- С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы :
- Тарих пәнінің мұғалімі:
- Алиева Сабахат
- Қазақстан тарихы 8 - сынып
- Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға
- қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайын әңгімелеу.
- Қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа,, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың түрі: : Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен
- жұмыс, түсіндіру, топтастыру
- Пәнаралық байланыс: өзбек әдебиеті, құқық,
- қазақ тілі, сызу
- Сабақ әдісі: шағын лекция, топтық жұмыс,
- сұрақ-жауап, талдау.
- Сабақтың көрнекілігі: Интерактивты тақта, компьютер,
- слайдтар, карта, сызбалар,
- видеороликлар, буклеттер, стикер. Күтілетін нәтиже: сабақты толық меңгерту.
-
- "Шын білім әрдайым ақиқат
- анық болатын білім"
- Сынып сүреттер арқылы 2 топқа бөлінеді:
- " Татулық " " Бірлік "
- әдісі арқылы топтар үй тапсырмасын
- бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пысықтайды
- Үйге тарсырма: Қазақстандағы 1867-1868
- және 1886-1891 жылдардағы
- қабылданған реформалар.
- 1867-1868 жылғы уақытша ереже бойынша қазақ жерінде
- неше генерал-губернаторлық құрылды? Картадан көрсет
- 1886-1891 жылғы уақытша ереже бойынша қазақ жерінде
- неше генерал-губернаторлық құрылды? Картадан көрсет
- 02.03.2016 жыл
- Тақырып:Ұйғырлар мен дүнгендердің
- Жетісуға қоныс аударуы
- Елбасының 2016 жылға
- арналған жолдауы
- қалай аталды?
- Бөкей ордасындағы
- шаруалар көтерілісінің
- болған уақыты:
- ҚР Президенттігіне
- соңғы рет сайлау
- қашан өткізілді?
- ҚР «Тіл» және «Білім»
- туралы заңдары
- қашан қабылданды
- Абылайдың хандық
- билікті басқарған
- уақыты
- Екі жүзді саясат
- ұстанған хан
- Кіші жүзді Патшалы
- Ресей құрамына
- қосқан хан
- “Қазақтармен жоңғарлар
- арасындағы Аңырақай
- шайқасы өтті ”
- Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі:
- Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы.
- Ұйғырлар мен дүнгендер бірігіп, Қытайдың зорлық-
- зомбылығына қарсы көтеріліп, жеңіске жетеді. Сөйтіп
- Тараншы ( Құлжа ) сұлтандығы құрылады.
- Осы сұлтандық Жетісу жеріне қыр көрсете бастайды.
- Бұл қауіпті жою үшін Жетісу генерал- губернаторы Колпаковский Құлжаға басып кіреді.
- Құлжа Жетісудың бір уезі ретінде 1881 жылға дейін бағынышты болды.
- Патша өкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады.
- 1881 жылғы екі ел арасында жасалған Петербург келісімі
- бойынша Ұйғырлар мен дүнгендер қай елдің қол астында болғысы келетіні туралы 1 жыл
- ішінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды.
- Бұл шартты пайдаланған ұйғырлар мен
- дүнгендердің бір бөлігі 1881 жылдан бастап Жетісу
- жеріне өз еріктерімен қоныс аударды. Себебі қытайлар
- ұйғырлар мен дүнгендерге қысым жасап, мазаларын кетірді.
- Дүнгендердің қоныс аударуы 1877 ж желтоқсанда болып,
- сол жылы Қытай жазалаушыларынан қашқан Бый Янь Ху
- бастаған 4 мың дүнген Жетісуға келді
- 45 мың ұйғыр,
- 5 мың дүнген қоныс аударды
- 1897 жылғы жалпы
- санақ бойынша
- ұйғырлар - 56 мың,
- дүнгендер - 14136 адамға көбейді.
- ұйғырлар - 64 мың,
- дүнгендер - 20 мың
- Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен
- Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша өкіметі екі
- түрлі мақсат көздеді:
- Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды.
- 2. Әскери-саяси жағдай шиеленісіп кеткен жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.
- 20-25 десятина жер берілсе
- Қоныс аударушы орыс
- шаруаларының әрбір ер азаматына
- ереже бойынша 10 десятина жер
- беру керек болатын, бірақ 3 десятинадан
- ғана жер берілген
- Ұйғыр, дүнген егіншілеріне
- қосымша күшті талап ететін
- қолмен суландырылатын жерлер берілді.
- Жетісу өңірінің шұрайлы,
- топырағы құнарлы жерлері берілді
- Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді- дақылдар өсірумен айналысты
- - Мақта, жібек құртын өсіруменде айналысты
- Суармалы жер шаруашылығын, жер өңдеуді жақсы меңгерген.
- Қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды
- Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Малды көлік не жұмыс күші ретінде ұстады
- Алыпсатарлықты да кәсіп етті. Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты.
-
- Орыстар ұйғырларды “ Таранчи ” деп атаған.
- Ол жер жыртушы, диқан деген мағына береді.
- Атақты бай ұйғыр Вали Ахун Юлдашев болып,
- оның бір өзі 10 мың десятинаға дейін жерді
- жалға алатын.
- В.А.Юлдашев өз қаражатына Ұлыбританиядан
- алдыртқан кемесін Іле өзеніне алғашқылардың
- бірі болып жүргізді.
- Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын
- Бый Янь Ху басқарды.
- Қазіргі Алматы
- облысында 6 ұйғыр
- болысы ұйымдастырылды
- Дүнгендердің кәсіпшілігі:
- Кәсібі егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау
- ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады.
- Мал өсіру қосалқы сипат алды.Жүк тасу кәсібімен айналысу үшін жылқы мен өгіз ұстады.
- Қамыстан ши тоқыды
- Сынған ыдыстарды құрсаулап жөндеуді кәсіп етті.
- “.... Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі
- тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында
- қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына
- өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы
- келетіндер бір жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы
- тиіс...”
- 1881 жылғы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісім шартынан
- Қазақстан тарихы Халықтар мен мәдениеттер Алматы 2000ж 220 бет
- Қытайдың батысын, Қазақстан мен Орта Азия аймағын мекендейтін түркі тілдес отырықшы халық
- Мұсылман дінін ұстанатын қытай
- тілдес халық . Тілдері қытай
- тіліне жақын
- Дүнгендердің ғажайып ертегілері бар. Ертегілер мен аңыз
- әңгіме айтушылар “фофуди” деп аталды.
- Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетін зерттеумен
- кезінде Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский, В.И. Роборовский
- және басқалары айналысты. Олар бұл халықтардың тарихы,
- этнографиясы, мәдениеті жөнінде бай мағлұматтар қалдырды.
- Ұйғыр ақындарының шығармаларында 1916 жылғы
- оқиғалар да өз көрінісін тапты. Ол кезде ұйғырлардың
- да ер азаматтары майдан тылында жұмыс істеу үшін
- әскер қатарына шақырылған болатын.
- Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениеті
- Ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіштеріне,
- дүниежүзілік мәдениет қорына жататын
- “ Он екі мұқам ” осы халықтың рухани ғажайып
- төл туындылары. Мусса бен Айса Сайрамидің бұл
- еңбегі мәңгі есте қаларлық шығарма.Осы кітап
- 1905 ж Қазақстанда басып шығарылды
- Қазақстан - көпұлтты мемлекет
- ҚР -ң конституциясы 14 бап 2 тармағы
- “ Тегіне, әлеуметтік , лауазымдық
- және мүліктік жағдайына,
- жынысына нәсіліне, ұлтына,
- тіліне, дінге көзқарасына,
- нанымына, тұрғылықты
- жеріне байланысты ешкімді
- ешқандай кемсітуге болмайды.”
- Елдегі биліктің әр бұтағынан да өзге ұлт
- өкілдерін кездестіруге болады. Конституция
- бойынша Парламент мәжілісіне 9 депутат
- Қазақстан Халқы Ассамблеясының
- атынан сайланады.
- ҚР -ң конституциясы 51 бап 1 тармағы
- Тәуелсіздігіміздің 25-ші жылына аттаған еліміздің бүгінгі жетістігі ол бір ғана бірліктің, татулықтың, ынтымақтастықтың арқасында болды. Осы бірлікпен татулықтың арқасында Қазақстанымызды бүкіл
- дүние жүзі әйгілі халық, әйгілі мемлекет ретінде тән алып,
- «Шығыстың барыстары» деп жүретін мемлекеттер қатарына
- қосылдық. Бүгінде елдегі татулықтың берік тірегіне айналған
- мызғымас институт Қазақстан Халқы Ассамблеясы
- табысты жұмыс істеп келеді. Тілі басқа болса да тілегі бір,
- жүзі басқа болса да жүрегі бір жүз отыздан аса ұлт үшін бір ғана мүдде –достық болса, олардың ортақ арманын
- бір ғана Отан орындайды. Ол Тәуелсіз Қазақстан дея отырып өз сөзімді өлең жолдарымен аяқтаймін:
- Бір ата бір ананың түлегіміз
- Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
- Бірлік барда тірлік бар деген бабам
- Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз!
- Жаңа сөздер:
- Десятина –(1,09 гек. тең жер көлемі)
- Тараншы - жер жиртушы, диқан
- Конституция –(лот.constitutio)-заң,
- құрылу
- Ассамблея –(фр. assamblee)-мәжіліс,
- жиналыс
Тараншы деп ұйғырларды кімдер атады? - Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші ?
- 1881 жылы Патшалы Ресей мен Қытай арасында жасалған келісім қалай аталды?
Мына тұлғалар ұйғырлар мен дүнгендер мәдениетін зерттеді ма? Артығын тап. Сәйкестендіру тесті | | | | | - Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына орыс халқының қысым көрсетуі себеп болды.
| | | | - Қытай мен Патшалы Ресей арасында жасалған келісім “ Пекин ”келісімі деп аталды.
| | | | - Дүнгендерде ертегі мен аңыз айтушылар “ Фофуди ” деп аталды.
| | | | - Ұйғырлар егіншілік, бау-бақша өсіруді жақсы меңгерген
| | | | - Ұйғыр ақындарының шығармаларында 1916 жылғы оқиғалар да көрініс тапты.
| | | | - Ұйғырлар мен дүнгендер христиан дінін ұстанады.
| | | «Кубик лақтыру» ойыны: - 1.Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанның қай аймағына қоныс
- аударды?
- Қай жылдан бастап ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға
- қоныс аудара бастады?
- Алғашқы уақытта қоныс аударған ұйғырлардың саны
- қанша?
- Жетісудың қосымша күшті талап ететін қолмен
- суландырылатын жерлері кімдерге берілді?
- Ұлыбританиядан Вали Ахун Юлдашев өзінің қаражатына
- Не алдырды?
- Қытай мен Патшалы Ресей арасындағы Петербург келісімі
- Қай жылы болды?
- 7. Тараншы қандай мағына білдіреді?
- 8. Қазіргі Алматы облысында қанша ұйғыр болысы
- ұйымдастырылды?
- Жетісуда алғаш күрішті еккен кімдер?
- 10. Ұйғырлар мен дүнгендер қай дінді ұстанды?
- - Саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындасан жасыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер
- - Сабақта сал түсінбеген жерлерің болса сары жұлдыз іліңдер
- - Саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болса қызыл түсті жұлдызды таңдаңдар
- Үйге тапсырма:
- §29. Ұйғырлар мен дүнгендердің
- Жетісуға қоныс аударуы. Мазмұнын оқу
- «Татулық» топы: тақырыпқа сай реферат
- жазып келеді
- «Бірлік»топы: тақырып бойынша он
- сұрақтық тест құрастыру
- " Қазақстан - мемлекет құрушы ұлт, сондықтан
- басқа ұлт өкілдері мемлекет құрушы ұлтқа, оның
- тілі мен мәдениетіне аса бір сыйластықпен
- қарауы керек."
Достарыңызбен бөлісу: |