Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет8/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


«ТАМАҚ КОНЦЕНТРАТТАРЫ ӨНДІРІСІ»

§ 1. БУ МЕН СУДЫ ТЕРМИЯЛАУ АГРЕГАТЫНЫҢ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көкөністерді автоклавтарда булау және оны піскен дәрежеге дейін жеткізу процесін жүргізу. Автоклавқа, су термостатына және бу мен суды термиялау агрегатының жуу және тазалау машинасына қызмет көрсету. Автоклавқа шикізатты салу. Автоклавтағы қысымды реттеу, автоклавты босату. Су термостатының жұмысын, шикізаттың түсірілу жылдамдығын, жуу машинасының салқындатқыш суының мөлшері мен температурасын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді анықтау және жою.

Білуге тиіс: әр түрлі көкөністерді термиялық өңдеу технологиясы мен өлшемдері; автоклавтың, су термостаты және бу мен суды термиялау агрегатының жуу және тазалау машинасының құрылысы және пайдалану қағидасы; қолданылатын бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарын пайдалану қағидасы.

§ 2. СОЯНЫ ДЕЗОДОРАТТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сояны дезодораттау процесін жүргізу. Будың қысымын және сояны өңдеу технологиялық процесін реттеу. Дезодораттау сапасын және жабдықтың техникалық жай-күйін бақылау. Процестің аяқталу сәтін айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою.

Білуге тиіс: дезодораттау режимінің технологиясы мен өлшемдері; дезодораторлардың құрылысы мен пайдалану қағидалары; сояның негізгі қасиеттері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану қағидасы; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

§ 3. ӨСКІНДЕРДІ БӨЛУ МАШИНАСЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өскіндерді бөлу машинасында өскіндерді ажырату және бидайдың қабығын аршу процесін жүргізу. Машинаға алдын ала суланған бидайды салу. Бидайдан өскіннің бөлінуін бақылау. Машинаның жұмысын реттеу, оның босатылуын бақылау. Машинаны тазалау және майлау.

Білуге тиіс: бидайдың сапасына қойылатын талаптар; өскіндердің және бидайдың қабығынан бөліну режимінің технологиясы мен өлшемдері; қызмет көрсетілетін машинаның жұмыс қағидаттары мен пайдалану қағидасы.
§ 4. ЖУУ-ТАЗАЛАУ АГРЕГАТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен бумен өңдеу әдісі арқылы картопты жуу, калибрлеу, тазалау технологиялық процестерін жүргізу. агрегаттың барлық тораптарының жұмысын реттеу. Картопты бумен өңдеу режимін, температураны, будың қысымын бақылау. Жуу машинасына шикі картоптың түсу жылдамдығын реттеу. Агрегат жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Картоптың қажетті сапалы жартылай дайын өнімін алуды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: жуу-тазалау агрегатында картопты жуу, калибрлеу, тазалау технологиясы; қызмет көрсетілетін жабдықты және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану қағидасы; картоп пен жартыай дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

§ 5. ҚУЫРУ АППАРАТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуыру аппаратында кофені термиялық өңдеу (қуыру) технологиялық процесін басқару пультінен жүргізу. Шикі кофенің белгіленген рецептура бойынша купаждау үшін қуыру аппаратының бункеріне түсуін реттеу. Қуыру аппаратының толтырылуын бақылау. Кофені термиялық өңдеу режимін бақылау, кофені сулау, түсіру және салқындату, тасын ажырату жұмысы. Кофе қуыру процесінің аяқталуын органолептикалық әдіспен айқындау. Қуырылған кофені алдын ала автоматты таразыда өлшеп алып, пневмокөлікпен ұнтақтау бөлімінің қабылдау бункеріне жіберу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: өндірістің технологиялық схемасы және кофені термиялық өңдеудің жылу режимдері; қуырылған кофенің сапасын айқындаудың органолептикалық әдістері; аппараттың автоматты механизмдері мен бақылау-өлшеу аспаптарының барлық жүйесінің құрылысы және пайдалану қағидалары.

§ 6. ФЕРМЕНТАТОРШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көгерген грибок дақылдарын өсіру және соя ағуыздары мен көміртектерінің грибоктарын протеолет ферменттермен ажырату микробиологиялық процесін жүргізу. Сіңімді орта дайындау, аналық ашытқы дайындау үшін грибоктың таза дақылдарын отырғызу. Грибок өсіру аппараттарында көгерген грибоктың аналық дақылдарының өсуін және жетілуін бақылау. Өндірістің барлық кезеңдерінде соя бұршақтарын стерильдеу. Көгерген грибоктың аналық дақылдарын стерильденген соя бұршақтарына енгізу. Аппараттарда грибок мицелиясының өсуін және олардың шағылыстыруға дейін жетілуін бақылау. Аппараттағы температураны, аппараттың жоғарғы және төменгі шахталарына, жетіліп келе жатқан массаға ауаның үрленуін реттеу. Бөгде микрофлора жұққан массаны ақаулы деп тану. Құрғақ ферменттеу процесін жүргізу және ферменттелетін массадағы температуралық режимді реттеу. Тұз ерітіндісін ферменттелетін массаға енгізу. Экстракциялау процесін жүргізу және ферментативті соусты айдау. Кондиционерге қызмет көрсету.

Білуге тиіс: ферментативті соус өндіру технологиясы; микробиологиялық және биохимиялық процестер; грибоктың қалыпты дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін қолайлы параметрлер; ферментативті соус өндірісіне қойылатын санитарлық талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидасы.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданылған бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген БТБА-ның осы бөлімінде көзделген кәсіптер атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімге енгізілген жұмысшылар кәсіптерінің атаулары

Разряд диапазондары

2004 жылы шығарылған

БТБА бөлімдері мен қолданылған шығарылым бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазондары

БТ

БА шығарылымының №




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Бу мен суды термиялау агрегатының аппаратшысы

4

Бу мен суды термиялау агрегатының аппаратшысы

4

51

Тамақ концентраты

2.

Дезодораттаушы

3

Дезодораттаушы

3

51

-"-

3.

Өскіндерді бөлу машинасының операторы

2

Өскіндерді бөлу машинасының операторы

2

51

-"-

4.

Жуу-тазалау агрегатының операторы

4

Жуу-тазалау агрегатының операторы

4

51

-"-

5.

Қуыру аппаратының операторы

5

Қуыру аппаратының операторы

5

51

-"-

6.

Ферментаторшы

4

Ферментаторшы

4

51

-"-


«Темекі-махорка және ферментациялық өндіріс» бөлімі
§ 1. Хош иістендіруші

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Хош иістендіргіш қондырғыда немесе үстел үстінде қолмен темекіні хош иістендірудің технологиялық процесін жүргізу. Темекіні хош иістендіру үшін рецепт бойынша иістендіргіш жасау және оны мөлшерлегішке салу, иістендіргіштің темекіге берілуін реттеу. Иістендіргіштің шығындалуын, хош иістендірудің сапасын және иістендіргіштің темекіге бір қалыпты жағылуын көзбен бақылау. Органолептикалық әдіс бойынша темекіні хош иістендіруге келіп жатқан ылғалдылықты айқындау. Темекіні жәшіктерге салу, оларды өлшеу, парафинделген қағазбен жабу.

Білуге тиіс: хош иістендіргіш қоспаны дайындау және темекіні хош иістендіру нұсқаулығы; хош иістендіргіш қоспа компоненттерінің қасиеті; хош иістендіргіш қондырғының жұмыс істеу принципі және іске қосу ережесі; иістендіргіш жасау тәсілдері және оны темекіге беру ережесі.
§ 2. Біліктеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктеуші станоктарда махорка түйіршігін ұнтақтаудың технологиялық процесін жүргізу, олардың жұмысын реттеу. Түйіршікті біліктеушінің өн бойына беру және бөгде қоспалардан тазарту. Шегетін махорканың әрбір сортына арналған технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ұнтақтау кезінде махорка түйіршігінің өлшемін сақтау. Станокты жұмысқа дайындау, барлық тораптарды тексеру, оларды майлау және ауыстыру, магниттерді тазарту.

Білуге тиіс: махоркаға арналған нормативтік техникалық құжаттама; махорка түйіршігін белгілі өлшемге жеткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық; біліктеуші қондырғылардың құрылғысы және олардың жекелеген тораптарының өзара іс-қимылы; біліктеуші станоктарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жұмыс істеу принципі.
§ 3. Ферментациялау камераларын тиеуші-түсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекіні ферментациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Этажеркаларға темекі тюктарын немесе бумасын тиеу, оларды ферментациялау камерасында домалату. Темекі тюктарын немесе бумаларын ферментациялау камераларында нұсқаулыққа сәйкес стеллаждарға қатарлау. Ферментациялау режимін көзбен бақылау. Темекілер салынған этажеркаларды шығару, темекі тюктарын немесе бумасын этажеркалар мен стеллаждардан ферментациялау камераларында түсіру, тасу және арнайы бөлінген орынға қатарлау. Ұштамалар мен бауларды тартып байлау инструкциясында белгіленген жерге дейін тарту және байлау.

Білуге тиіс: ботаникалық және тауар сортын сипаттайтын негізгі сыртқы көрсеткіштер; табақты бракқа шығаруға жатқызатын ақаулардың түрлері; тюктарды, бумаларды шартты маркалау; ұштамалар мен бауларды белгіленген жерге дейін тарту және байлау тәсілдері; тюк немесе бумалар бар этажеркаларды тиеу және түсіру ережесі;ферментациялау камераларында және өндіріс орындарында этажеркалардың жылжу нұсқаулығы мен тәртібі; ферментациялау камераларының жұмыс істеу режимінің параметрлері; ферментациялаудан кейін тюктар мен бумаларды қатарлау тәртібі.
§ 4. Сигар жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен бірінші және екінші сортты сигарлар жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Темекі жапырақтарынан сигар пішініне сәйкес кіші жапырақтар пішу. Кіші жапырақтарға жапырақ кесектерін (сигардың едәуір қалың бөлігін нығайту үшін) және салымның белгілі бөлігін салу. Кіші жапырақтарды орау. Жасалатын ормаларды прессформаларға орау және оларды арнайы престерде престеу. Орамаларды жабын жапырақтарға орау. Сигар пішініне сәйкес темекі жапырақтарынан ленталар пішу. Сигардың бас жағын рәсімдеу, жабыстыру, сигарды белгіленген өлшем бойынша кесу.

Білуге тиіс: сигарды қолмен жасау технологиясының мәні; сигар темекілерінің ботаникалық және тауарлық сорттары, оларды айқындау тәсілдері; темекі жапырақтары ақауларының түрлері; престеу ережесі және престелген орамаларға қойылатын талаптар; орау және сигардың бас жағын рәсімдеу жолдары; нормативтік технологиялық құжаттамада сигардың сапасына қойылатын талаптар.
§ 5. Сигар жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сигар өндірісіне сигар шикізатын технологиялық дайындау. Сигар шикізатын трепальді машина тасымалдағышына тиеу. Машинада дайындалатын ұнтақтар үшін мешкалар жасау. Ұнтақтарды тұздықтау. Орау және орамалау машиналарында сигарлар жасау. Кесілген кіші жапырақтарды машина ленталарына салу. Дайын орамаларды орау машиналарының митральездеріне салу. Қаптайтын жапырақтарды машинаның пішінді пышақтарына салу. Сигарларды бұрама пресстерде престеу. Шикізат пен дайындалатын бұйымдардың сапасын бақылау. Жапырақ үзіктерін жәшіктерге жинау. Машиналарды жұмысқа дайындау, шағын кінәраттарды жою, машинаны майлау және тазалау. Жоғары сортты және экспортқа шығарылатын сигарды қолмен жасау.

Білуге тиіс: экспортқа шығарылатын жоғары сортты сигарды жасау технологиясы; сигар темекілерінің жоғары сорты; темекілердің түрлері және ауру белгілері, темекі жапырақтарының ақау түрлері және материалдығы;; мешкалар рецептурасы, оларды асау ережесі мен әдістемесі; мешкаларды тұздықтау нормалары мен ережелері; орамаларды дайындау, сигарларды орау және престеу технологиясы; келіп түсетін шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін машиналардың құрылғысы; негізгі тораптарды тазалау және майлау ережесі, ұсақ бөліктерді ауыстыру, жөндеуден кейін машинаны реттеу.
§ 6. Темекі купаждаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі партиясын, махорка гамузы мен чухр жапырағын папирос, шылым және шегетін махорка өндіруге дайындау. шикізатты ботаникалық және тауар сорттары, салмағы мен ылғалдылығы бойынша, құжаттарды рәсімдеп қабылдау. Тюктерді, бумалар мен қанарларды органолептикалық әдіспен тексеру. Ақау шикізатты бракқа шығару. папиростардың, шылымдардың тиісті сорттарын жасау үшін темекі шикізатын тауар және ботаникалық сорттар бойынша сұрыптау. Сынамаларды іріктеу. Шикізат қасиетінің бұйымның әрбір сортына арналған мешка рецептурасына сәйкестігін тексеру. Қажетіне қарай мешкалардың жұмыс рецептурасына түзетулер енгізу.

Білуге тиіс: темекі және махорка шикізатына нормативтік техникалық құжаттама; бастапқы өңдеу процесі және темекі мен махорка шикізатын кептіру әдісі; белгілі сорттағы өнімді алу үшін шикізат сапасын айқындау ережесі; темекі және махорка бұйымдарының әрбір сортының мешка рецептурасы; мешкаларда ауыстыру кезінде шикізатты ауыстыру және арасалмағын сақтау ережесі, олардың құнын анықтау тәсілдері.

Орта кәсіптік білімді талап етеді

Махорка шикізатымен жұмыс істеу кезінде – 4-разряд.



Темекі шикізатымен жұмыс істеу кезінде – 5-разряд.
§ 7. Кесу машиналары виброелегінің машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесу машиналарының виброелектері мен елегіштерінде махорка түйіршігін елеудің технологиялық процесін жүргізу. Шлюз жапқыштары мен тасымалдағыштарының жұмысын қадағалау. Махорка түйіршіктерін кептіргіш барабандарға тиеу. Пневомкөліктің махорка түйірін виброелектерге беру жұмысын қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою. Виброелектерді, елегіштерді, шлюз жапқыштарын тазалау, майлау.

Білуге тиіс: махорка түйірін елеу технологиясы; виброелектердің, елегіштердің құрылғысы; шлюз жапқыштарының жұмыс істеу принципі; елегіштердің өлшемі; дайын және қайтарымды жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; виброелектердің жұмысында кінәраттардың туындау себептері, оларды жою тәсілдері.
§ 8. Жармалау машинасының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жармалау қондырғысында махорка сабағын түту процесін жүргізу. Берілетін бадыльдың сапасын тексеру. Жармалау машинасын белгіленген рецептураға сәйкес тиеу. Бадыльды жармалау сапасын органолептикалық әдіспен, електердің, балғалар мен мойынтіректердің техникалық жағдайын тексеру. Електерді тазалау және ластану шамасы бойынша ауыстыру. Қондырғы жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: сабақтарды жармалау технологиясы; қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ақаулықтардың себептері; қайта өңдеуге келіп түсетін сабақтардың және жармаланған массаның сапасына қойылатын талаптар; жармалау машинасының құрылғысы және оны іске қосу ережесі.
§ 9. Темекіні үздіксіз ферменттеу желісінің машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекіні үздіксіз ферменттеу желісінде технологиялық процесті жүргізу. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Ферментациялау желісінің (туннельді қондырғы) аймағы бойынша ферментациялаудың технологиялық режимін сақтау. Темекілер тиелген вагонеткаларды қондырғы туннельдеріне тасымалдау және түсіру. Шлюз жапқыштарын көтеру, түсіру және олардың дұрыстығын бақылау. Электр вагонеткалар тиеу-түсіру. Вагонеткалардың, жетектердің, шлюз жапқыштарының техникалық жағдайын бақылау. Электр көтергіштерді зарядтау және тізбектерді майлау. Темекілерді вагонеткалардың сөрелеріне сорттар бойынша дұрыс қатарлауын бақылау. Ферментациялаудан кейін түсірілетін темекі санына есеп жүргізу. Жабдықтарды және учаскені санитарлық күйдің тиісті деңгейінде ұстау.

Білуге тиіс: шикізаттың ботаникалық және тауарлық сортын сипаттайтын негізгі сыртқы көрсеткіштер; темекіні бракқа шығаратын ақаулар; тюктар мен бумаларды шартты маркалау; ферментациялау алдында партияны дайындау ережесі; үздіксіз ферментациялау желісінде вагонеткаларды жылжыту нұсқаулығы және ережесі; желінің жұмыс істеу режимінің параметрлері; қондырғылардың, шлюз жапқыштары мен электр көтергіштердің құрылғысы және жұмыс істеу принципі.
§ 10. Темекіні ферменттеуге дайындау желісінің машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекіні доферментациялық өңдеу желісінде технологиялық процесті жүргізу учаскесі. Ағынды механикаландырылған желінің прессі мен фиксаторына қызмет көрсету. Буманы қалыптастыру және оның фиксаторы бойынша қозғалысын көзбен бақылау. Бумаларды сығымдауға және фиксациялауға арналған желілер мен құрылғылардың жұмысын бақылау. Сығымдалған буманы қағазға буып-түю, оның ортасын дәлдеу, маркалау және штабельге қатарлау. Жабдықты тазалау және майлау.

Білуге тиіс: ағынды-механикаландырылған желіде темекіні стандартты бумаға өңдеудің негізгі технологиясы; бумалардың, материалдардың сапасына қойылатын талаптар; желіге қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар; желіге қызмет көрсету бойынша орындалатын операциялардың ережесі және тәртібі.
§ 11. Темекіні ферменттеуге дайындау желісінің машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті темекіні ферменттеуге дайындау желісі машинисінің басшылығымен темекіні доферментациялық өңдеу желісінде технологиялық процесті жүргізу. Ағынды механикаландырылған желінің жұмысын қамтамасыз ету. Механикаландырылған түптеу, қосқыш және престердің қондырғыларына қызмет көрсету. Жабдықты жұмысқа дайындау, тюктарды қаптамалардан босатып темекіні түптеуге беру. Темекі шикізатының сапасын, темекіні бункерге бірқалыпты берілуін, байламдарды түптеуді, темекіні ылғалдылығы бойынша салқындату үшін қондырғыға берілуін, пайда болатын фарматуралардың фракциялар бойынша дұрыс бөлінуін және пресстің жұмысын көзбен шолу. Темекіні ауа айдағышқа беру жылдамдығын реттеу. Темекіні сорты, салмағы және буманы престеу тығыздығына қарай мөлшерлеу. Қосқыштың және пресстің өнімділігіне қарай темекіні түптеу бойынша қондырғыларды қосу және сөндіру. Қызмет көрсету жабдықтарын майлау, тазалау және реттеуге қатысу.

Білуге тиіс: ағынды-механикаландырылған желіде темекіні өңдеу технологиясы; қайта өңделетін шикізаттың сорты; түптегіштердің, қосқыштар мен пресс механизмінің мақсаты және құрылғысы; қызмет көрсету жабдықтарын тазалау және майлау ережесі.
§ 12. Темекіні ферменттеуге дайындау желісінің машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекіні доферментациялық өңдеу желісінің технологиялық процесін жүргізу. Темекі шикізатын ылғалдылығы бойынша салқындату үшін қондырғыларға қызмет көрсету. Қайта өңделетін шикізаттың ылғалдылығын органолептикалық айқындау, қондырғының тиісті жұмыс істеу режимін белгілеу. Қайта өңдеу шикізатының ассортиментін бақылау. Қондырғылардың барлық тораптарын қосу және сөндіру. Түптегіш қондырғыдан темекінің бір қалыпты түсуін бақылау. Кептірудің әр отсектері бойынша ылғалдау және қыздыру жүйесін реттеу. Қондырғының барлық аймақтарында берілген температураны және тиісті ылғалдылықты, шикізаттың алғашқы немесе түпкілікті жағдайына қарай температуралық режимнің өзгеруін автоматты және қолмен ұстап тұру.

Білуге тиіс: темекінің ылғалдылығын органолептикалық бағалау ережесі; бумаларды жасау үшін қолданылатын темекінің сапасына қойылатын талаптар; қондырғылардың құрылғысы, мақсаты және жұмыс істеу принципі, олардың тораптары мен бөліктерінің өзара іс-қимыл ережесі; темекіні ферментациялауға дайындау желісінің электрлік және жылу жүйесінің схемасы.
§ 13. Махорканы нығыздаушы машинаның машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті машинистің басшылығымен шегетін махорканың будасын жасау кезінде махорканы нығыздау машинасын басқару. Шегетін махорка будасының технологиялық деректерінің сәйкестігін тексеру. Ақау будаларды түрлері бойынша бракқа шығару. Бақылау таразыларында буда массасын тексеру және стандартқа сәйкес емес будаларды бракқа шығару. Этикеткалардағы оттиск баспаларының тазалығын бақылау. Жартылай дайын өнім беретін таразыларды және қосалқы материалдарды тексеру. Машинаны іске қосуға дайындау. Келіп түсетін тараны қабылдау және сапасын тексеру және оларға шегетін махорканың будаларын қатарлау.

Білуге тиіс: махорканы нығыздаушы машинаның жұмыс істеу принципі; шегетін махорканың будаларын жасаудың технологиялық нұсқаулығын; тараның және қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар.
§ 14. Махорканы нығыздаушы машинаның машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шегетін махорканың будаларын жасау кезінде махорка нығыздаушы машиналарды басқару. Махорка түйіршіктерін машина қабылдағыштарына беруді реттеу және оларды науалар бойынша қабылдағыштардан үйлестіру. Машиналарды этикетка қағаздарымен толтыру. Будаларды дұрыс толтырылуын, клапандарды желімдеу тығыздығын реттеу. Клише білікшелерін тазарту, желімдеу аппараттарын желіммен толтыру және оның келіп түсу қалыптылығын бақылау. Грелканың тоқтаусыз жұмысын және будадағы мөрдің дұрыс қойылуын қамтамасыз ету. Машиналардың іске қосылуын тексеру.

Білуге тиіс: махорканы нығыздаушы машиналардың және олардың жекелеген тораптарының құрылғысы мен мақсаты; шегетін махорканың будаларды жасау технологиясы; шегетін махорканың түрлі сорттары үшін қолданылатын махорка түйіршігінің сапасына қойылатын талаптар; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 15. Пневматикалық қондырғы машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пневматикалық тиегіш қондырғыларға қызмет көрсету және реттеу, оның жұмысын қадағалау. Тиегіш қондырғының үстеліне темекіні, махорканы тасымалдағышты қосу және сөндіру. Электр автоматика тізбегіне барабан жетектерін және қондырғының сілку рамаларына қосу. Темекіні, махорканы қолмен шахтаға беру. Шахтаның толу деңгейін, берілетін темекінің, махорканың ылғалдылығын қадағалау. Темекі мен махоркадан бөгде қоспаларды алып тастау. Пневматикалық тиегіш қондырғыларды тазалау және майлау.

Білуге тиіс: пневматикалық тиегіш қондырғының құрылғысы; жұмыс істеу режимінің параметрлері; берілетін кесілген темекінің сапасын органолептикалық бағалау ережесі; қайта өңделетін темекінің маркасы; папирос, шылым, махорка жасау үшін қолданылатын темекінің, махорканың сапасына қойылатын талаптар; пневматикалық тиегіш қондырғыға қызмет көрсету ережесі мен тәртібі.

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау