Халыќты жўмыспен ќамту туралы



жүктеу 191,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі191,5 Kb.
#25058

Халықты жұмыспен қамту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат

МАЗМҰНЫ


      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

      Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

      2) жұмыссыздар - өздерiне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы адамдар;

      3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет);

      4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

      5) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;

      5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;

      6) табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар;

      7) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн Уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;

      8) жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;

      9) рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға;

      10) еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      11) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды адамдар;

      12) еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған қызметi;

      13) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;

      13-1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;

      14) алып тасталды

      14-1) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      15) Уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);

      16) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары;

      17) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп отыратын мемлекеттік орган;

      18) жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн кез келген жеке және заңды тұлға;

      19) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);

      20) экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен курсанттары (магистратураны қоса алғанда), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де тұлғалар.


      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Жұмыспен қамтылған халық

      Жұмыспен қамтылған халыққа:

      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;

      2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;

      3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;

      4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;

      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;

      6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;

      8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту


             туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

      2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.


      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

      4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк


             саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары

      1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.


 

      2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;

      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;

      3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;

      4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;

      5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;

      6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;

      7) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;

      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;

      9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;

      10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;

      11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;

      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;

      14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;

      15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік


             кепілдіктер

      1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

      1) алып тасталды

      2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

      3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

      2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.


      Нысаналы топтарға:
      табысы аз адамдар;
      жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар жатады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ

      6-бап. Орталық атқарушы орган

      1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:

      1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;

      2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;

      3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;

      4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;

      7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;

      8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға мiндеттi.

      3. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2007.01.11. N 218, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

      Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:

      1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және орындау;

      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;

      3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;

      4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;

      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

      5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

      5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;

      5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;

      5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;

      6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      8-бап. Уәкiлеттi орган

      1. Уәкiлеттi орган:

      1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;

      2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;

      3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;

      4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап он күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;

      5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;

      6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

      7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік оқуға жіберуге;

      8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;

      9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;

      10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.

      2. Уәкiлеттi органның:

      1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;

      2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

      3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

      4) еңбек делдалдығын көрсетуге;

      5) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш білдірген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге құқығы бар.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

       9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға


             қатысуы

      1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

      2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;

      2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;

      3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;

      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;

      5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;

      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.

      2. Жұмыс берушi:

      1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;

      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;

      3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;

      4) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;

      5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.

      3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2005.10.22. N 84, 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15. N 253, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi

      1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:

      1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;

      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;

      3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;

      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

      6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;

      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.

      2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:

      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

      2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;

      4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.

      3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.

      4. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осындай қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асырады.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмыс берушiлер жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Кепiлдi жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгiзу тәртiбiн, шарттарын және олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06. N 276 Заңдарымен.

      11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту

      1. Ішкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
      Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.

      2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

      3. Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.

      5. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң шарты мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.


      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, 2006.06.05. N 146, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06. N 276, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және


              аймақтық бағдарламалары

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:

      1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;

      2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөнiндегi шараларды;

      3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;

      4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;

      5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;

      6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;

      7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;

      8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;

      9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;

      10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.

      2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

  3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

      13-бап.

      Ескерту. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау

      Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:

      1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

      2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;

      3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;

      4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.


      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

      15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу

      1. Жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.

      РҚАО-ның ескертуі!


      2-тармаққа 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
 

      2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:


      жеке куәлiгін (паспортын);
      еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;
      әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi (ӘЖК);
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) ұсынған кезде қабылдайды.

      3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.

      4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады.

      5. Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады.

      6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгiзу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.

      7. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.


      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, өзгерту енгізілді - 2007.07.06. N 276 Заңдарымен.

      16-бап. Жұмыссызды есептен шығару

      1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:

      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;

      2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;

      3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;

      4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;

      5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

      6) тұрғылықты жерi өзгергенде;

      7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;

      8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi

      1. Жұмыссыздар:

      1) осы Заңды сақтауға;

      2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;

      3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;

      4) уәкiлеттi органға:
      тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
      тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
      кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
      ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
      мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
      зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.

      2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.


      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

      18-бап. Лайықты жұмыс

      1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.

      2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.


      3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны

      1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.

      2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.

      3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:

      1) нысаналы топтарға әдейi арналады;

      2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

      4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.


      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

      19-бап. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен


              қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды
              бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ
              жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және
              олардың біліктілігін арттыру

      1. Жұмыссыздарда қажеттi кәсiби бiлiктiлiктiң болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жiбередi.

      2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.

      3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.

      4. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, тақырыбына және 1, 2, 3-тармақтарға өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      20-бап. Қоғамдық жұмыстар

      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

      2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.

      4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:

      1) жұмыссыздарға әдейi арналған;

      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;

      3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;

      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;

      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.

      5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:

      1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;

      2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.

      6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

      9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.


      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

4-тарау. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТIЛIК

      21-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы мемлекеттiк


              статистикалық есептiлiк

      1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистикалық есептiлiк белгiленедi.

      2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептiлiк табыс етуге мiндеттi.

      3. Уәкiлеттi органдар статистика, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi өтемсiз негiзде алмасады.

      4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептiлiк табыс етедi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.06. N 276 Заңымен.

      22-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы


              заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
              органдар

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.


      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2006.06.05. N 146, тақырыбына және бірінші бөлікке өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      22-1-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен


                қамту туралы заңнамасының сақталуын
                тексерулер жолымен бақылау, олардың түрлерi
                мен нысандары

      1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:


      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.

      2. Жоспарлы тексеру бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен аспайтындай етiп, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты - шетелдiк жұмыс күшiн тарту рұқсаттарында айтылған шарттарды орындау жөнiндегi тексерудi қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiлуi мүмкiн.

      3. Жоспардан тыс тексерулердi орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мiндеттi талаптарын бұзғаны туралы өтiнiштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгiлерiнiң болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргiзедi.
      Анонимдi өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiз бола алмайды.

      4. Тексеру ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болуына байланысты мемлекеттiк органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.


      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы


              заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті
жүктеу 191,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау