қызығушылықтарын қорыта айтсақ, кәсіптік даярлық-меңгерген білім,
дағдыларын жүзеге асыра және жетілдіре алатын, қатысымдық тұрғыда
құзіретті, түрлі жағдайда шешім қабылдауға қабілетті, ӛзіне-ӛзі баға бере және
еңбек нарығына бейімделе алатын, шығармашылық және жеке тұрғыдан дамуға
қабілетті, танымдық қажеттілігі жоғары тұлғаны қалыптастыруды жатқызуға
болады.
Жоғары оқу орындарында студенттің кәсіптік даярлығына, тұлғаның жеке
және әлеуметтік қалыптасуына қосатын ағылшын тілінің әлеуеті мен пән
ретіндегі құндылығына қатысты бірнеше мүмкіндіктерді Е.И.Пассов,
В.И.Кузовлев, В.С.Коростылев ұсынған:
біріншіден, шетел тілін оқудың қоғамға пайдасы;
екіншіден, шетел тілінің жеке адамға берер пайдасы;
үшіншіден, тұлғаның қалыптасуы барысында шет тілінің рӛлі, «шетел тілі»
пәнінің білімдік, тәрбиелік, дамытушы қасиеттерін атайды [18].
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің
бірі, студенттерді кәсіптік даярлаумен қатар, азаматтық пен патриотизмге
тәрбиелеу, Отанына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет, ұлттық
дәстүрді қадірлеу болып табылады. Білімді адам дегеніміз, ең бірінші ӛз тілін,
салт-дәстүрін қадір тұтатын, одан кейін жоғары білімді, бірнеше шетел тілдерін
жақсы меңгерген білікті маман.
Олай болса, ағылшын тілін оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын
қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің бірі оқу материалына кәсіптік бағыттағы
мәтіндер мен жергілікті, ұлттық мәндегі ақпаратты қамтитын аутентикалық
материалдар негізінде студенттің патриоттық, азаматтық қасиеттерін дамыту
мүмкіндігі. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан болашақ маманның
халықаралық аренада, мемлекетаралық жиындарда ағылшын тілінде ӛз
ұлтының ӛмірі, тарихы, қоғамдық және саяси ӛмірі, ӛнері және мәдениеті,
экономикасы жайлы ақпаратты ауызекі тілде қолдану шеберліктерін
қалыптастыру үшін оқу материалдары ӛз еліміздің ұлы адамдарының ӛмірі мен
еңбектері, салт-дәстүр, мәдениет тақырыптарын қамтуы керек. Сол арқылы
студентке тіл үйретумен қатар, оның патриоттық, азаматтық қасиеттерін
дамытуға үлес қосамыз.
Қазақстан
Республикасында
«Болашақ»
бағдарламасы,
шетелде
мемлекеттік бағдарламалармен оқу мүмкіндігі, кӛптеген халықаралық семинар,
конференцияларға қатысу, халықаралық аренаға шығу мүмкіндіктері бар.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту студенттерді ағылшын тілін
меңгертумен қатар, тіл үйренушінің интеллектуалды дамуын да кӛздейді.
Ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде оқытуда арнайы кәсіптік
бағыттағы аутентикалық материалдар негізінде студенттің шығармашылық,
сыни ойлау, ұйымдастырушылық, іздену қабілеттерін дамыта отырып және
оның қатысымдық құзіретін қалыптастырылады.
Ағылшын тілі арқылы студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру
мүмкіндіктеріне: студенттің ағылшын тілі арқылы кәсіптік білімін толықтыру;
кәсіптік даярлығын жалғастыру үшін түрлі бағдарламаларға қатысу; шетел тілі
арқылы кәсіптік әдебиет кӛзін түпнұсқада оқу, сынау, салыстыру,
шығармашылық тұрғыдан ойлау белсенділігін арттыру; ӛз кәсібі саласындағы
ұлттық жетістіктерді шетел тілі арқылы ӛзгелерге таныстыру мүмкіндігі
жатады.
Қорыта айтсақ, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту арқылы
студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктеріне қол жеткізу
үшін, - тілді кәсіптік бағытта меңгеру мүмкіндігі жасалуы (сағат саны,
материалдық база т.б.); -студенттер жоғары оқу орындарында ағылшын тілін
оқуды (мектептен кейін) жалғастыратындықтан, олардың пәнге қызығушылығы
мен мотивациясы болады, егер оқу материалы кәсіптік бағытта тың, жаңа
ақпараттарға толы болса; -ағылшын тілін оқытуда студенттің шығармашылық
ойлау белсенділігін және сыни ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық және
патриоттық дамуы үшін қазақстандық-отандық, тӛл оқу құралдарын күшейту
қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Краткий психологический словарь /сост. Л.А. Карпенко. – М.:
Политиздат, 1985. – 431 с.
2 Богачева Ю.В. Формирование профессиональной готовности к
практической деятельности педагогов-хореогрофов в вузах культуры и
искусств: автореф. ... канд. пед. наук. – М., 2007. – 25 с.
3 Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика: учебное пособие
для студентов высших педагогических учебных заведений. –М.: Академия,
2002. – 576 с.
4 Дмитриева О.Б. Формирование готовности к иноязычной коммуникации
будущего преподавателя иностранного языка в условиях поликультурной
среды: автореф. ... канд. пед. наук. – Чита, 2006. – 25 с.
5 Гализина Е.Г. Лингводидактические особенности формирования навыков
профессионально ориентированного чтения на английском языке: автореф. ...
канд. пед.наук. – Воронеж, 1998. – 28 с.
6 Попов И.М. Оптимизация обучения иностранному языку в процессе
профессиональной подготовки студентов технических вузов: на материале
обучения говорению: автореф. ... канд. пед. наук. – Санкт-Петербург, 2001. –
28 с.
7 Манасян Р.Х. Профессиональная готовность преподавателя английского
языка к обучению студентов неязыкового вуза (На примере учебно-
тренировочного комплекса лексико-грамматических упражнений): дис. ... канд.
пед. наук. – Калуга, 2001. – 273 c.
8 Фридзон А.К. Организационно-педагогические условия формирования
готовности будущих инженеров к использованию иностранного языка в
профессиональной деятельности: автореф. ... канд. пед.наук. – Калуга, 2005.
– 28 с.
9 Шапочникова И.А. Формирование готовности студентов колледжа к
иноязычному общению: автореф. ... канд. пед.наук. – Магнитогорск, 2005.
– 28 с.
10 Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990.
– 381 с.