Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 421,11 Kb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата10.03.2018
өлшемі421,11 Kb.
#12081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

(бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу; 

      3) қызмет кӛрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 

халықаралық кӛрмесін ӛткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді 

тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу; 

      4) практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, кәсіптік оқуға 

материалдық кӛмек беру; 

      5) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс 

орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу; 

      6) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара 

субсидиялау; 

      7) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы тӛлеу; 

       8) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен 

екі бӛлігін уақытша субсидиялау;  

      9) жұмыс берушілерге мемлекеттік грант беру арқылы біліктілік арттыруға және қайта 

даярлауға жіберу. 

      


Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      54. Кәсіптік бағдарлау кәсіпті саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса 



алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау 

Жалпыұлттық дерекқордағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады. 

      55. Кәсіптік бағдарлауды халықтың ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз 

топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру 

саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық 

уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады. 

      56. Кәсіптік бағдарлауды жүргізуді жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мемлекеттік 

сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес 

тартылатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және (немесе) үкіметтік емес ұйымдар жүзеге 

асырады. 

      57. Кәсіптік бағдарлаудан ӛткен адамдар туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» 

автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады. 

      

Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      58. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды 



қамтиды. 

      59. Оқуға үміткерлерді жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, 

Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос 

жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы ӛз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да 

үміткерлер қатарынан да іріктейді. 

      Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту 

орталығы Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӛңірлік 

филиалымен бірлесіп айқындаған кадрларға қажеттілікке сәйкес кәсіптік оқу түрін және білім 

беретін ұйымды таңдайды. 

      Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының, 

Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӛңірлік филиалының, 

сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі 

уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсына 

орналастырылған ұйымдардың және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан 

жүргізіледі. 

      


Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

       59-1. Қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде жұмыстан 



босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-

ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге басым құқық беріледі.  




      Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға 

қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің 

қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады. 

      


Ескерту. Бӛлім 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 

қаулысымен.

 

      60. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жӛніндегі 



біліктілік емтиханынан ӛткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген 

жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру 

ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу 

кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. 

      Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс. 

      Жалдамалы қызметкерлерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жастарды 

ӛндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру 

Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушілердің ӛтінімі 

бойынша жүзеге асырылады. 

      


Ескерту. 60-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      61. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырысы 



шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және ол оқу курсының мазмұнына қарай 

ұзақтығы: 

      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды

      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды; 

      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды. 

      62. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік 

оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары 

мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты 

белгілейді. 

      Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты жұмыспен қамту 

орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен және ӛңірлік комиссиямен 

келісу бойынша оқу орталығы айқындайды. 

      63. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға 

қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жібереді. 

      Бағдарламаға қатысушы жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына орналасудан немесе жұмыс 

беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тӛленген 

материалдық кӛмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, оқыту шығыстары жұмыспен қамту 

мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған шарттарға сәйкес бюджетке 

қайтарылады. 

      


Ескерту. 63-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      64. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кӛрсетілген адамдар оқуын толық 

аяқтағанға дейін жүзеге асыратын болады. 

      64-1. Ӛнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін біліктілігін 

арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін 2016 жылдан бастап жұмыс берушілерге мемлекеттік 

грант беру кӛзделеді. 

      Гранттар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және 

біліктілік деңгейіне қарай оқу процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы 

жергілікті атқарушы органдар белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының 

құнынан жұмыс берушілердің бір адамға кететін шығынының 80 %-ы, бірақ 100 айлық есептік 

кӛрсеткіштен аспайтын мӛлшерде беріледі.»; 

      Жұмыс берушілерге біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар беру 

шарттары жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен 




жүктеу 421,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау