Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет2/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
 

 
арналған  «Денсаулық»    бағдарламасы  жүзеге  асырылуда.    Денсаулықты 
сақтауда  жеке  адамның  және  қоршаған  өмір  сүру  ортасының  аса  маңызды 
ролін ескерумен және бала жастан салауатты мінез-құлық машықтарын енгізу 
маңыздылығына  сай  Үкімет  Бағдарламаның  мақсаттық  индикаторларының 
қатарына  спортпен  айналысатын  балалардың  саны,  салауатты  өмір  салтын 
насихаттаудағы  оқушыларды  қамту  секілді  көрсеткіштерді  енгізді.  
Мектептерді  сауықтыру  бойынша  бағдарламаларды  жетілдіру  қажеттігі 
жөнінде  белгіленген  мәселе    Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының ұлттық басымдылығының бағытына сай келеді. 
Мектеп  шеңберінде  денсаулыққа  қамқорлық  –  денсаулық  пен  өмірге 
төнетін  қауіптерді  азайту  бойынша  мәселені  шешудегі  жемісті,  ғылыми-
негізделген,  тәжірибеде  тексерілген  тәсіл  (Downs  JS.  et  al,  2009,  Allensworth 
DD. et al,1987). 
Бұл  тәсілді  «Денсаулықты  нығайтуға  септестік  ететін  мектептер», 
«Оқушылардың 
денсаулығын 
нығайтудың 
кешенді 
бағдарламасы», 
«Балаларға  қамқорлық  жасайтын  мектептер»,  «Денсаулық  мектебінің 
Еуропалық  жүйесі»  секілді  денсаулықты  сақтау    бағдарламаларында 
халықаралық ұйымдар іске асырған (The health promoting schools: International 
advances in theory, evaluation and practice. Danish University of Education Press, 
2005).    1999  жылы  Қазақстан  денсаулыққа  септестік  ететін  мектептің 
Еуропалық  жүйесіне  кіру  сертификатын  алған,  ал  2000  жылы  оның  ұлттық 
жүйесі құрылған.  Бүгінде бұл тұжырымдама қазақстандық мектептердің 10% 
ғана  іске  асырылған.  Ал  мектептер  оқушылардың  денсаулығын  нығайту 
бойынша  стратегияларды  дамыту  үшін  оңтайлы  орта  саналады,    себебі, 
оқушылар 11 жыл бойы,  құндылық бағдарлары мен мінез-құлық дағдылары 
қалыптасатын  кезде  өз  уақытының  едәуір  бөлігін  мектеп  қабырғасында 
өткізеді.  Мұғалімдер  оқушылармен  күнделікті  5-6  сағат  өткізеді  және 
салауатты  өмір  салтын  ұдайы  насихаттау  арқылы  салауатты  дағдыларды 
енгізуге мүмкіндігі бар.  
 
 «Салауатты 
мектеп» 
тұжырымдамасын 
ілгерілету 
бойынша 
халықаралық  бағдарламалардың  теориялық  ережелер  мен  тәжірибеде 
дәлелденген  стратегиялық  құжаттарында  айтылғандай,  келесі  шарттардың 
болуында және қадағалануында ғана табысқа жетуге болады: 
•  Саяси жігер;  
•  Ағарту және денсаулық сақтау секторларының арасындағы серіктестік 
жұмыс қатынастары және өзара түсінік;  
•  Мектеп әкімшілігінің жетекшілігі және қолдауы;  
•  Ағарту жүйесімен бірігуі;  
•  Ұлттық бағдарламалардың бөлігі ретінде жергілікті/өңірлік ынталарды 
мойындау; 


 
 

 
•  педагогикалық, 
медициналық, 
психологиялық, 
әлеуметтік 
қызметкерлерді, мектептің тамақтану блогының қызметкерлерін үйрету. 
 
Осы  нұсқаулық  мектеп  қоғамдастығы  денсаулығын  нығайтуда 
өзгерістер  жолына  түскен  мектептерге  ақпараттық-әдістемелік  қолдау 
көрсетуге  арналған.  Нұсқаулықта  тұжырымдалған  мектептерді  сауықтыру 
бойынша  ұсыныстарды  біртіндеп,  жоспарлы  түрде  мектептегі  қорға, 
мүмкіндіктер  мен  алғашқы  қажеттіліктеріне  сай  енгізу  қажет.  Өзекті 
қажеттіліктерге,  мектеп  басымдылықтарына  және  қолда  бар  қорға  негіздей 
отырып,    мектептер  алдымен  қандай  ұсыныстардың  орындауға  келетіндігін 
анықтауы 
қажет. 
Отбасылар, 
мектеп 
қызмектерлері, 
дәрігерлер, 
оқушылардың  өздері  де  үйлесімді  тәсілді  оңтайландыру  мақсатында 
ұсыныстарды іске асыруға жүйелі түрде қатысуы тиіс.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 

 
Жұқпалы емес аурулардың алдын алудағы салауатты 
тамақтанудың, дене белсенділігінің, салауатты өмір салтының ролі 
 
Жұқпалы  емес  аурулар  (ЖЕА)  -  жүрек-қантамыр  аурулары  (қан 
айналымы жүйесінің аурулары), семіздік, диабет, қатерлі ісіктер Қазақстанда 
және  бүкіл  әлемде  әлеуметтік  мәнді  саналады,  себебі,  олар  адамдардың 
көпшілігін  мүгедектікке  және  мезгілінен  бұрын  өлім-жітімге  ұшыратады, 
және олардың таралуы жыл сайын арта түсуде.   
Дүние  жүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  бағалауы  бойынша 
әлемдегі  мезгілінен  бұрын  болатын  өлім-жітімнің  60%  жұқпалы  емес 
созылмалы  аурулардан  болады  және  болжамдарға  сай  2020  жылы  бұл 
көрсеткіш  73% құрайды. 
Көп  жылдық  және  көптеген  ғылыми  зерттеулер  дәлелдегендей,  осы 
аурулардың  басты  себептерінің  бірі  –  тамақтану  бұзылыстары,  тиімсіз  және 
салауатты  емес  тамақтану,  салауатты  емес  мінез-құлық  (темекі  шегу, 
алкоголь тұтыну), дене белсенділігінің төмендігі.  
Балалық  және  жасөспірімдік  шақта  дұрыс  тамақтанбау  және  дене 
белсенділігінің  болмауы  ересек  өмірде  ЖЕА  дамуының  алғы  шарттары 
болады, олардың даму қаупін едәуір арттырады.  
Тамақтану    бұзылыстары  келесі  аурулардың  дамуында  шешуші  роль 
атқарады 
семіздіктің - 98%,  
диабетте - 60%,  
ҚЖА - 40%,  
қатерлі ісікте  - 35%.  
Бұл дегеніміз - салауатты тамақтану және дене белсенділігі осы барлық 
қатерлі  аурулардың  пайда  болу  қаупін едәуір  азайтады,  ЖЕА  алдын  алудың 
негізін  құрайды.  Алдын  алуға  болатын  сырқаттардан  емделгенге  қарағанда 
олардың алдын алу көмегімен денсаулықты сақтау барлық  жағынан алғанда 
аса тиімді. 
Мектеп  мұғалімдері  және  басқа  қызметкерлер  оқушылардың  қасында 
күнделікті  шамамен,  6  сағат бойы 11 жыл  тікелей  қарым-қатынаста болады, 
бұл  оқушылардың  әлеуметтік,  психологиялық,  денелік  және  зерделік 
дамитын  шағы  (US  Department  of  Education  et  al,  2010).  Сондықтан, 
оқушыларға денсаулығын  қолдауда  көмек  көрсету  –  мектептің  академиялық 
міндетінің негіздік бөлімі  (Dewey et al, 2010; Dunkle et al, 2011; Mandell et al, 
2002; Shephard et al, 1996). Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды, дене 
белсенділігін  енгізу  бойынша  мектеп  бағдарламалары    -  салауатты  мінез-
құлық,  дұрыс  тамақтану,  белсенді  дене  шынықтыру  машықтарын 
қалыптастыру арқылы ЖЕА дамуының алдын алуға бағытталған аса тиімді іс-
шаралар (Kolbe et al, 2011; Allensworth et al, 1997). Мектептерде оқушыларға 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау