Еуразия гуманитарлық институты Шетел тілдері кафедрасы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#18778


Еуразия гуманитарлық институты 

Шетел тілдері кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аударма теориясы және практикасы» пәнінен 

курстық жұмысты орындау бойынша 

әдістемелік нұсқаулық 

 

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Мазмұны 


1.  Түсінік хат  

2.  Курстық жұмыстың міндеттері 

3.  Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау 

4.  Курстық жұмыстың құрылымы және рәсімделуі 

5.  Библиографиялық тізімнің рәсімделуі 

6.  Курстық жұмыстың рәсімделуі 

7.  Курстық жұмысты қорғау 

 

 Қосымша 1 



 Қосымша 2 

 Қосымша 3 

 Қосымша 4 

 Қосымша 5 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

«Аударма  ісі»  мамандығында  «Аударма  теориясы»  пәнінен  курстық 

жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық күндізгі оқу бөлімінің 3 

курс студенттеріне арналған.  

Курстық  жұмысты  орындау  бойынша  әдістемелік  нұсқаулық  ЕАГИ-дің 

шетел  тілдері  кафедрасында  құрастырылған  және  студенттер  үшін  өздік 

жұмысқа  дайындалу  барысында  аударма  теориясы  бойынша  курстық 

жұмысты жазу және қорғағанда көмекші құрал болып табылады.  

Құрастырушы:   

Педагогика ғылымдарының кандидаты Л.В. Волкова 

 

ТҮСІНІК ХАТ 

 

Аударма теориясы және практикасы бойынша курстық жұмыс «Аударма 

теориясы»  пәнінің  оқу  курсын  қорытындылайтын,  аударма  саласында 

өздігінше теориялық және практикалық зерттеу жүргізу болып саналады.   

Аталған  әдістемелік  нұсқаулықтың  мақсаты  -  студенттерге  курстық 

жұмыстың  тақырыбын  дұрыс  таңдауға,  аударма  мәтінін  дұрыс  іріктеуге, 

жұмыс  жоспарын  құрастыруға,  теориялық  әдебиеттерді  таңдау  мен  оқуда 

өзіндік  жұмыстың  әдістемелік  тәсілдерін  анықтауға,  нақты  материалдарды 

таңдауға,  өзінің  жүргізген  зерттеу  нәтижелерін  сауатты  рәсімдеуге  және 

көпшілік алдында талқылауға ұсынуға көмектесу. 

 «Аударма  ісі»  мамандығы  бойынша  мамандарды  даярлаудағы  оқу 

жоспарына сәйкес курстық жұмыс  5 семестрде орындалады.  

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ 

 

Жоғары  білім  берудің  негізгі  міндеттеріне  сәйкес  жас  мамандарды 

өзіндік  шығармашылық  жұмысқа  дайындау  -  «Аударма  теориясы»  пәнінен 

оқу жоспары бойынша «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне курстық 

жұмысты орындау қарастырылған. 

Курстық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері мынадай: 

- салыстырмалы  тіл  білімі,  аударма  теориясы  және  байланысты  пәндер 

саласында студенттердің білімін кеңейту және тереңдетуде; 

- практикалық  міндеттерді  шешу  барысында  теориялық  білімді  қолдана 

білу дағдысын жетілдіруде; 

- студенттердің  ғылыми  әдебиеттермен  жұмыс  істей  алу  дағдысын 

жетілдіруде; 

- аударма  стратегиясын  анықтау  мақсатында  мәтінге  алдын-ала 

аудармашылық талдау жасай білу шеберлігін дамытуда; 

- өздігінше  аудармашылық  шешімдерін  теориялық  тұрғыдан  дәлелдеу 

шеберлігін дамытуда; 

- жазбаша аударма шеберлігі мен дағдысын жетілдіруде; 

- аударма мәтінін редакциялау дағдысын жетілдіруде. 




Курстық  жұмыс  -  шетел  тілдер  кафедрасында  құрастырылған,  арнайы 

пәндердің  дидактикалық  қағидаларымен,  ғылыми  тақырыптарымен  тығыз 

байланысты 

студенттердің 

өз 

бетімен 


істейтін 

шығармашылық 

жұмыстарының бір түрі.  

  Студент  курстық  жұмысты  орындау  барысында  өздігінше  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарының,  нақты  теориялық–практикалық  мақсаттарды  шешу 

дағдыларын бекіту және жетілдіру керек. Курстық жұмысқа дайындықтың ең 

басты міндеті студенттің ғылыми ізденіс пен шығармашылыққа деген, өзінің 

жүргізген  зерттеу  нәтижелерін көпшілік  алдында  талқылауға  ұсына білу,  өз 

пікірін дәлелді  қорғау қабілетін дамыту.  

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ  

 

Күндізгі  оқу  бөлімінің  5  семестрінде  (3  курстың  күзгі  семестрі) 

орындалатын  «Аударма  теориясы  және  практикасы»  бойынша  курстық 

жұмыс  екі  бағытта  дайындалуы  мүмкін.  Бірінші  жағдайда  -  зерттеудің 

теориялық  аспектілерінің  басымдығымен,  екінші  жағдайда  –  басымдылық 

студенттің  өзіндік  аудармашылық  қызметіне  беріледі,  негізгі  бөлім  мәтінге 

алдын-ала аудармашылық талдау және аударма мәтініне аудармадан кейінгі  

түсініктеме жасалған жазбаша аударманы орындау болып табылады. 

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау барысында (аудармаға арналған 

мәтін) студенттің сол немесе басқа ғылыми мәселеге деген қызығушылығын 

ескеру керек, таңдалған зерттеу нысанымен дербес білу дәрежесі, әдеби және 

басқа  да  түпнұсқа  дерек  көздері  және  материалдарды  зерттеуге  сипаты  мен 

көлемі жағынан қол жетімді болуы керек. 

Курстық жұмыстар келесі талаптарға сай болуы тиіс: 

- тақырыптың  өзектілігі,  оның  лингвистика  және  аударма  ғылымының 

қазіргі  талаптарына сай болуы; 

-  курстық 

жұмыстың  теориялық  базасын  анықтау  мақсатында 

қарастырылатын мәселе бойынша ғылыми еңбектерді  зерттеуге қосу

- зерттеудің  нысанын,  мақсатын,  міндеті  мен  әдістерін,  жұмыстың 

практикалық бөлімін баяндау мен бағалауды тиянақты анықтау; 

- практикалық  жоспардың  нәтижелерін,  шешімдері  мен  ұсыныстарын 

қорытындылау; 

- өз бетінше аударма орындау үшін мәтін тақырыбының өзектілігі. 

Егер студент ұзақ уақыт көлемінде студенттердің проблемалық тобымен 

немесе  белгілі  сала  бойынша  аудармашылық  қызмет  атқару  аясында  нақты 

бір  теориялық  мәселемен  айналысса  студентке  курстық  жұмыстың  бағытын 

көрсетуге немесе мәтінді таңдап алу құқығы беріледі.  

  Курстық  жұмысты  жазу  айқын  құрастырылған  сұлба  бойынша 

орындалады.  Студент  зерттеу  бағытын,  сонымен  қатар  курстық  жұмысты 

жазу  нұсқасын  (аудармаға  арналған  мәтінді)  таңдағаннан  кейін,  кафедра 

ғылыми  жетекшіні  -  осы  сала  бойынша  қызмет  атқаратын  кафедра 

мүшелерінің  бірін  тағайындайды.  Ғылыми  жетекші  тақырыптар  тізімін 



ұсынады,  соның  ішінен  студент  зерттеу  тақырыбын  таңдайды  немесе  

ұсынылған тақырыпты түзете алады, жүйелі түрде кеңес беріп отырады.   

Курстық  жұмысты  «бірінші  нұсқа»  бойынша,  зерттеудің  теориялық 

аспектілерінің басымдығымен жазғанда,  келесі кезең  түпнұсқа  мәтінді  және 

аударма  мәтінді  барабарлық  тұрғысынан  салғастырмалы-салыстырмалы 

зерттеуді  көрсететін  эмпирикалық  талдау  үшін  мәтінді  таңдау  болып 

табылады.  Таңдалған  мәтін  түпнұсқа  болуы  тиіс  және  міндетті  түрде  орыс 

тіліне немес қазақ тіліне аударылған бірнеше нұсқасы болуы керек. Мәтіннің 

аудармасының болуы студенттерге түпнұсқа мен аудармаға сол немесе басқа 

трансформацияларды  таңдау  тұрғысынан  анық  салыстырмалы  талдау 

жасауға,  аталған  таңдауды  негіздеуге,  аудармамен  келісуге  немесе 

келіспеуге,     мәтіннің кейбір бірліктеріне немесе фрагменттеріне өз аударма 

нұсқасын ұсынуына мүмкіндік береді. Практикалық материал ретінде көркем 

мәтін,  әртүрлі  нұсқаудағы  мәтіндер,  басқа  да  ғылыми-техникалық  және 

публицистикалық әдебиеттер, жарнама мәтіндері қарастырылуы мүмкін. 

Курстық жұмысты (курстық жұмыс екінші нұсқа бойынша – студенттің 

жеке  аудармашылық  қызметі)  баламалы  нұсқада  жазу  ретінде  орыс  тілінде 

немесе қазақ тілінде ұқсас аудармасы жоқ, жалпы көлемі 25-30 мың бірлікті 

құрайтын  ғылыми-көпшілік  немесе  арнайы  мәтіндер  қарастырылуы  мүмкін. 

Аталған  аударма    мәтіннің  алдын-ала  және  кейінгі  аудармашылық 

талдауымен ұсынылуы тиіс, мұнда студент мәтіннің жанрлық және стильдік 

ерекшеліктерін  анықтайды,  аталған  мәтінді  аударуда  кездескен  негізгі 

қиындықтарды 

көрсетеді, 

мәтіннің 

лексикалық, 

грамматикалық, 

стилистикалық,  прагматикалық  ерекшеліктерін  зерттейді,  аудармашылық 

стратегияны    таңдауын,    сонымен  қатар  аударманың  ең  қолайлы 

баламалылық  деңгейі  мен  үлгісін  негіздейді,  мәтін  реципиентіне  сипаттама 

береді.   

Ғылыми  жетекші  тағайындалғаннан  кейін  бірігіп  алдағы  жұмыстың 

тапсырма  жоспарын  толтырылады,  оны  кафедра  меңгерушісі  бекітеді. 

Сонымен  қатар  курстық  жұмыстың  әр  деңгейінің  орындалуы  мерзімі 

анықталуы,  оның  бастапқы  деректері,  ғылыми  жетекшілері  және  кафедра 

меңгерушісі  алдында  есеп  беру  формасы  бекітілуі,  жоспарланған  зерттеу 

апробациядан өтілу мүмкіндігі белгіленуі тиіс. Тапсырма-жоспар жұмыстың 

әрбір бөлімін есеп беру мерзімін ұстанып орындау үшін қажет. 



 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН РӘСІМДЕЛУІ 

 

Аударма  теориясы  бойынша  жазылатын    бірінші  нұсқадағы  курстық 



жұмыс  негізгі  екі  бөлімнен  тұратын  зерттеуді  қамтиды:  теориялық  және 

практикалық  бөлім.  Студент  теориялық  бөлімінде  жалпы  аударма  теория 

саласы бойынша бір тақырыпты таңдап, өз ойын айқын жеткізе білуі, әр түрлі 

ғалымдардың теориясы мен көз қарасын салыстырып және талдай алуы,  өз 

жұмысының нысаны мен пәні тұрғысынан дәлелді тұжырымдар жасай білуі 

тиіс.  Студент  практикалық  бөлімде  түпнұсқа  және  аударма  мәтінге 

салыстырмалы-салғастырмалы  талдау  жасай  алуы  тиіс.  Екінші  нұсқа 



бойынша  осы  бөлімде  мақсаты  аудармашылық  стратегияны  таңдауды 

негіздейтін,  мәтінге  алдын-ала  аудармашылық  талдау  орындалуы  тиіс. 

Практикалық  бөлімнің  қорытындысында  аудармадан  кейінгі  талдау 

жасалынуы керек. 

Осы  бөлімнің  екінші  нұсқасындаңыдай  аударма  алдындағы  сараптама 

жасалынуы керек, аударманың стратегиясы мақсатымен жасалынады.  

Курстық  жұмыстың  көлемі  25-30  баспа  бетті  қамтуы  керек  және 

келесілерден тұруы керек: Times New Roman шрифтісі, 14 кегль, интервалы 

1, жақтаулары: жоғарыдан және төменнен 2 см., сол жақтан - 3 см., оң жақтан 

1,5-2см.  Абзац  1  см.  Мәтіндегі  сілтемелер  мынадай  типте:  [1,53б.]. 

Теориялық бөлім 10-15 бетті, ал практикалық бөлім 15 бетті қамтиды. 

Мәтінді мұндай безендіру жолына бастапқы кезден үйрену керек, себебі 

қазіргі  таңда  машинамен  басылған  бет  аудармашының  еңбекақысының 

бірлігі болып табылады. 

Егер  курстық  жұмыс  екінші  нұсқа  (өзіндік  аударма)  бойынша 

орындалса,  онда  тек  аударманың  өзі  15  беттен  қамтиды,  мәтінге  алдын-ала 

және аудармадан кейінгі талдауға 10-15 бет қалдырылады. Аударма мәтіннің 

түпнұсқасы курстық жұмыстың жалпы көлеміне кірмейді, бірақ түпнұсқаның 

титул парағының көшірмесімен бірге жұмысқа енгізілуі тиіс.  

Курстық жұмыс нақты құрылымды болуы тиіс және келесі бөлімдерден 

тұрады:  кіріспе,  теориялық  және  практикалық  бөлімдер  (салыстырмалы-

салғастырмалы  талдау  бойынша  курстық  жұмысты  жазу  үшін)  және 

түпнұсқаның  алдын-ала  талдауы  және  аудармадан  кейінгі  аудармашылық 

талдау  (жұмысты  екінші  нұсқада  бойынша  жазу  үшін),  қорытынды 

(тұжырым) және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 

Кіріспеде  тақырыпты  таңдау  негізделеді,  оның  өзектілігі,  мақсаты, 

міндеттері, нысаны және пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық 

құндылығы көрсетіледі. 

Теориялық  және  практикалық  бөлімдерге,  сонымен  қатар  ұсақ 

бөлімшелерге  (параграфтар)  бөлінетін  негізгі  бөлімде  теориялық  және 

эмпирикалық  материалдар,  кіріспеде  қойылған  міндеттерге  сәйкес  аударма 

мәтіннен  алынған  мысалдар  талданады  және  жалпыланады.  Курстық 

жұмысты  жазу  барысында  көпшілік  мақұлдаған  дәйексөз  алу  ережесін 

сақтаған  жөн.  Өз  дәлелін  бекітетін  барлық  дәйексөздер,  кірме  ойлар  мен 

көзқарастар 

алынған 

дереккөздерге 

жасалған 

библиографиялық 

сілтемелермен берілуі тиіс. Сілтеме библиографиялық стандарт талаптарына 

сәйкес  безендірілуі  тиіс.    Егер  басқа  біреудің  материалын  авторға  және 

алынған дереккөздерге сілтемсіз қолданылса, онда курстық жұмыс қорғауға 

жіберілмейді.  

Негізгі  бөлімнің  бөлімшелері  арасындағы  және  бөлімшелер  бойынша 

қорытындыда табиғи қисынды байланысқа аса көңіл бөлу керек. 

Егер  курстық  жұмыс  өзіндік  аударма  негізінде  орындалса,  онда 

кіріспеден  соң  жұмыс  бойынша  негізгі  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 

беретін  мәтіннің  алдын-ала  аудармашылық  талдауы,  кейін  аудармадан 

кейінгі аудармашылық талдау және өзі орындаған аударма қажет.  




Қорытынды  бөлімде  кіріспеде  тұжырымдалған  мақсат  және 

міндеттерге жауап беретін шешімдер қамтылады. 

 

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМНІҢ РӘСІМДЕЛУІ 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізіміне  студент  библиографилық  ізденіс 

барысында  танысқан  барлық  әдебиеттерді  емес,  тек  теориялық 

тұжырымдарды  жасауға  қолданылған  материалдарға  сілтеме  жасалынатын 

әдебиеттерді ғана енгізеді. Оған екі тілді сөздіктер енгізілмейді. 

Әдебиеттер  тізімде  дәйексөзге  сілтеме  жасау  реті  бойынша 

орналастырылады, мысалы: 

 

1. Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. – М., 2002. – 424 с. 



2. Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М., 2008. – 240 с. 

3. Алексеева И.С. Введение в переводоведение. – М., 2008. – 368 с. 

4.  Рецкер  Я.И.  Теория  перевода  и  переводческая  практика.  –  М.: 

Международные отношения, 1974. – 244 с. 

5.  Левицкий  Ю.А.  О  логических  аналогах  грамматических  сочинения  и 

подчинения // Вопросы языкознания. — 1990. — № 4. — С. 25—34. 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ РӘСІМДЕЛУІ 

Курстық  жұмыстың  мазмұны  жоспарға  сәйкес  мазмұндалады.  Жұмыс 

жоспарында  (ереже  бойынша  әр  бөлімде  екі  параграфтан)  неше  бөлімше 

және параграф анықталса жұмыста сонша бөлімше мен параграф болу керек.  

Жоспар  бөліміне  сәйкес    жұмыстың  әрбір  бөлімі  –  жұмыстың  өз  бетінше 

орындалған  және  аяқталған  бөлімі,  сондықтан  ол  графикалық  тұрғыда 

(жұмыстың  әр  бөлімінің  және  параграфының  атауы  көрсетілуі  тиіс)  және  

сондай-ақ қисынды (әрбір бөлім, параграф бөлімнің мазмұнынан туындайтын 

және  нақты  міндетттердің  шешімін  айғақтайтын  практикалық  шешіммен 

аяқталуы  тиіс)  анық  көрсетілуі  тиіс.  Курстық  жұмыстың  қисынды 

тұтастығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  алдыңғы  бөлім  тұжырымдамалары 

келесі бөлімнің мазмұнына қисынды байланысуы қажет.  



Курстық  жұмыстың  мазмұнына  қойылатын  негізгі  талаптар 

төмендегідей: 

студенттің жұмыста ғылыми әдебиеттерді толық және дұрыс қолдануы



зерттеліп  жатқан  тақырыптың  негізгі  ұғымын  жетекші  ғалым-

филологтардың тұжырымдамасына сүйеніп ашуы; 

студенттің  өзіндік  пайымдауы  әр  түрлі  дереккөздер  және 



материалдармен  жүргізілген  ұзақ  және  еңбекті  көп  керек  ететін  жұмыстың 

нәтижесі болып табылады; 

автордың  тұжырымдамаларының  (практикалық  ұсыныстар)  ғылыми 



маңыздылығы; 


материалды  мазмұндау  курстық  жұмыстың  мазмұнына  сәйкес  дәл 

қисынды  жүргізілуі  тиіс;  жоспардың  әрбір  бөлімінің  мазмұны  алдыңғы 

бөлімнен туындап және келесі бөлімге себепші болуын ескерген жөн;  

жұмыстың әрбір бөлімінің мазмұнында негізгі материалды біріктіретін 



басты ой тиісті шамада ашылуы тиіс; 

материалды  мазмұндағанда  мөлшерлестікті  ескерген  маңызды.  Ең 



маңызды мәселеге көп көлем бөлінуі тиіс, бір бөлімнің көлемі басқа бөлімнің 

көлемінің есебінен шамадан тыс болмағаны жөн;  

студенттің  жинақтаған,  өңдеген  және  өз  бетінше  ойланып  айтқан 



материалды мазмұндауы курстық шығарма бойынша жүргізілген жұмыстың 

негізгі бөлімін аяқтайды.  

Курстық  жұмысты  жазу  барысында  студент  әдеттегі  қателіктерді 

жібермеуі қажет. Солардың ішіндегі ең кең таралғандары: 

-  жұмыстың  материалын  мазмұндау  жиі  қолданылған  дереккөздерге 

дәлме-дәл  сәйкес  келеді,  алайда  сілтеме  жеткіліксіз,  жұмыс  абстракті  және 

схемалы,  кітап  тілімен,  шындығында  шамалы  қысқартулар  және  қалдыру 

арқылы жазылған;  

-  жұмыстың  логикалық  құрылымының  бұзылуы,  жұмыстың  қандай  да 

бір  бөлімдерінің  болмауы  -  жоспар,  кіріспе,  қорытынды,  пайдаланылған 

әдебиеттер тізімі немесе олардың жазылу ретінін бұзылуы; 

- курстық жұмыстың көлемінің бекітілген талаптарға сай болмауы; 

-  зерттелініп  отырған  мәселе  бойынша  қандай  да  бір  өзіндік  ойының 

болмауы,  жан-жақты  талдаудың  жеткіліксіздігі  және  дәлелді  тұжырымның 

нашарлығы;  

- курстық жұмыстың мәтіні түзетілмеген, ұқыпсыз және анық емес, тіпті 

сауатсыз жазылған; 

- мәтінде келтірілген дәйексөздердің дұрыс рәсімделмеуі, дереккөздерге 

қажетті  сілтемелердің  болмауы  немесе  сілтемелердің  өздерін  салыстыра 

тексерілмеген; 

- тілдік қателіктердің болуы

- титул парағының қате безендірілуі: жоғары оқу орны, кафедра, жұмыс 

тақырыбының, топ атауының болмауы немесе нақты жазылмауы; 

жиі  кітап,  мақала  материалдарын  дереккөздерді  көрсетусіз 



қолданылуына жол берілуі. 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ 



 

Курстық  жұмысты  көпшілік  алдында  қорғау  қатаң  түрде  белгіленген 

уақыт  кестесіне  сай,  кафедра  мәжілісінде  бекітілген  комиссиялардың 

қатысуымен  жүргізіледі.  Курстық  жұмыс  қорғауға  кем  дегенде  бір  апта 

қалғанда  кафедраға  өткізіледі.  Бекітілген  мерзімге  дейін  курстық  жұмысты 

тапсырмаған студенттер қорғауға жіберілмейді.  

Студентке өз жұмысының негізгі ойын ұсынуға бес-жеті минут беріледі. 

Мұнда алдын ала жазылған мәтінді, көрнекі материалды қолдануына болады. 

Студент сөз сөйлеп болған соң қатысушылар студенттің зерттеу тақырыбына 



қатысты  сұрақтар  қоя  алады.  Жауаптары  қысқа,  анық  және  нақты  болуы 

керек.  


Курстық  жұмысты  қорытынды  бағалау  барысында  тек  жетекшінің 

ойымен санаспайды, сонымен қатар студенттің жұмысты ұсыну формасы, өз 

ойын  анық  тұжырымдауы  және  дәлелдеуі,  сұрақтарға  жауап  беруі  де 

ескеріледі.  



«Өте  жақсы»  деген  баға  тақырып  толық  ашылған,  жоғары  ғылыми 

деңгейде ұсынылса, теориялық қағидасы дәлелді мысалдармен көркемделсе, 

қорытындылары  дәлелденсе,  жұмыс  сауатты,  қисынды  дәйекті  түрде 

жазылса,  барлық талаптарға сай рәсімделсе қойылады. 



«Жақсы» деген баға жоғарыда көрсетілген талаптарды ұстанғанда, егер 

жұмыста жеке кемшіліктер болса, айқын болмаса, мазмұндау қисындылығы 

болмашы  бұзылса,  курстық  жұмысты  қорғау  барасында  нақты  жауаптар 

берілмесе қойылады. 



«Қанағаттанарлық»  деген  баға  егер  автор  жеке  сұрақтарды 

айқындағанда    қателік  жіберілсе,  қорғау  барысында  сұрақтарға  анық  жауап 

бере алмаса қойылады. 

«Қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  жұмыста  негізгі  бөлімнің  бірі 

болмаса,  дереккөздерді  ойланбай  жазса,  үзінділер  арасында  логикалық 

байланыс  болмаса,  тілдік  қателіктердің  көп  болуы,  жмысты  рәсімдеудің 

бірыңғай талаптарын,  плагиатты ұстанбаса қойылады. 

Курстық  жұмысты  қорғауда  комиссиямен  қойылған  баға  шешуші  баға 

болып саналады және қайта өзгертуге болмайды. 

Қорғалған  курстық  жұмыстар  кафедрада  бекітілген  мерзім  көлемінде 

сақталады  және  авторға  қажет  болған  жағдайда  белгілі  мерзімге  берілуі 

мүмкін. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

Қосымша 1  



 

Титул парағы 

 

 

 

 

 

Еуразия гуманитарлық институты 

Шетел тілдері кафедрасы 

 

 



 

 

«Жалпы аударма теориясы» пәні бойынша 



Курстық жұмыс 

                                   

Тақырыбы_________________________________________________________ 

________________________________________________________________ 

 (тақырып атауы) 

 

 



Орындаған: студент 

 

(аты-жөні) 

факультет____________________ 

курс_________________________ 

 

Ғылыми жетекші: 



_______________________________ 

   (ғылыми дәрежесі, атағы,қызметі) 

_______________________________ 

(аты-жөні) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Астана 20____ 


 

Қосымша 2 

Еуразия гуманитарлық институты 

«Аударма ісі» мамандығы 

 

 

                     БЕКІТЕМІН 

Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі 

п.ғ.к., доценті Волкова Л.В.___________ 

«__»______________20________ж 

 

Курстық жұмысқа арналған 



тапсырма 

Студент __________________________________________________________ 

                                                           (толық аты-жөні) 

1. Жұмыстың тақырыбы ____________________________________________ 

 

__________________________________________________________________ 



Кафедра мәжілісінің шешімімен бекітілген №__ хаттама ____»______20___ж.  

2. Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ______________________ 

3.  Жұмысқа  арналған  бастапқы  деректер  (отандық  және  шетелдік 

ғалымдардың  лингвистика  мен  аударма  теориясы  мәселелеріне  арналған 

ғылыми  мақалалары  мен  монографиялары,  аударма  теориясы  және 

практикасына арналған оқулықтар): 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________ 

4. Графикалық материалының тізімі__________________________________ 

 

5. Тапсырманы тапсыру күні__________________________________________ 



Жетекші ___________________________ 

 (қолы) 


Тапсырманы орындау _______________ 

(қолы) 


                                            

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР 

№Р/Н Жұмыс кезеңінің атауы       Жұмыстың орындалу мерзімі      Ескерту 

1. 


2. 

3. 


4. 

Студент ____________________________ 

 (қолы) 

Жетекші ___________________________ 




 (қолы) 


Қосымша 3 

Бастапқы тіл мәтінінің және оның аударма мәтінінің алдын-ала 

аудармашылық талдауының үлгі сызбасы 

 

Мәтінді  алдын-ала  аудармашылық  талдау  жоспары  түпнұсқа  мәтін  мен 

аударма  мәтіннің  лингвоаудармашылық  талдауы  үшін  ұсынылады.  Алдын-

ала  аудармашылық  талдау  бастапқы  мәтінді  терең  және  зейін  салып 

оқығаннан  кейін  орындалады.  Бастапқы  мәтіннің  алдын-ала  аудармашылық 

талдауы  курстық  зерттеу  жұмысының  практикалық  бөлімін  орындаудың 

бірінші  кезеңі  болып  табылады.  Алдын-ала  аудармашылық  талдауда 

төмендегі аспектілер қамтылуы керек. 



1. Бастапқы  мәтін  адресантының  сипаттамасы:  ұжымдық,  жеке, 

шетел тіліндегі мәтін авторының біліктілігі, гендірлік фактор. 



2. Ықтимал 

Рецептордың  сипаттамасы:  аудармаға  тапсырыс 

берушінің  ерекшелігін  есепке  алу;    гендерлік  факторды  есепке  алу  (егер  ол 

қажет  болса);  Рецептордың  біліктілігі  мен  білім  деңгейін  есепке  алу;  жеке, 

коллективтік, орташаландырылған Рецептор.  



3. Бастапқы  мәтіннің  жалпы  сипаттамасы:  шыққан  уақыты  (аударма 

жасау  кезеңіне  қатысты  синхрония/диахрония),  шетел  тілінен  алынған 

мәтіннің  формасы  (жазбаша/ауызша),  бастапқы  мәтіннің  көлемі;  мәтіннің 

функционалдық стилі мен жанры; мәтін жататын ғылым саласы немесе адам 

қызметі; ерекшелік, бірегейлік, өзгешеліктері. 

Лексикалық  сипаттамасы:  терминдерге,  неологизмдерге,  стандартты 

емес  немесе  шартты  емес  лексикаға,  архаизмдерге,  бірегей  мәдени 

реалийлерге бай болуы. 

Грамматикалық  сипаттамасы:  сөйлеу  құрылымының  синтаксистік 

ерекшеліктері; ырықсыз етістің қолданылуы және т.б. 



Стилистикалық  сипаттамасы:  әртүрлі  стилистикалық  бейнелеу-

суреттеу құралдарына, троп түрлеріне бай болуы.  



Прагматикалық  сипаттамасы:  рецепиентке  болжалды  әсірінің 

дәрежесі  мен  ерекшелігіне:  ақпараттық  әсері;  эстетикалық  әсері;  жағымсыз 

әсері; жағымды әсері.  

4. Ең  қолайлы  аудармашылық  үлгіні  (немесе  үлгілерді)  және 

аударманың соңғы мақсатынының нақтылығына байланысты олардың 

қисындасуын  таңдау:  шартты  лингвистикалық  үлгілер  (ситуативті 

(денотативті), 

трансформациялық, 

семантикалық); 

шартты 

психолингвистикалық  үлгілер  (интерпретативті  үлгі,  дискурсивті  үлгі  және 



т.б.);  шартты  мәдениеттанушылық  үлгілер  (әлеуметтік-мәдениеттанушылық 

үлгі); тағы да басқа аудармашылық үлгілер.  




 

Қосымша 4 

 

Аударма мәтіннен кейінгі аудармашылық түсіндірменің үлгі 

сызбасы 

 

1.  Мәтін  атауын  мәтіннің  жанрлық  тиістілік  тұрғысынан  аударма 

тілде негіздеу 



2. Қолданылған 

нақты 

аудармашылық 

тәсілдерді 

(трансформацияларды) негіздеу: 

- әдеттегі аудармашылық трансформация

- бірегей аудармашылық трансформация; 

- болжалды  прагматикалық  адаптация  түрлері  (мәдени  лакуналарды 

алып тастау). 

3.  Болжалды  нақты  аударма  түріне  қол  жеткізуге  және  аударма 

нәтижесін  анықтауға  арналған  аудармашылық  стратегияны  таңдау: 

сөзбе-сөз  аударма;  дәл  аударма;  барабар  аударма;  дәлме-дәл  аударма,  еркін 

аударма. 

4.  Аударманың  (курстық  жұмысты  2  нұсқа  бойынша  жазатындар 

үшін)  кейінгі  жүзеге  асуындағы  баламалылықтың  ең  қолайлы  түрін 



таңдау:  формалды  және  динамикалық  баламалылық  (Ю.Найдтың 

тұжырымдамасы), 

баламалылықтың 

бірнеше 


түрін 

үйлестіру; 

баламалылықтың 5 түрі (В.Н. Комиссаровтың тұжырымдамасы). 

5.  Жиілік аудармашылық трансформацияны негіздеу. 

6.  Аудармашының болжалды қолданбалы  корпусы:  

-  қандай  сөздіктер,  анықтамалықтар,  құралдар  және  басқа  әдебиеттер 

қолданылды; 

- аударма барысында machine aided translation (МАТ)  қолданылды ма; 

- электронды терминологиялық дерекқорлар және олардың Интернеттегі 

мекен-жайлары; 

- мамандар кеңесінің  қажеттігі. 

7.  Практикалық тұжырымдар мен ұсыныстар.  

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Қосымша 5 

 

Баспа дереккөздерінің библиографиялық үлгісі 

 

Дереккөздер 



сипаттамасы  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.  Бір,  екі  немесе  үш 

авторы бар кітап 

1.  Рецкер  Я.И.  Теория  перевода  и  переводческая 

практика. — М.: Международные отношения, 1974. 

— 244 с.  

2.  Артемова  А.Ф.,  Леонович  О.А.  Идиомы 

английского  языка.  –  М.:  Высшая  школа,  2004.  – 

179 с. 

2.  Үштен  көп  авторы  бар 



кітап 

Современный русский язык: Учебник для филолог. 

спец.  ун-тов  /  В.А.Белошапкова,  Е.А.  Брызгунова, 

Е.А.Земская и др.; Под ред. В.А. Белошапковой. — 

2-е  изд., испр. и  доп.  —  М.:  Высшая  школа, 1989. 

— 800 с. 

3. Диссертация 

авторефераттары  

Бокалова 

З.Н. 


Системная 

организация 

сложносочиненных  предложений  с  союзами  “а”  и 

“но”  и  их  соотносительность:  Автореф.  дисс.  ... 

канд. филол. наук. — Томск, 1980. — 19 с. 

4. 


Көп 

томды 


басылымдар  және  көп 

томды  басылымдардың 

жеке томы 

Словарь  современного  русского  литературного 

языка: В 17-ти т. — М. — Л.: Наука, 1948 — 1965. 

Даль 


В.И. 

Толковый 

словарь 

живого 


великорусского языка: В 4-х т. Т. 1: А—З. — СПб: 

ТОО “Диамант”, 1996. — 800 с. 

5.  Кітаптардағы  немесе 

жинақтағы мақалалар  

Тусупбекова  М.Ж.  Система  оценки  знаний 

студентов  по  английскому  языку  в  вузе  //  Роль 

иностранного  языка  в  программе  внедрения 

Болонского процесса. – Астана, 2011. – С.295-298. 

6. Журналдағы 

мақалалары 

Левицкий 

Ю.А. 


О 

логических 

аналогах 

грамматических  сочинения  и  подчинения  // 

Вопросы языкознания. — 1990. — № 4. — С. 25—

34. 


 

 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау