Гобелен өнерінің дамуы
Сәндібек Мадина -№163мектептің 8 сынып оқушысы
Омарова Зәуреш-№163 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
Кіріспе
Қазақ халқының қолөнері
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері – сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.
Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Дүкенде сатылатын түрлі түске боялған қытай, үнді салфеткаларын көріп, өз халқымыздың өнерінде гобеленнің алар орны ерекше деп білемін. Қазақ халықтың тамаша бұйымдары киіз басу, кілем тоқу өнерлерін білеміз. Әр шебердің түсінігімен, қолмен жасалатын дүние болғандықтан гобелен қайталанбайтын дүние. Гобеленді бағалау үшін оны жай көзбен көру жеткіліксіз, қолмен сипап жасалу техникасына назар аударғанда шебердің шеберлігін байқауға болады. Қазақтын кілемдері түкті және түксіз болып келеді. Түксіз кілемнің екі жағыда тақыр, ал түкті кілемнің бетіне түк салынады. Түксіз кілем тоқу әдісімен тоқылатын бұйымдар елімізде жақсы дамыған, әсіресе Торғай, Қостанай, Қызылорда, Шымкент облыстарында кең дамыған тоқу өнері ұрпақтан ұрпаққа ауысып, қадір қаситетін жоймаған. Тоқу өнерін қазақтың көшпелі тұрмысымен салыстыра айтуға болады.
ІІ. Негізгі бөлім
Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері – кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді.
Суретті кілем-гобелен өнерінің шығу тарихы ХV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия, Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мұнда гобелен тоқуға негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылады. Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінесе тоқыма тәрізді табиғат көрінісін белгілесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнеледі. Ресей суретшілері тақыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды.
Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сонымен гобелен өнерінің сәндік – қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқынды дамуы 1970 жылдардан басталды. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты.
ІІ. 1 Гобелен өнеріне үлес қосқан суретшілер.
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан еліміздің суретшілері – Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, К.Жұбаниязова, Б.Өтепов, Ш.Қожанов, Г.Қастеева, Р.Базарбаева, т.б. айтуға болады.
Қ.Тыныбеков Б.Зәуірбекова И.Ярема
К.Жұбаниязова
Ә.Бапанов
Б.Өтепов Ш.Қожанов Г.Қастеева
Құрасбек Тыныбеков (1947 – 1980) шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденістегі басты жетістігі – классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындаған гобелендері: «Шолпан», «Отбасы», «Көктем», «Тау мен дала». Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі компазициялық құрылымы күрделі бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. 1970 жылы студент кезінде Қ.Тыныбеков ҚазССР-нің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер көрмесінде өзінің түнғыш туындысын көпшілік назарына ұсынды. Алғашқы жұмыстарын өзі-ақ өн бойында жеке нақыштарды айрықша компазициялық сапаларды жинақтады. Қ.Тыныбеков гобелендер, текеметтер жасау барысында әр түрлі техникада жұмыс істеді.
Батима Зәуірбекова (1946 ж. туылған) ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнекті сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауда гобелендері нәзік бояулармен дараланады. Оның «Керуен», «Дала аруы», «Жер ана» атты шығармалары сиқырлы әуенге толы.Ал «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады.Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою-өрнек бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Белгілі шебер Б.Зәуірбекова көлемі шағын туындыларымен қоса кең тынысты лирикалық – эпостық мазмұндағы күрделі іргелі туындылар жасау жолында жемісті еңбек етіп келеді. Оның гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге , терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой зердесіне, таным түсінігіне лайықталған туындылары шым-шымдап әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейді. Өзіне тән қайталанбас қолтанбасымен баршаға танымал Б. Зәуірбекованың еңбектері талғамды бояумен, мәнерлі суретімен әр сындарлы композициясымен ерекшеленеді. Бірқатар туындылары қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің төл дәстүрін шығармашылықпен дамытудың үлгісі болып табылады.
Ирина Яреманың (1931 жылы туылған) гобеленді шығармалары Қазақстан өнеріне қосқан үлкен үлес болып табылады. Әр алуан геометриялық фигуралар ою-өрнектер симметриялық үлесін тапқан. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.
Зейнелхан Мұхамеджанұлы қазақтың кесте өнерін халқымен қайта қауыштырған шебер ретінде танылды. Әрбір суреткердің жүрегінде құлыптаулы сыр жатыр. Зейнелхан жас шебер болмаса да, ата-бабадан қалған өшпес мұра – кесте тігу өнерінің қыр-сырын терең меңгеріп, көркем туынды тудыруда. «Қорқыт ата», «Жауынгер», «Балбалдар» атты көркем шығармалары бар.
ІІ.2 Гобелен өнерінің қажеттілігі.
Дүкендегі, базардағы бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: |