Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру



жүктеу 375,59 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.11.2018
өлшемі375,59 Kb.
#20181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

кӛптеген  тіл  оқытушылары  ағылшын  тілін  оқытуда  мәдениет  компоненттерін 

енгізуді  қолдайды  дейді.    Адаскоу,  Бриттен  және  Фахси  тіл  оқытудың  

мәдениеттік  компоненті  ретінде  келесі  аргументтерді  келтірген:  тілді 

оқытудағы мәдениет компоненті тіл үйренушінің жалпы халықаралық түсінігін 

және  ӛз  елінің  мәдениетін  терең  түсінуге,  тілге  қызығушылығын  арттырады 

дейді. Сандра Маккейдің зерттеулерінде, Продромоу, керісінше ағылшын тілін 

оқытудың  мәдениет  мазмұны  жӛнінде  басқаша  пікір  айтады.  Продромоу  ӛз 

пікірін  Грекия  студенттерімен  ӛткізген  зерттеулерге  негіздейді.  Ол  ӛз 

зерттеулерінде ағылшын тілі сабағының тақырыбы, мазмұны жайлы сауалнама 

жүргізгін.  Негізінен  басты  таңдау  ағылшын  тілі,  ғылым  және  қоғам 

тақырыптарына түскен. Мәдениет мазмұны туралы пікір  аралас болып келеді. 

Продромоудың  зерттеуінше,  ағылшын  тілін  үйренушілердің  60%-ы  ағылшын 

елі  мен  ұйымдары  туралы  оқығысы  келетіндігін,  тек  15  %-ы  Америка  мен 

Грекия  елдері  ӛмірі  мен  жағдайы  жайлы  оқығысы  келетіндігін  айтқан. 

Продромоудың пікірінше, студенттердің Британ елі мен оның жағдайы жайлы 

оқығысы  келетіндігінің  себебі,  ол  материалдарды  қамтитын  Кембридж 

емтиханын сәтті тапсыру үшін дейді. 

   Басқа  бірқатар  әдіскерлер  ағылшын  тілін  оқыту  мазмұнына  мәдениет 

компонентін, оның ішінде жергілікті мәдениетке қатысты материалдарды енгізу 

қажет  деп  есептейді.  Мысалы,  Сандра  Маккейдің  айтуынша,  Морокко 

студенттерімен  жүргізілген  зерттемелер  нәтижесінде  Адаскоу,  Бриттен  және 

Фахси  ағылшын  тілін  оқыту  материалына  мәдениет,  оның  ішінде  Батыс 

мәдениетін енгізу студенттердің қызығушылығын ояту тәсілі емес деп ойлайды. 

Аталған  авторлардың  Морокко  оқытушыларымен  жүргізген  сауалдарына 

сәйкес, ағылшын тілін оқыту мазмұнына Батыс мәдениетін, оны салыстырулар 

студенттердің  ӛз ұлтының  мәдениетіне  қанағаттанбаушылық  сезімін  туғызады 

дейді.  Оқытушылар  оған  қоса,  Марокконың  алдыңғы  буын  ӛкілдері  ағылшын 

тілді  әлеуметтік  контекстерде  кездесетін  кейбір  мінез-құлық  үлгілерін  ӛз 

елдерінің соңғы буын ӛкілдері кӛрмегенін қалайды. Сонымен, оқытушылардың 

пікірінше, жалпы студенттерді ағылшынша сӛйлейтін елдер туралы контекстен 

гӛрі  ӛздерінің  ӛміріне  қатысты  ұсынылған  мәтіндерге  кӛбірек  қызығушылық 

танытады дейді. 

    Чилидің  Білім  министрлігі  студенттерге  ӛз  елі  мен  мәдениетін  оқыту 

олардың  ағылшын  тілін  оқуға  қызығушылықтарын  әлдеқайда  кӛп  арттырады 

деп  шешкен.  Солайша,  министрлік  ағылшын  тілін  оқитын  студенттер  үшін 

бірнеше  оқулықтар  жүйесін  құрастырған.  Ағылшын  тілін  оқыту  материалына 

Батыс мәдениеті тақырыбын енгізуге Сузуки Такао үзілді-кесілді қарсы болған. 

Сузуки  Такао  ағылшын  тілін  Батыс  мәдениетінсіз-ақ  үйренудің  бірнеше 

себептерін  ұсынған.  Біріншіден,  Сузукидің  пікірінше,  Жапония  халықаралық 

бірлік  ретінде  Батыс  мәдениетін  оқитындай  ешқандай  қажеттілік  туындап 

тұрған  жоқ;  екіншіден,  Сузуки  Такао    баспалап  еніп  жатқан,  оның  ішінде 

ағылшын тілі арқылы, Батыс мәдениетіне қарсы күресуіміз керек дейді.  

   Сандра Маккейдің пікірінше, кейбір елдердің білімдегі кӛшбасшылары Батыс 

мәдениетін енгізу-енгізбеу туралы пікір айтып жатқанда, кӛптеген оқулықтарға 

Батыс кейіпкерлері мен құндылықтары еніп кеткен. Л. Смитт бұдан 30-40 жыл 



бұрын,  ағылшын  тілі  халықаралық  тіл  деңгейіне  жеткен  кезде,  ағылшын  тілі 

ағылшын елдерінің мәдениетін насихаттаушы емес, керісінше, халықаралық тіл 

ретінде,  оның  мақсаты  ағылшын  тілі  үйретіліп  жатқан  елдің  мәдениетін, 

тарихын  басқаларға  жеткізу,  сонда  ғана  тіл  анық  халықаралық  тіл  деңгейіне 

жетеді  деп  пікір  айтқан.  Сандра  Маккейдің  пайымдауынша,  қазіргі  уақытта 

ағылшын тілі мұндай қызмет атқарып отырған жоқ, керісінше ағылшын тілінде 

сӛйлеуші  елдердің  мәдениетін  насихаттаушы  ретінде  рӛл  атқарып  отыр.  

Біріншіден,  кейіпкерлердің барлығы  ағылшын  тілінде  сӛйлеуші  елдердің  ӛкілі 

болып  келеді;  екіншіден,  Батыс  кейіпкерлерін,  оның  мәдениетін  оқу 

материалында қолдану міндеттілік ретінде қабылданады.  

   Жоғарыдағы авторлардың пікірлерін қорыта келе, Қазақстанда да үйретілетін 

шет  тілі  елінің  мәдениеті  (Англия  мен  Америка  елдерінің),  тарихы,  салт-

дәстүрлері, қалалары мен даласы туралы оқыту мектеп қабырғасынан басталып, 

бакалавриат, магистратурада да жалғасып жатады. Үйретілетін шет тілі туралы 

толыққанды тақырыптар жүйесі мектеп бағдарламасына, оған қоса жоғары оқу 

орындарының  тілдік  емес  мамандықтарына  арналған  типтік  бағдарламаға  да 

енгізілген.  Орта  мектептен  ағылшын  тілі  пәнінен  орташа  деңгеймен  келген 

бірінші курс студенті, Англия мен Америка елдері жайлы ӛте жақсы ақпаратты 

меңгерген  болып  келеді.  Лондон  қаласы,  королеваның үй-жайы,  Америкадағы 

Бостандық  ескерткіші  т.б.  құндылықтар  жайлы  ақпаратты  Қазақстан 

қалаларының  құндылықтарынан  жақсы  біліп  келеді.  Совет  дәуірі 

оқулықтарының мәтіндері арнайы идеялогиялық орталықтар тексеруінен ӛткен, 

сол  уақыттың  жастарына  дұрыс  тәрбие,  бағыт  беру  мақсатындағы  мәтіндерге 

толы болды. 

   Елімізде  ағылшын  тілін  оқу  дегеніміз  сол  тіл  елдері  жайлы  оқу  деп 

қабылданады.  Әрине,  үйретілетін  шет  тілінің  елі  туралы  материал  елтану 

мақсатында бағдарламаға енгізілуі керек, бірақ сол тіл арқылы сол елді толық  

жарнамалаудың  қажеті  жоқ.    Студенттер  оқулық  материалдарынан  тек 

ағылшын тілі елдерінің кейіпкерлерін кездестіріп машықтанғандықтары сонша, 

кейде ӛзіміз құрастырған оқу материалдарынан қазақша адам есімін кездестірсе 

біртүрлі  ерсі  қабылдайды.  Білімді  адам  -  дегеніміз  ең  бірінші  ӛз  тілін,  салт- 

дәстүрін  қадір тұтатын, одан кейін жоғары білімді, бірнеше шет тілдерін жақсы 

меңгерген білікті маман. «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында» 

білім  жүйесінің  маңызды  міндеттерінің  бірі:  азаматтық  пен  патриотизмге 

тәрбиелеу,  Отанына  сүйіспеншілік,  мемлекеттік  рәміздерге  құрмет,  ұлттық 

дәстүрді қадірлеу деп кӛрсетілген [5, 24б.]. Жоғары оқу орындарында ағылшын 

тілі басқа мамандықтар бойынша оқытылатын пәндермен қатар  студенттердің 

практикалық 

дағдыларын 

арттыруға, 

этикалық 

тәртіп 


нормаларын 

қалыптастыруға ықпал етеді. 

  Ағылшын  тілін  тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  меңгерудің  тиімді 

жолдарының  бірі  –  ағылшын  тілінің  оқу  материалының  жүйелі 

ұйымдастырылуы.  Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  соңғы  уақыттарда  шетелдік 

оқулықтар ӛте кӛп қолданылады. Шетелдік оқулықтардың мазмұны сол оқулық 

жасалған  елдің  тұрмыс-тіршілігі,  тынысы,  саясаты,  мәдениеті  негізінде 

құрастырылған.  Оқулық  арқылы  сол  елдің  санасы,  ойы-пікірі,  мәдениеті 




жүктеу 375,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау