Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 421,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата10.03.2018
өлшемі421,11 Kb.
#12081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

      35. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы 

агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі: 

      1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi; 

       2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің 

қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын 

әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жӛніндегі уәкілетті 

органымен келісу бойынша бекітеді.  

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру ауыл шаруашылығы ӛнімдерінің нақты 

түрлерін ӛндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша ӛңірлерді 

мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес 

жүзеге асырылады. 

      Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит 

беру ӛңірлік комиссиялар айқындаған ӛңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес 

жүзеге асырылады; 

      3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін 

уәкілетті ӛңірлік ұйымдарды айқындайды

      4) уәкiлеттi ӛңiрлiк ұйымдар жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган 

бекітетін Микроқаржы ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит беру 

қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын 

және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс ӛткiзедi. 

      Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс 

ӛткізбей, соңғы қарыз алушыларға микрокредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті 

ӛңірлік ұйымның ӛзі жүзеге асыруы мүмкін; 

      5) уәкiлеттi ӛңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе 

кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады. 

      Уәкілетті ӛңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, микрокредит ұсыну 

туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады. 

      6) Бағдарлама операторы ӛз құзыреті шегінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті ӛңірлік 

ұйым, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген 

кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес ӛздеріне 

қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады. 

      Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті, микрокредиттерді беру және ӛтеу, қатарынан 3 

айдан астам микрокредиттерді ӛтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы 

бойынша қарыздардың сомасы жӛніндегі ақпаратты, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын 

ӛтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген халықты жұмыспен қамту 

орталығына әр айдың 5-күнiне дейін ұсынады; 

      7) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті ӛңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредит) 

ұйымдары не микрокредиттік серіктестіктер «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар 

және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроға микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол 

берген және кредиттерді ӛтеу кестесін бұзған адамдарды қоса алғанда, микрокредит алған 

Бағдарламаға қатысушылардың тізімін ұсынады. 

      

Ескерту. 35-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      36. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау 



шараларын ұсыну тетігі: 

      1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бӛлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер 

халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде 

микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі; 

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар 

құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды; 




      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды Кәсіпкерлерге 

қызмет кӛрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (сервистік қызмет кӛрсету 

жӛніндегі ұйым) жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар 

әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі; 

      4) микрокредиттер беру: 

      Бағдарламаға қатысушы Кәсіпкерлерге қызмет кӛрсету орталығының немесе Кәсіпкерлікті 

қолдау орталығының жәрдем кӛрсетуімен жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға 

қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті ӛңірлік 

ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға ӛтініммен жүгінеді; 

      5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін Кәсіпкерлерге 

қызмет кӛрсету орталығымен немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бір жылға дейінгі 

мерзімге жобаны сүйемелдеу жӛніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік 

және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы. 

      6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту: 

      халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті ӛңірлік 

ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң 

қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жӛніндегі уәкілетті органға Бағдарламаға 

қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту 

үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе 

жетіспейтіндерін салуды және/немесе жабдық сатып алуды талап ететін Бағдарламаға 

қатысушылардың тізімдерін жібереді; 

      Бағдарламаға қатысушылар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін 

объектілерін дамыту үшін қажет болса, техникалық паспортты, жер актісін, жер учаскесін бӛліп 

беруді және техникалық шарттарды ұсынады; 

      инфрақұрылымды дамыту жӛніндегі уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын 

жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе жабдықтар сатып алу 

мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қажетті қаржыландыру кӛлемі туралы қорытынды 

дайындайды және қабылданған шешім туралы халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар 

етеді; 


      7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды 

дамыту жӛнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады. 

      

Ескерту. 36-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

   Тірек ауылдарды кешенді дамыту 

      Ескерту. "Тірек ауылдарды кешенді дамыту" бӛлімі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029 қаулысымен.

 

   Үшінші бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы 



жұмысқа орналасуға жәрдемдесу 

      51. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа 

орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру 

жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. 

      52. Үшінші бағыттың мынадай құрауыштары бар: 

      1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; 

      2) аумақтық ұтқырлықты арттыру. 

   Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу 

      53. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай 

түрлері ұсынылады: 

      1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда кӛмек кӛрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері 

бойынша консультациялар, психологиялық бейімдеу жӛніндегі қызметтер; 

      2) біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына 




жүктеу 421,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау