Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 421,11 Kb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата10.03.2018
өлшемі421,11 Kb.
#12081
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

      

Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029

 қаулысымен.



 

      67. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кадрлар даярлау және жалдамалы қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру үшін қызмет кӛрсету саласында ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге оқыту 

шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. 

      Оқыту шебер сыныптары практикалық сабақтар қолданыла отырып ӛткізіледі. 

      Оқыту шеберлік сыныптарын ӛткізу үшін практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті 

мамандар, оның ішінде табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандар 

тартылады. 

      

Ескерту. 67-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      68. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын 



ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі 

жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа 

орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсетуді ұйымдастыру 

және қаржыландыру қағидаларында айқындалады. 

      69. Іске асыру тетігі: 

      1) үміткерлер тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту 

орталықтарына Бағдарламаға қатысуға ӛтінішпен жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері 

жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 

шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және 

оларға мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 

сәйкес құжаттарды ұсынады; 

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары: 

      ұсынылған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға 

қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не 

одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар бос жұмыс орындарына не жұмыс 

берушілер ӛз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс 

орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ 

жастар практикасын ӛту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем кӛрсетеді; 

      3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға 

қатысушылар жұмыс берушілер мәлімдеген мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі; 

      4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік 

келісімшарт жасалады. 

      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымы мен жұмыс 

беруші де әлеуметтік келісімшарт тараптары болады. 

      Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не 

қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мӛрмен куәландырылған 

жазбаша ӛтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын растайды. 

      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын 

ұсынатын жұмыс берушілер ӛтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын 

талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық 

(кәсіп), білім беру ұйымын, ӛндірістік практикадан ӛту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс 

істеу кезеңін кӛрсетеді. 

      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары 

ӛтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, ӛндірістік практикадан 

ӛтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты кӛрсетеді; 

      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары әр 

айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына шығарылған Бағдарламаға қатысушылар 

туралы ақпаратты және оқитын Бағдарламаға қатысушылардың сабаққа келуін есепке алу табелін 

ұсынады. 




      5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс 

берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан – халықты жұмыспен қамту орталықтары, 

халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту 

мәселелері жӛніндегі уәкілетті органы бақылайды. 

      6) халықты жұмыспен қамту орталықтары ӛнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардан 

білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екісін уақытша субсидиялауға ӛтініштер 

жинауды және қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға мемлекеттік гранттар беруді жүзеге 

асырады және Бағдарламаға қатысушылардың тиісті тізімдерін қалыптастырады. 

      

Ескерту. 69-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

   Аумақтық ұтқырлықты арттыру 

      70. Бағдарлама шеңберінде аумақтық ұтқырлықты арттыру: 

      1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті 

тӛмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына; 

      2) 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи және Красногорский 

елді мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға; 

      3) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Маңғыстау облысы Жаңаӛзен 

қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға; 

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс 

аударушыларды қабылдаудың ӛңірлік квотасына қосылған ӛңірлерге қоныс аударған 

оралмандарға және қоныс аударушыларға қатысты жүзеге асырылады. 

      Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді мекендерден ӛз 

еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды 

қабылдаудың ӛңірлік квотасына қосылған ӛңірлерге қоныс аударған оралмандардың және қоныс 

аударушылардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдау алу тәртібі жұмыспен 

қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға 

мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсету қағидаларында айқындалады. 

      Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс 

аударуы және оларға мемлекеттік қолдау кӛрсету ӛңірлік комиссия шешімінің негізінде жүзеге 

асырылады. 

      Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс 

аударуын және оларға мемлекеттік қолдау кӛрсетуді ұйымдастыру үшін облыс шегінде тұрғын үй 

салу (сатып алу), реконструкциялау кӛзделеді. 

      


Ескерту. 70-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      71. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді 



мекендерден және Маңғыстау облысының Жаңаӛзен қаласынан әлеуметтік-экономикалық даму 

әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық ӛсу орталықтарына қоныс аударуы: 

      1) бір ауданның ішінде; 

      2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық 

маңызы бар қалаға); 

      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады. 

      Оралмандар мен қоныс аударушылардың қоныс аударуы Қазақстан Республикасының Үкіметі 

айқындайтын ӛңірлерге жүзеге асырылады. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс 

аударушыларды қабылдаудың ӛңірлік квотасына қосылған ӛңірлерге қоныс аударған 

оралмандарға және қоныс аударушыларға әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді 

мекендерге тұру қажеттілігі мен қоныс аударуға жұмыс берушілердің қатысуы туралы талаптар 

қолданылмайды. 

      


Ескерту. 71-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 



жүктеу 421,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау