ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ
МИНИСТРІ
|
|
МИНИСТР
ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
___________________________ № _______________________
Астана қаласы город Астана
Газбен жабдықтау жүйелері
объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі
талаптарды бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармақтың 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттк органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағын 1), 2) және 3) тармақшалармен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау бағыттайтын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар даму
министрі
|
Ж. Қасымбек
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____»_______________
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «____»_______________
|
|
Об утверждении Требований
по безопасности объектов
систем газоснабжения
В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» ПРИКАЗЫВАЮ:
1. Утвердить прилагаемые Требования по безопасности объектов систем газоснабжения.
2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасностью Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
(Ержанов А.К.) обеспечить:
1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
3) размещение настоящего приказа на интернет – ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет – портале государственных органов;
4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.
Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
|
Ж. Касымбек
|
«СОГЛАСОВАН»
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________________ К. Бишимбаев
«____»_______________ 2016 года.
|
|
«СОГЛАСОВАН»
Министр энергетики
Республики Казахстан
____________________ К. Бозумбаев
«____»_______________ 2016 года
|
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы « »____________
№ бұйрығымен
бекітілген
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі
талаптар
1. Жалпы ережелер
Қолданылу саласы және тәртібі
1. Осы Талаптарда отын ретінде пайдаланылатын артық қысымы 1,2 МПа (12 кгс/ шаршы см.) аспайтын сұйытылған табиғи газбен және артық қысымы 1,6 МПа (16 кгс/ шаршы см.) артық сұйытылған мұнай газымен (бұдан әрі – СМГ) жабдықтау жүйелерін жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар белгіленеді.
2. Талаптар мыналарға:
1) қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің (кентаралық елді мекендерді қоса алғанда), өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың газ құбырларына (бұдан әрі кәсіпорын – газ жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар);
2) газ реттейтін пункттерге (бұдан әрі – ГРП) және газ реттейтін қондырғыларға (бұдан әрі – ГРҚ);
3) газ толтыру станцияларына (бұдан әрі – ГТС), газ толтыру пункттеріне (бұдан әрі – ГТП), аралық баллондар қоймаларына (бұдан әрі – АБҚ), шкафты газ реттеу пунктіне (бұдан әрі – ШРП), стационарлық автомобильді газ құю станцияларына (бұдан әрі – АГҚС), сұйытылған газдардың резервуарлық, топтық және жеке баллон қондырғыларына;
4) газбен жабдықтау ұйымдар – тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын газ тарату не газ желісі ұйымдарына;
5) барлық мақсаттардағы ғимараттардың ішкі газ құбырлары мен газ жабдығына қолданылады.
Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Талаптарда мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
1) авария – қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарылуы;
2) инцидент – қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе зақымдалуы, технологиялық процесс режимінен ауытқу, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
3) аварияға қарсы қорғану – газды авариялық ажырату қондырғысы;
4) блоктау – персонал қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда газ жіберуге немесе агрегатты қосуға тыйым салу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғы;
5) газ пайдалану жабдығы (қондырғылар) – технологиялық процесінде газ отын ретінде пайдаланылатын жабдық. Газ пайдалану жабдығы ретінде қазандықтар, турбиналар, пештер, газ піспекті қозғалтқыштар, технологиялық желілер және басқа жабдықтар пайдаланылуы мүмкін;
6) газ қауіпті жұмыстар – газдалған ортада орындалатын немесе олардың кезінде газ шығуы ықтимал жұмыстар;
7) газ қазандықтары – тауарлық газдарды және сұйытылған мұнай газдарды жағуға арналған қазандықтар;
8) газ тарату торабы – кент аралығын қосқанда қоныстардың (қалалық, селолық және басқа да) сыртқы газ құбырлардан тұратын газ тарату жүйенің технологиялық кешені, газ тарату станциясының шығыс өшіретін құрылғыдан (бұдан әрі - ГТС) немесе басқа газ шығудың көзінен газ тұтыну объектіне. Газ тарату торабына газ құбырлардағы ғимараттар, электрхимиялық қорғау құралдар, газ реттеу пункты (бұдан әрі – ГРП), шкафты реттеу пункты (бұдан әрі – ШРП), газды тарату технологиялық процессінің (бұдан әрі – ГТ ТП), автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі – АБЖ);
9) сыртқы газ құбыры – ажырату құрылғысына дейін немесе ғимаратқа енгізілетін футлярға дейін ғимараттардан тыс салынған жерасты, жер және жер үсті газ құбыры;
10) таратушы газ құбыры – газ тұтынушыларға газбен жабдықтау көзінен бастапқы газ құбырларына дейін тауарлық газдың берілуін қамтамасыз ететін газ тарату жүйелерінің газ құбыры;
11) кентаралық газ құбыры – газ тарату жүйелерінің қалалар мен елді мекендердің аумағынан тыс салынған газ құбыры;
12) енгізу газ құбыры – таратушы газ құбырына қосылатын жерден енгізілетін газ құбырының алдында ажырату құрылғысына дейін немесе ғимаратқа енгізілетін футлярға дейінгі газ құбыры;
13) енгізілетін газ құбыры – ғимарат қабырғасы арқылы футлярда өткізілген газ құбырды қосқанда, ішкі газ құбырына дейін сыртта орнатқан кезінде ғимараттың енгізудің сыртында орнатылған ажырату құрылғысынан газ құбырының телімі;
14) алаңынан тыс газ құбыры – кәсіпорының өндіріс аумағынан тыс жататын таратып тұратын газ құбыры, қайсысы өнеркәсіптік тұтынуышына газбен жабдықтау көзінен газ беруді қамтамасыз етеді;
15) ішкі алаңдағы газ құбыры – кәсіпорының өндіріс аумақтың ішінде жататын өнеркәсіптік тұтынуышына газ беруді қамтамасыз ететін таратып тұратын газ құбырының учаскесі (енгізу).
16) ГРП, ГРҚ – газ қысымын төмендетуге және оны газ тарату тораптарында белгіленген деңгейде ұстап тұруға арналған технологиялық құрылғы;
17) блокты газ реттеу пункті – газ қысымын төмендетуге және оны газ тарату тораптарында белгіленген деңгейде ұстап тұруға арналған, тасымалдауға жарамды блок түрінде жасалған (контейнерде) толық зауыттық дайындылығы бар технологиялық құрылғы;
18) газ-ауа жолы – газды пайдалану қондырғының оттығы ішіндегі кеңістігін қоса алғанда, ауа құбырлары мен түтін (газ) құбырларының жүйесі;
19) газ тұтыну объектісі – ішкі газ құбырларының желісін, газ жабдықтары мен газ пайдаланатын қондырғыларды, қауіпсіздік автоматикасының, бұғаттаудың, сигнализациясының, газдың жану процесін реттеу және басқару жүйесін, бір өндірістік аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өндірістік және технологиялық жүйе;
20) газбен жабдықтау жүйесінің объектілері – кәсіпорын аумағында орналасқан газдандырылған өндірістік және әкімшілік–тұрмыстық ғимараттардың газ құбырлары, ГРҚ, СМГ қондырғылары, газ құбырларындағы құрылыстар, электр химиялық тоттанудан қорғау құралдары, ГРП, газ реттеу қондырғылары, газ жабдықтары;
21) газдың қауіпті шоғырлануы – газдың жарылысқа бейімділігінің ең төменгі шегінің 20 пайызына (бұдан әрі - %) тең шоғырлану (газдың көлемдік үлесі);
22) диагностика – қалған ресурстарды айқындау мақсатында оны тіршілік циклін ұзартудың бүкіл мерзімінде қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ұсынымдарды немесе ауыстыру қажеттілігінің негіздемесін әзірлей отырып, газ құбырларының, газ жабдықтарының (техникалық қондырғылар) техникалық жай-күйін айқындауға арналған ұйымдық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешені;
23) ретке келтіру жұмыстары – сенімді және қауіпсіз пайдалана отырып, жабдықтарды, жүйелер мен коммуникацияны берілген көлемдегі, техникалық-экономикалық көрсеткіштері оңтайлы талап етілетін сапасындағы өндірістік процесті қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындауға дайындау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені. Реттеу жұмыстарына іске қосу-реттеу (жабдықтарды жеке сынау және кешенді сынамалау) және режимдік-реттеу сынақтарын қамтиды;
24) дәнекер болып тұратын бөлшектер (фитингтер) – газ құбырының бағытын өзгертуге, учаскелерді жалғастыруға, тармақтауға, қосуға арналған газ құбырының элементтері;
25) есептік қысым – есептік ресурс ішінде сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі мөлшерлерді негіздеу кезінде беріктікке есептеу жүргізілетін газ құбырындағы барынша артық қысым;
26) есептік пайдалану ресурсы – объектіні пайдалану басталғаннан немесе жөндеуден соң қайта қалпына келтіргеннен кейін оның шекті жағдайға өтуіне дейінгі жиынтық жұмыс көлемі;
27) нормативтік қызмет мерзімі –құрылғының паспорттында (төлқұжатта) әзірлеушімен көрсетілген қызмет мерзімі;
28) жөндеу – бөлшектерін немесе тораптарын әзірлеумен, қалпына келтірумен немесе ауыстырумен байланысты операциялар кешені, олар орындалғаннан кейін одан әрі пайдалану мерзімінде газ құбырлары мен газ жабдықтарының жарамдылығына және авариясыз жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
29) ұйымының газ шаруашылығы – ұйымының аумағында орналасқан газдандырылған өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың газ құбырлары, СМГ қондырғылары, газ құбырларындағы құрылыстар, электр химиялық коррозиядан қорғау құралдары, ГРП, ГРҚ, газ жабдықтары;
30) коммуналдық-тұрмыстық ұйымдар – газ жабдығы пайдаланылатын мектептер, ауруханалар, асханалар, фабрикалар, ас бөлмелер, шаштараздар және басқалар;
31) консервациялау режимі, жөндеу режимі – газ құбыры қондырғылары газдан босатылатын, тығын орнатыла отырып ажыратылатын режим;
32) мамандандырылған ұйым – негізгі қызмет түрі газбен жабдықтау жүйелерін жобалауға, салуға және пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау болып табылатын ұйым;
33) резерв режимі – газ пайдалану қондырғысының газ жағылмайтын және газ құбырларындағы артық қысым болмайтын жай-күйі. Газ құбырының қондырғыға бұрылатын жеріндегі бекіту арматурасы «жабық» күйінде болуға тиіс;
34) сұйытылған мұнай газдарын пайдаланатын объекті – СМГ сақтауды және (немесе) өткізуді, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерде оны отын ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объект;
35) сұйытылған мұнай газы – жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге түрлендірілген қоспасы;
36) сигнал беру – бақыланатын параметрдің ескерту берілетін мәніне қол жеткізген кезде дыбыспен және жарықпен сигнал беруді қамтамасыз ететін қондырғы;
37) ГБХ – газдануды бақылау хабаршысы – дыбыспен және жарықпен белгі беруді, сондай-ақ үй-жай ауасында газдың бақыланатын шоғырлануының белгіленген деңгейіне жеткен кезде газтұтыну желісінің ішкі газ құбырында газ беруді автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін құрылғы;
38) техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі – газбен жабдықтау жүйелерінде ақаулардың алдын алу үшін қажетті өзара байланысты құралдардың, материалдардың, құжаттамалар мен орындаушылардың жиынтығы;
39) техникалық қызмет көрсету – газ тарату жүйесінің және газ тұтынудың объектілерін пайдалану кезінде бұйымдардың (техникалық құрылғылардың) жұмысқа қабілеттілігін қолдау жөніндегі операциялар кешені немесе операция;
40) шекті жағдай – конструкторлық (жобалау) құжаттамасында және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілерде белгіленген белгілер бойынша объектіні одан әрi пайдалануға болмайтын немесе пайдалану орынсыз не оның жұмысқа қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiн болмайтын немесе орынсыз жай-күй;
41) шкафтық газ реттейтін пункт – газ қысымын төмендетуге және газ тарату тораптарда оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған шкаф түріндегі технологиялық құрылғы.
Талаптар нормаларының сақталуын бақылауды
ұйымдастыру
4. Газ тарату жүйесін жобалау, құрылысын салу, жөндеу және қайта жаңарту, пайдалануға енгізу және пайдалану, пайдаланудан шығару, консервациялау және (немесе) жою және газ тұтыну процесінде осы Талаптардың сақталуын бақылауды аталған жұмыстарды орындайтын ұйым жүзеге асырады.
Әрбір ұйымда (объектіде) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акті әзірленеді және оны басшының бұйрығымен (өкімімен) бекітеді.
5. Тұрғын үй-коммуналдық мақсатындағы объектілерде талаптар сақталудың мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
6. Талаптардың сақталуын өндірістік бақылауды объектілердің иелері немесе пайдалану ұйымының басшылары жүзеге асырады.
2. Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану
Жалпы талаптар
7. Әрбір ұйымында техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін қоса алғанда, газ тарату жүйесінің және газ тұтыну объектілерін жарамды күйде ұстауды және осы Талаптардың газ құбырларын, жабдығы мен газ тұтыну агрегаттарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі нормаларының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені орындалады. Іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз ету иеленуші немесе пайдалану ұйымының басшысына жүктеледі.
8. Газбен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі осы Талаптарда және техникалық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
9. Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу осы Талаптарда және жабдықтар мен агрегаттарға арналған нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген көлемде және мерзімдерде орындалады.
10. Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кестелерін иелік етуші ұйымының немесе шарт бойынша көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымының басшысы бекітеді.
11. Газбен жабдықтау жүйесін техникалық пайдаланумен айналысатын тұлғалар үшін лауазымдық, өндірістік нұсқаулықтар және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді. Өрт қауіпті учаскелерде жұмыс істейтіндер үшін – өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.
12. Лауазымдық нұсқаулықта басшылар мен мамандардың міндеттері мен құқықтары айқындалады.
13. Өндірістік нұсқаулықта әртүрлі операцияларды орындаудың техникалық дәйектілігі, орындалатын жұмыстардың сапасын тексеру әдістері мен көлемдері жөніндегі талаптар қамтылады.
ГТП жабдығына, газ реттеу қондырғыларын, ГТС, АГҚС мен қазандықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа бекіту арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптары орнатылған жерлер көрсетілген технологиялық схемалар қоса беріледі.
Қайта жаңартылғаннан, техникалық қайта жабдықталғаннан және технологиялық процесс өзгертілгеннен кейін жабдық іске қосылғанға дейін өндірістік нұсқаулық пен технологиялық схема қайта қаралады және қайта бекітіледі.
14. Ұйым пайдаланудағы газ құбыры мен газдандырылған объектілерге арналған жобалық және атқарушылық құжаттаманы сақтайды.
Басқа (пайдаланушы) ұйымдарға аталған құжаттарды сақтауға тапсыру олар техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
15. Әрбір сыртқы газ құбырына, электрлік қорғау, резервуарлық және топтық баллон қондырғысына, ГРҚ (газ реттеу қондырғылары), ГТС (ГТС, АГҚС) негізгі техникалық сипаттамадан, сондай-ақ жүргізілген жөндеулер туралы деректерден тұратын пайдалану паспорты жасалады.
16. Газбен жабдықтау жүйелерінің бекіту арматурасында және клапандарда өндірушінің паспорты «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдығының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті IV тараудың 23 тармағына сәйкес мәліметтері болу керек.
Өндірушінің паспорты сіз арматураны пайдаланұға тыйым салынады.
Арматураның өндіруші паспорты болмаған кезінде (жоғалғанда) паспорттың телнұсқасын (дубликатын) өндіруші ұсынудан бас тартқан жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталған ұйымымен жасауға мүмкіндігі бар.
17. Арматураның сермерінде арматураны ашып-жабу кезіндегі бұрау бағыты белгіленеді.
18. Қазандықтардың газ құбырларында, ГТП (газ реттеу қондырғыларында), ГТС (ГТП), АГҚС газ ағынының қозғалу бағыты көрсетіледі.
Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне техникалық
қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру
19. Әрбір ұйымыда оның атқарушы органының бұйрығымен (өкімімен) ҚР аумағында қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама мен осы Талаптар бойынша білімін белгіленген тәртіппен тексеруден өткен басшылардың немесе мамандардың қатарынан газбен жабдықтау жүйесі объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға тағайындалады.
Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жатқызылған ұйымдарда, сондай-ақ штатында бөлімше басшысы немесе техникалық білімі бар маман лауазымы көзделмеген ұйымдарда газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалануды бақылауды «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даярлықтан өткен қызметкер жүзеге асырады.
20. Ұйымдарда газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғаға лауазымдық нұсқаулық әзірленеді, онда мыналар:
1) газбен жабдықтаудың қауіпсіз режимін қамтамасыз ету;
2) газбен жабдықтау жобаларын келісуге және газдандырылған объектілерді пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
3) газ шаруашылығында аварияларды оқшаулау және жою нұсқаулықтарын, жоспарын әзірлеу;
4) ұйымның жұмыскерлерінің газ шаруашылығы жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру комиссияларына қатысу;
5) мамандар мен жұмысшыларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат етудің осы Талаптарда белгіленген тәртібінің сақталуын тексеру;
6) газ құбырлары мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану мен жөнделуді тұрақты түрде бақылауды жүргізу;
7) пайдалану және жөндеу кезінде техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін тексеру;
8) цехтардың (учаскелердің) газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғаларға жұмыста көмек көрсету;
9) ескірген жабдықты ауыстыру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын және бағдарламаларды әзірлеу;
10) мамандармен және жұмысшылармен аварияларға қарсы жаттығулар өткізуге қатысу;
11) мемлекеттік бақылау органы жүргізетін тексерулерге қатысу көзделеді.
21. Ұйымның газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға:
1) газбен жабдықтау ұйымымен, сондай-ақ шарт бойынша техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын кәсіпорындармен байланысты жүзеге асыру;
2) қағидалар, нормалар мен нұсқаулықтар бойынша білімін тексеруден өтпеген немесе олар бойынша білімінің қанағаттанғысыз екенін көрсеткен адамдардың газ жабдығына қызмет көрсетуден және газ қауіпті жұмыстарды орындаудан шеттетілуін талап ету;
3) басшылыққа Талаптардың нормаларын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасау;
4) осы Талаптардың нормаларына сай келмейтін газ тұтыну қондырғыларын пайдалануға енгізуге рұқсат етпеу;
5) одан әрі пайдалану қауіпті, сондай-ақ өз бетінше іске қосылған газ құбырлары мен газ жабдығының жұмысын тоқтата тұру;
6) цехтардың газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты адамдарды, газ қызметінің мамандары мен жұмысшыларын іріктеуге қатысу;
7) газ қызметі цехтарының басшыларына Талаптардың нормаларын бұзуды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқау беру бойынша жұмыстар жүргізеді.
22. Қалалардағы, кенттердегі және ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ құбырлары мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған ұйымдар жүзеге асырады.
23. Коммуналдық және ауыл шаруашылығы ұйымдарының газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалануды аттестатталған ұйымымен шартты жасау жолымен қамтамасыз етіледі.
24. Газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар газ қызметін ұйымдастырады немесе аттестатталған ұйымымен шартты жасайды.
25. Газ қызметінің міндеттері, құрылымы мен саны (газбен жабдықтау жүйесі объектісінің көлеміне және күрделілігіне қарай) ұйым басшысымен бекіткен және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген Газ қызметі туралы ережеде белгіленеді.
26. Иеленуші немесе пайдалану ұйымының басшысы газ қызметін үй бөлмесі телефон байланысымен, жеке қорғану құралдарымен, құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етеді.
27. Сұйытылған газдың болаттан жасалған жерасты газ құбырлары мен резервуарларындағы коррозиялық қауіпті аймақтарын анықтау мен оларды жоюды, электр химиялық қорғау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеуді газбен жабдықтау кәсіпорындары немесе металдан жасалған жерасты құрылыстары мен коммуникацияларды коррозиядан қорғау жөніндегі жұмыстарды орындауға мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асырады. Дайындықтан өткен персоналмен жасақталған, сондай-ақ аспаптармен, механизмдермен және басқаларымен жарақтандырылған газ құбырларына иелік етуші кәсіпорында коррозияға қарсы қорғау қызметтері болса, оған көрсетілген жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі.
28. Иелік етуші кәсіпорынның техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды газбен жабдықтау кәсіпорнына беруі шартпен ресімделеді.
Шартта техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу жөніндегі жұмыстардың шекаралары мен көлемі нақты айқындалады, тараптардың газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалану шарттарын қамтамасыз етудегі міндеттемелері регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |