Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет13/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

 
 
37 
 
тараптарды,  оның  ішінде,  мектеп  медицинасы  мәселелері  бойынша  Кеңесті 
немесе команданы, анықтауда және қатысуында көмек көрсете алады. Негізгі  
мүдделі тұлғалар – оқушылар, олардың отбасыларының мүшелері, мектептің 
тамақтану  қызметінің  қызметкерлері,  дене  шынықтыру  мұғалімдері, 
медициналық 
білім 
оқытушылары, 
мектеп 
мейірбикелері, 
мектеп 
директорлары  және  әкімшіліктің  басқа  мүшелері,  жергілікті  қоғамдық 
ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметкерлері болады.  Негізгі  мүдделі 
тараптардың  бұл  топтары  салауатты  тамақтану  және  дене  белсенділігі 
саясатын дамытуға, іске асыруға және мониторинг жасауға ықпал етеді. 
Мектепті  сауықтыру  бойынша  мектеп  саясатын  жазбаша 
құжаттауға талаптар  
Жазбаша  рәсімдеу  нақты,  қарапайым,  анық,  дәл  болуы  қажет;  білім, 
денсаулық,  заң  салаларының  арнайы  терминдері  болмауы  қажет;  түрлі 
тәжірибесі  бар  оқырмандардың  түсінуіне  және  қолдануына  жеңіл  болуы 
қажет. Жазбаша түрде саясат сипаттауы қажет (Bogden, 2000): 
•  саясатты және оның құқықтық өкілеттігін кім белгілейді
•  саясаттың  логикалық  негізделуін,  денсаулық  жағдайының  оқу 
үлгеріміне әсеріне назар аударуды қоса
•  саясат  қолданылатын  халықтың  басымдылық  берілетін  топтары 
(мысалы, мектеп оқушылары және қызметкерлері); 
•  түйінді терминдерді анықтау; 
•  өткізілетін негізгі іс-шаралардың тізімі және сипаттамасы
•  саясатты іске асыруға кім жауапкершілік көтереді
•  саясаттың қадағалануын кім бақылайды, және бұл қалай өткізіледі
•  қадағалануы үшін оң ынталар және қадағаланбаудың салдары
•  бағалау  жоспары,  оның  ішінде,  саясаттың  әсері  қалай  өзгереді  және 
бағалау бойынша ақпарат қалай қолданылады
•  саясаттың қабылдануының, күшіне енуінің және аяқталуының уақытын 
анықтайтын кесте.  
 
Салауатты тамақтану және дене белсенділігі саясатын қабылдау, 
іске асыру және мониторинг жасау 
Саясаттың  жобасын  жасау  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  оны 
қабылдау үрдісі басталады  (Bogden et al, 2000; California Project LEAN et al, 
2006).  Саясатты  қабылдауда  үлкен  қолдау  алуға  кепілдік  үшін  мектеп 
медицинасы мүшелеріне және саясатты қабылдауға жауапты басқа тұлғаларға 
саясаттың  жобасын  серіктестерімен  талқылауы  және  пікір  алмасуы  үшін 
уақыт  берілуі  қажет.  Мектептің  және    қоғамдастықтың  өкілдерінен  көбірек 
пікір алу үшін қоғамдық тыңдаулар немесе басқа кездесулерді өткізу пайдалы 
болады.  Мұндай  тыңдаулар  әр  мүдделі  тұлғаға  немесе  ұйымға  саясаттың 


 
 
38 
 
дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. 
 
Саясатты  қабылдау,  әдетте,  саясат  жобасының  нұсқауларды  шығару 
бойынша  органға  (мысалы,  мектеп  әкімшілігінің  өкілдері)  берілуін  талап 
етеді. Презентацияға бұл саясат не үшін қажеттігі  туралы ақпарат (мысалы, 
оқушылардың  тамақтануы  және  дене  белсенділігі  туралы  мәліметтер)  және 
саясат туралы қысқа ақпарат кіруі тиіс.  
Саясатты  іске  асыру  мектеп  медицинасы  үйлестірушісінің,  мектеп 
медицинасы Кеңесінің, мектеп қызметкерлерінің күштерін біріктіру нәтижесі 
болуы  тиіс.  Мектеп  қызметкерлерінің  барлық  мүшелеріне,  атап  айтқанда, 
ұстаздарға саясатты іске асыруға және саясатты қолдау үшін мектеп ортасына 
мақұлдастырылған  өзгерістерді  енгізу  үшін  жеткілікті  уақыт  беру  қажет 
(McKenna  et  al,  2003).  Іске  асыруға  жауапты  тұлғалар  келесі  күрделі 
мәселелерді  шешуге  дайын  болуы  тиіс:  саясаттың  төмен  басымдылығы 
туралы түсінік, саясатты толығымен іске асыру үшін ресурстардың шектеулі 
болуы,  мектеп  әкімшілігінің  және қызметкерлердің құрамындағы өзгерістер, 
дене  белсенділігі  бағдарламаларының  саны  артуына  сай  дене  белсенділігі 
нысандарын 
жоспарлау 
және 
қолдану 
бойынша 
шиеленістерді 
шешу(California Project LEAN et al, 2006). Саясатты іске асыруға мониторинг 
мектеп  қызметкерлеріне  саясаттың  күтілетін  нәтижені  әкелуін  және 
нәтижелерді  жақсарту  үшін  қандай  өзгерістер  қажет  екендігін  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Саясатты іске асыру - тоғыз ұсыныстың маңызды компоненті. Төменде 
салауатты  тамақтану  және  дене  белсенділігі  саясатының  басқа  ұсыныстарда 
сипатталған өзекті бағыттарының тізімі келтірілген: 
•  Қазақ  тағамтану  академиясының  ұсыныстарына  сәйкес  қоректі  және 
ұнамды тағаммен қамтамасыз ету. 
•  Мектеп тағамы бағдарламасынан тыс сатылатын немесе берілетін тағам 
өнімдері  немесе  сусындардың  сәйкестігін  қамтамасыз  ету,  тамақтану 
стандарттары бойынша соңғы ғылыми ұсыныстармен.  
•  Күнделікті дене тәрбиесін жоспарлау туралы талаптар.  
•  Бастапқы мектептер үшін күнделікті үзілістер туралы талаптар. 
•  Бала  бақшадан  бастап  11-12  сыныпқа  дейін  денсаулықтың  негізгі 
ұстанымдарына үйретуді жоспарлау туралы талаптар. 
•  Дене  шынықтыру,  медициналық  ағарту  саласындағы  мамандарды, 
тамақтануға 
байланысты 
қызмет 
көрсетудің 
сертификатталған 
қызметкерлерін жалдау туралы талаптар. 
•  Сапалы  медициналық  білімді,  дене  тәрбиесін,  қоғамдық  тамақтануды 
және  медициналық  қызмет  көрсетуді  ұйымдастыру  мақсатында  мектеп 
қызметкерлеріне кәсіптік даму мүмкіндігін беру. 
 


 
 
39 
 
Салауатты тамақтану және дене белсенділігі бойынша саяси және 
тәжірибелік іс-шаралардың сапасын анықтау. 
Бағалау  оқушылар  мен  оқытушылар  құрамының  арасында  салауатты 
тамақтану және дене белсенділігі саясатын арттыруға ықпал ететін саясат пен 
тәжірибені  бақылау  және  жетілдіру  мақсатында  өткізіледі.  Салауатты 
тамақтану  және  дене  белсенділігін  арттыру  бойынша  мектеп  саясатына 
қатысатын  барлық  топтардың  оны  бағалауды  өткізуге  өз  үлесін  қосуға 
мүмкіндігі болуы тиіс.  Ағарту мекемелері мен мектептер ынтаны өз мойнына 
алып,  бағалауды  өткізуге  жауапты  тұлғаны  тағайындауы  қажет.  Мектеп 
саясаты  мен  тәжірибесін  бағалауды  өткізуге  көмек  алу  үшін  мектептер 
жергілікті  университеттердің,  денсаулық  сақтау  немесе  білім  беру 
бөлімдерінің қолдауына ие болады.  
Бағалау  түрлі  мақсатта  өткізілуі  мүмкін,  атап  айтқанда:  1)  салауатты 
тамақтану және дене белсенділігі бойынша саясат пен тәжірибені іске асыру, 
қолдау  және  мазмұнын  жетілдіру;  2)  оқушылар  мен  мектеп  қызметкерлері 
арасында  салауатты  тамақтану  және  дене  белсенділігі  саласындағы 
қызметтегі, мектеп ортасындағы, дене шынықтыру және денсаулық бойынша 
оқу  бағдарламаларындағы,  дене  белсенділігі  мен  тағамдық  дағдылардағы 
өзгерістерді,  сондай-ақ,    артериалдық  қысым  және  қандағы  глюкоза  деңгейі 
секілді денсаулыққа салдарын құжаттау; 3) саясаттың және тәжірибенің күшті 
және әлсіз жақтарын анықтау және оларды жетілдіру бойынша жоспар құру ; 
4)  оқушылар  мен  қызметкерлердің  жаңа  және  өзгеретін  қажеттіліктеріне 
жауап  беру.  Бағалау  мектептердің  аудиті  мен  рангілеуіне,  қызметкерлерді 
жазалауға  қолданылмайтын  болса  да  (CDC  et  al,  2005;  CDC  et  al,  2005),  ол 
саясатты  іске  асыруға  мектеп,  аудан,  мемлекет  деңгейінде  мониторинг 
жасауға және өзгерістер енгізуге қолданылуы мүмкін.  
Бағалаудың  екі  негізгі  түрі  бар  –  өңдеу  және  нәтижелер.  Бағалау 
барысында ұстаздар кім, қалай, қашан, қайда және қанша бағдарламалық іс-
шараларды  өткізгендігін  анықтау  үшін  мәліметтерді  жинап,  талдайды. 
Үрдісті  бағалау  –  негізді  құрайды,  себебі,  ол  саясатқа,  бағдарламаға, 
тәжірибеге байланысты қызметті, олардың қалай іске асырылғандығын және 
жоспарланғандығын  анықтайды.  Сонымен  қатар  бағалау  үрдісі  ұстаздар 
кеңесіне    саясатттың,  бағдарламаның,  тәжірибенің  қаншалықты  жақсы 
орындалғандығын  және  қандай  жетілдіру  қажеттігін  шешуге  мүмкіндік 
береді.  Нәтижелерді  бағалау  күтілетін  нәтижелер  немесе  телімді  өзгерістер 
саясатттың,  бағдарламаның,  тәжірибенің  тікелей  нәтижесі  екендігін 
зерттейді.  Нәтижелерге  мектеп  (мысалы,  мектеп  ортасының,  нормалардың, 
оқу  бағдраламаларының  өзгеруі)  және  жеке  деңгейдегі  (оқушының  білімі, 
қатынасы, дағдылары  мен  әдеттері) өзгерістер  жатады.  Нәтижелерді бағалау 
көп  уақытты,  білім  мен  тәжірибені  қажет  етуі  мүмкін,  ал  жеке  мектептер 
бағалауды өздігінше өткізе алмауы мүмкін. Нәтижелерді толыққанды бағалау 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау