72. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен, орташа және жоғары
елді мекендерді
айқындау критерийлерін ӛңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдар олардың негізінде ӛңірлік даму саласында басшылықты жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды
және оны Бағдарлама операторына жібереді.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
73. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы қоныс аударатын
Бағдарламаға
қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің
(жеке немесе кӛппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
74. Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау:
1) кӛшуге байланысты шығыстарды ӛтейтін субсидия беруді;
2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді мекендерден қоныс аударатын адамдарға
тұрғын үй – қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін жатақханалардан бӛлме беруді
қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары да ұсынылады:
1) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында
оқыту;
2) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
Ескерту. 74-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
75. Кӛшуге субсидияны, тұрғын үй салуды (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс
берушінің қатысумен бӛлу тетігі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді
мекендерден қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен
жатақханалар беру және оны пайдалану тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын
кӛрсету қағидаларында айқындалады.
Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға
дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс
орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан
жатақханалардан бӛлме беріледі.
Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызмет
ӛткеру мерзіміне ұзартылады.
76. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті тӛмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа
орналасуға қатысуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;
2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту
орталықтарына:
мамандықтар (кәсіптер) бӛлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын кӛрсете отырып;
Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және Бағдарламаға
қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмыс
орындарына орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып ӛтінім береді;
3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бӛледі,
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет
қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына және құрылыс салу
жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге
және қосылуға техникалық талаптар қояды;
4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет
және жұмыс берушінің барабар түрде салған қаражаты есебінен немесе келісу бойынша жұмыс
берушінің есебінен жүзеге асырылады.
Кӛппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет
қаражаты есебінен немесе келісу бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады;
5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс беруші мынадай міндеттемелерді
кӛздейтін ниет шартын жасасады:
тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі;
қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;
жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мӛлшері;
жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, құрылыс салатын жерді,
салынатын тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау, сондай-ақ тұрғын үйді бӛлу оның
қатысуымен жүзеге асырылады;
6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында
осы тұрғын үй құрылысына салынған қаражатқа барабар бӛлінеді.
77. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер,
сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушылар кӛшуге арналған ӛтінішпен халықты жұмыспен
қамту орталығына жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган
бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың
ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсету
қағидаларында кӛзделген құжаттарды қоса береді;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін (оралмандарды
және қоныс аударушыларды қоспағанда) ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың
құжаттарын қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ӛтініш
берушілермен кӛшудің ықтимал нұсқаларын келіседі және кӛшетін жеріне қарай құжаттарды
ӛңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;
3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:
ӛңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударатын азаматтарға
қатысты, сондай-ақ басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде кӛшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
4) ӛңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде халықты жұмыспен қамту
орталығы ӛтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту)
туралы шешім қабылдайды.
Бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен елді мекендерде
тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге қолданылмайды;
5) ӛңірлік комиссияның шешімі негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды
құрылысы 2013 жылғы 1 шілдеге дейін басталған қызметтік тұрғын үйлерге кӛшіруге рұқсат
беріледі;
6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты жұмыспен қамту
орталығы (келген жерінің) арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік
келісімшарт кӛшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру
жӛніндегі іс-шараларды қамтиды;
7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы