дейін ыршытып алып жүру.Допты ыршытып
алып жүру кезінде баскетболшының 2 аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген,
допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады.
41
Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере жүріп ұшырады.
Допты алып жүру ойыншының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі.
Допты оң қолмен де, сол қолмен де, алып жүруге болады. Допты алып жүрген-
де адымды кең ашып, баяу жүгіруге де болады.
Допты 2-қолмен кеуде тұстан торға лақтыру көп жағдайда бір орында
тұрғанда орындалады және 6 м немесе одан да қашық жерден торға лақтыруға
тиімді тәсіл болып есептеледі. Допты кеуде тұсына лақтыру үшін алғашында 1
аяқты тізе бүгілген қалыпта аздап ілгері қойып, допты кеуде деңгейінде қос
қолмен ұстап тұрады. Тізені тіктеумен бір мезетте қол да алға қарай жазылып,
доп торға доға жасай бағытталып лақтырылады.
Допты екі қолмен бастан жоғары деңгейден лақтыру орташа қашықтықта
қолданылады. Мұнда да бүгілген тізені тіктеумен бірмезетте қол алға қарай жа-
зып, доп бағытталып лақтырылады.
Баскетболшы мазмұны мен негізгі ережелері.
Әр ойынға 20 минут уақыт беріледі.20 минутта ойын 2 рет ойналады .Әр
камандада 5 ойыншы ойналады және олардың қосалқы ойыншылары болады.
Төреші 2 команданың алдында допты жоғары лақтыру арқылы ойынға қосады.
Ойыншы допты ойын барысында торға -2 ұпай, айып допын лақтырғанда
түсірсе 1 ұпай алады .Ойыншы допты ойын барысында торға түсірсе -2 ұпай,
айып добын лақтырғанда түсірсе 1 ұпай алады .
Допты ұстап жүгіруге болмайды. Қолына доп тиген ойыншы оны жерге
ұрмай 2- ақ адым аттай алады. Одан кейін ол допты өз командасының бір
ойыншысына беруге болады.
Баскетбол ойынындағы төрешілер алқасы және олардың міндеттері.
Баскетбол ойынындағы төрешілер алқасын бекіту. Төрешілер алқасы әр
ойынға төрешілер тағайындайды. Баскетбол өткізуден бұрын төрешілер алды-
мен қажетті ұйымдастыру мәселесі жөніндегі сұрақтарды шешіп алу керек.
Бекітілген төрешілер алқасы жарыс өткізуде, жарыстың шартын негізге алады.
Барлық жауапкершілік бас төрешіге жүктеледі. Мысалы, жарыс орнының таза-
лық мөлшерінің сақталуы, ойынға төрешілерді бекіту, жарысқа қатысушылар-
дың құжаттарын тексеру және т. б. Бас хатшы жұмысы – жарысқа қатысты бар-
лық құжаттарды реттеу.
6.5. Волейбол
Волейбол–командалық спорт ойыны. Волейбол тұңғыш рет 1895 жылы
Америкада шыққан. Ең бірінші 1907 жылы Еувропада Чехтар ойнаған.Ал 1928
жылы спартакиада бағдарламасына енді. Ал чемпионат 1938 жылдан бері
өткізіліп келеді.
Волейбол алаңы 15 х30 м. Алаңы ортасына екі бағана орнатылады. Оларға
жоғары жиегі жерден 210-240 см тор тартылады . Ағаш бағананың диаметрі 75-
100 мм. Қазақстанда 13451 валейбол алаңдары бар. Ойыға әрқайысында 6
ойыншысы бар 2 команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына