интеграциясы деп түсінеді. Мұнда студенттің кәсіптік даярлығының
компоненттері кәсіптік міндеттерді ойдағыдай шешу қажеттілігі, міндеттерді
шешу үдерісіне қызығушылығы, ұмтылуы, кәсіптік міндеттерді түсінуі,
шешу жолдарын білуі, маңыздылығын бағалай білуі, кәсіптік қызметіне
сәйкес қабілеттіліктері, ӛзін-ӛзі бағалай алуы т.б. қарастырылған [9].
В.Оконьнің [10] «Жалпы дидактикаға кіріспе» атты еңбегінде кәсіптік
даярлық мақсаттары:
- кәсіпке байланысты жалпы кәсіптік білімді меңгеру;
- шығармашылық жұмысқа дайындық, белгілі мамандыққа байланысты
әрекеттің әдіс, тәсілдерін, түрлерін практикалық меңгеру;
- кәсіптік даярлық үшін маңызды арнайы қабілеттерді дамыту;
-жоғары кәсіптік деңгейге қол жеткізу мақсатында мамандыққа
байланысты қажеттіліктері, мотив пен қызығушылықтарын дамыту;
- ӛз білімін кӛтеру арқылы кәсіптік шеберлікті дамыту дағдыларын сіңіру
делінген.
Тұлғаның кәсіптік даярлығын қалыптастыру үдерісі оның болашақ
мамандығын таңдаған сәтінен, яғни студенттің жоғары оқу орнына түскен
күнінен басталады. Сондықтан, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін
оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыруды ұйымдастыруда
студенттердің жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Интегралды жас ерекшеліктері кезеңдерінен ӛтуде адамның тек
психикалық функциялары (ойлау, қабылдау, ес, зейін) ғана емес, сондай-ақ
олардың арақатынасы мен құрылымы да ӛзгереді. Әрбір жас кезеңінде бұл
функциялардың тиімді даму кезеңі болады. «Студенттік шақ білімдер мен
кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, табанды оқу еңбегімен
айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіптік
бағыттылығымен,
болашақ
мамандыққа
тұрақты
қатынастың
қалыптасқандығымен сипатталады» [11].
Б.Г. Ананьев студенттік шақты әсіресе ойлау-сӛйлеу функцияларының
белсенді дамитын және мамандыққа байланысты арнайы қабілеттері
қалыптасатын нағыз кезеңі деп есептеген [12]. Студенттік шақта естің, зейін
мен кӛрудің дамуының тағы бір ерекшелігі оның мамандануы, ол дегеніміз
студенттің болашақ мамандығына байланысты әрекеттерге қызығушылықтың
пайда болуы.
Кӛптеген байқаулар кӛрсеткендей, жоғары оқу орындарында ағылшын
тілін оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мотивтер,
қажеттіліктер мен қызығушылықтарсыз тиімді болмайды. Мотивтер,
қажеттіліктер
мен
қызығушылықтар
мотивацияның
құрылымдық
компоненттері ретінде қарастырылады.
С.Л. Рубинштейн бойынша, қоғамдық ӛмірде қалыптасатын адам іс-
әрекеттерінің мотивтері әр-түрлі болады, ӛйткені олар түрлі қажеттіліктер мен
қызығушылықтардан туындайды. Ол «...мотив белгілі бір әрекетке саналы
ұмтылу және ол адамның әрекетті бағалауына, мән беруіне, түсінуіне
байланысты қалыптасады; содан барып белгілі мазмұндағы шынайы ӛмір
әрекеттеріне қажетті мотив пайда болады» дейді [13]. Р.М. Васильева ішкі
мотив ретінде жаңаны тануға, шығармашылық тұрғыдан дамуға, білімін
молайтуға ұмтылуды, сыртқы мотив ретінде оның әлеуметтік мәнін атайды.
Ішкі мотив кӛзі – саналы танымдық қажеттілік болып табылады [14].
Д.А.
Осбель
студентерді
кәсіптік
даярлауда
пайда
болатын
қажеттіліктерінің алты түрін ұсынған:
1) оқуға қажеттілік, білмегенді білуге ұмтылу;
2) ортаға ықпал ету, оны ӛзгертуге қажеттілік;
3) әрекетке қажеттілік, қабілетті дамыту және кӛрсету;
4) ой-пікірмен, идея, сезіммен ынталандыруға (стимуляцияға) қажеттілік;
5) білімге қажеттілік, оны ӛңдеуге, нәтижесін, әсерін интернализациялауға,
қарама-қайшылықтарды шешуге, мәселенің шешімін іздеуге қажеттілік;
6) ӛзінің «менінің» маңыздылығын ұлғайтуға және басқалардың оны
құптауына қажеттілік [15].
А.Х. Маслоу бойынша, қажеттілік иерархиясына сәйкес негізгі
материалдық: ауаға, суға, тағамға қажеттіліктен бастап, ең жоғарғы
қажеттіліктерге дейін: сенімділік, ӛзін-ӛзі сыйлау т.б. қанағаттандырылса ӛзін-
ӛзі ӛзектендіруге әкеледі [16]. Студенттің кәсіптік даярлығын ағылшын тілін
оқыту арқылы қалыптастыруда қатысымдық-танымдық қажеттілігі пайда
болады: жаңаны нақтылау, анықтау, таныс материалды толықтыру, түсіндіру
т.б. Студенттің саналы қажеттіліктері негізінде қызығушылық пайда болады.
Танып-білуге қажеттіліктің туындауы адамның танымдық іс-әрекетінің
қозғаушы күші болады. М.В. Соболева « ... білімге қажеттілік, қоршаған ортаны
тану «білімге құштарлық» деп аталатын рухани және мәдени қажеттіліктердің
бірі және таным қажеттілігі әр түрде: білуге құмарлық, қызығу түрінде кӛрінеді
дейді [17]. Студенттің жеке, кәсіптік тұрғыдан қалыптасуында таным
қажеттілігін дамытудың орны үлкен. Оқу-танымдық әрекетті белсендіруге
студенттердің танымдық қызығушылықтары ықпал етеді. Студенттің шетел
тілін меңгеру мотиві кешенінде танымдық қызығушылық болмаса, тілді үйрену
тиімділігі тӛмен болады.
Олай болса, ағылшын тілі арқылы кәсіптік даярлықты қалыптастыруда
студенттің қажетті, қызықты ақпаратты қабылдауға танымдық қажеттілігі
пайда болады. Егер кәсіптік мәндегі ақпарат студент үшін жаңа болса, оны
нақтылау, анықтау қажеттілігі пайда болады, егер ақпарат студентке таныс
болса, оны толықтыру, түсіндіру ынтасы пайда болады. Студенттің саналы
қажеттілігі қызығушылыққа ұласады. Студенттің мақсатқа ұмтылуы арқылы
танымдық қажеттілігі пайда болады. Сондықтан ағылшын тілі арқылы
студенттің кәсіптік даярлығын қалыптастыруда студенттің танымдық
әрекетінің мотиві ретінде жоғары білікті маман болуға ұмтылу, жоғары тӛлемді
жұмыс табу, түрлі кәсіптік бағыттағы бағдарламаларға қатысып шетелде
білімін ұштау, ӛзін-ӛзі жетілдіру, бағалау т.б. шығады.
Кәсіптік
даярлықты
қалыптастыруға
әсер
ететін
шарттарға:
шығармашылдық және қатысымдық құзіретті қалыптастыру; болашақ
мамандығын қадірлеу және кәсіптік мүмкіндіктері мен даму перспективасын
бағалау жатады. Авторлардың кәсіптік даярлық жайлы ұғымдарын, кәсіптік
даярлықты
қалыптастырудағы
индивидтің
мотивтері,
қажеттіліктері,