Батыс
Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі
және
экология орталығы
«Бекітемін»
ОБЖТжЭО-ның директоры
_____________ В.П.Фомин
«Келісілді»
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі
орынбасары
____________ А.Б.Адилова
«Келісілді»
«Экологиялық туризм» бөлімінің
меңгерушісі
____________ Н.Х.Гатауов
«Табиғат» үйірмесінің
БАҒДАРЛАМАСЫ
2016 – 2017 оқу жылы
Қосымша білім беру педагогі:Д.А.Сембаева
Орал, 2016 жыл
Түсінікхат
Негізгі орта білім деңгейіндегі экология үйірмесі мазмұны мен құрылымы
биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып,
шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік
пен экологиялық мәдениетті дамытуды сонымен қатар өзін–өзі билеуге,
еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді.
Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен
құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге
дейін қарастыру мен экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің
негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсіндіруге бағыт
береді.
Сағат саны: - барлығы 144 сағат, аптасына 4 сағат.
Үйірменің
мақсаты:
- табиғаттың бір тұтастығын, табиғатқа ұқыпты қатынастың қажеттілігі,табиғатқа
деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету;
- қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау, жергілікті экологиялық
материалдарды пайдалану;
- жергілікті жердегі экологиялық проблемаларды өз бетінше шешуге
дағдыландыру;
- экологиялық туризм бойынша оқушыларды туризм саласына баулу;
- зерттеушілік қабілетімен шығармашылық белсенділігін дамыту;
- табиғатты қорғау шараларына өз бетінше қатыса алу үшін практикалық іс
қабілетін дамыту.
-әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып, денсаулықты
қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын үйрете отырып,
табиғат байлықтарын ұтымды пайдаланып, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Үйірменің
міндеттері:
-
табиғат пен адам қоғамның біртұтас жүйесі екендігі туралы түсінікті
қалыптастыру;
-
экологиялық үрдістердің мәнін аша отырып, адамның планетадағы әртүрлі
биологиялық жағдайларды қолдай отырып, түсінік беру;
-
сарамандық жұмыстар, табиғатты бақылау метеориологиялық білімдері
негізінде оқушыларды салауатты өмір сүруге ынталандыру, экологиялық
мәдениеті мен ой – өрісін дамыту, табиғатты қорғау жауапкершілігін
қалыптастыру;
-
жер экожүйесінде өзінің әлеуметтік табиғи орнын философиялық ойлауға
дауындау.
Мамандыққа
бағдарлау:
-
эколог, агроном, биолог, гүл өсіруші, орманшы, аңшы.
Үйірменің
қорытындылау формасы:
-
реферат қорғау, ғылыми жоба,
Күтілетін
нәтиже.
«Жас эколог» және «Жас қыран» үйірмесінен білім алған оқушылардың, оқу
барысында нәтижесі қандай болмақ.
Білімділігі
:
•
Ойы ұшқыр интелектісі жоғары білімді болуы;
•
Зерттеу жұмысты өз бетімен орындай алуы;
•
Туризм саласына дағдылануы;
•
Тест жұмысын орындау.
Қабілеттілігі
:
•
Өз бетінше зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізу;
•
Алған білімдерін тиянақтап, тұжырымдауға;
•
Шығармашылықпен еңбектене білуі.
Біліктілігі
:
•
Өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір маман иесі болуы;
•
Олимпиадаларға қатысып, нәтижеге жетуі;
•
Әр түрлі байқауларға конкурсына қатысуы.
Сабақты
жүргізу түрлері
•
Лекция;
•
Өз бетімен жұмыс істеу, тапсырма беру;
•
Практикалық жұмыс;
•
Топсеруен .
Сабақтың____жүргізілу_бөлімдері'>Сабақтың
жүргізілу бөлімдері:
•
Экология ғылымы. Кіріспе;
•
Тіршілік ортасы;
•
Экологиялық туризм;
•
Табиғат және адам;
•
Экскурсия;
•
Қорытынды.
Сабақтың
бөлімдеріне толық сипаттама:
Экология ғылымы мен Кіріспе (14 сағ) бөлімінде жалпы үйірме мүшелерін сабақтың
жоспар барысымен және қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Экология ғылымының
қалыптасуы, экология пәнінің мағынасымен, тарихымын жалпылама таныстыру.
Алғашқы табиғи ортамен танысу саяхытына шығу.
Тіршілік ортасы (40 сағ) табиғатпен байланысты ғылымдарымен танысу, жыл
мезгілдерімен, мезгілдік өзгерістерді бақылау, жалпы тіршілік ортасымен танысып
саяхат жасау.
Экологиялық туризм (20сағ) Жалпы туризм техникасымен танысып, үйрену. Қыс
мезгіліндегі туристтік, спорттық жорықтарға шығып, табиғатта серуендеу.
Табиғат және адам (46 сағ) Қоршаған орта мен адамның ондағы орнымен танысу.
Қазақстандағы қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғи ескерткіштермен танысу. Қызыл
кітапқа кірген жануарлар мен өсімдіктерімен танысу. Халықаралық табиғатты қорғау
ұйымдарының мақсаттарымен міндеттерімен танысып, өз бетімен тапсырмаларды
орындап, талқылау. Мектеп айналасындағы экологиялық жағдайы. Құстарға ұя
жасау, табиғатты аялау мақсатында оқушылармен саяхатқа шығу. Облысымыздағы
экологиялық проблемаларды талқылап, мониторинг жүргізу.
Экскурсия (16 сағ) Қалалық саябақтарға, музейлерге эскурсия жасап қоршаған
ортаны танып, зерттеу жұмыстарымен жұмыстану. Табиғатты қоғау акцияларын
өткізіп, қалдықтарды азайту технологияларымен таныстыру.
Қорытынды (8 сағ) бойынша табиғат аясына бір күндік саяхатқа шығу.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Экология Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозташаева Алматы, 2002
2. Экология оқу құралы Ә.Бейсенова,Ж.Шілдебаев Алматы, 2005
3. Экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшелігі (әдістемелік құрал) Алматы, 2003
2. Қала және қоршаған орта. Әділов Ж. Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Экология негіздері.Баешов Л, Дәрібаев ЖЕ, Шакиров Б.С.
6. Жалпы экологияның кысқаша курсы. Бродский А.К Алматы: Ғылым, 1997.
7. Экология общая, социальная, прикладная .Воронков Н.А.— M.: Агар, 1999.
9. Экология — наука для всех. Гуриков Д.Е. Алматы: 1990.
10. Экология и устойчивое развитие. Дрейер O.K., Лось Р.A. - M: УРА О, 1997.
11. Социальная экология. Лосев А.В., Провадкин Г.Г. - M: ВЛАДОС, 1998.
12. Социальная экология. Маркович Д.Ж. — M: Просвещение, 1991.
13. Табиғитты пайдалану экономикасы. Сүиішев E.М. Оқу құралы — Алматы 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |