37
2.
Тұрған орыннан ұзындыққа секіру кез-келген тегіс жерде өткізіледі.
3.
Биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты
еденге тигізбей орындалады. Керме мойыннан иек жоғары өткен болса,
жаттығу орындалған болып есептеледі. Асылып тұрған қалыпта 5
секундтан артық дем алуға немесе шайқалып тұруға рұқсат етілмейді.
4.
Шалқалап жатқан қалыпта кеудені көтеру аяқ тізеден 90 градус бұрышқа
бүгіліп, қолдың саусақтары иыққа ұсталып, табаннан әріптестің ұстап
тұруымен орындалады.
5.
Ату ТОЗ – 8 немесе ТОЗ-12 үлгідегі шағын оқпанды винтовкадан таянып
жатқан қалыпта немесе қолмен бауын кере қолданумен №6-б нысана
бойынша 25 метрлік немесе №7 нысана бойынша 50 м қашықтықта
өткізіледі.
Иж-38 үлгідегі пневматикалық винтовкадан ату-тік таянып тұрған
қалыпта столға не тіреуге сүйеніп №8 нысана бойынша 5м. қашықтықта
өткізіледі.
Атыстар: 3 байқаулық, 5 есептелетін. Ату уақыты 15 минут.
6.
Шаңғымен жүгіру шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі
ара қашықтықта ауа температурасы 15/0/С төмен болмаған кезде
өткізіледі.
7.
Қол добын лақтыру кез-келген тегіс алаңда 200 см биіктікке орналасқан
Көлемі 100х100 см қалқанға лақтырумен өткізіледі.
6.4. Баскетбол
Баскетбол (ағылшын basket-«тор», ball-«доп»)-спорт ойыны. Ойын
ережесін 1891 жылы АҚШ-тағы Спрингфилд колледжінің анатомия пәнінің
оқытушысы доктор Нейсмит жасаған. Баскетбол ашық алаңда, спорт залда, 26
x 14 метр алаңда ойналады. Биіктігі 305 см қалғанға тор бекітіледі. Ойынға 5
кісіден 2 команда қатысады. Ойынның мақсаты-допты қолмен лақтырып торға
түсіру, қай команда ұпайды көп алса, сол ұтқан болып есептеледі.
Баскетбол добы
Баскетболшы киімі
38
Баскетбол ойыны туралы
Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр
командада барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды). Әр ко-
манданың мақсаты – қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты
лақтыру және басқа команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себет-
теріне лақтыруға кедергі келтіру. Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады.
Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс
қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай есептеледі, айыптық
лақтыру бір ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі –
ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің
бірі. Баскетбол Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1936 жылдан
(ойынды ойлап тапқан Джеймс Нейсмит онда қонақ ретінде қатысқан) енген.
Ерлер арасындағы баскетболдан әлем чемпитонаты — 1950 жылдан бері, әйел-
дер арасында — 1953 жылдан бері, Европа чемпионаты – 1935 жылдан бері
өткізіліп келеді.
Баскетбол допты тек қолмен ойнайды. Допты еденге соқпай жүгіруге,
аяқпен тебуге, аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен ұруға тиым салына-
ды. Байқаусызда табан немесе аяқ тиіп кеткен болса ол ереже бұзу болып са-
налмайды.
Баскетболда жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда неғұрлым көп ұпай
жинаған команда саналады. Негізгі уақытта ойын тең аяқталған болса овертайм
белгіленеді (әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде оның аяғында тең түссе
бір команда жеңімпаз болмайынша екінші, үшінші және т.б овертаймдар бел-
гіленеді.
Допты себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай сандар саналуы мүмкін:
˗
1 ұпай – айыптық лақтыру
˗
2 ұпай – жақын немесе орташа қашықтықтан лақтыру (3 ұпайлық сыз-
ықтың ішінен)
˗
3 ұпай – үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м 24см) қашықтықтан
Ойын орталық шеңберде даулы лақтырудан басталады, допты дауласушы
бір жақ қағып жібереді. Екінші және үшінші, төртінші ойындар арасындағы де-
малу ұзақтығы – он бес минут. Үлкен демалыстан кейін командалар себеттерін
ауыстырулары тиіс.
Ойын ашық алаңқайда немесе биіктігі 7м кем емес залда өткізіледі.
Қалқанның өлшемі 180х105 см. Қалқанның астынғы шеткі нүктесінен еденге
немесе топыраққа дейін 290 см болуы тиіс. Себет металлдан жасалып, сақина
тәрізді болады, түбі жоқ тормен жан-жағы тартылады. Еденнен 3,05м деңгейде
орналасады. FIBA стандарттарымен ерлер жарыстары үшін доптың ауқымы –
74,9 – 78 см, массасы – 567 – 650 г, әйелдер жарыстары үшін – 72,4 – 73,7 см
және 510 – 567 г бекітілген.
˗ аут – доп алаң сыртына шығып кетеді;
˗ жүгіріп өту – допты бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы аяқ алуды
ережеде бекітілгеннен асырып жіберу;
39
˗ допты алып жүруді бұзу – допты екі қолмен олып жүру;
˗ 3 секунд – шабуыл аймағында оның командасы допқа иелік еткен уақытта
жабуылшы жақтың ойыншысы қарсыластың «бояуында» (шеңбердің астындағы
тікбұрышты аймақ) үш секундтан артық болса;
˗ 5 секунд – ойыншы лақтыруды орындау кезінде доптан бес секунд айы-
рылмай қойса;
˗ Тығыз қамқорлықтағы ойыншы – тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд
ішінде доп бере алмайды және шеңберге допты лақтыра алмайды;
˗ 8 секунд – тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген команда алдыңғы ай-
маққа 8 секунд ішінде допты шығармаса;
˗ 24 секунд – команда допқа 24 секунд иелік етіп шеңберге допты
лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестір-
леді. Осыдан кейін шабуылдаушы команда шабуылдаудағы таңдауға және тағыда
24 секундқа ие болуға құқылы. Егер фоль алса немесе қорғанушы команда тәртіп
бұзса (доптың алаң сыртына шығып кеткенін есептемегенде) немесе ойынды
басқада себептермен тоқтатқан жағдайларда жабуылдаушы команда келесілерге
құқылы болады:
˗ жаңа 24 секундқа ие болады, егер лақтыру допқа иелік етуші команданың
қорғаныс аумағында орын алса;
˗ уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд қалған сәттен жалғастырыла-
ды;
˗ жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік етуге 13 немесе секунд қалса;
˗ қорғаныс аумағына допты қайтаруды бұзу – шабуылдау аумағында допқа
иелік етуші команда оны қорғаныс аумағына ауыстырса.
Фол – бұл ережелерді сақтамау, дербес жақындау немесе спортқа тән емес
қылықтар көрсету. Фол түрлері: дербес – қарсыласпен жақындасу кезіндегі
ойыншы фолы, техникалық, екі жақты, спортқа тән емес, дисквалифиция-
лаушы.
Ойында 5 дербес фол (ҰБҚ 6 фол) немесе спортқа тән емес фол алған
ойыншы ойын алаңынан аластатылады немесе ойынға қатыстырылмайды
(бірақта оған запастық орындықта қалуға рұқсат етіледі). 2 техникалық ескерту
немесе дисквалифициялаушы фол алған ойыншы алаңқайдан аластатылады
және ойын өтіп жатқан орынды тастап кетуі тиіс (ойыншыға запастық
орындықта қалуға рұқсат етілмейді).
Ойын кезінде мынадай әдіс-тәсілдер іске асырылады:
1) Орын ауыстыра білу;
2) допты беру мен қағып алу;
3) Допты ыршытып алып жүру;
4) Допты торға лақтыру;
Жастар көбнесе кіші баскетбол ойынын ойнайды. Кіші баскетбол - әдеттегі
баскетболдың қысқартылған түрі. Бұл ойында жеңіл доп қолданылады, тор
ілінген қалқанның биіктігі аласыртылады, ойын алаңының аумағы қысқартыла-
ды. Кез-келген тәсілді орындау ойыншының тік тұрған қалпынан басталады.
Баскетболшы екі аяғын иықтың көлеміндегі қалыпта қояды. Бұл кезде дененің
Достарыңызбен бөлісу: |