бақылайды.
Ескерту. 77-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Бағдарламаға қатысушылар
78. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған адамдар
қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар мен қоныс
аударушылар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың ӛзге де
санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
79. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық:
1) оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;
2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ
мүгедектерге;
4) ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге;
5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан
зейнеткерлерге;
7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып табылатын
адамдарға;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;
9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған
адамдарға;
10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін
тоқтатқанға байланысты немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша
жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер ұсынған адамдар
Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын
кӛрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын бюджетке ерікті түрде, ал бас тартқан
жағдайда – сот тәртібімен ӛтейді.
Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген және кәсіптік оқыту, микрокредит беру және
қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдауды алатын адамдармен тараптардың құқықтары мен
міндеттері айқындалатын әлеуметтік келісімшарттар жасалады.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу жӛніндегі шаралар
80. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу үшін:
1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ
жеке сектордың бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар
бӛлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қамтитын жалпыұлттық
дерекқорды (бұдан әрі – жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар
қабылданатын болады.
Жалпыұлттық дерекқор нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бӛлінісінде ағымдағы бос
жұмыс орындарын қамтитын болады.
Ағымдағы бос жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну
нысандарын және Ӛңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің кешенді жоспарын, сондай-ақ Жұмыстан босатылу және жұмыс орындарын құру
картасын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдармен
келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберіндегі
жобаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық
компаниялар Бағдарлама операторына құрылыс кезеңінде және оларды пайдалануға бергеннен
кейін құрылатын жұмыс орындарының болжамды санын салалар, жобалар мен
мамандықтар/лауазымдар бӛлінісінде ұсынады.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Әлеуметтік кӛмек кӛрсету жүйесін жетілдіру жӛніндегі шаралар
81. Әлеуметтік кӛмек кӛрсету жүйесін жетілдіру еңбек белсенділігі мен атаулы әлеуметтік
кӛмек (бұдан әрі – АӘК) кӛрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.
Осы мақсатта шартты әлеуметтік кӛмекті енгізу кӛзделуде. Ол атаулы қолдаудың шартсыз
нысанынан «ӛзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі)
қағидатына ӛтуді болжамдайды.
Отбасын жандандырудың әлеуметтік келісімшарты еңбек әлеуетін жандандыру және қолда бар
ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың ӛзара міндеттемелерін, әрекеттерін кӛрсете отырып,
әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер кӛрсету есебінен отбасының ӛмірлік қиын
жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады.
Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен қамту
орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын
орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған кӛмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
Құрамында еңбекке жарамды жастағы мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен
ауыратын адамдар) бар күнкӛрісі тӛмен отбасыларға АӘК «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берiлетiн болады.
Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
82. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан тӛмен басқару құрылымымен басқарылады,
оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру
жӛніндегі ӛңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және
ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
83. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) ВАК;
2) Бағдарлама операторы;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру
жӛніндегі ӛңірлік комиссия және жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган;
аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жӛніндегі аудандық (қалалық)
комиссия, жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган мен халықты жұмыспен қамту
орталықтары;
кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің
әкімдері жүзеге асырады.
84. ВАК мынадай негізгі ӛкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарлама бағыттары мен ӛңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражаттың
бӛлінуін келіседі;
2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды, орталық және жергілікті
атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және ӛңірлерде жұмыс
орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бӛлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік
бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін
тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты
мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі