Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет1/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


 


 
 

 
Нұсқаулық «Балалардың арасында салауатты және ұтымды тамақтану 
мәселелері бойынша белсенді ақпараттық-ағарту жұмысы арқылы салауатты 
тамақтану  машықтарын  қалыптастыру»  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты 
іске асыру шеңберінде әзірленген. 
 
Нұсқаулық  мектеп,  білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлеріне, 
медициналық    қызметкерлерге,  ата-аналарға  және  балалардың  денсаулығын 
нығайтуға мүдделі барлық тұлғаларға арналған.  
 
Әзірлегендер: 
Шарманов Т.Ш. – медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА 
және  РҒА  академигі,  Дүние  жүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  Леон 
Бернар  атындағы  жоғары  марапатының  иегері,  1974-2000  ж.  «ҚР  тағамтану 
ғылымының  негіздік  және  қолданбалы  аспектілерін  әзірлеу»  жұмыс  циклі 
үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. 
Шарман А.Т. - медицина ғылымының докторы, профессор, Америкалық 
Денсаулық  сақтау  Ассоциациясының  мүшесі,  АИТВ/ЖИТС,  туберкулезбен, 
безгекпен  күрес  бойынша  Жаһандық  қордың  Елдегі  үйлестіру  кеңесі 
төрағасының орынбасары қызметін атқарған және денсаулық көрсеткіштерін 
зерттеу (World Health Surveys) саласындағы сарапшысы. 
Алдашев А.А. – «гигиена» мамандығы бойынша медицина ғылымының 
докторы,  профессор,  1974-2000 ж.  «ҚР тағамтану  ғылымының негіздік және 
қолданбалы  аспектілерін  әзірлеу»  жұмыс  циклі  үшін  ҚР  Мемлекеттік 
сыйлығының иегері. 
Оспанова Ф.Е. - «гигиена» мамандығы бойынша биология ғылымының 
докторы, профессор. 
Қайнарбаева  М.С.  -  «гигиена»  мамандығы  бойынша  медицина 
ғылымының кандидаты.  
Есмағамбетова  А.С.,  ҚР  ДСМ  Қоғамдық  денсаулық  сақтау  саясаты 
департаментінің директоры. 
Ахметова  З.Д.,  ҚР  ДСМ  Қоғамдық  денсаулық  сақтау  саясаты 
департаменті басқармасының басшысы. 
Сейтмағамбетова  Ш.А.,  ҚР  ДСМ  Қоғамдық  денсаулық  қорғау 
комитетінің бас сарапшысы. 
Датхабаева Г.К., биология ғылымының кандидаты. 
Қожахметова  А.Н.,  «гигиена»  мамандығы  бойынша  медицина 
ғылымының кандидаты. 
 
 
© Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 2017  
© Ұлттық салауатты тағамтану орталығы, 2017  
 


 
 

 
 
Мазмұны 
Кіріспе 
……………………………………………………………..  4 
Жұқпалы  емес  аурулардың  алдын  алудағы  салауатты  тамақтанудың, 
дене белсенділігінің, салауатты өмір салтының ролі …………………….. 
 

Балалар  мен  жасөспірімдердің  тағамдық  мінез-құлығына  әсер  ететін 
факторлар ……………………………………………………………………. 
 
29 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  белсенділігіне  әсер  ететін 
факторлар…………………………………………………………………….. 
 
31 
Салауатты    тамақтану,  дене  белсенділігі  саласындағы  саясат  пен 
тәжірибені  дамыту,  іске  асыру  және  бағалау  үшін  үйлестірілген 
шараларды қолдану…………………………………………………………. 
 
 
32 
Нұсқаулық 1.  Оқушыларды 
сауықтыру 
бойынша 
мектеп 
бағдарламасын әзірлеу  …………………………………... 
 
41 
Нұсқаулық 2.  Денелік,  психологиялық  және  әлеуметтік  денсаулықты 
қолдау үшін жағдай жасау……………………………….. 
 
43 
Нұсқаулық 3.  Мектеп оқушыларын сапалы тағаммен қамтамасыз ету..  49 
Нұсқаулық 4.  Дене  белсенділігі  бойынша  кешенді  бағдарламаны 
енгізу……………………………………………………..... 
 
54 
Нұсқаулық 5.  Сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұсыну…………  60 
Нұсқаулық 6.  Мектеп  қызметкерлерін  сауықтыру  бағдарламасын 
енгізу……………………………………………………..... 
 
67 
Қолданылған әдебиет тізімі ………………………………………………...  70 
1 қосымша. 
Мектеп жағдайын бағалау бойынша индикаторлар….....  83 
2 қосымша. 
Мектеп оқушыларының тамақтануын ұтымды ету үшін 
жағдай  жасау  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
жалпы  білім  беретін  мектептеріне  арналған  кешенді 
бағдарламаның  жобасы………………………………….. 
 
 
 
89 
3 қосымша. 
Оқушылардың  денсаулығын  нығайту  үшін  мектеп 
жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары…..... 
 
104 
4 қосымша. 
Созылмалы  жұқпалы емес аурулардың  мінезқұлықтық 
қауіп факторлары туралы оқушылардың білім деңгейін 
арттыруға  арналған  тест  сұрақтары  мен  жағдайларға 
байланысты есептер………………………………………. 
 
 
 
105 
 
 


 
 

 
Кіріспе 
 
Денсаулық  пен  елдің  болашақ  экономикалық  тірегі  -  оқушылардың 
академиялық  оқу  үлгерімі  арасындағы  тікелей  байланыс  көптеген  ғылыми 
зерттеулерде дәлелденген  (Bradley B. et al, 2013, Report of a Joint WHO/FAO 
Expert  Consultation.  WHO.  2003).  Әлемдік  денсаулық  сақтауда  аурулармен 
күресу  тұжырымдамасының  орнына  организмнің  саулығы  мен  аурулардың 
алдын  алуға  сүйенетін  жемісті  идея  келді.  Созылмалы  жұқпалы  емес 
аурулардың  (қан  айналымы  жүйесінің  аурулары  (ҚЖА),  семіздік,  диабет, 
қатерлі  ісіктер)  дамуы  көптеген  себептермен  анықталады:  энергетикалық 
құндылығы  жағынан  бай,  ал  қоректік  заттектері  жұтаң  келетін,  қаныққан 
және транс-майлардың, қант пен тұздың мөлшері жоғары болатын өнімдерді 
шамасынан  артық  тұтыну,  көкөністер  мен  жемістерді  жеткіліксіз  тұтыну, 
дене  белсенділігінің  жоғары  деңгейі,  салауатты  емес  дағдылар  (алкогольді, 
темекіні шамасынан артық қолдану)   (Dietary intake of fruit and vegetables and 
risk of diabetes mellitus and cardiovascular diseases. WHO. 2005, Intervention on 
diet  and  physical  activity:  what  works  evidence  tables.  WHO.  2009).  Салауатты 
өмір  салтының  ережелерін  ұстану  және  ол  үшін  қажетті  жағдайдың  болуы 
жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қаупін азайтады.  
Денсаулыққа  оң  әсер  ететін  сыртқы  жағдайды  жасаумен  қатар 
сауаттылық пен ынталандыруды арттыру арқылы халықтың салауатты мінез-
құлығына  септестік  ету  қажет.  Адамның  тағамдық  мінез-құлығына  оның 
тамақтану  мәселелеріндегі  хабардарлық  дәрежесі  әсер  етеді:  хабардарлығы 
жоғары  адамдар  дұрыс  тамақтануды  таңдайды,  ал  тамақтанудағы 
бұзылыстардың  себептерінің  бірі  –  тамақтанудың  денсаулыққа  әсері  туралы 
танымның  төмен  деңгейі.  Денсаулық  сақтау  мәселелеріне  үйрету  салауатты 
мінез-құлықты таңдауға ынталандырады  (Anne N. et al, 2012). 
Денсаулық  сақтау  министрлігінің  мәліметтері  бойынша  балалар 
денсаулығының  нашарлауы  жалғасуда,  соңғы  5-10  жылда  оқушылардың 
аурушаңдығы  22%  өскен.  Балалардың  арасында  ас  қорыту,  тыныс  алу,  көз, 
қан,  жүйке  жүйесінің,  тірек-қимыл  аппаратының  аурулары,  эндокриндік 
бұзылыстар  кең  таралған,  психикалық  және  мінез-құлықтық  бұзылыстар 
бойынша аурушаңдықтың өсуі тіркелуде. Артық дене салмағы және семіздік - 
өз алдына ҚЖА, диабеттің, қатерлі ісіктердің және басқа қатерлі аурулардың 
қауіп факторы. 2014 жылы өткізілген Қазақ тағамтану академиясының ұлттық 
зерттеулерінің  мәліметтері  бойынша  5-9  жастағы  қазақстандық  балалардың  
17,6%  және  10-14  жастағы  балалардың  14,9%  артық  дене  салмағы  және 
семіздік  анықталған  (Тәжібаев  Ш.С.,  Долматова  О.В.т,т  .,  2015). 
Оқушылардың 27,7% ғана спорттық секцияларға қатысады.  
Қазіргі  кезде  қазақстандықтардың  денсаулық  көрсеткіштерін  әлемдегі 
30  дамыған  елдердің  деңгейіне  жеткізу  мақсатында  2016-19  жылдарға 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау