Курстық жұмыс



жүктеу 0,89 Mb.
бет1/2
Дата17.11.2017
өлшемі0,89 Mb.
#814
  1   2

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ


Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама

1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы

1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары

1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы

1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар


1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар



ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық

жүйесін талдау

2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы


2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы


2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы

2.3.1. Кiретiн ақпарат

2.3.2 Шығатын ақпарат

2.3.3. Ақпараттық база


2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база

2.3.5.Ақпараттық моделъ

2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер

2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база

2.4. Программалық жабдықтау

2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама

2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы жақсы дамып келе жатқан экономика секторларының бірі - банк саласы. Дағдарысты және ифляциялық процесстерді жеңумен байланысты қазіргі Қазақстанның экономикасының проблемалары, банк жүйесінің одан әрі дамуы мен жетілдіруінде орасан зор практикалық мәні бар. Сонымен қатар соңғының дамуы банктің нарыққа шығуын либеризациялау, несие операцияларын жүргізу, банк қызметін талдау, тәукелді басқару және тағы басқада бағыттарды қамтиды.

Қазіргі заманғы банк жүйесі- бұл клиенттерге көрсетілетін дәстүрліжәне дәстүрлі емес әртүрлі қызметтер саласы. Қазақстан нарықтық экономикаға өтуінен кейін, екінші деңгейдегі банктердің салыққа көрсететін жаңа қызметтерінің бірі несие операцияларын жүргізу болып табылады.

Ақшалай қаражаттар нарығын, әсіресе, несиелік қаржыларын реттеу мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу процесіндегі маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елдің экономикасында қандай ақша массасы айналыста екендігінен, көптеген экономикалық көрсеткіштер байланысты болады.

Мемлекеттік қазынадағы несие резервтерінің болуы елге сәйкесінше халықаралық экономикалық саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Несие процесстерінің қалай қалыптасқанына байланысты, өзінің тауарларын дүние жүзінің нарығына шығарушы көптеген кәсіпорындар- экспортшылар түсімділігіне тәуелді. Сондықтан мемлекет үшін маңызды міндеттерінің бірі елдің несие қаражаттары нарығын реттеу болып табылады. Яғни осының барлығы мемлекеттік бюджеттің көлеміне байланысты.

Курстық жұмыс қазынашылықтың ақпараттық жүйесiн жасауға негiзделген.

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.

Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР аудан қазынашылығында ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен “Қазынашылық кіріс бюджетін бақылаудың” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.

“ Бюджет кірісін бақылау” бөлiмiнде “Бюджет кірісін бақылау” есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.

Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама

1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы


Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.

Қазақстан Халық Банкі 80 жылдан астам уақыт өзінің клиеттерінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттің ең ірі қаржылық институттарының бірі, бүкіл ұлттық көлемдегі филиалдар жүйесін меңгерген, оның негізі бірқалыптылық және тұрақтылық.

Соңғы жылдары елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, ішкі экономикалық қызметтерге деген қызығушылықты тудырып отыр. Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның түрлеріне, сонымен қатар қаржылық-несиелік тіреуіштер.

1994 жылдың басында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде Басты Қазынашылық Басқару құрылды.

Қазынашылықтың құрылуымен қаржы жүйесінің нормативті және құқықтық базалар, жаңа механизмнің құрылуы және кассалық бюджеттің атқарылуы туралы жұмыстар жеңілденді.

Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарының және қаржы құралдарының қорлары болып –мемлекеттік бюджет табылады.

Ол Қазақстан Республикасының республикалық бюджетін және жергілікті бюджеттерді–облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді біріктіреді.

Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен республикалық бюджет– заң болып саналады. Барлық мемлекеттік бюджеттердің кірістері қазынашылықта жинақталады және барлық мемлекеттік бюджеттен кеткен шығыстар қазынашылықтың қарамағында жүріп отырады.

Қазынашылық комитеті республикалық мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы – Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының үкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулы және жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкімімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің жарлықтарымен, Қазынашылық комитетінің деңгейі туралы және қаржы процедурасының ережесімен барлық бюджет жүйесінің бөлімдері қызмет жасайды.

1996 жылы шығындарды қаржыландыру және республикалық бюджеттің орындалуы екі параллельді сыныптама бойынша жүрді.

Қазынашылық жүйесінің негізгі элементі болып Орталық банкте Біріктірілген Қазынашылық Шот (БҚШ) саналады.

1996 жылы 6-шілде айында Қазақстан Ұлттық банкінде Біріктірілген Қазынашылық Шот ашылды. Оған мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасы облыс қазынашылығын басқару кезіндегі кассалық кірістері мен шығыстары аударылады және жазылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазынашылық Департаментіне Біріктірілген Қазынашылық Шотына электронды тапсырыс бойынша түбіртек шот береді. Берілген құжат Қазынашылық Департаментінің Мәліметтер базасына автоматты түрде жазылады. Мемлекеттік бюджеттің деңгейін берілген құжатты өңдеуден өткізіп шығарады, содан кейін оны Үкімет басына және Қаржы Министрлігіне жібереді.

Қазынашылық өзінің қарамағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативті-құқықты актілермен басқарады.

Қазынашылық– мемлекеттің бекіткен ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға. Қазынашылықтың мемлекеттік тілде жазылған мөрі және штампы бар, бланктің үлгісі, сондай-ақ заңмен сәйкес келетін банкте шоттары бар. Қазынашылық өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.

Қазынашылықтың толық аты– «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекеме.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің белгілеуі бойынша Қазынашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі босатқан Төраға басқарады.

Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамындағы Қазынашылық Комитетінен және әр территория бойынша бөлінген облыстардан тұрады. Қазынашылық Комитетінің басқару құрамындағылар:



  • республикалық бюджеттің орындалуы;

  • республикалық бюджеттегі бухгалтерлік есеп және есеп беру;

  • банктегі операциялардағы бухгалтерлік есеп және есеп беруі;

  • мемлекеттік қарыздардың нақтылығы;

  • несиелендіру;

  • ақпараттандыру;

  • бюджеттің кассалық орындалуын бақылау;

  • бюджеттік есептің әдістемесі;

  • технологиялық операциялар және есеп саясаты;

  • сонымен қатар бөлімдері бар:

– қазынашылықты жетілдіру жобасын іске асыру;

– ұйымдық.


Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi
көрсеткiштердi және басымдықтарды анықтау

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттiк бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.


2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау;
      2) жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу;
      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау.
3. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi мынадай нысан бойынша жасалады:
    1)түсiмдер:
   – кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер);
    –алынған ресми трансферттер;
    – несиелердi қайтару;
    2)шығыстар;
    3)бюджет тапшылығы (профицитi);
    4)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану).

4.Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Республиканың индикативтiк жоспарының негiзiнде және өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады.


     5.Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде орталық атқарушы органдарға және облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы), өзге де мемлекеттiк органдарға алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджет түсiмдерiнiң көлемiн болжамдау, алдағы он жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты бағалау және болжау үшiн қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесiн жiбередi.
     6. Орталық атқарушы органдар және облыстың жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгi жiберген көрсеткiштердiң тiзбесi бойынша болжамды деректердi (бұдан әрi - мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
     7. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi және бiр мезгiлде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай ұсыныстар бередi: <*>
      Республиканың индикативтiк жоспарының, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
      1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      8. Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қарыз капиталы рыноктарындағы өзгерiстердiң болжамдарын ескере отырып, Республиканың индикативтiк жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштерi, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш көлемдерi мен құрылымы серпiнiнiң есептеулерi және мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер негiзiнде:
      осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн;
      алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
      тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жасалған шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
      Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген көрсеткiштердi, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн, алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тізбесiн қарайды және анықтайды, сондай-ақ олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды.
      Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк
бағдарламалардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.
      9. Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кірiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн;
      республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi;
      республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн);
      тиiстi қаржы жылының соңындағы үкiметтiк борыштың лимитін;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитін;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнісiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн;
      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
      Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
      10. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
     11. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi

шегінде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн оларды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. <*>


      Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiне және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жеткiзедi.
      Бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жетiмдi болуы тиiс.
     Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарламаны шешу жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiнiп тәптiштеледi.
      Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс.
      Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негізгi кезеңдерiн білдiруi тиiс;


     Қаржы министрлiгi мыналарды қарайды:
      осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген облыстар бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн әрi келiседi;
      бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың жеткiзiлген лимиттерiне, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердің дұрыстығы мен негiзділігі мәнінде.
      Қаржы министрлiгi осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шілдесiне дейiнгi мерзiмде:
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
      ерекшелiктер бөлінісiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемдерiн;
      ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның ішінде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
      республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнің) мөлшерiн;


      тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкіметтiк борыш лимитiн;


      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитiн;
      2) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi:
           акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан түсетiн түсiмдердiң толық тiзбесiн;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтерінің мөлшерiн;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша міндеттемелерін орындау сомасын;
      айлық жалақының, зейнетақының ең аз мөлшерлерiн, айлық есептік көрсеткіштi;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
      Заң жобасымен бiр мезгiлде Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.
     Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдағаннан кейiн Қаржы министрлiгi осы Ереженің 12-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді. Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.

Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу

      1. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын   облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.


      Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары

қажеттi есептеулердi ұсынады.


      2. Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерi, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгілеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
      3. Облыстық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
      4. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы мыналарды қарайды:
      аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды түсiмдерiн әрi келiседi;
      бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тізбесi мен көлемдерiне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтінiмдердi жасауға белгіленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiздiлiгi мәнiнде.
      Олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінімдерi, сондай-ақ ағымдағы жылғы бюджеттiк бағдарламаларды iске  асырудағы нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi. <*>
      Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiкті уәкілеттi орган қорытындысына нысанын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды. <*>
      5. Облыстың бюджет комиссиясы облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, облыстың жергілiкті уәкілетті органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
      6. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген облыстың бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде:
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
      ерекшелiктер бөлінісiнде облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;
      ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның iшiнде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
      облыстық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
      тиiсті қаржы жылының аяғындағы облыстың жергілiкті атқарушы органы борышының лимитiн;
      облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн;
      2) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткіштерiн:
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн;
      жергілікті атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерiн;
      жергiлiкті бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын;
      секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм қабылдайды.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау

      1. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы Республиканың индикативтiк жоспарының және Облыстың индикативтік жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген нысан бойынша жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.


      2. Аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына келiсуге ұсыну үшiн Бiрыңғай бюджеттiк жіктеме кірiстерiнiң жіктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала)
бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамын   қарайды және анықтайды.
      3. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi және мыналар:
      Облыстың индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламалары негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
      Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды енгiзедi.
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудандық (қалалық) бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілеріне жеткiзедi.
      4. Аудан (қала) бюджетiнiң қаражаты жұмсалуының басым бағыттарын, аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер болжамын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
      1) аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн:
      аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердi;
      аудан (қала) бюджетiнiң тапшылығын (профицитiн);
      аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитiн;
      2) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомалары ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
      5. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерiн қоспағанда, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн аудан
(қала) бюджетi шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.
      Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергілiктi уәкілеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткiзедi.
      6. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегiнде инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн оларды ауданның жергiлiктi уәкiлетті органына кейiннен ол ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына енгiзуi үшiн ұсынады.
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетi қаражатынан қаржыландыру тізбесі мен көлемдерiн анықтайды, оларды ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу

      1. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізiнде, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.


      2. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
      3. Ауданның (қаланың) жергілiктi уәкiлеттi органы бюджеттiк өтінiмдердi олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгі, есептеулердiң дұрыстығы мен негізділігi мәнiнде қарайды.
      Олар бойынша жергіліктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаларды іске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ауданның (қаланың) бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi. <*>
      Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган қорытындысының нысанын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды. <*>
     4. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн, ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
      5. Ауданның (қаланың) жергіліктi уәкілеттi органы осы Ереженің 4-тармағында көрсетiлген ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешімдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына мынадай болжамдық көрсеткіштердi енгiзедi:
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң:
      аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемдерi ерекшелiктер бөлінісiнде;
      аудан (қала) бюджетi шығыстарының көлемдерi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бойынша, оның iшiнде инвестициялық жобалар бойынша;
      аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнің) мөлшерi;
      2) алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің;
      аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемi;
      жергілiктi атқарушы органдар резервтерiнің мөлшерi;
      жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi.
      6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетiлген аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шілдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.


жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау