43
Нұсқаулық 2. Денелік, психологиялық және әлеуметтік
денсаулықты қолдау үшін жағдай жасау
Мектептер оқу күні бойы оқушылардың денелік, психикалық
денсаулығана және қауіпсіздігіне жауап береді (Taras et al, 2004). Жалпы,
психологиялық және әлеуметтік денсаулықты қолдауға жағдай жасау үшін
мектептер іске асырады:
● Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға қажетті дағдыларды
үйрету;
● Оқушылардың қауіпті мінез-құлығын анықтау және қажет болса,
араласу;
● Ағарту үрдісіне әсер ететін медициналық қызметке қажеттілікті
анықтау және жою;
● Денсаулық сақтау және психикалық денсаулық мәселелері бойынша
істе жетекшілікті қамтамасыз ету;
● Оқушыларға және олардың отбасыларына қоғамдық денсаулық сақтау
қорына сілтемелерді ұсыну;
● Мектеп
медицинасы
бағдарламаларының
басымдылықтарын
қамтамасыз ету, оның ішінде, дене белсенділігін және салауатты тамақтану
деңгейін арттыруға арналған тақырыптардың;
Мектептегі физикалық қоршаған орта мен психо-әлеуметтік жағдай
барлық оқушыларды салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыруы тиіс.
Физикалық қоршаған орта дегеніміз:
● Мектеп ғимараты, қоршаған ауданымен қоса (атап айтқанда, мектеп
ғимараты; мектеп ауласы; мектеп ғимаратының және спорттық алаңдардың
құрал-жабдығы; оқу кабинеттері және олардың жарақтандырылуы;
оқушыларды салауатты тағаммен қамтамасыз ету; негізгі санитарлық-
техникалық орындардың болуы және оқушыларға гигиеналық машықтарды
үйрету; оқушыларды қауіпсіз ауыз суымен қамтамасыз ету).
● Қоршаған ортаның жағдайы, мысалы, температура, ауаның сапасы,
шуыл, жарықтандыру және қауіпсіздік (Taras et al, 2004).
Психо-әлеуметтік жағдай мектеп қызметкерлерінің және оқушылардың
өзара және бір-бірімен қарым-қатынасымен анықталады. Мектептегі жағдайға
сондай-ақ, ата-аналармен және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастар
әсер етеді. Бұл тұста мектеп қоғамдастығының негізгі мүшелері арасындағы
сапалы байланысты құрудың маңызы бар.
2.1. Салауатты тамақтану үшін қауіпсіз және талаптарға сәйкес
келетін орындар мен нысандарды ұсыну. Оқушылар абаттандырылған
асханамен қамтамасыз етілуі тиіс, ол таза, ұнамды, отыратын орындармен
44
жарақтандырылған болуы қажет, бөлмесі 100% толтырылудан аспауы қтиіс
(Taras et al, 2004; California Department of Education et al, 2006; US Department
of Agriculture et al, 2005; National Food Service Management Institute et al,
2002). Мектептегі тамақтандыру қызметі оқушылардың нені тұтынуына назар
аударуға және тағам ішудің әлеуметтік жақтарына (тілдесу) қанағаттануға
мүмкіндік беретін ортада салауатты тағамды қабылдауға ықпал етуі тиіс
(Taras et al, 2004; US Department of Agriculture et al, 2005; National Food
Service Management Institute et al, 2002; US Department of Agriculture et al,
2000; National Coalition for Food Safe Schools et al, 2005). Оқушылар өздерін
жайбарақат сезінсе, асықпай тілдесе алса, тамақ ішу уақытымен жақсы
қанағаттануға мүмкіндігі болады. Қауіпсіз және салауатты тамақтануға ықпал
ететін іс-шараларға келесілер жатады:
● Тамақты алуға және тұтынуға жеткілікті уақыт беру, кемінде, 10 минут
– таңғы асқа және 20 минут – түсі асқа, үстелге отырғаннан кейінгі уақыт
есептеледі (Taras et al, 2004; Conklin et al, 2002);
● Оқушыларға арнайы тағайындалған жерде тамақтың алдында қолын
жууға және зарарсыздандыруға мүмкіндік беру;
● Арнайы қажеттілігі бар барлық оқушыларды сәйкес көлемді
үстелдермен және орындықтармен, кеңістікпен қамтамасыз ету (мысалы,
коляскадағы оқушыларды, тағамдық аллергиясы бар оқушыларды);
● Жарамды бақылау саясатын қолданумен қоршаған шуылдың сәйкес
деңгейін қолдау
● (мысалы, тамақ ішу кезінде ысқырмау және сөйлемеу);
● Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін ангізу.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының оқу күні бойы қауіпсіз, ақысыз
және абаттандырылған ауыз су көздеріне немесе диспенсерлерге қол
жетімділігі болуы тиіс. Осылайша, тәттілендірілген сусындарға салауатты
балама қамтамасыз етіледі және оқушылардың таза суды тұтынуы артады
(Muckelbauer et al, 2009).
2.2. Ұсынылатын қауіпсіздік нормаларына сәйкес дене белсенділігі
үшін орындар мен құрал-жабдықтар ұсыну. Дене белсенділігі үшін
барлық орындар мен құрал-жабдықтар, оның ішінде, ойын алаңдарын,
балалар алаңдарын, гимнастикалық залдарды, көп функционалдық
бөлмелерді, кафетерийлерді ұдайы тексеру және тиісті түрде ұстау қажет.
Сабақтарға қауіпті жағдайларды шұғыл түрде жою қажет (Children’s Safety
Network at Education Development Center Inc et al, 1997; US Department of
Education et al, 2003). Ішкі және сыртқы ойын алаңдарын ұдайы тексеру және
техникалық қызмет көрсету олардың экологиялық қауіпсіздігінің қамтамасыз
етілуі және қолдау көрсетілуі туралы ақпарат беруі тиіс, оның ішінде (Olsen et
al, 2008; US Department of Education et al, 2003):
45
● Қақпалардың және гимнастикалық қабырғалардың жақтауларының
жұмсақ жабындысы болуы (Janda et al, 1995);
● Тротурларда қоқыстар және басқа қауіптер болмауы;
● Сенімді бекітілетін, қолданбаған кезде жабық жерде сақталатын,
жылжымалы футбол қақпалары;
● Күннен қорғану үшін қолданылатын, көлеңкеге арналған жабдық;
● Құлау қаупі аз болатын трибуналар.
2.3. Қауіпсіздік ережелерін белгілеу және дене бесленділігі кезінде
оларды қадағалау. Қауіпті мінез-құлық (мысалы, футболда қарсыласын
итеру) ережелерді белгілеу және оларды ұстануды бақылау арқылы тыйым
салынуы тиіс. Қауіпсіздік ережелерін барлық оқушылар үйренуі қажет,
оларды мектепте және мектептен тыс уақытта қадағалауы тиіс. Бір адам,
мысалы, Мектеп кеңесінің үйлестірушісі қауіпсіздік техникасын қадағалау
ережелері орнында болуын және қажеттігіне қарай жаңаруына жауап беруі
тиіс; дегенмен, балалар мен жасөспірімдер арасында жарақат пен ауруларды
мейлінше азайту мақсатында мұғалімдер, әкімшілік өкілдері, нұсқаушылар,
спорт жаттықтырушылары, мектеп мейірбикелері, мектептің басқа
қызметкерлері, ата-аналар мен оқушылардың өздері ортақ жауапкершілік
көтеруі қажет (Jambor et al, 1991; Veigel et al, 2008).
Оқытудан өткізілген қызметкерлер, оның ішінде, жаттықтырушылар,
мұғалімдер, ата-аналар, орта қызметкерлер, қоғамдастық мүшелері дене
белсенділігінің барлық бағдарламаларын бақылауы тиіс. Қызметкерлер дене
белсенділігіне байланысты оқушылардың арасындағы мүмкін жарақаттар мен
аурулар туралы, олардың қауіптерін мейлінше азайту жолдары туралы
хабардар болуы тиіс. Дене белсенділігімен айналысу кезінде жарақаттарға
ұшырамау үшін мектептер талап етуіне болады:
● Қатысу алдында медициналық тексеруден өтуді талап ету (McKeag et
al, 2007);
● Дамудың деңгейіне сәйкес сабақтарды ұсыну (National Association for
Sport and Physical Education et al, 2001);
● Тиісті мониторингті қамтамасыз ету және жаттығуда шамадан тыс
жүктемелерден алшақ болу (Demorest et al, 2004; National Association for Sport
and Physical Education et al, 2006);
● Нақты
қозғалыс
машықтарының
биомеханикасына
қатысты
оқушыларды нұқсаулықтан өткізу (National Association for Sport and Physical
Education et al, 2006);
● Қатысушыларды олардың антропометриялық деректері мен қабілетіне
сай тиісті түрде сұрыптау;
● Ережелерді оқушылардың біліктілік деңгейіне және қолдағы қорғаныс
жабдығына бейімдеу (National Association for Sport and Physical Education et
Достарыңызбен бөлісу: |