ІІ. Қамыр араластыру машиналары туралы түсінік беру.
1. Тамақтандыру кәсіпорындарындарының кондитерлік цехтарында қамыр дайындау үшін көптеген машиналар пайдаланылады. Олардың жұмыс органдары ретінде қамыр илеуге арналған әр түрлі үлгідегі араластыру механизімдері қолданылады. Бидай және қарабидайдың ұнынан қамыр дайындауға маркілері ТММ-1М, МТМ-15, ТММ-60М, МТИ-100 және басқа машиналар пайдаланылады.
ТММ-1М қамыр илеу машинасы шойыннан құйылған тақтадан, станинадан, қоршамадан, электроқозжалтқыш, жетектен, араластыру иінінен, қалақтан, дежадан және жылжыту арбашасынан тұрады. Арбашаның айналу дөңгелектері бар. Тақтаға редуктор, ал онымен электроқозғалтқыш жалғасқан.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Электроқозғаушы, оған жалғасқан редуктор шынжырлы беріліс арқылы қамыр илеу механизмі және дежа бір мезгілде айналады. Дежадағы шикізаттар араласып қамырға айналады.
МТМ-15 деп аталатын шағын өлшемді қамыр илеу машингасы корпусқа бекітілген электроқозғалтқыштан, редуктордан,қамыр илеу сыйымдылығынан, қалақтардан, станинадан тұрады. Сыйымдылық жоғарғы жағынан торлы қақпақпен жабылады.
Қамыр илеуге арналған МТИ-100 деп аталатын машина. Бұл машина жоғары өнімділікті цехтарда пайдаланылады. Мишина станинадан, жетектен, көтеру механизімінен, қақпағы бар сыйымдылықтан, арбашадан, араластыру органынан және басқару пультінен тұрады. Машинадағы элетроқозғалтқыш, сына белдікті беріліс, цилиндірлі және планетарлы тісті берілістер арқылы араластыру органы айналады.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Жетек ішке қосылған кезде электроқозғалтқыштан қозғалыс алатын жұмыс органы айналады. Көтеру механизмі жетек орналасқан кронштейінді орнынан қозғайды және сыйымдылық көтерілген ол төмен түсіріледі де қамыр илеу механизмі сыйымдылыққа енгізіледі. Сыйымдылық төмен түсірілген кезде бұл процесс керісінше жүреді. Машина қоршаулармен жабдықталған.
Маркісі ТММ-60М машинасы әр түрлі тұтқырлықтағы қамырларды дайындауға арналған. Машина корпустан, араластыру қалағынан , оны бекітетін құрылымнан, дежадан және жетектен тұрады.
Дежа мен араластыру қалағының айналуы электроқозғағыш сына белдікті беріліс және ирек тісті редукторлар көмегінен жүргізіледі. Араластыру органы жоғары көтеріліп, серіппе көмегімен тұрақтандарылады. Машинаға дежа орналасқан кезде жұмыс органы төмен түсіріледі. Мишана уақыт релесімен жабдықталынған. Оның көмегімен илеу уақыты реттеледі.
2. қамыр араластыратын машинаның қолданылуын көрсету.
ІІІ Қорытынды:
қамыр араластыратын машинаның жұмыс органдары
машинаның жұмыс істеу тәртібі
қауыпсіздік техникасы
Достарыңызбен бөлісу: |