Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет17/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34

 
 
48 
 
of  Education  et  al,  2001;).  Мектептер  оқушылар  үшін  дене  белсенділігінің 
мүмкіндігін  шектейтін  ойындар  немесе  белсенділік  түрлерін  қолданбауы 
қажет  (National Association for Sport and Physical Education et al, 2004).  
Мектептегі  тамақтану  саясаты  созылмалы  ауруларға  шалдыққан  оқушылар 
үшін  қауіпсіз  жағдайды  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Саясат  әдеттегі  және 
ұзартылған  оқу  күні  барысында  тағам  өнімдері  мен  сусындар  қол  жетімді 
болатын барлық жерлерді қамтуы тиіс, бұл саясат туралы барлық отбасылар 
мен  қызметкерлер  хабардар  болуы  қажет  (Taras  et  al,  2004).  Тамақтандыру 
қызметінің қызметкерлері ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс және дәрігердің 
тағайындаумен  арнайы  емдәм  бағдарламасында  болатын  оқушыларға 
көмектесуі  қажет.  Мектептегі  тамақтандыру  қызметінің  қызметкерлері 
тағамдық аллергиясы, тағамды көтере алмауы немесе медициналық тұрғыдан 
арнайы  емдәмдік  қажеттілігі  бар  оқушылар  үшін  жеке  тәсілдерді  қолдануы 
немесе  тағам  өнімдерін  алмастыруы  мәселесін  қарастыруы  тиіс  (US 
Department of Agriculture et al, 2001). 
Мектептегі  жағдай  мүмкіндігі  шектеулі  және  созылмалы  ауруларға 
шалдыққан балаларды қолдауға ықпал етуі тиіс. Мектептер барлық балаларға 
дене  белсенділігін  қолдауға,  барлық  сыныптан  тыс  іс-шараларға  қатысуына 
мүмкіндік  беретін  саясатты  орнатуы  тиіс.  Мұндай  саясат  түрлі  аурулардың 
алдын алу және тез жәрдем беру үшін дәрілік препараттарға қол жетімділікті 
қамтамасыз  етуді  қарастыруы  тиіс    (Bogden  et  al,  2000;  Block  et  al,  1995; 
American Dietetic Association et al, 2006; Durstine et al, 2000; Flynn et al, 2006; 
Fulton  et  al,  2004;  National  Association  for  Sport  and  Physical  Education  et  al, 
2004; National Asthma Education and Prevention Program et al, 2003; Oude et al, 
2003; National Heart Lung and Blood Institute et al, 2007). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
49 
 
Нұсқаулық 3. Мектеп оқушыларын сапалы тағаммен қамтамасыз 
ету 
 
Мектептер оқушылар үшін қол жетімді барлық жерлерде тек салауатты 
тамақтану  талаптарына  жауап  беретін  өнімдер  мен  сусындарды  таба 
алатындығына  кепілдік  ету  арқылы  салауатты  емдәмдік  дағдыларды  үлгі 
етуге және нығайтуға ықпал етуі тиіс.  
 
 
 
Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Орталықтың сайтынан 
бейімделіп алынған көрініс (АҚШ) 
 https://www.cdc.gov/healthyschools/vhs/index.html 
 
 


 
 
50 
 
 
 
 
 
3.1.  Мектеп  асханасын  сапалы  тамақты  дайындау  үшін  қажетті 
құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.  Асхананың заманауи құрал-жабдықпен 
жабдықталуын  жетілдіру үшін мектеп тағамы балалар үшін ұнамдылығына, 
тамақ  әзірлеудің  ең  салауатты  әдістерімен  және  тағам  өнімдерінен 
дайындалған  тамақты  ұсынуына  кепілдік  беретіндей  қолдау  ұсынылуы  тиіс. 


 
 
51 
 
Мысалы,  қуырудың орнына тандырда пісіруді қолдануда балалар тұтынатын 
артық калориялардың, зиянды қаныққан майлардың мөлшері едәуір азаяды.  
Ескірген асхана жабдығы, толыққұнды емес құралдар, шектелген азық-
түлік  бюджеті  мектептегі  тамақтандыру  қызметкерлеріне  оқушыларды 
салауатты  және  қоректі  тағаммен  қамтамасыз  етуде  едәуір  шектеулер 
жасайды (US Government Accountability Office et al, 2003; Sallis et al, 2003; US 
Department of Agriculture et al, 2008; Wagner et al, 2007). 
3.2.  Салауатты  тағамды  әзірлеу  және  сатып  алу  әдістерін  қолдану. 
Салауатты  тағамды  дайындау  оқушыларды  қоректі  және  ұнамды  тағаммен 
қамтамасыз  етуде  маңызды  роль  атқарады,  оған  алмастыру  әдістері  (бір 
құрамбөлікті  басқасына  алмастыру),  қысқарту  әдістері  (құрамбөліктер 
мөлшерін  азайту),  ет  пен  құс  етін  дайындауда  майдың  мөлшерін  азайту, 
көкөністерді  дайындау  техникасы  жатады.  Құрамбөліктерді  алмастыруда 
немесе  қысқартуда  мектептер  тағамды  дайындау  бойынша  регламенттерге 
талаптарды  өзгертуді  есепке  алу  мақсатымен    рецептіні  стандарттауы  тиіс. 
Стандартталған  рецептілер  өнімнің  дұрыс  дайындалуына,  өндірім  көлемінің 
қамтамасыз  етілуіне  және  пайдалы  қоректік  заттектердің  болуына  кепілдік 
береді.  Мектептер  оқушыларға  жарамдылығына кепілдік беру  үшін  майдың, 
тұздың  және  қанттың    мөлшері  төмен  стандартталған  рецептіні  іздеуі  және 
қолданып көруі қажет.  
Алмастыру  әдістеріне  жататындар   (US  Department  of  Agriculture  et al, 
2010; O’Toole et al, 2007; US Department of Agriculture et al, 2007):  
•  еттің  орнына  пісірілген  құрғақ,  консервіленген  үрме  бұршақты,  соя 
бұршағын, немесе басқа ет толтырғыштарын пайдалану. 
•  сиыр  етінен  жасалған  тартылған еттің әдеттегі  түрінің орнына  майсыз 
түрін қолдану. 
•  Әдеттегі  майонездің  немесе  қаймақтың  орнына  салаттарға  қосу  үшін 
майсыз/  майы  төмен  мөлшердегі  йогуртты,  майонезді  немесе  қаймақты 
пайдалану. 
•  Әдеттегі  консервіленген  көкөністердің  орнына  тұздың  мөлшері  төмен 
мұздатылған немесе консервіленген көкөністерді пайдалану.  
•  Шәрбатта  консервіленген  жемістердің  орнына  шырында  мұздатылған 
немесе консервіленген жемістерді пайдалану. 
•  Тұздың орнына татымдықтарды пайдалану. 
•  Әдеттегі  сырдың  орнына  ішінара  майсыз  /  майдың  мөлшері  төмен 
сырды пайдалану. 
•  Табиғи сүттің орнына майсыз / майдың мөлшері төмен, соялық немесе 
майсыз құрғақ сүтті пайдалану. 
•  Тоң майдың, сары майдың немесе маргариннің орнына өсімдік майын 
пайдалану. 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау