«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88


                             «ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ НЕГІЗІНДЕ 
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ»
 
Маханова Ұлбосын  Ыбырайханқызы
Қызылорда қаласы, №43Ж.Махамбетов атындағы
қазақ орта мектебінің директоры
Бүгінгі   таңда   білім   жүйесін   инновациялық   технологиялармен   жабдықтап,   білімнің   халықаралық
талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені   бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып
табылады.          
Ғылым   мен  техниканың  жедел  дамыған,ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген  заманда   ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы.
Президенттің   жолдауында:   «Ұлттың   бәсекеге   қабілеттілігі   бірінші   кезекте   білім   деңгейімен
айқындалады»   -   деген   байламы   жеке   адамның   құндылығын   арттыру,   оны   дайындайтын   ұстаз
жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.           
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-
көпті   мемлекеттік   жүргізіліп,   мазмұнға,   ұйымдастыруға   оқыту   әдістері   мен   технологияларына
жаңалыктар кіруде. Білім беру жүйесіндегі инновациялар – бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-
тәрбиелеу-дамыту   педагогикалық   ұстанымдарын   сақтай   отырып,   уақытпен   бірлесе   жұмыс   істеу
шеберліктері.   Қазақстанның   қазіргі   заманғы   білімі,   бәсекелестіктің   инфокоммуникациялық
технологияларды қаншалықты меңгергені және жаһандық интернет желісі жағдайында қашықтықтан
өзара   әрекеттесуге   қаншалықты   даяр   екеніне   байланысты   болатын,   планетарлық   ойлай   білетін
адамдардың жаңа генерациясына бағытталуы тиіс. Бірақ, бұл даярлық бірден, бір уақытта туындай
алмайды, ол мектептегі мұғалімдердің мыңдаған сабақ өткізулерінен жинақталады. Сондықтан қазіргі
заманғы   инновациялық   сабақтың   үлгісі   деп,   мұғалімдердің   жинақталған   мол   әдістемелік
тәжірибесінің интеграциясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік
және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
таңдауда   көп   нұсқалық   қағидасы   бекітілген,   білім   мекемелерінің   педагогтарына   өзіне   оңтайлы
нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді . Мектеп оқушыны
тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу
мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап
қарауда   мұғалім   іс-әрекетінің   маңызы   зор.   Қазіргі   білім   беру   саласындағы   оқытудың   озық
технологияларын   меңгеру   мұғалімнің   интелектуалдық,   кәсіптік,   адамгершілік,   рухани   азаматтық
және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В. Селевко.
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық шарттар
жүйесі орындалуы керек. Ол оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, атап айтсақ пәндер мазмұнына
толықтырулар енгізе отырып, белсенді технологиялар көмегімен қолдануды  қажет етеді.
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияларға негізделген арнайы курстар жүргізілуі
қажет, оқытудың жаңашыл ақпараттық технологиялары жалпы білімдік, базалық және кәсіби пәндерді
толығымен   қамтуы   тиіс.   Ақпараттық   технологияларды   қолдану   арқылы   жаңа   тұрпатты   мұғалімді
дайындаумен  қатар,  мұғалімдердің болашақ  кәсіби қызметінде   ақпараттық  технологияларды  еркін
қолдана алатын дәрежеге жеткізуге болады.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт   алуда.Бұл   педагогика   теориясы   мен   оқу-тәрбие   үрдісіндегі   елеулі   өзгерістерге   байланысты
болып отыр.Білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.Оқу үрдісіне
жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде.
Жаңа   педагогикалық   технологияны   меңгерту   мұғалімнің   зейін-зерделік   ,   кәсіптік,адамгершілік,
рухани,азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-
өзі   дамытып,   оқу-тәрбие   үрдісін   жүйелі   ұйымдастыруына   көмектеседі.   Оқу-тәбие   үрдісіне   жаңа
педагогикалық   технологияларды   ендірудің   алғашқы   шарты:   мұғалімнің   инновациялық   іс-әрекетін
қалыптастыру болып табылады.           
Қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-
тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық
диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез
арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,


шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.          
Мемлекеттік   білім   стандарты   деңгейіне   оқыту   үрдісін   ұйымдастыру   жаңа   педагогикалық
технологияны   ендіруді     міндеттейді.   Сондықтан   оқу-тәрбие   үрдісіне   жаңа   инновациялық   әдіс-
тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,   талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу болып табылады.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу .
І. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
IV. Жаңалықтарды бекіту
Инновациялық технологиялардың  мектептегі білім сапасын    арттыру:
•  Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
•  Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
•  Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
•  Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Жаналы
қтарды
ұйымдастыру
О
қу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық
жаналы
қтарды енгізу
Жа
ңа идеяны іздеу
инновацияларды
ұйымдстыру
жа
ңалықтарды
іздестіру
Жаналы
қтарды
енгізу О
қу тәрбие
үрдісінде жаңа
инновациялы
қ
әдіс-тәсілдерін
пайдалану
Жа
ңалықтарды
бекіту


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау