Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2016.27.06 ...
Дата: 08.02.2017 18:44:09
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы мен 50-тармағының 2) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов
2016 жылғы 1 тамыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» ________________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы 14 шілде
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 559 бұйрығымен
бекітілді
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басымды жоба - мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;
2) басшылар - корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын, ұйымға тікелей қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
3) бос орын - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган);
5) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі;
6) жұмыскерлердің тізімдік саны - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан жұмыскерлерден басқа, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
7) корпоративішілік ауыстыру - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
8) мамандар - корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, прогрессивті технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін пайдалану үшін белгілі бір салада немесе ғылымда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Ондай білімі мен дағдыларын бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін де, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтарға мүшелігін ескерген жөн;
9) маусымдық шетелдік жұмыскерлер - климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзім атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын иммигранттар;
10) менеджерлер - корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар және ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқаратын, өзге басшы кәсіби немесе әкімшілік жұмыскерлердің жұмысына басшылық ететін және бақылайтын, персоналды жалдайтын және жұмыстан босататын, персоналды жалдауға, жұмыстан босатуға немесе өзге іс-қимылына ұсыным беретін персоналды, жоғары тұрған басшылардан, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар немесе нұсқама алатын адамдар.
Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер аталған санатқа қосылмайды;
11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
13) шетелдік жұмыс күші - маусымдық шетелдік жұмыскерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын жұмыскерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
14) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
15) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат;
16) шетелдік жұмыскер - жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттары
3. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат - бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат - кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;
3) үшінші санат - кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат - кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
4. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген квотаның тиісті күнтізбелік жылға арналған санынан аспауға тиіс.
6. Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.
Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағы:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға қолданылмайды.
8. Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
9. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі - алым) алынады.
10. Рұқсат алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген адам «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдек жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және жұмыс берушіге құжаттардың қайтарылғаны туралы (Қағидаларға сәйкес берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.
Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, қолхат береді.
12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) бірінші санат үшін - жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі ай;
2) екінші және үшінші санаттар үшін - он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;
3) төртінші санат үшін - ұзарту құқығынсыз он екі ай;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін - ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.
13. Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдарының негізінде қабылдайды.
14. Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.
15. Жұмыс беруші не оның өкілі өз ұйғарымы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты орналастырады.
16. Жергілікті атқарушы орган «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не жазбаша жұмыс берушіге рұқсатты беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
17. Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.
18. Рұқсатты беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.
19. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.
Жұмыс беруші хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды төлегенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы орган рұқсатты беру туралы шешімнің күшін жояды.
20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
21. Мынадай:
1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.
22. Рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Бұл ретте жұмыс беруші рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Жергілікті атқарушы орган бастапқыда берілген рұқсаттың қолданысын тоқтатуға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган рұқсат қолданысының күші тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ІІМ) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.
23. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.
24. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде бір айдан кешіктірмей «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:
1) өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;
4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
25. Жергілікті атқарушы орган берілген құжаттардың негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.
26. Жергілікті атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушiге рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
27. Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
28. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайдын.
29. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсатты береді.
Жұмыс берушi хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
30. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Бұл ретте жұмыс берушіге рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуге рұқсат етіледі.
Шетелдік жұмыскерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің тіркелген жері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жері бойынша ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етеді.
31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуге келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады.
32. Жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алуды мынадай:
1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 6-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
33. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға - жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға - жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;
5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген жағдайларда тоқтатылады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ-нің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін
Достарыңызбен бөлісу: |