«Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі»



жүктеу 75,02 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі75,02 Kb.
#7204

«Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі»

Куткужиева Асима Аблаевна

Батыс Қазақстан облысы.Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс.

Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес.

Оқу-тәрбие жұмыстарын мазмұнды, үлкен даярлықпен, жауапкершілікпен ұйымдастырып, уақытпен санаспай, жүзеге асыруда басты тұлғалардың бірі – сынып жетекшілері.

Сынып жетекшілерінің еңбектеріне қарай, өз уақыттарын тиімді жұмсай білулеріне орай шартты түрде екіге бөлуге болатындығын бақылаулар мен тәжірибелер көрсетеді:
Бірінші топ– күнделікті талаптар деңгейінен шыға алмайтын, еңбегін ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастыра алмауынан ортақ жүктемеде жұмыс істейтіндер. Өз еңбектерінің нәтижелеріне өздері қанағаттанбайды, шәкірттеріне риза емес, сынып жетекшісінен босағысы келетіндер.
Екінші топтағылар - жоспарлы, жүйелі, асықпай еңбек ететіндер, шәкірттерімен ақылдаса, әріптестерінен үйрене, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеп, көпшілікті іске араластырып, өзі де ізденіс үстінде жүретіндер.
Бірінші топтағы сынып жетекшілерінің іс-әрекеттерін талдасақ, сәтсіздіктің себебі олардың жұмыс көлемдерінің молдығынан емес, өзара байланыспастан, оқушылардың еңбектеріне бағыт бере білмеулерінен, сапасыз еңбектен, дайындықтарды уақытында жүргізбей, кездейсоқ табысқа ие болуды көздеулерінен. Ал екінші топтағы педагогтар өздеріне көмекшілер таба біледі, оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, олардың мүмкіндіктерін, ынтасын ескеріп, нәтижелерін болжап, өткендеріне жүйелі түрде мінездеме бере алады.

Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып сынып жетекшісі қызметіне қажетті келесі міндеттері аңықталады.



Сынып жетекшінің негізгі міндеттері:
1.Сыныптағы оқушылардың талап тілектерімен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін, жан-жақты зерделей білу.
2.Сынып оқушыларының не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ұйымдастырудағы белсенді, саналы ұжымға айналдыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімімен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптардың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісіне мектептің, отбасымен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5.Оқушылардың ата-аналары мен үнемі байланыста болып, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс, мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісінің қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін сынып жетекші келесі бағыттарда жұмыс атқаруы тиіс:

Сынып жетекші ең алдымен талдау қызметін атқаруы тиіс.

1. Талдау қызметі:
балалар мен жасөспірімдердің жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау;
сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
қоршаған айналасының сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;

2. Болжамдық (прогностикалық)
тәрбиелік ықпалмен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау;
ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы)

3. Коммуникативтік:
оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
«оқушы-оқушы», «оқушы-ата-ана», «оқушы-мұғалім» арасындағы өзара қолайлы байланыс орнату;
оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнату:
ұжымдар әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу;

4. Ұйымдастыру – үйлестіру:
әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
оқушыларға оқу әрекетінде көмектесу;
әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
оқушыларға өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау, мектеп психологымен бірігіп оқушыларға психологиялық білім беру;
оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау;
оқушылардың отбасымен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, ата-аналарға кеңес беру, ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту, оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата-аналармен жедел түрде байланысу;
өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер
жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
мектептен тыс мекемелермен байланыс орнату;

Жоғарыда айтылған жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін сынып жетекші міндетті түрде сынып жетекші портфолиосын жүргізуі қажет.




Сынып жетекші портфолиосына қажетті құжаттар:
●Сынып жетекшісінің бұйрығы
● Сынып жетекшісі туралы мәлімет, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік және өз проблемалық тақырыбы
● Сынып жетекшісінің қызметтік функциялары.
● Сынып жетекшісі білуі керек Заңдар мен талаптар: «Білім беру туралы»ҚР Заңын, Бала құқығы туралы конвенцияны / 1993 /, Тәрбие тұжырымдамасын, балалар мен жасөспірімдердің, психологиясын, әлеуметтік педагогика мен психологияны, мектеп гигиенасын, педагогтік этиканы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек заңының негіздерін.
●Сынып туралы мәлімет

●Сыныпқа мінездеме


●. Сынып оқушыларының тізімі, туған күні, айы, жылы, туу туралы куәлік номері, ЖСН, қоғамдық жұмысы, қатысатын үйірмесі, аудандық, мектепішілік жетістіктері т. б.
● Отбасылары туралы мәлімет.
● Сыныптың әлеуметтік картасы

●Аз қамтылған, көп балалы оқушының тұрмыстық-материалдық жағдайын тексеру актісі.


● Сынып жиналыстарының хаттамалары
● Психолог жүргізген жұмыстардың қорытындылары, сыныпқа психологиялық мінездеме
● Ата - анамен жұмыстың іс - қағаздары
● Сынып ата - аналар жиналыстарының хаттамалары
● Пайдаланылған материалдар, көрнекіліктер, сауалнамалар, жаднамалар, тест.......
● Оқушылардың күнделіктерін тексеру қорытындылары
● Тәрбие жұмысы жоспары
● Тәрбиелік шараларға қатысу дәптері
● 1 айға 1 анықтама сынып сағаттарына
● Жылдық мәтіндік есеп, мониторинг

● Сыныптың сапалық көрсеткіші


● Сынып жетекшісінің диагностикалық картасы

Сонымен қатар сынып жетекші мынадай іс-қағаздар жүргізеді:



  • Сынып журналы

  • Тәрбие жұмысының жоспары

  • Сынып жетекшісінің дәптері

  • Оқушының күнделіктері

  • Тәрбиелік шаралар жинақталған папка

  • Оқушының жеке құжаттары

  • Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық- педагогикалық карталар

Сонымен қатар сынып жетекшілерге төмендегідей сынып жетекшілер циклограммасы міндеттеледі.



Күнделікті атқаратын қызметі:

1.     Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау.

2.     Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

3.     Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру

4.     Оқушылармен жеке - дара жұмыс жүргізу

Апта сайынғы жұмысы:

1.     Оқушылардың күнделіктерін тексеру

2.     Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу

3.     Ата-аналармен жұмыс

4.     Пән мұғалімдерімен жұмыс

5.     Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау



Ай сайынғы жұмыс

1.     Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу

2.     Мектеп психологімен кездесу

3.     Ата-аналар комитетімен кездесу

4.     Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу

Тоқсан сайынғы жұмыс


  • Оқушылардың қозғалыс есебі жөнінде есеп беру

  • Сабақ үлгерімінің қорытындысы жөнінде есеп беру

  • Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу

  • Ата-аналар жиналысын өткізу

  • Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру.

  • Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау

  • Тоқсан бойынша сынып журналын толықтыру

  • Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатысу

  • Жылына 1 рет

  • 1.  Ашық іс-шара өткізу

  • 2.  Оқушының жеке құжаттарын толтыру

  • 3.  Сынып жұмысынын жоспарын талдау

  • 4.  Сыныптың статистикалық көрсеткіші



Осыған байланысты тәрбие ісі жөніндегі орынбасар сынып жетекшілер жұмысын келесі бағытта қадағалау қажет.

  • Сынып жетекшілердің құжаттарын түгендеу

  • Тәрбие сағаттарының өткізу сапасының мониторингін жүргізу

  • Жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету

  • Оқушылар арасында сауалнама жүргізу

  • Сынып жетекшілердің жалпы мерекелік шараларға дайындық сапасын қадағалау

  • Ата-аналармен жұмысын бақылау

  • Сынып жетекшілер арасында рейтинг жүргізу және марапаттау.

Сынып жетекшілермен бірігіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл бойы мектепте жоспарлы түрде көптеген тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар атқарылады.



Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу– тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда ғана біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз деп есептеймін.
жүктеу 75,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау