Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру



жүктеу 375,59 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата14.11.2018
өлшемі375,59 Kb.
#20181
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру 

 

А.М. Мухтарханова 



п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы 

 

ainagul_mukhtark@mail.ru

 

 

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 20жыл»Республикалық ғылыми –практикалық конференция 



материалдары, Қаржы академиясы АҚ, УДК 94 (574)Қ18 

Аннотация. В статье рассматриваются пути формирования критического мышления 

студентов вуза в обучении анлийскому языку. 

 

Abstract. In this paper the formation of critical thinking of students of high schools by teaching the 

English Language is considered. 

 

Түйін сөздер: Б.Блум таксономиясы, когнитивті іскерліктер, әлеуметтік ойлау, ӛнімді пікір 

алмасу. 

 

Мақаланы PDF форматынан жүктей аласыз. 



 

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  жаңа 

кезеңге  ӛту  жағдайында  кәсіптік  білікті  болашақ  маман  даярлауда,  олардың 

жоғары  білім  сапасының  деңгейін  қамтамасыз  ету  күн  тәртібінде  тұрған 

мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Болашақ  маман  үшін  маңызды  арнайы 

қабілеттерді  дамыту  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісінде  кешенді  жүзеге 

асырылады.  

Ағылшын  тілін  оқытуда  студенттердің  кәсіптік  даярлығын  тиімді 

қалыптастырудағы міндеттердің бірі олардың сыни, шығармашылық тұрғыдан 

ойлау 


дағдыларын 

қалыптастыру 

болып 

табылады. 



«Қазақстан 

Республикасында  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясында»  «Қазақстанда 

жоғары  білімнің  міндеттері»  бӛлімінде  (2.1.):  «  -  сынай  ойлау  мен 

шығармашылық – жоғары білімге инновациялық тұрғыдан қараудың мәні» деп 

кӛрсетілген.  Студенттің  ӛзін-ӛзі  бағалай  алуы,  тәуелсіз  пікір  бере  білуі  оның 

білімінің  сапасын  ғана  емес,  жеке  тұлға  ретінде  қабілеті  мен  білгірлігін, 

қоршаған ортаға икемділігін айғақтайды [1].  

Е.С.  Полат  «постиндустриалды  қоғам  студенті  «ӛздігінен  сыни  ойлай 

алатын, қиындықты жеңе алатын, ӛздігінен шешім қабылдайтын» тұлға болуы 

керек  дейді  [2].  Студенттің  шетел  тілі  арқылы  айналаны  тану,  ӛзіне  қажеттіні 

таңдай  алу,  ӛз  бетінше  іздену,  кәсіптік  деңгейін  арттыра  білу  шеберліктерін 

дамытуда сыни ойлау шеберліктерін қалыптастырудың маңызы үлкен. 

Американдық профессор Д.Клустер [3] сыни ойлаудың бес түрлі сипатын 

ұсынған: біріншіден, сыни ойлау дербес, тәуелсіз пікір, баға, сенім, жеке ойлау 

болып  табылады.  Мысалы,  белгілі  бір  кітап  немесе  құбылыс  туралы  мәтіннен 

ақпарат  алу  мен  ол  еңбектің  ӛзін  түпнұсқада  оқу  екітүрлі  нәрсе,  ӛйткені  

еңбекті  түпнұсқада  оқыған  соң  студенттің  ӛзінің  жеке,  дербес  пікірі 

қалыптасуы мүмкін. 




Екіншіден,  сыни  ойлау  шешілетін  мәселені  қоюдан  басталады.  Студент 

танымдық  әрекеттің  субъектісі  ретінде  мәселе  тӛңірегінде  пайда  болған 

қызығушылық пен қажеттіліктерді ӛтеу үшін ӛзін қоршаған шексіз мәселелерді 

кӛре білуі керек.  

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет 

ететін  мәселені  анықтаудан  басталады.  Бұл  жерде  таным  үдерісі  ӛзінің  кез-

келген  кезеңінде  мәселелерді  шешу  мен  ӛзінің  жеке  қызығушылығы  мен 

қажеттіліктерінен пайда  болатын  сұрақтарға жауап  беруге  деген  талпыныспен 

сипатталады.  

Тӛртіншілен,  сыни  ойлау  басқаларды  сендіретін  аргументациядан  тұруы 

керек. 

Аргументацияның 



негізі 

пайымдау 

болады, 

ол 


бірнеше 

дәлелдемелермен,  олар  нақты  дәлелдермен  және  соңында  негіздемемен 

бекітіледі.  

Бесіншіден, сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Ӛйткені, сыни 

ойлау жұппен, топпен жұмыс арқылы орындалады және оның ішінде талқылау, 

түрлі жазбаша жұмыстар барысында мәселенің шешімі ұсынылады. Д.Клустер 

ӛнімді  пікір  алмасуға  қажетті  бірнеше  қасиеттерді  атайды:  шыдамдылық, 

басқаны  тыңдай  білу  дағдысы,  ӛз  пікіріне  жауапкершілік.  Оқытушы  оқу 

үдерісін осылайша, шынайылыққа жақындатады.  

Э.В.  Ильенков  бойынша,  рефлексия  –  адамның  ӛз  іс-әрекеттеріне 

толығымен  есеп  бере  алуы.  Рефлексиянің  мәні  –  ерекше  танымдық  әрекет 

ретінде  адамның  ӛз  білімін  нақтылап,  негіздеме  жасауы  және  оның  қандай 

жолмен  келгендігін  анықтауы.  Студенттердің  сыни  ойлау  шеберліктерін 

қалыптастыру шарттарының бірі студенттің жеке ерекшеліктерін сақтау болса, 

оны  шешу  жолдары:  жеке  тапсырмалар  беру;  жұптық,  топтық  жұмыстар 

ұйымдастыру; әр студентке жеке ерекшеліктерін ашатын тапсырмалар беру [4]. 

Б.З.  Вульфов  пен  В.Н.  Харькиннің  анықтауынша  [5],  «рефлексия  –  адамның 

рухани  әлеуетін  ашатын  және  анықтайтын  тәсілдердің  бірі,  адамның  ӛзін-ӛзі 

рухани  бағалайтын  ерекше  адами  әрекет».  В.И.  Данильчук,  кәсіптік  бағытта 

студенттердің сыни-рефлексивтік шеберліктеріне:  

-  ӛз  кӛзқарасын,  басқалардың  түрлі  пікірлеріне  қарамастан  сақтап  қалу 

қабілеті, бірақ нақты дәлел келтірілген жағдайда кӛзқарасының дұрыс еместігін 

мойындау, оқытушымен және топтастарымен тіл табысу қабілеті; 

-  түрлі  дағдылар  мен  шеберліктердің  қалыптасу  деңгейін  бағалауға 

ұмтылысы; 

- дәстүрлі емес міндеттер мен шешімдер қабылдауда ашық болуы; 

-  мәселеге  немесе  ақпаратқа  үстіртін  емес,  терең  бойлау,  жан-жақты 

талдауға ұмтылуын жатқызады [6].  

Б.С. Гершунский сыни ойлауды дамыту әдістері ретінде: 

- оқытуда білімді ӛз бетінше іздену; 

- білімді тереңнен ұғыну; 

- ӛз пікірін жақтау; 

- теория мен тәжірибені біріктіру

- жеке, топта жұмыс істеу; 




жүктеу 375,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау