қорытындысы бойынша 5,0 %-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға азайған.
Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8,1 млн. адамнан 8,6 млн. адамға
кӛбейді. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың құрамындағы ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған
адамдардың үлесі 33 %-дан (2010 жылы) 29,4 %-ға (2014 жылдың 4-тоқсаны) азайды.
2013 жылдың басымен салыстырғанда нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың саны 1,0
млн. адамнан 721 мың адамға тӛмендеді.
Жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламаларын іске асыру
жастар арасындағы жұмыссыздықтың ӛсуіне жол бермеуге ықпал етті.
Оның кӛрсеткіші 4,0 % деңгейінде (15-28 жастағы) қалыптасты, бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең
тӛмен кӛрсеткіш болып табылады.
Осылайша, Бағдарламаның іске асырылуы қабылданып жатқан қадамдардың, олардың оң әсері
мен атаулылық бағытының дұрыстығын дәлелдейді.
Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бӛлініп отырған қаражат шалғай ауылдарға дейін
жетіп, қоғамда қордаланған проблемаларды шешуге ықпал етуде.
Алайда, қабылданып жатқан шараларға және оң ӛзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы
теңестірілмеген. 458,6 мың жұмыссыз бола тұра, олардың кӛпшілігі 34-ке дейінгі жаста, бос
жұмыс орындары сақталуда. Еңбек ресурстары сапасының тӛмендігіне және ӛндіріс пен оқытудың
нақты байланысының болмауына байланысты жұмыс күшінің тапшылығы, бірінші кезекте білікті
кадрлардың, техникалық және қызмет кӛрсететін жұмыскерлердің тапшылығы байқалады.
Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ. Жұмыспен
қамтылған халық құрылымында ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі басым. Ӛзін-ӛзі
жұмыспен қамтығандардың негізгі бӛлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығымен
айналысады, олардың табысы кӛбінесе күнделікті тіршілігіне ғана жетеді. Ӛзін-ӛзі жұмыспен
қамтығандардың басым бӛлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді
бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады.
Оларда:
1) еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
2) жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс
орындарын құру);
3) жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз ету (жұмыспен
қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
4) еңбекке ынталандыруды күшейту (кәсіптік бағдар, келісілген әлеуметтік кӛмек кӛрсету)
кӛзделеді.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын ЕНББ-нің кӛпшілікке танылған құрамдастары:
1) мемлекеттік жұмысқа орналастыру қызметтері (бұдан әрі – МЖҚ) қабылдап жатқан
жұмыссыздық кезеңіндегі алдын алу шаралары және жұмыс іздеп жүрген адамдар мен МЖҚ
консультанттарының арасындағы тығыз байланыс;
2) ұдайы есептілік және жұмыс орындарының болуы мен жұмыс іздестіру жӛніндегі қызметке
мониторинг жүргізу;
3) жұмыссыз клиенттерді бос жұмыс орындарына тікелей жіберу;
4) жұмысқа қайту туралы келісімдер немесе жеке іс-қимыл жоспарларын жасау;
5) кәсіптік дағдылардың тӛмендеуін, жұмыс табу немесе ұзаққа жалғасқан жұмыссыздық
кезеңі салдарынан ынталандыру факторларының жоғалуын болдырмау үшін ЕНББ-ға жіберу
болып табылады.
2015 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында
Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында, сондай-ақ «Халықты жұмыспен
қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлемдік тәжірибені бейімдеу
мүмкіндігі ескеріле отырып осы Бағдарлама әзірленді.
Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек
нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және ӛзін-ӛзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған
халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен
қоныс аударушыларды қабылдаудың ӛңірлік квотасына қосылған ӛңірлерге қоныс аударған
оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына
тарту тетіктерін қамтиды.
Бағдарламаның күшті жағы еңбек нарығының сын-талаптарына тез арада ден қою
мүмкіндігінен тұрады. Бағдарламаның әлсіз жағы бюджет қаражаты қысқарған жағдайда
нысаналы топтарды қамту бойынша негізгі индикаторлардың орындалмауына байланысты.
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер
кӛрсеткіштері
Ескерту. 4-бӛлімге ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1029 қаулысымен.
3. Бағдарламаның мақсаты
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу,
жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
4. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында
мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
2020 жылға қарай:
1) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
2) әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;
3) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 4,6 %-дан аспайтын болады.
Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар:
1) ӛзін-ӛзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар – 5,5 %-ы;
2) жұмыссыздар – 11,0 %-ы;
3) атаулы әлеуметтік кӛмек алушылар қатарынан табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды
мүшелерінің жалпы санынан – 20,0 %-ы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.
5. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) ӛзін-ӛзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін
адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту:
Бағдарламаға қатысуға ӛтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;
Бағдарламаға қатысуға ӛтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;
Бағдарламаға қатысуға ӛтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 %;
ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың
үлесі 2016 қарай – 64,5 %, 2020 жылға қарай – 66,5 % болады;
2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін дамыту:
Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа
орналасқандардың үлесі 2016 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 71,0 % болады.
3) атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету жүйесін жетілдіру:
атаулы әлеуметтік кӛмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес
салмағы – 30 %;
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан
Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мақсаттарға,