35
6.3. Президенттік көпсайыс
Қазақстан Республикасы Үкметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы №
774 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы халықтың дене
тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы ЕРЕЖЕ:
Президенттік сынамалар ұғымы.
Президенттік сынамалар – бұл бақылаулық мөлшерлер арқылы халықтың
оқуға, еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының және жастардың әскери
қызметіне даярлығының жалпы деңгейін анықтайтын жаттығулардың
жиынтығы.
Президенттік
сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының,
жастарының және ересек халқының дене тәрбиесі даярлығына қойылатын
мөлшерлік талаптардың негізі болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері.
Президенттік сынамалардың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау,
халықты дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту,өз
денсаулығын және өмірдің әртүрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының
деңгейін айқындауға оның қажетін қанағаттандыру.
Президенттік сынамалардың міндеттері – дене тәрбиесінің жай-күйі мен
дене шынықтыру жаттығулары әдістерімен халықтың сауығуын, жастардың
оқуға, еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып
табылады.
Президенттік сынамалардың құрылымы.
Халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары
күштілікті, шыдамдылықты, шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың
жеті түрін қамтиды.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене
тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен – Президенттік деңгей мен ұлттық
даярлық деңгейінен тұрады.
1. президенттік деңгей жан-жақты дене тәрбиесі даярлығы бар дені сау
адамдар үшін даярланған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да,
тұрғылықты жері бойынша да, спорттық секцияларда, топтарда, командаларда
дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін
арналған.
23 жастан асқан халық үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын
Президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым
сенімді тәсіліндей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге
/2400 м/ жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.
Сынақтар мен нормативтердің түрлері
5,9,11 сыныптардың оқушылары, 18-23 шамасындағы жастар үшін дене
тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары сынақтары мен
36
нормативтерінің түрлері және 23 жастан асқан халық үшін 1,5 милге /2400 м/
жүгіру нәтижелері бойынша денсаулық деңгейін бағалау кестесі кестелерде
көрсетілген:
Жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11 сыныптары оқушылары үшін
және 18-23 жас шамасындағы жастардың сынақ түрлері мен нормативтері.
Президенттік сынамалар бойынша сынақтарды өткізудің тәртібі мен
шарттары.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы
білім
беретін
мектептердің
5,9,11
сыныптарында,
кәсіби-техникалық
мектептердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы курсының
алдыңғысында өткізіледі.
Президенттік сынамалар мөлшерлерін тапсыруға әрігерлердің рұқсаты бар,
спортпен ұйымдасқан түрде немесе өз бетіншще айналысатын барлық тілек
білдірушілер жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері жарыстарды қалалық
/аудандық/ жастар ісі, туризм және спорт басқармалары бекіткен жаттығуларды
орындау шарттары мен спорт түрлері бойынша жарысу ережелеріне сәйкес
төрешілер алқалары өткізеді.
Президенттік сынамалар мөлшерлерін тапсыруға әзірлік
Президенттік сынамалар мөлшерлерін орындауға әзірлік оқушылар мен
білімгерлер үшін оқу орындарындағы оқу сағаттары және оқудан тыс дене
тәрбиесі- сауықтыру және спорттық жұмыстар барысында, еңбек ететін жастарға-
спорттық секцияларда, жалпы дене тәрбиесі даярлығы топтарында, дербес жүзеге
асады.
Президенттік сынамалар бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Республика, облыстарда, аудан мен қалаларда Президенттік сынамаларды
орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан
Республикасының тиісті жастар –ісі, туризм және спорт басқармаларымен,
Қазақстан
Республикасының
Білім
Министрлігінің
дене
тәрбиесі
басқармаларымен жүзеге асырылады.
Президенттік
сынамалар
бойынша
жұмысты
ұйымдастырудың
жауапкершілігі
жалпы
білім
беретін
мектептерде,
кәсіби-техникалық
мектептерде, колледждерде, жоғарға оқу орындары мен ұйымдарда-әкімшілікке
жүктеледі.
Президенттік сынамалар бойынша іс-жүзіндегі жұмыстардың тікелей
жауапкершілігі оқу орындарында дене тәрбиесі оқытушыларына, мед.
қызметкерлерге, ұйымдарда мамандар мен спорт жөніндегі нұсқаушы-
әдістемешілерге жұктеледі.
Сынақтардың түрлерін орындау шарттары.
1.
60,100,1000,2000,3000 метрге, 1,5 милге /2400 м/ жүгіру стадионның жарыс
жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі.