Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 421,11 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата10.03.2018
өлшемі421,11 Kb.
#12081
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы 

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы 

        

 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 



      1. Қоса беріліп отырған «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 

бекітілсін. 

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ӛзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру 

жӛнінде шаралар қабылдасын. 

      3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының 

орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 

бӛлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін. 

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн ӛткен соң 

қолданысқа енгізіледі. 



      Қазақстан Республикасының 

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов 

  Қазақстан Республикасы   

 Үкіметінің         

 2015 жылғы 31 наурыздағы  

 № 162 қаулысымен      

 бекітілген        



   «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы 

   1. Бағдарлама паспорты 

      Ескерту. 1-бӛлімге ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1029 қаулысымен.

 

Атауы 


«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы 

Әзірлеу үшін негіздеме 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 

2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: 

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан 

халқына Жолдауы; 

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ӛткен 2013 жылғы 

23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы 

Әзірлеуге және іске 

асыруға жауапты 

мемлекеттік орган 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі 

Мақсаты 


Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын 

арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту 

Міндеттері 

Ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы 

топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

белсенді шараларына тарту; 

кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялы 

инновациялық дамыту жӛніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту; 

атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету жүйесін жетілдіру. 

Іске асыру мерзімдері 

және кезеңдері 

1-кезең – 2015 жыл 

2-кезең – 2016 – 2019 жылдар 




Нысаналы индикаторлар 

2020 жылға қарай: 

жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; 

әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын 

болады; 

жастар (15-28 жас) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 %-дан 

аспайтын болады 

Қаржыландыру кӛздері 

және кӛлемі 

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыруға республикалық 

бюджетте 2015 жылға 37,3 млрд. теңге кӛзделген. 

Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру кӛлемі Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге 

арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде 

нақтыланатын болады. 

   2. Кіріспе 

      1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: 

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында 

ӛнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды жоғарылату және 

халықтың табысын ӛсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін 

кӛрсетті. 

      Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық 

ӛзгерістердің бүкіл барысында әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы 

құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы 

арттырылуда. 

      Дағдарысқа қарсы реттеу тәжірибесі жинақталды. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) 

шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 

әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық 

қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. 

      Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында 

серпінді ӛзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды. 

      Осы бағдарлама – «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған 

талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және 

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. 

      Бағдарламаға Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 

ақпандағы кеңейтілген отырысында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жӛніндегі 

шараларды кеңейту және жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеу жӛнінде 

шаралар қабылдау бӛлігінде берген тапсырмаларын ескере отырып ӛзектілендірілді. 



   3. Ағымдағы ахуалды талдау 

      Ескерту. 3-бӛлімге ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1029 қаулысымен.

 

      2. Мемлекет басшысының тӛрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда ӛткен Қазақстан 



Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. 

Назарбаев ӛз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын» сақтап қалу 

қажеттігін атап ӛтті. 

      Айталық, 2011 – 2014 жылдар аралығында оның шеңберінде табысы аз, жұмыссыз және ӛзін-

ӛзі жұмыспен қамтыған халық санатынан 462 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 

тартылды. 

      Кӛзделген шараларды іске асыру нәтижесінде 472 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдем 

кӛрсетілді, оның ішінде 66 %-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 121 мыңнан астам адам 

жаңа кәсіп меңгеруге мүмкіндік алды, шамамен 29 мың ауыл тұрғыны жеңілдікті шарттармен 

микрокредит алды. 

      Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді, оның деңгейі 2014 жылдың 4-тоқсанының 



жүктеу 421,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау