жетіспейтіндерін салу және/немесе жабдықтар сатып алу.
28. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну
шарттары жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға
мемлекеттік қолдау кӛрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.
29. Конкурсты ұйымдастыру және ӛткізу тәртібі, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен
кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, Бағдарламаның осы бағыты
шеңберінде бӛлінген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу жұмыспен
қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдары мен
кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларымен айқындалады.
30. Микрокредит беру шарттары:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мӛлшерлемесімен 5 жылға
беріледі;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
Жеке ісін кеңейтуге микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты
жұмыспен қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартында беріледі;
3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды ӛтеуге және жылжымайтын
тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит беру мерзiмi – 3 жылдан аспайды, 500 мың
теңгеден жоғары сомаға – 5 жылдан аспайды;
5) микрокредит:
жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге 3 млн. теңгеге дейінгі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың ӛңірлік квотасына қосылған ӛңірлерге қоныс аударғандарға 5 млн.
теңгеге дейінгі;
жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар ӛндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге
дейінгі соманы құрайды.
Ұсақ тауарлар ӛндірісін ұйымдастыру үшін 6 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер беру
пилоттық режимде 2016 жылы қабылданатын болады.
6) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит алған қарыз алушыларды қоспағанда,
түпкілікті қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк
серiктестiктерге микрокредит бойынша негiзгi борышты ӛтеу бойынша микрокредит беру мерзімі
ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
7) 500 мың теңгеге дейін микрокредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға негiзгi борышты
ӛтеу бойынша алты айдан аспайтын мерзімге жеңiлдiктi кезең ұсынылады;
8) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн
уәкiлеттi ӛңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы мӛлшерлемесі
ӛңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi ӛңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер
бойынша сыйақы мӛлшерлемесі мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты
жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгіленеді;
9) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша ең жоғары жылдық тиiмдi
мӛлшерлемені ӛңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi ӛңiрлiк ұйым белгiлейдi;
10) соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті ӛңірлік ұйым ұсынатын
микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мӛлшерлемесі ӛңірлік комиссиямен
келісу бойынша белгіленеді. Бұл ретте 500 мың теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша соңғы
қарыз алушы үшін ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мӛлшерлемесі 5 %-дан аспайтын мӛлшерде
белгіленеді;
11) микрокредиттерін мерзімінен бұрын ӛтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін
кеңейту үшін микрокредит алуға қайта ӛтініш беруге және 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға
құқығы бар;
12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған
қаражаты есебінен қайта кредит беруге жол беріледі.
Ескерту. 30-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
31. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамыту және жабдық сатып алу шарттары:
1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу Бағдарламаға
қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен
және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым
жүргізуді болжайды.
Жетiспейтiн инфрақұрылымды жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда –
инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр
немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық
меншігінің теңгеріміне беріледі.
Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе
жетіспейтіндерін салу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
2) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу кәріз, жылумен
және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр желiлерiн алмастыратын
жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін блок модульдермен
(арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды білдіреді.
Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға
қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға
қатысушы жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.
32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін
дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті
атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
33. Жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін
дамытуға және/немесе жетіспейтіндерін салу үшін және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын
жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып
алуға арналған жергілікті бюджет қаражатын айқындалған техникалық шарттарға немесе
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен
бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
34. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін,
оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу және жабдықты сатып
алу жӛніндегі уәкілетті органды ӛз бетінше айқындайды.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық
мал шаруашылығын дамыту үшін инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салудың
және/немесе сатып алынатын жабдықтың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен
мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай берілетін микрокредиттің сомасына
қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.
Шартта кӛзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуын мониторингтеу
инфрақұрылымды дамыту жӛнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.