М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасының  

білім және ғылым министрлігі 

М.Х. Дулати атындағы  

Тараз мемлекеттік университеті 

Қ.Қ. Мамырқұлов, Ж.А. Бейсмаков 

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  

СПОРТҚА ДЕГЕН 

ҚЫЗЫҒУШЫЛҚТАРЫН 

АРТТЫРУ 

Әдістемелік нұсқаулық 

«Тараз университеті» 

баспасы 

Тараз, 2017 

 



ӘОЖ 796 

КБЖ 75.5(5Каз) 

      

М 18 


Мамырқұлов Қ.Қ., Бейсмаков Ж.А. 

Жасөспірімдердің  спортқа  деген  қызығушылқтарын  арттыру. 

Әдістемелік нұсқаулық. –Тараз: Тараз университеті, 2017. – 41 б. 

Пікір жазушылар:  

Әбдікерімов С.А.  – ТИГУ  доцентті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы; 

Джекенов П.С. 

–- 

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті, 



     

ҚР-ның  құрметті спорт қайраткері. 

Бұл  әдістемелік  нұсқаулық  жоғары,  арнайы,  орта  оқу  орындарының 

ұстаздары, 

мұғалімдері 

және 


Дене-шынықтыру 

және 


спорт 

мамандығының  білімгерлеріне,  қызмет  істейтін  нұсқаушы,  жаттықтыру-

шыларға арналған. 

КБЖ 75.5(5Каз) 

М.Х.Дулати атындағы университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде 

қаралып,  баспаға және  бекітуге  ұсынылған. 

Дене тәрбиесі кафедрасы отырысында қаралған 

«30» 03. 2017 ж. №8 Хаттама 

«26» 04. 2017 ж.   №4  Хаттама 

© 

Мамырқұлов К.К., Бейсмаков Ж.А., 2017 



© М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2017

 



Кіріспе 

 

Қазіргі  кезде  білім  беру  мекемелерінің  алдында  тұрған  міндеттердің 

бірі  –  жас  ұрпақтың  салауатты  өмір  сүруге  көзқарасын  қалыптастыру, 

олардың  денсаулығын  сақтауға,  қоршаған  ортасын  таза  ұстауға  және 

жоғары,  сапалы  білім  алып,  сол  білімді  келешектегі  өмірінде  пайдалана 

білуге тәрбиелеу. 

Өмір  салты  мен  денсаулық  арасындағы  өзара  байланыс  салауатты 

өмір  салты  ұғымын  құрастырады.  Салауатты  өмір  салтын  насихаттауда, 

салауатты  өмір  сүру  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін  жетілдіретін, 

осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты 

оқыту,  тәрбиелеу  формалары  мен  жаңа  әдістерді  ұстанатын  білім  де 

қажет.  Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға 

берік  тірек  болады.  Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  сүру 

мәдениетін қалыптастыру бұл: 

 - 


Біріншіден,  жеке  тұлғаның  өзін  қоршаған  жансыз  және  жанды 

табиғи  ортамен  жан  –  жақты  үйлесім  тауып,  өз  ғұмырын  Отаны,  елі, 

отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; 

 - 


Екіншіден,  салауатты  өмір  салты  –  ол  денсаулықтың  үйлесімді 

дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты 

нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. 

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты 

мақсаты: 

тұлғаның 

психологиялық, 

дене-қимыл 

әрекеттерінің 

мүмкіндіктері  мен  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  гигиеналық  ұғымдарды, 

салауатты  өмір  салтының  уәждамаларын,  жеке  бас  тазалығын  жете 

түсіндіру; 

Олардың  мінез-құлқында  белгілі  гигиеналық  тұрақтылықты 

қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени 

– 

гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 



Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  қандай  жағдайларға 

назар аудару керек? 

Өмір салты дегеніміз не? 

Бұл  жеке  адамның  тіршілік  етуге  бағытталған  мүмкіндіктерін 

қалыптастыру.  біздіңше,  адамның  әлеуметтік-психологиялық  және 

биологиялық  жақтан  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  мына 

жағдайлар негіз бола алады: 

белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі 



немесе спортпен шұғылдану; 

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 



жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 

қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; 






дұрыс жыныстық тәрбие алу; 

зиянды әдеттерден аулақ болу. 



Салауатты  өмір  салтының  бүгінгі  маңызды  мәселелерінің  бірі  – 

жасөспірімдер  арасындағы  ішімдікке  салыну  десек,  қазіргі  зерттеулерге 

қарағанда,  оған  салынудың  әлеуметтік-патологиялық  дамуы  мына 

себептерге байланысты екені белгілі болып отыр: 

әлеуметтік – экономикалық жағдай; 



отбасындағы психологиялық орта; 

жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б. 



Сондықтан  балаларды  жасынан  салауатты  өмір  салтына 

қалыптастыруға  күш  салып,  зиянды  әдеттерден  сақтандыруымыз  керек. 

Денсаулық  тәрбиесі  –  ортақ  мәселе.  Халық  санының  өсуі,  оның  сапасы, 

деннің  саулығы  мемлекет  әл-ауқатының  дамуына  мұрындық  болады. 

Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының 

стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның 

бірі  –  жер  үстіндегі  байлық  деп  отырғанымыз  –  адам,  оның  білімі  мен 

іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. 

Дене  тәрбиесі  сабағында  жаңа  инновациялық  технологиялардың 

тиімділігі. 

Білім  –  қоғамды  тұрақтандыратын,  рухани  мұраны  сақтайтын, 

ұрпақты  ұрпаққа  сабақтастыратын  құрал.  Қолда  бар  мүмкіндікті 

пайдаланып  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  тиімді  қолдану,  жаңа 

технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды 

халықтың  дәстүр  үрдісінде  адамгершілікке,  салауатты  өмір  сүруге  баулу 

дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. 

Олай  болса,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  ой  елегінен  өтетін  әдіс-тәсілдерін, 

жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, 

оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. 

Өзімнің  «Акробатикалық  жаттығулар»  атты  сабағымда  алдымен 

оқушыларға  өткен  тақырыптарға  байланысты  сұрақтар  бере  отырып, 

бүгінгі  жаңа  сабақтың  қандай  тақырыпта  өткелі  тұрғанын  ашып  алдым. 

Сабақ  барысында  оқушыларға  жеңілдетілген  логикалық  сұрақтар  беріп, 

кейін  күрделі  сұрақтарды  тапсырма  ретінде  бердім.  Сұрақтарға 

байланысты  жауабын  тапқан  оқушы,  сол  жерде  практикалық  түрде 

орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы 

мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, 

білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге 

өз тұғырнамасы болуы қажет. 

Олар мыналар: 

Әр оқушының  білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; 



Оқушының  бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; 




жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау