Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Білім, өсу мен жеке тұлғаны дамыту үшін!
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕР ҮШІН
Қарағанды -2012
Құрастырғандар:
Сырттай-қашықтықтан қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ.к., профессор С.Н.Улақов;
Сырттай-қашықтықты бизнес және құқық факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Т.Матаева;
Қашықтықтан оқыту орталығының директоры, ф.-м.ғ.к., доцент И.А.Аманов
Анықтамалық-жолсілтегіш ҚҚЭУ, студенттің құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйе негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен білім алу, әрбір пән мен GPA бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесі, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар, академиялық күнтізбе және т.б. туралы жалпылама мліметтерден тұрады.
Анықтамалық-жолсілтегіш 2008 жылдың 18-сәуіріндегі № 125 «Жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестацияны өткізу ережесі»; 2008 жылдың 9 желтоқсанында №638 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі»; «Оқытудың кредитті технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» (2011 жылдың 20-сәуір, №152), сондай-ақ, 2010 жылдың 13-сәуірінде № 169 «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері» және 2008 жылдың 7 наурызында № 113 «Экспериментальді бағдарламаларды енгізу бойынша жоғарғы оқу орындарында экспериментті өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығының Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 3 жыл мерзіміне экспериментті өткізу рұқсаты туралы 1.4.-пунктіне негізделеді.
Студент туралы мәлімет
Аты-жөні __________________________________________________
Мамандығы ________________________________________________
Тобы ___________________________________________
МАЗМҰНЫ
1.
|
ҚҚЭУ-де білім беруді ұйымдастырумен байланысты сұрақтар.....
|
3
|
1.1.
|
ҚҚЭУ студентінің ар-намыс кодексі................................................
|
3
|
1.2.
|
Университет құрылымы....................................................................
|
4
|
1.3.
|
Университет кітапханасы..................................................................
|
6
|
2
|
Сырттай қашықтықты форма бойынша білім беруді ұйымдастыру ережелері...........................................................................................
|
7
|
2.1.
|
Жалпы ережелер.................................................................................
|
7
|
2.2.
|
Сырттай-қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру......................................................................................
|
7
|
2.3.
|
Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары.....................
|
9
|
2.4.
|
Қауіпсіздікке қойылатын талап..........................................................
|
10
|
3.
|
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен кредиттік жүйе бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.......................
|
10
|
3.1.
|
Жалпы ережелер.................................................................................
|
10
|
3.2.
|
Жазғы семестрге тіркелу процедурасы............................................
|
11
|
3.3.
|
Студенттерді дайындау сапасын бақылау..........................................
|
12
|
3.4.
|
Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері.........................................................................................
|
16
|
3.5.
|
Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі.....................
|
18
|
|
2011-2012 оқу жылының академиялық күнтізбесі.............................
|
19
|
1. ҚҚЭУ-ДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР
1.1. ҚҚЭУ студентінің ар – намыс кодексі
Ар – намыс кодексі студенттердің белгілі бір жұмыс тәртібін болжайды, оның құқығы мен міндеттерін айқындайды.
ҚҚЭУ студентінің келесідей құқығы бар:
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
жеке оқу жоспарлары бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқуға;
басқа жоғары оқу орындарында элективті пәндерді (яғни таңдаған пәндерін) оқып үйренуге;
өзінің қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;
ҚР білім және ғылым Министрлігі белгілеген тәртіп бойынша бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануына ;
оқылатын пәндер бойынша оқу - әдістемелік кешендерін, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға;
өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;
Бакалавр бағдармалары бойынша оқитын Қарағанды экономикалық университетінің түлектері магистратураға түсу кезінде және еңбекке орналасу кезінде тең құқықтарға ие.
ҚҚЭУ студентінің міндеттері:
жеке оқу жоспарын жасауға;
жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеруге;
оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) барлық түрлерін орындауға;
білімді шептік және қорытынды бақылаудың барлық түрлерінен өтуге;
оқу - әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына жанашырлықпен қарауға;
ҚҚЭУ-дің ішкі тәртіп ережелерін орындауға (сыртқы киімде жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлесуге тыйым салынады );
курстастармен, оқытушылармен кеңпейілді болуға;
сабаққа іскерлік киімде қатысуға;
пунктуальды және міндетті болуға, тыянақты және атқарымпаз болуға;
сабақ уақытында ұялы телефондарын ағытуға міндетті.
Студенттер өздерінің денсаулығын сақтау мақсатында рухани дүниесі мен дене тәрбиесін қатар жетілдіруге міндетті.
Өз міндеттерін бұзған студенттерге тәртіп бұзу шаралары қолданылуы мүмкін.
1.2.Университет құрылымы
ҚҚЭУ – Қазақстаннның алғы қатарлы және инновациялық Жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет Мемлекеттік аттестациядан өткен. Өзінің түлектеріне мемлекеттік үлгідегі дипломдарды береді. ҚҚЭУ «Русский Регистр» компаниясының сертификатына ие, сапа менеджменті жүйесін қолданады.
ҚҚЭУ-дің Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Арқалық, Семей және Қызылорда қалаларында 7 қашықтықтан оқыту орталықтары бар.
Оқу процесіне кредиттік оқыту жүйесін енгізуге оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Роза Олжабайқызы, жаңа технология және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректор, п.ғ.д., академик Ибышев Ержар Садуахасұлы жетекшілік етеді. Оқу процесімен байланысты сұрақтар бойынша, Сіз, сырттай-қашықтықты оқыту бойынша деканаттардың тьюторларынан кеңес ала аласыз.
Біздің мекен – жайымыз: 100009 Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Мына автобустармен келуге болады: № 18,19. Мына бағытты таксилер: №08, 011, 30, 31, 44, 58 жүреді. «ҚЭУ» аялдамасы.
№ каб.
|
Ректорат
|
|
Ректор
|
Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы
э.ғ.д., профессор
|
356
|
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
|
Бұғыбаева Роза Олжабайқызы,
э.ғ.к., профессор
|
358
|
Тәрбие жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор
|
Әбілов Қосман Жақыппайұлы,
т.ғ.д., профессор
|
112
|
Әкімшілік- шаруашылық бөлімі проректоры
|
Какенов Қайрат Саттуұлы,
т.ғ.к., профессор
|
Университет факультеттері
|
60
|
Қашықтықтан оқытатын қаржы экономика факультетінің деканы
|
Улақов Сайран Нұрсұлтанұлы
|
59
|
Тьютор
|
Рахматулина Сәуле Тайтөлеуқызы
|
59
|
Тьютор
|
Усюрова Манира Серікқызы
|
59
|
Тьютор
|
Махабаева Әсем Мылтықбайқызы
|
59
|
Тьютор
|
Төкенова Әсел Серікқызы
|
59
|
Тьютор
|
Белькова Екатерина Юрьевна
|
59
|
Хатшы
|
Көшкінбаева Самал Құдайбергенқызы
|
58
|
Қашықтықтан оқытатын Бизнес және құқық факультетінің деканы
|
Матаева Ботакөз Төлешқызы
|
47
|
Тьютор
|
Қасымжанова Зинекүл
Сардарбекқызы
|
47
|
Тьютор
|
Алина Динара Төлеубайқызы
|
47
|
Тьютор
|
Махатова Айнагүл Серікқызы
|
Университет бөлімшелері
|
***
|
Кітапхана меңгерушісі
|
Шмидт Лидия Петровна
|
260
|
оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингі және бақылау Департаментінің директоры
|
Даниярова Маржан Тасболатқызы
|
264
|
Тіркеу бөлімінің жетекшісі
|
Глазунова Светлана Борисовна
|
261
|
Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
|
Сіргебаева Жанар Ақтайқызы
|
62
|
Студенттік құжаттама бөлімінің жетекшісі
|
Тұралықова Кенжегүл Досанқызы
|
1.3. ҚЭУ кітапханасы
ҚЭУ кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі. ҚЭУ кітапханасы – қор құрамы бойынша үздік жоғары оқу орындары кітапханасының бірі. Оған барлық білім салалары бойынша ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, мерзімді басылымдар, бейнефильмдер, CD-ROM оқулықтар кіреді. Жыл сайынғы мерзімді басылымдардың түсуі – 150 атаудан асады.
Әдебиеттер абонементінде мынадай мерзімдерге үйге алуға беріледі:
Саны жеткілікті данадағы оқу әдебиеттері, шектеусіз оқу жылына беріледі;
Кітапханада саны шектеулі оқу әдебиеттері, 10 күн мерзімге беріледі;
Ғылыми әдебиеттер 2-3 кітап санымен 5 күн мерзіміне беріледі;
Көркем әдебиет 2-3 кітап санымен 15 күн мерзіміне беріледі;
Мерзімді басылымдар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, нормативтік құжаттар үйге алуға берілмейді;
Егер материалға сұраныс болмаса пайдалану мерзімі ұзартылуы немесе басылым бір ғана данада болса немесе жоғары сұраныспен пайдаланылатын болса пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін;
Сырттай-қашықтықтан оқитын студенттер қажетті әдебиеттермен сессия аралық уақытта қамтамасыз етіледі.
Оқу залынан әдебиетті сыртқа алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман ережені бұзу дәрежесіне қатысты кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Сіздерге қызмет көрсетеді:
Оқу материалдары бар аудио- және бейне кассеталар (профессор-оқытушылар құрамының лекциялары); электронды ақпарат көздеріндегі оқулықтар және оқу құралдары (компакт-дискілер, CD ROM) – жеке дискеттерде материалдарды қарау және жазу, бейне және аудиокассеталар.
Спутниктік теледидар арқылы оқытушы бағдарламаларға мүмкіндік алу.
Құжаттарды сканирлеу және мәтіндерді басып шығару.
Интернет желісінде жұмыс жасау.
EBSCO мәліметтер базасын пайдалану – маңызды және сенімді ақпараттар алу. Осы жобаны жүзеге асыру, электрондық форматтағы әлемдік ғылыми, экономикалық, қоғамдық – саяси және ақпараттық мерзімді басылымдардың аса үлкен санын алу мүмкіндігін береді (барлығы 5 мың басылымнан асады). Мәліметтер базасы ағылшын, неміс және француз тілдерінде.
«Заң» мәліметтер базасын қолдану – заңдылықтар бойынша толық және сенімді ақпараттарды алу. Бұл - ҚР әділет Министрлігінде тіркелген ҚР жоғары заң шығарушы және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің электронды жинағы. «Заң» мәліметтер базасы күн сайын электронды пошта бойынша жаңартылып отырады.
Университеттің локальді желісіне кітапхананың қосылуы.
Электронды каталогты пайдалану(«кітаптар», «мақалалар», «диссертациялар мен авторефераттар», «сирек кездесетін кітаптар»).
«Университет оқытушыларының еңбектері», «Кооперация» мәліметтер базасын қолдану.
Кітапхананың жұмыс тәртібі :
Кітапхана демалыссыз жұмыс істейді күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін;
Сенбіде 9.00-дан 18.00-ге дейін,
Жексенбіде 10.00 –ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.
2. СЫРТТАЙ ҚАШЫҚТЫҚТЫ ФОРМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Жалпы ережелер
Жоғарғы кәсіби білім беретін ұйымдардағы сырттай-қашықтықты форма бойынша оқытуды ұйымдастырудың осы Ережесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген, 2010 жылдың 13-сәуіріндегі №169 «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес өңделді.
Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.
Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтыру;
тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
2.2. Сырттай-қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Сырттай-қашықтықты нысан бойынша оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады (Академиялық күнтізбе-оқу процесінің кестесін анықтаманың соңғы бетінен қараңыз). Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс. Білім алушы, мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, кәсіби білім беру бағдарламасының мазмұнын толық игеруі тиіс.
Университет мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
Университет қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда, университет оларды оған ақысыз негізде береді. Емтихан сессиялары арасындағы кезеңде, қашықтықтан оқыту технологиясы, студенттің теориялық материалды өздігінен игеру, қашықтықтан және жеке оқытушының кеңес беруін білдіреді.
Оқытушы-тьютордың жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, пәннің барлық оқу материалы бойынша интерактивті кеңес беруін (чат, форум арқылы) қамтиды.
Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі кеңес беру жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
Қашықтықтықтан оқыту мыналарды қамтиды: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.
Университет білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәуелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады. Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) тек университет қабырғасында дәстүрлі немесе тестілеу әдістерімен жүргізіледі.
Университет білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
2.3. Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін, қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
Қашықтықтықты нысан бойынша оқыту, студенттердің оқу курстарын оқытушы-тьютордың басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді білдіреді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
Барлық оқыту қызметі мыналар арқылы жүзеге асырылады:
электрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып, оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар, барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, эссе, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау.
Виртуальды (синхрондық немесе асинхрондық) өзара қарым-қатынас -қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезеңі. Синхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |