талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы
ведомстволық статистикалық
байқауды жүзеге асырады;
19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының
кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
, 2010.12.29
N
372-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2012.06.28
№ 22-V
(2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.07.2013
№ 124-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің
функциялары
1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;
4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы
білім беру ұйымдарына енгізу
және трансферттеу;
5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техникаға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге
қатысу;
6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге
қатысу;
7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да
қызметтерді көрсету;
8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;
10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып
табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды
орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді
жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат
сұратуға және алуға құқылы.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
іс-қимыл
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында
мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және
басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган
құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен
өкілеттігін жергілікті
атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік
үйлестіруші органдар құрылады.
3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен
ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде
қозғайтын нормативтік
құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде
келісілуге жатады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық
тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып
табылады.
6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық
бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп
берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі
ведомстволық есептіліктің
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін
қамтамасыз етеді.
7. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын
тағайындауды тиісті мемлекеттік органдардың басшылары уәкілетті органмен келісім
бойынша жүзеге асырады.
8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық
жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың
ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен,
ақпараттық-коммуникациялық
желілерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық
медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін,
сондай-ақ электрондық
ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен.
3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,
АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ
13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті,
сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының
бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның
компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау
Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау
туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми
мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның
ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін,
қан мен оның
компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету уәкілетті орган
беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама
Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:
1) халықты гигиеналық оқыту;
2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
3) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;