Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру



жүктеу 375,59 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата14.11.2018
өлшемі375,59 Kb.
#20181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 Кулюткин Ю.Н. Психология обучения взрослых. – М., 1985. – 128 с. 

12 Ананьев Б.Г. Развитие психических функций взрослых людей /под. ред. 

Б.Г. Ананьева, Е.И. Степановой. – М., 1972. – 242 с. 

13  Рубинштейн  С.Л.  Основы  общей  психологии.  –  СПб.:Питер,  2004.  –          

465 с. 

14 Васильева М.М. Возрастные особенности личности студента и их учет в 



обучении иностранному языку //Иностранные языки в высшей школе. – 1987. –  

15  Ausubel  D.A.  Educational  Psycology:  A  cognitive  view.  –  New  York:Holt, 

Rinehart and Winston, 1968. – Р.368-379. 

16 Маслоу А. Мотивация и личность. – Евразия: СПб, 1999. – С.77-105. 

17  Соболева  М.В.  Имитационное  поведение  в  раннем  онтогенезе:  опыт 

исследования //Вопр. психол. – 1995. – № 4. – С. 108-115. 

18  Пассов  Е.И.,  Кузовлев  В.И.,  Коростылев  В.С.  Цель  обучения 

иностранному  языку  на  современном  этапе  развития  общества  //Иностранные 

языки в школе. – 1987. – № 6. – C. 29-36. 

 

Жоғары білім сатысында ағылшын тілін оқыту ерекшеліктері 



 

А.М. Мухтарханова 

п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы 

 

ainagul_mukhtark@mail.ru

 

 

«Преподавание иностранного языка в высшей школе: проблемы и перспективы» Материалы 



межвузовской научно-практической конференции.- Сборник.-Алматы: Военный институт 

КНБ РК, 2009. 

 

Аннотация. В статье рассматриваются некоторые проблемы преподования английскому 

языку в вузе. 

 

Аbstract. In this paper some problems by teaching the English language in higher educational 

institutions  are reviewed.

  

 



Түйін сөздер:   интелектуалдық даму, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу. 

 

Мақаланы PDF форматынан жүктей аласыз. 

 

      «Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында»  ғылыми  және 



педагогикалық  кадрларды  дайындау  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми 

ұйымдарда  магистратура  мен  докторантурада  жүзеге  асырылады  делінген. 

Магистратурада  ағылшын  тілін  оқыту  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына»  сәйкес  жүзеге 

асырылады  [1,  6-7б.].  Алайда,  жоғары  оқу  орындарында  магистранттарға 

ағылшын  тілін  оқыту  бойынша  оқулықтар  жоқтың  қасы.    Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»,  «Орыс  тілі  мен  әдебиеті»  мамандықтары 

магистранттары    үшін  шет  тілінен  міндетті  компонент  ретінде  бакалавриатта 



алған білімін, білігін жетілдіру және тереңдету; шетел тілін күнделікті сӛйлесу 

барысында  және  кәсіптік  қарым-қатынаста  қолдана  білу  деңгейін  дамыту; 

лексикадан: кәсіптік, жалпығылыми, күнделікті қолданатын лексикалық қорды 

меңгеру-5000 лексикалық бірліктен кем болмауы тиіс; грамматикадан: ғылыми 

стильді  оның  ауызша  және  жазбаша  формаларын  есепке  ала  отырып  меңгеру; 

етістіктің  формалары  және  олардың  оралымдары,  салалас  құрмалас  және 

сабақтас  құрмалас  сӛйлемдер,  шартты  сӛйлемдер,  шақтар  сабақтастығы; 

сӛйлеуден:  кәсіптік  деңгейіне  байланысты  сан  құбылған  ситуациядағы, 

қоғамдық-саяси мәндегі ауызша тілді- диалог пен монологты меңгеру; жазудан: 

реферат,  аннотация,  тезис,  баяндама,  резюме  жазу  дағдысын  жетілдіру; 

аудармадан: екі тілді терминдік, түсіндірмелі сӛздікпен жұмыс істей білу және 

екі тілде ауызша, жазбаша аудару дағдыларын жетілдіру делінген.  

     Ал  «Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейін  шетел  тілдері  білімін 

дамыту  концепциясында»  магистранттардың  шетел  тілін  меңгеру  деңгейіне 

қойылатын  талаптар  одан  да  жоғары  [2,  13  б.].  Концепцияда  жоғары  оқу 

орындарында  тілдік  емес  мамандықтар    магистранттарына  шетел  тілін  оқыту 

Еуропалық  стандарты  деңгейінің  С1  талаптарына  сәйкес  келу  керек  делінген. 

Еуропалық  стандарттың  С1  деңгейі  әлеуметтік  және  кәсіби  мағынадағы 

ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасауда ӛз пікірін дамыта білу шеберліктерін; 

прагматикалық мазмұндағы мәтін жасай білу (e-mail, факс, эссе, веб-сайт үшін 

мәтін);  түпнұсқадағы  публицистикалық,  кӛркем  мәтіндерін  оқып,  түсіну  және 

кез-келген  деңгейдегі  теле-,  радиобағдарламаларды  түсіне  білу  шеберліктерін 

қарастырады. 

Магистратурада 

шетел 

тілінің 


деңгейлік 

дайындығы 

магистранттың таңдаған бағытына байланысты: профильді тереңдетілген және 

ғылыми-зерттеу.  Профильді  бағыттағы  магистратурада  шетел  тілін  оқытудың 

міндеті-  кәсіби  бағыттағы  нақты    мамандыққа  сәйкес  ауызша  және  жазбаша 

қатынасты жүзеге асыру үшін арнайы мақсатпен ілгері деңгейді меңгеру болып 

табылады.  (LSP)  Ғылыми-зерттеу  бағытындағы  магистратурада  шетел  тілін 

оқытудың  міндеті  -  шетел  тілін  кәсіби  бағытта  меңгеруді  (LSP)  жалғастыру 

және академиялық мақсаттар үшін шетел тілінің жоғары деңгейін меңгеру. Бұл 

деңгей мамандықтың ғылыми аппараты материалдарымен еркін жұмыс істеуге, 

ғылыми-ақпараттық базаны кеңейтуге, ғылыми ақпарат пен аргументацияларды 

интерпретациялау  шеберліктерін  меңгеруге  мүмкіндік  береді  де,  халықаралық 

деңгейдегі  пікірталастар,  ғылыми  конференциялар  мен  форумдарда  еркін  ой 

бӛлісуді  қамтамасыз  етеді  делінген.    Әрине,  қойылған  талаптар  ӛте  орынды. 

Бірақ,  бұл  сала  елімізде  жаңа  дамып  келе  жатқан  білім  саласы  болғандықтан, 

тілдік  емес  мамандықтар  магистранттарына  арналған  ағылшын  тілінен  типтік 

бағдарлама, оқу құралдары жоқ.  

   «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын  жүзеге асыратын 

білім  мекемелеріне  қабылдаудың  типтік  ережелеріне»  сәйкес  магистрант 

ағылшын тілінен 3 кредит жинауы шарт [3,4б.].  Жалпы 45 аудиториялық сағат, 

МОӚЖ үшін 22,5 сағат ӛтуі тиіс. 

    Сан-Франциско  университетінің  ағылшын  тілі  профессоры  Сандра  Маккей 

ағылшын  тілін  оқытуда  батыс  мәдениетінің  әсері  мен  ағылшын  тілін  оқытуда 

мәдениет  тақырыбының  рӛліне  тоқтап,  зерттеген.  [4,  13-14б.].  Сандра  Маккей 




жүктеу 375,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау