3 Клустер Д. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Әрекеттегі RWCT
философиясы мен әдістері. – Редакциялаған С.Мирсеитова, Ә.Іргебаева. –
Алматы: ТОО Верена, 2009. – Б.106-116.
4 Ильенков Э.В. Философия и культура. – М.: Политиздат, 1991. – 221 с.
5 Вульфов Б.З., Харькин В.Н. Основы педагогики в лекциях, ситуациях,
первоисточниках. – М.: УРАО, 1997. – 288 с.
6 Данильчук, Е.В. Информационные технологии в образовании. –
Волгоград: Перемена, 2002. – 183 с.
7 Гершунский Б.С. Философия образования. – М.: Знание, 1998. – 109 с.
8 Duron R., Limbach B., and Waugh W.Critical Thinking Framework //Journal
of Developmental Education. – 2004. – Vol.18, № 1. – Р. 34-35.
9 Facione P.A. Critical thinking: what it is and why it counts. – Millbrae CA:
California Academic Press, 2007. – 125 р.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту арқылы
студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктері
А.М. Мухтарханова
п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы
ainagul_mukhtark@mail.ru
№ 2 (34), 2011 Білімдегі жаңалықтар(Ақпаратты-әдістемелік журнал)
Аннотация. В статье рассматриваются возможности формирования профессиональной
готовности студентов при обучении английскому языку в вузе.
Аbstract. In this paper possibilities of forming the professional readiness of students by teaching
the English language in higher educational institutions are reviewed.
Түйін сөздер: кәсіптік даярлық, мотив, кәсіптік мәндегі ақпарат.
Мақаланы PDF форматынан жүктей аласыз.
Жоғары оқу орындарында белгілі бір уақыт аралығында шетел тілін жалпы
білім беру пәні ретінде оқытуда, студенттің жеке тұлға ретінде дамуы мен
белгілі деңгейде білім, дағдыларды игеруімен қатар, тілдің шынайы
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің кәсіптік даярлығын
қалыптастыру үдерісі кешенді жүзеге асырылады.
Даярлық дегеніміз, «Қысқаша психологиялық сӛздікке» сүйенсек,
тұлғаның белсенді-әрекетті қалыбы, белгілі іс-әрекетке бағдар, міндетті
орындау үшін ӛз күшін ұйымдастыруы. Белгілі бір әрекетке даярлық үшін
білім, дағдылар, қайраттылық, рухтың болуы. [1].
Ю.В. Богачева даярлық ұғымын кӛпсатылы ұғым ретінде функционалды
(студенттің психологиялық даярлығы, ӛзінің әрекетті жүзеге асыруға
қабілеттілігін сезінуі, ұмтылуы), тұлғалық (даярлық туа біткен қасиет емес,
кәсіптік даярлықтың мақсаты және нәтижесі) және функционалды-тұлғалық
(даярлық интегративті білім, яғни әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті
қалыптасқан білім, дағдылар жиынтығы) тұрғыдан қарастырады [2].
А.В. Сластениннің айтуы бойынша, адамның кез-келген әрекетке
даярлығы – бұл « ... қажетті сыртқы жағдайлардың қатысуымен және қажет
болғанда ӛзінің де қойылған міндетті шешу үшін ұмтылуымен белгілі әрекетті
сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның ерекше күйі» [3].
Ал кәсіптік даярлық ұғымына келетін болсақ, О.Б. Дмитриева болашақ
мамандардың кәсіптік әрекетіне психологиялық даярлығын қалыптастыру
мәселесін зерттеген. О.Б. Дмитриева студенттің кәсіптік даярлығы ұғымына
келесі анықтаманы берген, «... кәсіптік даярлық тұлғаның жеке қасиеті мен
болашақ қызметінің негізгі алғышарты. Студенттің кәсіптік даярлығы ӛз
міндеттерін табысты орындауға, меңгерген білім, дағдыларын дұрыс пайдалана
білуге және кез-келген кездейсоқ жағдайларда ӛзіне-ӛзі есеп бере алуы мен
бағалай білуіне ықпал етеді». Автор жеке тұлғаның мүмкіндіктерін пайдалану
арқылы шығармашыл, ӛз мүмкіндіктерін адекватты бағалай және барынша
жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды оқыту мен тәрбиелеуді қатар
ала отырып, даярлауды ұсынған [4].
Әлеуметтік сұраныс бойынша жоғары оқу орындарында болашақ маман
даярлау деңгейіне талаптардың күшейтілуімен қатар, болашақ маманның ӛзіне
де жеке тұлға ретінде талаптар ӛте жоғары. Е.Г. Гализина жоғары оқу
орындары студенттерінің мотивациялық кәсіптік даярлығын қалыптастыруды
тұрақты бағдар мен мотивтер жүйесі тұрғысынан қарастырған. Студенттің
белсенді мотивациялық кәсіптік даярлығын қалыптастыруға бағытталған
психологиялық күйі мен мүмкіндіктерін қарастырған. Автор студенттің кәсіптік
даярлығын жеке тұлғаның сипаттамасы, қасиеті ретінде қарастырады. « ...
кәсіптік даярлық ұғымы, жеке тұлғаның еңбек нарығында бейімделу, ӛзін-ӛзі
жетілдіру, ӛзін-ӛзі бағалау қасиеттерін қалыптастыруы. Кәсіптік даярлық
барысында тұлғаның дамуы жүзеге асады. Кәсіптік тұлғаның қалыптасуы оның
мамандықты таңдаған сәтінен бастап, бүкіл ғұмыры бойы жалғасады [5] дейді.
И.М. Попов бойынша, студенттің кәсіптік даярлығы «ӛз мамандығы
аясында міндеттерді шеше алатын, алған білім, дағдыларын одан әрі
жетілдіруге қабілетті тұлға» [6].
Р.Х. Манасян студенттің кәсіптік даярлығы ұғымын тӛмендегідей
анықтаған: « ... жаңаша талаптарға жауап бере алатын, ӛзін-ӛзі бағалауға
қабілетті, үнемі ӛзгеріп отыратын жағдайларға даяр, болашақ кәсібіне
рефлексивті бағыты бар тұлға» [7].
А.К. Фридзон болашақ маманның кәсіптік даярлығын қалыптастырудың
бірнеше шарттарын айқындаған: кәсіптік міндеттерді тиімді шешудің негізі,
шығармашылдық және қатысымдық құзіретті қалыптастыру; болашақ
мамандығын қадірлеу және кәсіптік мүмкіндіктері мен даму перспективасын
бағалау; жоғары оқу орындарының оқыту жүйесінде белсенді әдістерді
қолдану. Автордың айтуынша, оқыту үдерісінде аталған мүмкіндіктерді туғызу
студенттердің кәсіптік даярлығының деңгейін кӛтеруге ықпал етеді [8].
И.А. Шапочникова студенттің кәсіптік даярлығы – мотивациялық,
бағыттаушылық, операциялық-әрекеттілік, бағалаушылық компоненттерінің