Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


§ 16. Ағынды-автоматтандырылған темекі өңдеу желісінің машинисі



жүктеу 4,95 Mb.
бет9/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
§ 16. Ағынды-автоматтандырылған темекі өңдеу желісінің машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-автоматтандырылған желіде ірі жапырақты темекіні қайта өңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Бір уақытта түрлі қондырғыларға қызмет көрсету. Ылғалдау және кептіру барабандарының, капоширмашиналардың, мөлшерлегіштердің, тозаңсыздандыру барабандарының, трепальды қондырғылардың, вибротасымалдағыштардың пневматикалық қондырғыларының, ленталы қосқыштардың, темекінің ылғалдылығын тоқтаусыз айқындау қондырғыларының, престеу станцияларының, автоматты таразылардың, тұздықтар мен хош иістендіруші қоспаларды дайындау бактарының, механикалық араластырғыштардың, тұздықтау және хош иістендіру барабандарының, жұқарту станоктарының, сүрлемдер мен сіңдіру станцияларының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес темекі шикізатының әрбір түрі мен сорты үшін технологиялық режимді сақтау. Қондырғылардың жұмыс істеу режимін реттеу. Негізгі технологиялық параметрлер мен шикізат сапасын бақылау. Температураны, ылғалдылықты, қысымды тіркеу аспаптарын қадағалау. Шығындалуды және тұздықтар мен хош иістендіргіш қоспалардың бір қалыпты жағылуын бақылау. Іске қосар алдында қызмет көрсететін жабдықты дайындау және тексеру, оның жұмысындағы кінәраттарды айқындау және оларды жою. Қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау және майлау, реттеу. Жабдықтарды авариялық және жоспарлы жөндеуге қатысу. Жабдықты және учаскені тиісті санитарлық деңгейді ұстау.

Білуге тиіс: темекі шикізатына нормативтік техникалық құжаттама; өңделетін шикізаттың қойылатын негізгі сапалық сипаттамалар; шикізатты қайта өңдеудің технологиялық режимдерінің параметрлері; ағынды-автоматтандырылған желі жабдығының конструкциясы, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; технологиялық процестің негізгі параметрлерін реттеу тәсілдері; жабдыққа техникалық күтім көрсету және пайдалану ережесі мен тәртібі; қызмет көрсететін жабдықты реттеу және жөндеу ережесі.
§ 17. Ағынды-механикаландырылған темекі-шылым жасау желісі мен машиналарының машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Папиростарды гильзалы нығыздаушы агрегаттарда, фильтрсіз шылымдарды шылым жасау машиналарында жасаудың, папиростарды, шылымдар мен қораптарды қатарлау және маркалау машиналарында қатарлау, буып-түю және қаптаудың технологиялық процесін жүргізу. Темекіні және темекі ұсақтарын папирос және шылым жасайтын машиналарға тиеу, оларды қағазбен, бояумен, желіммен толтыру. Қатарлау машиналарына этикеткаларды, маркаларды, қораптарды, папиростарды, шылымдарды, желімдерді тиеу. Бұйымдардың сапасын, белгілердің, кесіктің дұрыстығын көзбен бақылау. Папиростар мен шылымдарды түсіру және оларды кареткаларға қатарлау. Бракқа шығарылған папиростарды, шылымдарды, этикеткаларды, қораптар мен будаларды сұрыптау. Бракқа шығарылған будалардан сапалы папиростар мен шылымдарды іріктеу. Будалар мен қораптарды тараларға буып-түю және қатарлау. Қызмет көрсетілетін машиналардың жағдайын қадағалау, оларды тазалау және майлау. Қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: нығыздаушы-қатарлаушы машиналарда папиростарды, шылымдарды жасау және буып-түю технологиясы; темекінің, қағаз материалдардың, бояудың, желімнің, тараның және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін машиналардың жұмыс істеу принципі және олардың жекелеген тораптарының іс-қимылы; машиналарға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды орындау ережесі мен тәртібі; өнімді бракқа шығаратын себептер, олардың алдын алу және жою тәсілдері.
§ 18. Ағынды-механикаландырылған темекі-шылым жасау желісі мен машиналарының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті машинистің басшылығымен ағынды-механикаландырылған темекі-шылым жасау желісі мен агрегаттарында папирос, шылым жасаудың және будалар мен қораптарға қатарлаудың технологиялық процесін жүргізу. желілер мен агрегаттардың құрамына кіретін машиналардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тазалау және майлау, аппараттарды жуу, құрастыру және орындарына орнату. Шылым жасайтын желі панельдеріндегі таблолар мен жарық индикаторларының көрсеткіштерін бақылау. желілерді немесе агрегаттарды: шылым қағаздарымен, сүзетін мундштуктармен, целлофанмен, фольгамен, үзілетін лентамен, этикеткалармен, бояумен, желіммен, орайтын қағаздармен толтыру. Бұйымның сапасын, белгі, жиектердің дұрыстығын, будаларға немесе қораптарға тығыз қатарлануын көзбен бақылау. Лентамен желімдеу, папиросты немесе шылымды буда пакеттеріне орау және оларды тараға қатарлау. Материалдардың, жартылай дайын бұйымдардың сапасын тексеру. Бракқа шығарылған материалдарды, гильзаларды, папиростарды, шылымдарды, будаларды сұрыптау. Ақау бұйымдарды қайта өңдеу. Дайын өнімнің сапасына әсер ететін желі жабдықтарының жұмысындағы ұсақ кінәраттарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: ағынды-механикаландырылған темекі-шылым жасау желісі мен агрегаттарында папирос, шылым жасаудың, оларды будаларға қатарлаудың негізгі технологиясы; материалдардың, жартылай дайын өнімдердің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; агрегаттарға, автоматтарға, папиростар, шылымдар жасау және қатарлау желілеріне қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау ережесі мен тәртібі; қызмет көрсететін машиналардың тоқтауына әкелетін себептер.
§ 19. Ағынды-механикаландырылған темекі-сигарет желісі мен машиналарының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикаландырылған темекі-шылым жасау желісі мен агрегаттарында папирос, фильтрсіз, фильтрлі шылым жасаудың және будаларға қатарлаудың технологиялық процесін жүргізу. Папирос немесе шылым жасайтын желілерге, агрегаттарға темекіні пневматикалық тиеу жүйесі жұмысын бақылау. Дайын өнімнің сапасына әсер ететін желілер мен агрегаттардың құрамына кіретін машиналардың жұмысындағы кінәраттарды жою, оларды реттеу. папирос пен шылым массасын бақылау. Қапталған өнімдерді маркалау. Дайын өнімнің шығарылуын есепке алу.

Білуге тиіс: папиростар мен шылымдарды жасау, оларды будаларға немесе қораптар мен тараларға қатарлау технологиясы; папирос, шалам жасау желілерінің, агрегаттарының құрамына кіретін машиналардың барлық жүйесіне қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау тәртібі және ережесі; желі немесе агрегат құрамына кіретін машиналарды тоқтау себептері, оларды жою тәсілдері; желі немесе агрегат құрамына кіретін машиналардың барлық жүйесінің негізгі тораптарының құрылғысы, міндеті және өзара іс-қимылы; темекіні пневматикалық тиеу жүйесі және папирос пен шылым желілері автоматикасы таблосының, пульттары мен индикаторларының орны мен мақсаты.
§ 20. Машинист-реттеуші

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бір жүйелі машиналарда темекі және махорка бұйымдарын жасау және буып-түюдің технологиялық процесін жүргізу. Нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес өнім шығару үшін қызмет көрсететін жабдықтың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Техникалық нұсқаулыққа сәйкес темекі бұйымдарының әрбір түрі мен сортына арналған технологиялық режимді сақтау. Шығарылатын өнімнің форматын өзгерту. Шикізаттың және басқа да қайта өңделетін материалдардың келіп түсуіне және шығындалуына есеп жүргізу. Технологиялық процесс барысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты дайындау және іске қосу алдында тексеру, оның жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою, жабдықты тазалау және майлау. Машиналарға ұсақ жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: шикізатқа, материалға және дайын өнімге нормативтік құқықтық құжаттаманы; қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы, конструкциясы, кинематикалық және технологиялық схемасы; машинаны реттеу және жөндеу ережесі; слесарлық іс; сызбаларды оқу ережесі; машиналарға жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу тәртібі.
§ 21. Машинист-реттеуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикалардырылған желілер құрамындағы түрле жүйелі машиналарда темекі бұйымдарын жасаудың және буып-түюдің технологиялық процесін жүргізу. Нормативтік құқықтық құжаттамаларға сәйкес өнімді шығару үшін желілер жабдықтарының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Түрлі жүйедегі машиналардың бірлесіп жұмыс істеуі кезінде жабдықтар мен механизмдерді реттеу. технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес темекі бұйымдарының әрбір түрі мен сорты үшін технологиялық режимін сақтау. Шығарылатын папиростар мен шылымдардың пішіндерін өзгерту. Қайта өңделетін материалдардың түсуіне және шығындалуына есеп жүргізу. технологиялық процестің барысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты дайындау және іске қосу алдында тексеру, жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды айқындау және оларды жою, тазалау әрі майлау. Қызмет көрсететін желілер машиналары мен тораптарын жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін желіге кіретін барлық жүйедегі машиналар тораптары мен бөлшектерінің конструкциясы, құрылғысы және өзара іс-қимылы; техникалық күтім және пайдалану ережесі мен тәртібі, қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және технологиялық схемасы; қызмет көрсететін жабдықты реттеу және жөндеу ережесі; орындайтын жұмыс көлемінде слесарлық іс; сызбаларды оқу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 22. Темекі кесу машинасының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біраз талшық және тозаңы аз махорка түйіршіктерін алу үшін темекі және махорка кесетін гильотин типтегі машиналарда темекі жапырақтарын, махорка гамузы мен чухр жапырағын кесу.темекі және махорка шикізатының дұрыс кесілуін, топ тығыздығын, темекі ылғалдылығын,берілген ассортиментке байланысты талшық енін, қопсытқыш қондырғыларында темекіні айналдыру жылдамдығын сақтау. Машиналардың тиегіш құрылғыларында темекі және махорка шикізатының тұрақты деңгейін ұстау. Темекі және махорка шикізатын машиналарға механикалық берілуін реттеу. механикалық беріліс болмаған кезде – шикізатты қолмен тиеу. Ұсақтарды себелеу жұмысын тексеру. Механизм жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою, пышақтың салынуын реттеу, тозған пышақтарды, түрпілі дөңгелектер мен алмастарды ауыстыру. машинаның техникалық жағдайын қадағалау, оларды тазалау және майлау. Басқару пульттарында жұмыс істеу.

Білуге тиіс: темекі және махорка кесетін машиналарда темекі, махорка гамузы мен чухр жапырағын кесудің технологиясы; темекіге, махорка гамузы мен чухр жапырағына нормативтік техникалық құжаттама; темекі және махорка шикізатына, кесілген темекіге, махорка түйіршігіне қойылатын талаптар; шикізаттың, кесілген темекі мен махорканың сапасын органолептикалық бақылау әдісі; қызмет көрсететін машиналарды пайдалану ережесі; жұмыста брактың және жекелеген кінәраттардың болу себебі; оларды алдын алу тәсілі; табло, пульт және индикаторлардың орналасуы және функционалдық міндеті; қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және электрлік схемасы.

Бағдарламалық басқарылатын жоғары өнімді темекі кесетін машиналарда жапырақты темекі кесу кезінде – 5-разряд.


§ 23. Фильтр жасау машинасының машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фильтр мундштуктары бар шылымдар мен папиростар өндіру үшін ұзындығы алты еселі фильтр мундштуктарын жасау процесі. Машинаның жұмысын, электр блоктау ж»не өнім сапасын көзбен бақылау. машинаны майлау, тазалау және оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою. машинаны фильтр қағаздармен толтыру, ұзындықтың, диаметрдің және фильтрді кесу дұрыстығын қадағалау. Дайын болған фильтр мундштуктарды кареткаға қатарлау және оларды белгіленген орынға орнату.

Білуге тиіс: фильтр мундштуктарын жасау технологиясы; фильтр жасайтын машиналардың жұмыс істеу принципі, негізгі бөліктері мен тораптарының мақсаты; фильтр мундштуктарына, фильтр қағаздарына және қосалқы материалдарының сапасына қойылатын талаптар; брактың себептері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттардың түрлері және оларды жою тәсілдері.
§ 24. Фильтр жасау машинасының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетат талшығынан жасалған фильтр мундштуктары бар шылым өндіру үшін ұзындығы алты еселі фильтр мундштуктарын жасау процесін жүргізу. Машинаны реттеу, оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою, машина тораптарын қағазды және ацетатты шаңнан, желімнен және пластификатордан тазалау. Ацетатты жгутты, пластификаторды, желімді, қағазды машинаға толтыру. Жасалатын фильтр мундштуктардың сапасы мен мөлшерінің дұрыстығын бақылау.

Білуге тиіс: ацетатты талшықтардан жасалған фильтр мундштуктарды жасаудың технологиясы; қызмет көрсететін машиналардың негізгі бөліктері мен тораптарының құрылғысы және өзара іс-қимыл принципі; фильтр мундштуктарының, ацетат талшығының, қағаздың, пластификатор мен басқа да көмекші материалдардың сапасына қойылатын талаптар.
§ 25. Ағынды-автоматтандырылған темекі өндіру желісінің баптаушысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шылым жасайтын, қаптайтын және фильтр жасайтын ағынды автоматтандырылған желілерді баптау, реттеу және жөндеу. Жұмыс барысында ағынды автоматтандырылған желілердің тораптары мен механизмдерін баптау және реттеу. Қызмет көрсететін аппараттарды, агрегаттарды, автоматты схемаларды, қорғау аспаптарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын реттеу мен баптаудың көмегімен ағынды автоматтандырылған желі жұмысының тұрақты технологиялық режимін ұстау. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеудің түрлі түрлерін, күрделі жөндеуді қоса алғанда, орындауға, сынауға және жұмыс жүктемесінде пайдалануға қатысу.

Білуге тиіс: ағынды автоматтандырылған желінің қызмет көрсететін жабдықтарының (аппараттардың, агрегаттардың, автоматты схемаларды, қорғау аспаптары мен бақылау-өлшеу аспаптары); желіге кіретін тораптар мен бөлшектердің конструкциясы, құрылғысы және өзара іс-қимылы; қызмет көрсететін желілер жабдықтарының кинематикалық және технологиялық схемасы; ағынды автоматтандырылған желілерді басқару пультінің схемасы, шылым, шылым фильтрлерін, сондай-ақ темекі бұйымдарын қаптау процесінің технологиялық схемасы мен технологиялық режимінің параметрлері; техникалық құжаттаманы жүргізу ережесі; автоматиканы теңшеу тәртібі және деректер мен параметрлерді ағынды автоматтандырылған желілердің есте сақтау құрылғыларына енгізу; материал тану, электроника, электротехника, автоматтық жүйе негіздері.
26. Ағынды-автоматтандырылған темекі өндіру желісінің баптаушысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шылым жасайтын, қаптайтын және фильтр жасайтын ағынды автоматтандырылған желілерді немесе темекі бұйымдарын өндіру, қаптау және шылым фильтрін өндіру бойынша жекелеген жоғары өнімді автоматтарды баптау, реттеу және жөндеу. Ағынды автоматтандырылған желінің берілген технологиялық режимін айқындайтын омы желінің есте сақтайтын құрылғыларына базалық деректер мен параметрлерді енгізу, сондай-ақ деректер мен параметрлерді есте сақтау құрылғыларынан шығару. Технологиялық режимді өзгерту. Жабдыққа регламентті қызмет көрсету, жоспарлы алдын алу және авариялық жөндеу, сондай-ақ жекелеген тораптар мен агрегат желілерді монтаждау және демонтаждау. Өнім сапасын нашарлататын, ағынды автоматтандырылған желі жабдықтарының жұмыстарындағы өнімділігін төмендететін себептерді, кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: ағынды автоматтандырылған желінің және жоғары өнімді автоматтардың құрылғысы және конструктивтік ерекшелігі; қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеу, баптау және пайдалану ережесі, ағынды автоматтандырылған желінің кинематикалық және технологиялық схемасы; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану ережесі.
§ 27. Ағынды-автоматтандырылған темекі өндіру желісінің баптаушысы

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессор техникасының базасында технологиялық желі жабдықтарын басқару жүйесін баптау, реттеу және жөндеу. Желілердің тест бағдарламалары мен басқару жүйелері құралдарын қолдана отырып желілердің перифериялы жабдықтарын баптау және диагностикалау. Қызмет көрсететін жабдықтың тест және технологиялық бағдарламаларын түзету. Технологиялық жабдықтардың жұмысындағы істен шығуларды талау және жүйелеу және желі жабдығын автоматты басқару жүйесінде қолданылатын бағдарлама тілін қолдана отырып, оларды анықтау және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Жұмыстардың орындалған көлемі бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу. ағынды автоматтандырылған желі автоматикасының есте сақтау құрылғыларына деректер мен параметрлерді енгізу.

Білуге тиіс: ағынды автоматты желілердің және жоғары өнімді автоматтардың құрылғысы және конструктивтік ерекшеліктері; ағынды автоматты желілердің жабдықтарына қызмет көрсету, баптау, жөндеу ережесі; тораптар мен механизмдер жұмыстарының өзара іс-қимылы және синхранизациялау; қызмет көрсету жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтардың себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері; бөлшектеу ережесі; құрастыру және реттеу; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулық; қызмет көрсететін жабдықтың өнімділігімен және шығарылатын өнімнің сапасымен бастапқы материалдарының өзара байланысы; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы және пайдалану ережесі; электроника, электротехника негіздері; күрделі емес бөлшектердің эскиздерін жасау ережесі.
§ 28. Ағынды-автоматтандырылған темекі өндіру желісінің баптаушысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды автоматтандырылған желіде шылым, шылым фильтрін өндірудің технологиялық процесін, сондай-ақ темекі бұйымдарын қаптауды басқару пультінен жүргізу. Автоматика құралдарының және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен берілген технологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Технологиялық режимді бақылау және реттеу. Дайын өнімнің сапасын бақылау. Өнім сапасының нашарлауына және брак деңгейінің көбеюіне, өнімділіктің төмендеуіне әкелетін себептерді жою. Жабдыққа регламентті қызмет көрсету. Техникалық құжаттама жүргізу. Ағынды автоматтандырылған желінің есте сақтау құрылғысына деректер мен параметрлерді енгізу, сондай-ақ деректер мен параметрлерді есте сақтау құрылғыларынан шығару.

Білуге тиіс: темекі шикізатын беруден бастап шылым, шылым фильтрі өндірісінің, сондай-ақ ағынды автоматтандырылған желілерде темекі бұйымдарын қаптау технологиясы және технологиялық режимі; дайын өнімге қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтың басқармасы панелдерінің құрылғысы және конструктивтік ерекшеліктері және ағынды автоматтандырылған желінің электроникасы; жабдықтарды пайдалану және күтім көрсету ережесі; жабдықтардың жекелеген түрінің жұмысындағы кінәраттарды анықтау тәсілдері; есеп жүргізу және техникалық құжаттама жүргізу ережесі, жұмыстың қауіпсіз жолдары.

Шылым, шылым фильтрін өндірудің, сондай-ақ темекі бұйымдарын екі және одан да көп ағынды автоматтандырылған желілердің технологиялық процесін басқару пультінен жүргізу кезінде – 6-разряд.


§ 29. Махорка тозаңын престеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Престе махорка тозаңынан жасанды түйіршік жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Су мен махорка тозаңын преске беруді реттеу. Махорка тозаңын престеу процесінің барысын көзбен қадағалау. Жасанды түйіршіктің белгіленген тығыздығын қамтамасыз ету. Дайындалған жасанды түйіршікті кептіру үшін кептіру барабандарына жіберу. Пресс пен торды тазалау, майлау және престі күрделі емес реттеу.

Білуге тиіс: махорка шикізатының тозаң тәрізді бөліктерінен жасанды түйіршік жасаудың технологиясы; престің құрылғысы және олардың тораптарының әрі елейтін құралдардың өзара әрекеттесуі.
§ 30. Темекі асты ряднасын престеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ряднаны, тысқапты, арқандарды және темекі бойынша басқа да тараны дайындау және престеу. Ряднаны бөлшектеу, темекі тозаңынан тазалау үшін машинаға салу немесе темекі мен тозаңды қолмен қағу. Белгіленген белгілер бойынша тазаланған тараны сұрыптау. Ряднаны жөндеу, кептіру, дезинфкциялау камерасын тиеу және түсіру. Темекі тараларын престерде престеу, қаптау, тігу және тара бумасын маркалау. Тазалау, майлау және күрделі емес престеу.

Білуге тиіс: престің құрылғысы және жұмыс істеу принципі; рядна мен арқанмен қаптауға қойылатын талаптар; тараны қаптау тәсілдері.

§ 31. Иісті махорка мен темекіні жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иісті махорка мен темекіні жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық нұсқаулықта көзделген иістендіргішті жасау. Қажыту камерасына қолмен немесе тасымалдағышпен беріп, махорка немесе темекі тозаңын ылғалдағыш қондырғыға себелеу. Көрсетілген қондырғыларда тозаңдарды ылғалдауды және қажытуды реттеу. Келетін және өңдеуден кейін шығатын тозаңның сапасын тексеру. Қондырғының сыйымдылығын қоспаларымен толтыру. Махорка мен темекі тозаңын таразы бойынша қабылдау және оны өлшеп орайтын автоматтарға тапсыру. Тазалау, майлау және күрделі емес престеу.

Білуге тиіс: махорка және темекі тозаңдарын өңдеу және қажыту жөніндегі технологиялық нұсқаулық; тозаңды ылғалдау және қажытуға арналған қондырғылардың құрылғысы; будың берілуін реттеу және қондырғылардың жекелеген тораптарының жұмысындағы күрделі емес бұзушылықтарды жою ережесі; шикізат пен алынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 32. Фарматура мен қалдықты елеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі және махорка фарматурасын таразылаушы, ірі бөгде қоспалардан тазарту және фарматура тазалағыштарға себелеу. Тазалағыштың жұмысын көзбен шолып бақылау. өңдеуден кейін тазаланған фарматураларды қоймалау орындарына тасымалдау. Ақаулары бар темекі және махорка бұйымдарын қайта өңдеуге қабылдау. Махорка түйірлерін қолмен немесе арнайы қондырғыларда елеу және тазалау. Тазаланған темекі және махорка фарматураларына есеп жүргізу және тапсыру.

Білуге тиіс: қондырғылардың құрылғысы және оның технологиялық схемасы; тазаланған фарматураға қойылатын талаптар; шикізат ақауларының түрлері.
§ 33. Темекіні қопсытушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пневмоқопсытқыш қондырғыларда кесілген темекіні қопсытудың технологиялық процесін жүргізу. Темекі кесетін машиналардан келіп түсетін тоқтаусыз кесілген темекінің ағынын көзбен бақылау. Органолептикалық тәсілмен темекінің ылғалдылығын және оның сапасын тексеру. Темекіні қабылдау және өлшеу. Кесілген темекідегі кінәраттардың (желімделген және бөгде қоспалар) алдын алу және жою. Есеп жүргізу. Пневмоқопсытқыш қондырғыларға қызмет көрсету, майлау және тазалау.

Білуге тиіс: кесілген темекінің кондициясы; темекіні қопсыту жөніндегі технологиялық нұсқаулықты; пневмоқопсытқыш қондырғылардың құрылғысы және пайдалану ережесі; тұндырғыш камераның құрылғысы; темекіні қабылдау және өлшеу ережесі.
§ 34. Темекі жапырағын жайып салушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі жапырағын белгіленген кондицияға және сапа белгілеріне сәйкес ылғалдау процесіне дайындау. темекі жапырақтары бар бумаларды шешу, темекіні кассеталарға немесе жәшіктерге темекі жапырақтарының тік қалпын, темекі тығыздығын сақтай отырып салу. Ақау темекілерді бракқа шығару, сапалы темекіні ылғалдау қондырғысына ауыстыру. Темекі жапырақтарын ұсақ үлестермен ленталы тасымалдағышқа қатарлау. Темекі ұсақтарын жинау. Темекі ряднасы мен арқанын бөлшектеу және оны қоймалау орнынан жеткізу.

Білуге тиіс: темекі жапырағын ылғалдаудың технологиялық нұсқаулығы; темекі жапырақтарын кассеталарға немесе жәшіктерге қатарлау және темекіні тасымалдағышқа салу тәртібі; темекінің кондициясы мен сапа белгілері; темекіні маркалау ережесі.
§ 35. Себуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сепкіштерде махорка түйіршіктерін себелеу процесін жүргізу, олардың жұмысын реттеу, електерді уақытында ауыстыру, тазалау, жұмыстағы ақауларды жою. сепкіштердің және пневматикалық желілердің жұмысын қадағалау, жұмыстағы кінәраттарды жою. махорка түйіршігін біліктеу орнақтарына беретін тасымалдағышқа қызмет көрсету. Дайын жартылай дайын өнімдердің сапасын тексеру және оның фракциялық құрамын реттеу.

Білуге тиіс: махорка түйіршігін себу технологиясы; махорка түйірінің белгілі сортына арналған електердің қажетті жиынтығының құрылғысы, саны және өлшемі; дайын жартылай дайын өнімнің сапасын органлептикалық айқындау; сепкіштерге, пневмо желілерге, тасымалдағыш ленталарға қызмет көрсету нұсқаулығы; машинаның тоқтау, оның жұмысындағы кінәраттардың себептері, оларды жою тәсілдері.

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау